Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшемдері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №21 (363) май 2021 г.

Дата публикации: 19.05.2021

Статья просмотрена: 122 раза

Библиографическое описание:

Омаркулова, Л. К. Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшемдері / Л. К. Омаркулова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 21 (363). — С. 603-605. — URL: https://moluch.ru/archive/363/81159/ (дата обращения: 24.04.2024).

Мақалада қазақ дүниетанымындағы уақыт түсінігіне тоқталып, тәулік, ай, жыл секілді уақыт өлшемдерінің тарихы туралы жазылған.

Кілт сөздер: қазақ, уақыт, жыл, ай, тәулік .

В статье рассказывается о понятии времени в казахском мировоззрении, об истории таких измерений времени, как сутки, месяц, год.

Ключевые слова: казах, время, год, месяц, сутки.

Заттың массасы, қызуы, жүрген жолы сияқты, уақыт та өлшенерлік шама. Оның екі кесіндісін салыстырып, бірі мен бірінің тең екенін немесе қайсысы артық, қайсысы кем екенін анықтауға болады. Мысалы, апта айдан кем, тәуліктен артық.

Уақыттың әртүрлі бөліктерін өлшерліктейөлшемнің негізгі бірлігі болуы керек. Ауыл арасында айтылатын «бие сауым», «сүт пісірім», «әрі беріден соң», «қарға адым» сияқты жергілікті, тұрлаусыз өлшемдер практиканың талаптарын қанағаттандыра алмайды. Біріншіден, мұндай ұғымдар жұрттың бәріне бірдей түсінікті болмайды, мысалы, бие саумайтын адамдар да көп болады. Екіншіден, бие сауатын үйлердің өздерінде де белгілі бір тәртіп жоқ. Үшіншіден, биенің сауынының болуы оның коңы мен күтіміне байланысты. Төртіншіден, бұған жыл мезгілінің де қатысы бар. Мысалы, жаздың басында биенің сауыны тезірек, күзге қарай жайырақ болады, ал қыста бие мүлде ағытылады. Бұларға биенің қулық немесе қысыр, жердің от немесе тақыр болу жағдайларын әкеліп қоссақ, «бие сауым» ұғымы тіпті бұлдырап кетеді. «Сүт пісірім», «қарғы адым», т.б. туралы да осыны айтуға болады. Сондықтан уақыттың негізгі өлшемдері халықтың көпшілігіне — бері болса бір мемлекет ішінде, асса бүкіл дүние жүзінде — ортақ және түсінікті болуы керек.

«Уақыт өлшемін тағайындау басқа шамалардың өлшемдерін тағайындау әлдақайда қиын. Салмақ өлшемі — килограмм, бұл 4градустағы 1 текше дециметр таза судың салмағы. Бұл өлшем халықаралық келісім бойынша осылай қабылданып, тағайындалған. Килограммның түп нұсқасы — эталлоны жасалған, одан әр мемлекетке көшірмелер берліген, гирьлер жасалған. Ал уақыт өлшемін бұлай тағайындау мүмкін емес, өйткені уақыт көзге көрінбейді, қолға ілінбейді, қоймада сақталмайды» [1.21]

Уақыт өлшемдері астрономдар тапқан. Бұл өлшемдердің «эталондары» аспанда, табиғаттың мәңгілік қоймасында сақтаулы. Олар: тәулік, ай, жыл. Аспан бойынша тағайындалатын өлшемдермен пайдалану үшін ешкімнің рұқсаты қажет емес, бұлар халықтардың бәріне ортақ.

Тәулік, ай және жыл ұғымдары құлаққа сіңген, таныс ұғымдар болғанымен, бұларды толық түсіну оңай емес. Қарапайым көрінгеніне қарамастан, шым-шытырық шатасқан есептер осында.

«Тәулік- тетелес 1 күн мен 1 түннің қосындысы. Күннің де, түннің де ұзақтығы өзгеріп, әр маусымда әртүрлі болып отырады. Ал осында осылардың қосындысы әрдайым біредей шығып отыра ма, басқаша айтқанда, тәуліктің ұзақтығы тұрақты шама ма?

Тәуліктің ұзақтығын тұрақты шама деп есептеуге болады. Жуық түрде алғанда күн қанша ұзарса, түн сонша қысқарады. Тәуліктің бұл (шамалап алғандағы) тұрақтылығы біздің заманымызда 4000 жыл бұрын анықталды. 1 тәуліктің ішінде Жер өз осін бір айналып шығады» [2.318].

«Тәулікте неше сағат бар?» — деген сұраққа жұрттың көпшілігі 24 деп іркілмей жауап береді. Бұл жауапты қанағаттанарлық деуге болмайды. Алдымен қандай тәулік туралы айтылып отырғанын біліп алу керек.

Жердің осін бір айналып шығуына кететін уақыт жұлдыздық тәулік деп аталады. Жұлдыздық тәулік 23 сағат, 56 минут, 4 секунд (жуық түрде). Мұны тікелей бақылап анықтауға болады. Әрине, біз жердің айналысын сезбейміз, бірақ соның салдарынан аспан күмбезінің айналғанын анық көреміз.

Жоғарыда жұлдыздық тәуліктің ұзақтығын тұрақты деуге болады дедік. Шынында ол тұрақты емес, күн сайын аздап ұзара береді. (мұны күннің ұзаруымен шатастырмау керек)

Айлар да әр түрлі. Аспанда бұлтсыз болса да, Ай көрінбейтін түндер болады. Бұл кез жаңа айдың басы, қазақша өліара деп аталады. Ертеңіне айдың жіңішке орағы көрінеді, одан кейін орақ өсе береді. Жеті күнде ай орағы дөңес жағы оңға қараған жарты дөңгелек болады. Айдың бұл түрі бірінші ширек деп аталады. Осыдан кейін жеті күн өткенде Ай толық дөңгелек суретіне келеді. Бұл толық ай деп аталады. Толық ай — айдың 14-і. Бұдан әрі толық ай оң жақ шетінен бастап кетіліп, кеми береді. 7 күн өткенде оның тек сол жақ жартысы қалады. Бұл — ақырғы, төртінші ширек. Осы бетімен кеми береді де, ақыры таусылады. Ескі ай бітіп, жаңа ай туады. Айдың әртүрлі көріністері оынң фазалары деп аталады. Фаза бойынша айдың неше жаңасы екенін және ай көрінбейтін түн — өліара немесе жаңа ай қашан болатынын айтуға болады.

Айдың белгілі бір фазасынан келесі дәл осындай фазасына дейін өтетін уақытты, синоттық ай немесе айлық ай дейді. Бір өліарадан екінші өліараға дейін, бір толық айдан келесі толық айға дейін т. с.с. бір синоттық ай уақыт өтеді, оның ұзақтығы 29,53 орташа тәулік немесе 29 орташа тәулік 12 сағат 44 минут (дәлірек алғанда 29, 5305882 орташа тәулік немесе 29 орташа тәулік 12 сағ 44 минут 2,82 секунд) болады.

Айдың жерді бір рет айналып шығуына кететін нақты уақыт сидерлік ай немесе жұлдыздық ай деп аталады, мұндай айдың ұзақтығы 27,32 орташа тәулік немесе 27 орташа тәулік 7 сағат 43 минут (дәлірек алғанда 27,321661 ората тәулік немесе 27 ораташа тәулік 7 сағат 43 минут 11,51 секунд) болады.

Егер жер қозғалмаса оны тек ай айналып жүретін болса, сидерлік ай мен синоттық ай бірдей болар еді. Бірақ жер қозғалыста, ол күнді айналып жүреді. Ай жерді бір айналып, алғашқы шыққан тұсқа келгенде жер бұрынғы орнында болмайды, ол өз орбитасымен ілгері кетіп қалады. Жерді «қуып жетіп», алғашқы шыққан тұсынан келу үшін, ай тағы да 2 күн жол жүреді. Сондықтан синоттық ай сидерлік айдан артық.

Әдебиет:

  1. Ысқақов М. Халық календары — Алматы: 2009.-328 б.
  2. Жaнaбековa А. Қaзaқ тіліндегі «уaқыт» ұғымының тілдік пaрaдигмaсы.– Алмaты: 2012. — 508 б.
Основные термины (генерируются автоматически): немес, минута.

Ключевые слова

қазақ, уақыт, жыл, ай, тәулік

Похожие статьи

Роль кальция в синаптической передаче | Статья в журнале...

Библиографическое описание: Абаева, В. А. Роль кальция в синаптической передаче / В. А. Абаева, Я. Э. Темирова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 12 (407).

The relative pronouns in modern English and ways of translating them...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Молодежный сленг как один из видов современного жаргона

Библиографическое описание: Менов, М. А. Молодежный сленг как один из видов современного жаргона / М. А. Менов, Д. В. Никулин. — Текст : непосредственный // Юный ученый.

Актуальность использования мобильных приложений для занятий...

Информационные и коммуникационные технологии развиваются экспоненциально, предлагая множество программ и приложений, которые могут быть оптимальными в сфере образования.

Крылатые фразы из отечественного кинематографа как...

Проблема прецедентных текстов очень актуальная и даже модная в наше время. Впервые понятие «прецедентный текст» было введено в отечественную лингвистику Юрием...

Материалы XL международной научной конференции...

Место проведения конференции и издания сборника Казань. Конференция состоится в заочной (дистанционной) форме в июне 2022 года.

Виды тестовых заданий международного исследования...

Данная статья посвящена обзору тестовых заданий международного исследования компьютерной грамотности ICILS, а также предложение по участию в этом исследовании...

Транскаспийский международный транспортный маршрут

В статье говорится о новом транспортно-логистическом маршруте, проходящем сквозь Евразийский континент в обход России и соединяющий КНР и ЕС.

Акклиматизация организма человека и ее проявления

В статье автор рассматривает симптомы акклиматизации организма человека при смене климатических условий по данным литературных источников и по результатам опроса...

«Утечка мозгов»: причины, тенденции и последствия явления...

В данной статье рассматривается процесс утечки мозгов в виде интеллектуальной миграции в условиях глобализационной экономики, причины и последствия явления.

Задать вопрос