Студенттерді жаңартылған мазмұндағы биология курсы бойынша биологиялық есептерді эвристикалық әдіспен шығаруға дағдыландыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №19 (361) май 2021 г.

Дата публикации: 07.05.2021

Статья просмотрена: 368 раз

Библиографическое описание:

Назарова, Г. А. Студенттерді жаңартылған мазмұндағы биология курсы бойынша биологиялық есептерді эвристикалық әдіспен шығаруға дағдыландыру / Г. А. Назарова, Д. Д. Орынбеков, Н. Д. Орынбек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 19 (361). — С. 322-326. — URL: https://moluch.ru/archive/361/80798/ (дата обращения: 19.12.2024).



Кілтті сөздер: биологияны оқыту әдістемесі, биологиялық есептер, биологиялық есептерді шешу жолдары.

Ключевые слова: методика преподавания биологии, биологические задачи, пути решения биологических задач.

Қазіргі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде үнемі туындап отыратын жаңа талаптарға сәйкес білім алушылардың шығармашылығын, пәнге қызығушылығын шығармашылық , танымдық тапсырмалар мен есептерді қолдану арқылы қалыптастыру әдістемесін жетілдіру қажеттілігі байқалды. Сондықтан, болашақ биология пәні мұғалімдерінің биологиялық есептерді шешу және оны оқушыға үйретуі бойынша әдістемелік тұрғыдан дайындығы өте маңызды.

Биологиялық есептерді эвристикалық әдіс негізінде шешу тәсіліне сәйкес әдістемелік шарттарды қолдана отырып, нәтижеге жетуге болады.

Білім алушының өздігінен есеп шығару икемділігін қалыптастыру оқытушының үнемі көңіл аударып отыруын қажет ететін күрделі мәселелердің бірі. Өздігінен есеп шығаруға үйретуді біртіндеп бастау керек. Алдымен жеңіл жаттығу есептерін, одан кейін күрделірек есептерге көшіп, тек содан кейін өздеріне есеп шығартқан жөн.

Биологияны оқытудың маңызды міндеттерінің бірі — білім мен іскерлікті өз бетінше игеріп, оны өз тәжірибесінде еркін қолдана алатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу. Осы міндетті нәтижелі орындау үшін биологияны оқыту әдістемесін одан әрі жетілдіру қажет. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқушыларды оқытуда жақсы нәтижелерге биологиялық танымдық тапсырмаларды немесе биологиялық есептерді өз бетінше шешу алгоритмдерін үйрете отырып қол жеткізуге болады. Жаңартылған мазмұндағы биология курсында биологиялық есептер тақырыпқа сәйкес жеткілікті қамтылған. Алайда, зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай мұғалімдердің көпшілігі оқушыларға биологиялық мазмұндағы есептерді шешу тәсілдерін үйретуге дайын болмайды.

Сондықтан, болашақ биология пәні мұғалімдерін биологиялық есептерді шешу әдістемесімен таныстыру және оны өз тәжірибесінде тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыру маңызды [2].

Биологиялық есептер — оқу үдерісінде білім алушыны тек жаңа жағдайда өзінің осыған дейін игерген біліміне сүйеніп қана қоймай, ғылымда дәлелденген, алайда білім алушы үшін жаңалық болып табылатын білімді анықтауына ықпал етуші құрал болып табылады.

Жаңартылған мазмұндағы биология курсында биологиялық есептер мен тапсырмаларды орындау үшін эвристикалық әдіс қолданылады.

Эвристикалық əңгімелесу — бұл оқушылардың ой-пікірлерін және жауаптарын дұрыс арнаға бағыттайтын бірқатар сұрақтар. Іс жүзінде оқушылардың кейбір фактілерді, құбылыстарды ашуы орын алады. Біз бұл әдісті жақсы көреміз, өйткені ол шығармашылық, креативті ойлауға және логикалық ойлауға ықпал етеді, оқушыларда ақпаратты меңгерудің нәтижелі тәсілдері қалыптасады, дұрыс емес болжам айту қорқынышы жоғалады (қате теріс бағаға әкеп соқпайды) және оқытушымен сенімді қарым-қатынас орнатылады.

Американ математигі Д. Пойа «эвристиканың мақсаты жаңалық ашуға әкелетін ережелер мен әдістерді зерттеу»-жаңалық ашу үшін біріншіден қабілет, екіншіден жаңалық ашу жолында ойыңа жаңа идея келгенше табандылықпен ізденіс жүргізу қажет деп есептеген.

Д.Пойа есеп шығарудың төмендегідей схемасын бағдарға алуды ұсынады (сурет 1)

Сурет 1. Эвристикалық әдіс бойынша тапсырманың шешімін табу (Д.Пойа бойынша)

Схемадан көріп отырғанымыздай, биологиялық есептерді шығару үшін алдымен есептің берілгенін түсініп, шартты белгілермен берілгенін жазып алу қажет, одан соң есептің шығару жоспарын құру жүреді, үшінші қадамда есептің құрылған жоспарын жүзеге асырады, соңында есептің табылған шешіміне зерттеулер жүргізеді, «бұл шешім қандай болады» — құпталады ма әлде жоқ па. Сонымен қатар нақты шешім жасау үшін мәліметтер қажет.

Есепті шығарып отырған адам мынандай сұрақтарға жауап бере білу керек:

  1. Не белгілі?
  2. Не берілген?
  3. Есептің шарты қандай?
  4. Бұрын бұл есепке ұқсас есеп кездесті ме?
  5. Бұл есепке жақындау есеп бар ма? Ол есепті қолдануға болар мекен?

Мұғалім оқушыға бір мәселе туралы мағлұмат айтпауы қажет, ол не нәрсенің ақиқатына өзі жетуі керек. Сол ақиқатқа адам эвристикалық жолмен жетеді. Кеңес үкіметі кезінде мектептерінде эвристикалық әдіс XIX ғасырдың басында қолданыла бастады. СШ.Шохор-Троцкий «Геометрия есеп түрінде» деген кітабында «Геометрияны оқушыларға дайын күйінде беруге болмайды. Геометрияны өз еңбегіңмен ұғынып білу керек», — деді.

В. В. Репьев «эвристикалық оқыту әдісі дегеніміз оқушылар алдына мәселені есеп не теорема түрінде қойып, тиімді сұрақтар арқылы сол проблеманы шешуге келтіру», — деді.

Мектеп биология оқулығы бойынша генетикалық тақырыптағы есептерді шешу схемасын келтірейік [3]:

Кесте 1

Әрекет алгоритмі

Тапсырманы шешу мысалы

1.Есептің берілуін түсіну. (Не белгілі?)

Қызыл гүлді Түн аруы өсімдігі ақ гүлділермен будандастырылған және ол доминантты. Сонда F1 –дегі ұрпағының генотипі және фенотипі қандай болмақ?

2. Есепті шығарудың жоспарын құру.(Не берілген? Есептің шарты қандай?)

Тапсырманың шарты мен сұрағына ойланып қараңыз. Шартты белгілерді берілгенімен жазып алыңыз.

Берілген: А- Қызыл гүлді түн аруы, а — ақ гүлді түн аруы

♂аа-гомозиготалы,рецессивті,

♀АА-гомозиготалы,доминантты.

Табу керек: F1 –дегі ұрпағының генотипі және фенотипі?

Білуі керек: Мендель заңдылықтары, генетикалық символдар, ген, генотип, фенотип, гетерозигота, гомозигота, зигота, гамета, аллельді гендер, доминантты гендер,рецессивті гендер.

Шешімін табу жоспары:

  1. Есептің шартын мұқият оқып шығып, тұқым қуалайтын белгілерді анықтау
  2. Осы белгілерді бақылайтын гендердің аллельдерін белгілеу
  3. Есептің шартында көрсетілген ата-ананың және ұрпақтың генотипін біліп, оны генетикалық формуламен көрсету.
  4. Будандастыру кезінде түзілетін гаметалардың типтерін үлгімен белгілеп, ұрықтану нәтижесінде пайда болатын зиготалардың барлық типтерін көрсету
  5. Пеннет торын сызып оған аналық гаметаларды сол жағындағы тік бағытқа, аталық гаметаларды жоғарыдағы көлденең бағытқа жазады.

3. Есептің шешімін табу жоспарын іске асыру

Шешім : Р ♀ АА х ♂ аа

Г А А а а

F1 Аа Аа Аа Аа

4. Есептің табылған шешімін зерттеу.

Жауап: Бірінші ұрпақтарының генотиптері бойынша барлығы гетерозиготалы, фенотиптері бойынша барлығы қызыл түсті.

Есептің зерттелуі Мендельдің генетикалық заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл есепте Мендельдің бірінші — біркелкілік заңы көрініс тауып тұр.

Оқу-танымдық тапсырманы, биологиялық есептерді орындаудың әрбір кезеңінің соңында әмбебап оқу әрекеті қалыптасуы керек 1:

1 кезең — тапсырманың немесе есептің шартын ұғынуы. Қажетті ақпаратты таңдап алып, оқушылар негізгі (басты) мәселені анықтап алады. Содан кейін тапсырма немесе есептің шарты бойынша берілген белгілі мәлімет пен белгісіз мәліметті салыстырады да оны қысқаша жазып қояды. Яғни есептің берілу шартын жазуы.

2 кезең — шешу жолдарын (жоспарын) анықтайды.

Сол тапсырманы өздеріне белгілі тапсырмалар тобымен салыстыру (теңдеу құруға, санның пайыздық мөлшерін анықтау және т. б.) және шешудің мүмкін жолдарын таңдау (арифметикалық немесе алгебралық)

3 кезең — есептің немесе тапсырманың шешімін табу жоспарын іске асыру

4 кезең — табылған жауабын зерттеу.

Эвристикалық әдіске негізделген, төмендегідей әдістемелік шарттарды сақтау арқылы биологиялық тапсырмалар мен есептерді шешуді білім алушыға үйретуде қанағаттанарлық нәтижелерге қол жеткізуге болады:

— алдымен ол тапсырмада не сұралатынын анықтауға үйрету;.

— қажетсіз ақпараттар арасынан қажетті ақпаратты таба білуге тапсырма беру.

— абстрактіден нақты жағдайға ауыса білуі қажет, яғни теориялық білімді нақты жағдайда қолдануы;

— нұсқаулықтардан алынған ақпаратқа сыни көзқараспен қарауы;

— басқа ғылымдардың тұжырымдамаларын және биологияның тұжырымдамаларын басқа ғылымдарда қолдана білуге үйрету.

— тапсырмаға әр түрлі тұрғыдан қарауға үйрету.

Эвристикалық ойлау, оның негізінде алынатын өнімнің жоғары дәрежесі жаңашылдығымен, ерекшелігімен сипатталады. Бұл ойлау, адам есепті, оның формальді-логикалық талдау негізінде оған белгілі тәсілдері қолданумен шығарып көрген кезде, ешқандай нәтижеге жетпеген соң, мәселені шешу үшін жаңа білімге қажеттілігі туады: бұл қажеттілік субъективтің шығаратын мәселенің жоғары белсенділігін тудырады.

Оқыту үдерісінде танымдық тапсырмаларды шешуді үйренуде білім алушы әрине жоғары деңгейдегі көрсеткішке бірден жетпейді. Ғалымдардың зерттеулері бойынша білім алушының танымдық тапсырмаларды шешуде біртіндеп дамитын төрт деңгейі байқалады екен. Бұл деңгейлер сонымен қатар білім алушылардың өзбетілік танымдары мен олардың ақыл-ойларының даму барысын сипаттайды [2]:

Кесте 2

Бағалау көрсеткіштері мен критерийлері

Жазбаша жауаптарды бағалауға арналған көрсеткіштер

Көрсеткішті бағалау критерийлері

Шартты белгілердегі заңдарды, ұғымдардың мазмұны мен көлемін білу

— тапсырма шарты және шешім дұрыс жазылған;

— шартты немесе шешімді жазуда елеусіз қателер жіберілген;

— шарттар мен шешімдерді жазу кезінде заңдар мен шартты белгілерді білмеу.

Анықтамалық материалды пайдалану

— анықтамалық материалдарды еркін қолдана білу;

— анықтамалық материалды кеңеспен қолдану;

— анықтамалық материалдармен жұмыс істей алмау.

Негізгі ұғымдармен, заңдарды, теорияларды менгеру.

— құбылыстарды, заңдылықтарды және т. б. түсіндіру үшін қажетті негізгі ұғымдарды, заңдар мен теорияларды еркін меңгеру.;

— шешім кейбір қиындықтарды тудырады;

— не айтылған туралы түсінбеушілік.

Операцияларды (әрекеттерді) орындаудың толықтығы

— барлық қажетті операциялар орындалды;

— операциялардың (іс-әрекеттердің) көп бөлігі орындалды;

— тек жеке операциялар (іс-әрекеттер) орындалды.

Күрделілік дәрежесі (түрлі деңгейлі тапсырмалар кезінде)

— күрделі ақыл-ой есептеулерін және түрлендіруді талап ететін операциялар (әрекеттер) орындалды;

— қарапайым операциялар орындалды;

— қарапайым операцияларды орындай алмау.

Орындалған тапсырмалардың көлемі

— барлық тапсырмалар дұрыс орындалды;

— ұсынылған тапсырмалардың жартысына жуығы орындалды;

— тапсырмалар орындалмаған немесе 50 % кем орындалған.

Жұмысты ресімдеу

— жұмыс талаптарға сәйкес рәсімделді;

— нормадан ауытқулар бар;

— талаптарға сәйкес келмейді

  1. Тапсырманы шешу процесі ойша экспериментті болжайды. Ол зерттеудің мақсатын, міндеттерін, гипотезасын қалыптастыруды, жоспарды әзірлеуді, болжау мен нәтижелерді қамтиды.
  2. І деңгей- тапсырма мен есептің шартындағы қандай да бір мәліметке қатысты білім алушының бір немесе бірнеше тұжырымды өз бетінше әрі дәлелмен жасай алуы;
  3. ІІ деңгей- есептің, тапсырманың берілген шарты негізінде бірнеше параллельді және бір-бірімен салыстырылмайтын өзара тікелей байланысты дәлелді тұжырымдар келтіре білуі;
  4. ІІІ деңгей- есептің, тапсырманың шартында берілгендердің арасындағы байланыстарды айқындау негізінде өзара байланысты тұжырымдар жасай алуы.
  5. IV деңгей- тиімді деңгей. Оған бір жағынан кез келген оқу материалына сәйкес қол жеткізуге болады. Ал екінші жағынан- оның даму шегі өте кең. Орындаушы қаншама мәлімет сәйкестендірсе, ойтұжырымдар тізбегі қаншалықты ұзын болса, тапсырма соншалықты күрделі әрі білім алушының өз бетінше тануының IV деңгейінің дамуы тиімдірек болады.
  6. Деңгейлер бір-бірінен ой тұжырымдау ерекшеліктерімен (тікелей немесе жанама) және берілген шарттардың салыстырмалылығымен өзгешеленеді [2].

Әдебиет:

  1. Смирнова Н. З., Бережная О. В. Познавательные задачи по биологии и экологии: учебное пособие / Краснояр. гос. пед. ун-т им. В. П. Астафьева. — Красноярск, 2015. — 168 с.
  2. Студенттерді биологиялық есептерді шығаруға әдістемелік даярлау / «Ғылым және Білім 2020» атты І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. Авторлары: Назарова Г. А.,Орынбек Н. Д.,162–166 беттер.
  3. Н. Г. Асанов, А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Алматы. Атамұра, 2019.- 259 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, биология, табу.


Ключевые слова

биологияны оқыту әдістемесі, биологиялық есептер, биологиялық есептерді шешу жолдары

Похожие статьи

Медицина қызметкерлері ұжымын басқарудағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлі

Мақалада медицина қызметкерлері ұжымын басқарудың тиімділігін арттыру барысындағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлін анықтауға байланысты зерттеу нәтижелері берілген.

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Мектеп математикасын оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану

Мақалада мектеп оқушыларына математиканы оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі туралы айтылады. Оқу процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары көрсетілген.

Биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері

Аталмыш мақалада автор биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды дайындау кезеңдерін, оны қолданудың негізгі талаптарын және дидактикалық тапсырмалармен жұмыс жасау барысында қолдануға қолайлы бағдарламаларды ұсынады.

Педагогикалық жоо-да физика мұғалімдерін даярлау барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың әдістемесі мен технологиясы

Қазіргі таңда оқыту жағдайында педагогикалық ЖОО-да физика мұғалімдерін даярлау кезінде оқу пәндері арасындағы байланысты пайдалану әдістемесі мен технологиясы ұсынылады.

Болашақ мұғалімдерді инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау

Мақалада болашақ мұғалімдерді инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау — жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі қандай маңызды екені және мұғалімді инновациялық іс-әрекетке дайындаудың жүйелілігі толықтай сипатталған. Авторлар, бұл педагог...

Математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптар

Мақалада математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын негізгі талаптар жазылған.

Баланың логикалық ойлауын дамытудың әдістері

Мақалада бастауыш ыныптарда логикалық тапсырмаларды оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері баяндалған. Логикалық тапсырмаларды тиімді оқытудың әдістемесі ұсынылған.

Жобалық-модульдік әдістемесін информатика пәнін оқытуда қолдану тәжірибелері

Мақалада өмірлік мәселелерді шешуді оңтайландыру құралы ретінде мектеп оқушыларының жобалық ойлауын мақсатты түрде қалыптастыру және дамыту қажеттілігі қарастырылады. Мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша жеке жобаларды жобалау мен іске асыруд...

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін шаруашылықта тиімді пайдалану мәселелері

Мақалада: облыстың табиғи-аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің қазіргі жағдайына кадастрлық тұрғыдан талдау жасау туралы.

Похожие статьи

Медицина қызметкерлері ұжымын басқарудағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлі

Мақалада медицина қызметкерлері ұжымын басқарудың тиімділігін арттыру барысындағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлін анықтауға байланысты зерттеу нәтижелері берілген.

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Мектеп математикасын оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану

Мақалада мектеп оқушыларына математиканы оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі туралы айтылады. Оқу процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары көрсетілген.

Биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері

Аталмыш мақалада автор биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды дайындау кезеңдерін, оны қолданудың негізгі талаптарын және дидактикалық тапсырмалармен жұмыс жасау барысында қолдануға қолайлы бағдарламаларды ұсынады.

Педагогикалық жоо-да физика мұғалімдерін даярлау барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың әдістемесі мен технологиясы

Қазіргі таңда оқыту жағдайында педагогикалық ЖОО-да физика мұғалімдерін даярлау кезінде оқу пәндері арасындағы байланысты пайдалану әдістемесі мен технологиясы ұсынылады.

Болашақ мұғалімдерді инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау

Мақалада болашақ мұғалімдерді инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау — жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі қандай маңызды екені және мұғалімді инновациялық іс-әрекетке дайындаудың жүйелілігі толықтай сипатталған. Авторлар, бұл педагог...

Математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптар

Мақалада математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын негізгі талаптар жазылған.

Баланың логикалық ойлауын дамытудың әдістері

Мақалада бастауыш ыныптарда логикалық тапсырмаларды оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері баяндалған. Логикалық тапсырмаларды тиімді оқытудың әдістемесі ұсынылған.

Жобалық-модульдік әдістемесін информатика пәнін оқытуда қолдану тәжірибелері

Мақалада өмірлік мәселелерді шешуді оңтайландыру құралы ретінде мектеп оқушыларының жобалық ойлауын мақсатты түрде қалыптастыру және дамыту қажеттілігі қарастырылады. Мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша жеке жобаларды жобалау мен іске асыруд...

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін шаруашылықта тиімді пайдалану мәселелері

Мақалада: облыстың табиғи-аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің қазіргі жағдайына кадастрлық тұрғыдан талдау жасау туралы.

Задать вопрос