500 кВ әуе желісін бос жүріс режиміне есептеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (358) апрель 2021 г.

Дата публикации: 14.04.2021

Статья просмотрена: 15 раз

Библиографическое описание:

Байниязов, Б. А. 500 кВ әуе желісін бос жүріс режиміне есептеу / Б. А. Байниязов, Данияр Манарбекулы Манарбеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 16 (358). — С. 371-375. — URL: https://moluch.ru/archive/358/80055/ (дата обращения: 18.04.2024).



Бұл мақалада «Екібастұз-Шульба-Өскемен» 500 кВ әуе желісінің бос жүріс режиміне әр түрлі режимдерді қарастырып және қосымша осы желіге тағы қанша шунтталған реакторлар орнату керектігі ұсынылған.

Түйін сөздер: электр энергетика, электр желісі, шунтталған реактор, қарымталаушы реактор.

В данной статье предлагается рассмотреть различные режимы холостого хода воздушной линии 500 кВ «Экибастуз-Шульба-Усть-Каменогорск» и дополнительно установить на этой линии еще несколько шунтированных реакторов.

Ключевые слова: электроэнергетика, электросеть, шунтирующий реактор, компенсирующие реакторы.

Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде (БЭЭЖ) электр энергиясын өндіру, беру, тұтыну электр энергиясын сатып алу- сату шарттары, электр энергиясын беруге арналған шарттар, диспетчерлендіруге арналған шарттар, электр қуатын реттеуге арналған шарттар, қатар жұмыс істеуге арналған шарттар, электр энергиясын өндіру- тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыруға арналған шарттар негізінде көтерме сауда нарығының қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қазіргі жүйеаралық байланыстар қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейтіні белгілі болды, сондықтан қазіргі байланыстар жаңғыртылуы тиіс.

Еліміздің энергетикалық жүйесін ұлғайту және электрмен қамтамасыз ету барысында салынған электрлік байланыс желілердің бірі Өскемен- Шульба- Екібастұз 500 кВ әуе желісі. Бұл әуе электр желісінің ұзындығы:

— Екісбастұз- Семей 500 кВ әуе желісі (ӘЖ) жағынан 402,2 км;

— Семей- Өскемен 500 кВ ӘЖ жағынан 194,9 км.

Бұл мақалада осы әуе электржелісінің бос жүріс режиміне қосу режимдерін есептеу жұмыстары жүргізілді. ӘЖ учаскелерін бос жүріске қосу Шығыс Қазақстан облысы жүктемесінің екі жағынан қысқы максимумы мен жазғы минимумында желідегі шунтталған реакторлардың (ШР) түрлі үйлесімдері кезінде қарастырылды:

— Екібастұз қосалқы станция (ҚС) жағынан Екібастұз-Семей ӘЖ (Өскемен-Семей 500 кВ ӘЖ іске қосылу деңгейінде);

— Екібастұз және Семей ҚС тарапынан (500 кВ ӘЖ еңгізілу барысында Өскемен-Семей);

— Семей — Өскемен қосалқы станция (ҚС) қосу екі жағынан қарастырылғанда.

Сурет 1. Қарастырылатын 500 кВ желісінің электрлік сұлба картасы

Кернеуді реттеуге арналған реактивті қуатты қарымталаушы құрылғылары: 500 кВ ӘЖ зарядтау қуатын қарымталауға арналған шунттаушы реакторлар реактивті қуатты қарымталау жөніндегі нормативтік талаптарды ескере отырып таңдалады:

— 500 кВ ӘЖ үшін- энергия жүйелерінің қуатты тораптарына жанасқанда 50–60 % және электр станциялары мен энергия жүйелерінің әлсіз тораптарына жанасқанда 80–100 %;

— желілер мен қосу режимдерін ең аз жүктеу шарттары бойынша есептеулерге сәйкес.

Желінің әрбір учаскесінде шунтталатын реакторлардың қуатын таңдау келесі шарттармен жүзеге асырылды:

— Реактивті қуат ағыны кезінде генераторлардың (ЕГРЭС-1, 2, ШГЭС) жұмыс режимдерінің нашарлауына жол бермеу үшін ӘЖ зарядтау қуатын 100 % қарымталау;

— бос жүріске қосқан кезде желі соңындағы кернеудің жоғарылау еселігі 20 минут ішінде қосқан кезде 1,1 U ном (577,5 кВ) және 60 минут ішінде қосқан кезде 1,05 U ном (551 кВ) аспауы тиіс. Бұдан басқа, бос жүріске қосу есептерінде ҚС шиналарындағы кернеу мен қосылатын желінің ашық ұзындағы (30 кВ-тан аспайтын) рұқсат етілген айырмаға НДЦ (национальный диспетчерский центр) талаптары ескерілген;

— есептеулер Екібастұз ҚС 500 кВ АТҚ-да (ашық тарату құрылғысы) қуаты (3x60) МВА болатын № 5 ШР қондырғысын ескере отырып орындалды.

Біз қарастырып отырған желі екі жақты желі болғандықтан тізбектің тармақтарындағы тоқтарды саны тәуелсіз кернеу көздерінің санына тең бірқатар қосындысы ретінде қарастыруға болады. Осы токтардың әрқайсысы басқа көздердің кернеулері нөлге тең болған кезде кернеу көздерінің біреуінің ғана әрекетімен анықталады. Алайда, бұл тәсіл әрдайым орынды бола бермейді, өйткені қалыпты режимдерде қорек көзінің кернеулері айырмашылығы шамалы болып келеді. Бұндай жағдайда екі желінің біреуінде қосымша электр қозғаушы күші (ЭҚК) болады:

Δ E = U B U A

500 кВ желі үшін қарымталаушы коэффициенті желінің ұзындығына және реакторлар санына байланысты анықталады.

http://news.elteh.ru/pics/77/Dmitriev_77_pict-03.png

Сурет 2. 500 кВ ӘЖ ұзындығына және қосылған реакторлардың қуатына байланысты қарымталаушы коэффициенті графигі

Тұрақты жұмыс режимінде реакторлардың тоғы және бір жақты қоректендірілетін ӘЖ тоғы желілік кернеуге қатысты реактивті сипатта болады:

Кесте 1

Екібастұз ҚС жағынан Екібастұз — Семей 500 кВ ӘЖ қосу

Атауы

Режим

Q зap есебімен ЭГРЭС-1 (500 кВ) генератор жүктеу

Екібастұз — Семей ӘЖ

Семей ҚС

Салыстырма

U нач

U koh

U m

U koh -

U m

Қосылуға дейінгі режим

Қыс макс

2217+j376

519

Жаз мин .

1063+j168

523

Эк-0 ШР,

Семей — 0ШР

Қыс макс .

2216+j82

526

577

490

87

Жаз мин .

1065-j117

530

580

514

66

Эк-0 ШР,

Семей — 1УШР

Қыс макс .

2216+j259

522

517

489

28

Жаз мин .

1064+j45

526

522

514

8

Эк-1 ШР,

Семей — УШР

Қыс макс .

2217+j382

519

515

488

27

Жаз мин .

1064+j167

522

518

514

4

Кесте 2

500 кВ Екібастұз — Семей ӘЖ қосу (500 кВ Семей-Өскемен ӘЖ іске қосылғаннан кейін) Екібастұз ҚС жағынан

Атауы

Режим

Q з ap есебімен ЭГРЭС-1 (500 кВ) генератор жүктеу

Екібастұз — Семей ӘЖ

Семей ҚС

Салыстырма

U нач

U koh

U m

U koh -

U m

Қосылуға дейінгі режим

Қыс макс .

2215+j376

519

Жаз мин .

1063+j168

523

Эк-0 ШР,

Семей — 0ШР

Қыс макс .

2214+j211

523

573

497

80

Жаз мин .

1065-j121

530

580

505

75

Эк-0 ШР,

Семей — 1УШР

Қыс макс .

2216+j254

522

517

497

20

Жаз мин .

1064+j41

526

522

505

17

Эк-1ШР

Семей — УШР,

Қыс макс .

2217+j378

519

515

497

18

Жаз мин .

1064+j163

522

518

505

13

Кесте 3

Семей-Екібастұз 500 кВ ӘЖ (500 кВ Семей-Өскемен ӘЖ іске қосылғаннан кейін) Семей ҚС жағынан қосу

Атауы

Режим

Q з ap есебімен ЭГРЭС-1 (500 кВ) генератор жүктеу

Екібастұз — Семей ӘЖ

Семей ҚС

Салыстырма

U нач

U koh

U m

U koh -

U m

Қосылуға дейінгі режим

Қыс макс .

270+j130

496

Жаз мин .

140+j103

504

Эк-0 ШР, Семей — 0ШР

Қыс макс .

270+j0

560

614

520

94

Жаз мин .

140+j28

585

642

524

118

Эк-1 ШР, Семей -0ШР

Қыс макс .

270-j32

529

534

520

14

Жаз мин .

140+j28

540

545

523

22

Эк-1 ШР, Семей -1УШР

Қыс макс .

270+j117

515

520

519

1

Жаз мин .

140+j69

515

520

523

-3

Кесте 4

Өскемен ҚС жағынан Өскемен- Семей 500 кВ ӘЖ қосу

Атауы

Режим

Q з ap есебімен ЭГРЭС-1 (500 кВ) генератор жүктеу

Екібастұз — Семей ӘЖ

Семей ҚС

Салыстырма

U нач

U koh

U m

U koh -

U m

Қосылуға дейінгі режим

Қыс макс .

508

Жаз мин .

510

У-К-0 ШР, Семей -0ШР

Қыс макс .

J201

526

538

515

23

Жаз мин .

j202

531

543

515

28

У-К-0 ШР, Семей -1ШР

Қыс макс .

J19

509

501

515

-14

Жаз мин .

J19

512

503

515

-12

Кесте 5

Семей ҚС жағынан Өскемен- Семей 500 кВ ӘЖ қосу

Атауы

Режим

Q з ap есебімен ЭГРЭС-1 (500 кВ) генератор жүктеу

Екібастұз — Семей ӘЖ

Семей ҚС

Салыстырма

U нач

U koh

U m

U koh -

U m

Қосылуға дейінгі режим

Қыс макс .

270+j130

515

Жаз мин .

140+j77

505

У-К-0 ШР, Семей- 0ШР

Қыс макс .

270+j76

539

551

510

41

Жаз мин .

140+j28

550

563

513

50

У-К-0 ШР, Семей-1ШР

Қыс макс .

270+j130

515

527

508

19

Жаз мин .

140+j73

517

529

510

19

Есептеу нәтижелері көрсеткендей: реактивті қуат ағыны Екібастұз ГРЭС-1, 2 генераторларының жүктелуіне әсер етпеуі үшін ӘЖ біржақты қосуды желідегі бір шиналық реакторын (ШР) және бір басқарылатын шиналық реакторын (БШР) есепке ала отырып жүзеге асыру қажет және Семей-Өскемен ӘЖ біржақты қосу кернеудің рұқсат етілген деңгейінде Семей ҚС тарапынан желіде ШР орнатуды ескере отырып, екі жағынан қамтамасыз етіледі.

Екібастұз- Семей ӘЖ-не екі жақтан қосылу режимдерін қамту және қуат зарядын қарымталау үшін міндетті түрде 3х60 МВА қуатты 2 ШР қондырғысын орнату қажет: біреуін Екібастұз ҚС жағынан, екіншісін Семей ҚС жағынан. ӘЖ қосу режимі Семей ҚС басқару шунттау рекаторларымен (БШР) бірге есептелген. Семей-Өскемен ӘЖ реактивті қуатын қарымталау үшін Семей ҚС тарапынан бір ШР орнату қажет.

Әдебиет:

  1. Баринов, В. А. Режимы энергосистем: методы анализа и управления [Текст] / В. А. Баринов, С. А. Совалов. — Москва: Энергоатомиздат, 1990. — 440 с
  2. Дмитриев М. В., Евдокунин Г. А. и др. Коммутации высоковольтных ВЛ и воздействия на выключатели // Новости ЭлектроТехники. 2008. № 3(51).
  3. Основные технико-технологические решения. Обоснование, схема, режимы, системы управления строительство “ВЛ 500 кВ Экибастуз — ШГЭС — Усть-Каменогорск”
  4. Управление мощными энергообъединениями [Текст] / Н. И. Воропай, В. В. Ершевич, Я. Н. Лугинский [и др.]; под ред. С. А. Совалова. — Москва: Энергоатомиздат,1984. — 255 с.
Основные термины (генерируются автоматически): Семей, макса, мина, режим, электр, генератор, Москва.


Ключевые слова

электр энергетика, электр желісі, шунтталған реактор, қарымталаушы реактор

Похожие статьи

Научный журнал «Молодой ученый» №21 (416) май 2022 г.

Название: Эмоциональное выгорание и особенности проявления данного синдрома у супругов семье. Рубрика: Психология. Страницы

Поддержка семьи, материнства, отцовства и детства в Российской...

Семья — это основная ячейка общества, определяющая его основу. Следовательно, данный институт должен представлять для государства

В этой связи в статье рассматриваются меры поддержки семьи, материнства, отцовства и детства, определяются некоторые...

Двигательный режим и его значение | Статья в журнале...

 В статье рассматривается влияние двигательного режима на здоровье человека и его значение в повседневной жизни, а также виды и особенности двигательных режимов. Ключевые слова: здоровье, двигательный режим, физическое развитие, физическая культура, спорт.

К вопросу о государственной поддержке семей с детьми

В данной статье авторы исследуют меры государственной поддержки семей воспитывающих детей. Рассматривают и анализируют пособия и ежемесячные денежные выплаты, осуществляемые органами ПФР и органами социальной защиты населения в субъектах РФ.

Похожие статьи

Научный журнал «Молодой ученый» №21 (416) май 2022 г.

Название: Эмоциональное выгорание и особенности проявления данного синдрома у супругов семье. Рубрика: Психология. Страницы

Поддержка семьи, материнства, отцовства и детства в Российской...

Семья — это основная ячейка общества, определяющая его основу. Следовательно, данный институт должен представлять для государства

В этой связи в статье рассматриваются меры поддержки семьи, материнства, отцовства и детства, определяются некоторые...

Двигательный режим и его значение | Статья в журнале...

 В статье рассматривается влияние двигательного режима на здоровье человека и его значение в повседневной жизни, а также виды и особенности двигательных режимов. Ключевые слова: здоровье, двигательный режим, физическое развитие, физическая культура, спорт.

К вопросу о государственной поддержке семей с детьми

В данной статье авторы исследуют меры государственной поддержки семей воспитывающих детей. Рассматривают и анализируют пособия и ежемесячные денежные выплаты, осуществляемые органами ПФР и органами социальной защиты населения в субъектах РФ.

Задать вопрос