Банк секторы елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл рөл экономиканың нақты секторында уақытша бос қаражаттардың үздіксіз қозғалысы үшін арна құру мүмкіндігімен айқындалады, ол негізгі қорларды жаңарту үшін қомақты инвестицияларды қажет етеді, сондай-ақ дағдарыстық құбылыстарды еңсеріп, тұрақты экономикалық өсу траекториясына енеді. Екінші деңгейлі банктердің клиенттердің салымдарын тару деңгейі мен несие портфелінің сапасының жоғары деңгейде болуы оның қаржылық жағдайын тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, елдегі экономикалық жаңғыырулар мен қайта құрулардың қозғаушы тетіктерінің негізгісі болып табылады. Кез келген екінші деңгейлі банкте қаржылық қызметтерін басқарудың негізгі мақсаты банктің тұрақтылығын қамтамасыз ететін сапалы несие портфелін қалыптастыру және тиімді депозиттік саясат жүргізу болып табылады. ҚР банк секторында 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 28 банк қызметтер көрсеткен, ал сәйкесінше 2018 жылы 1 қаңтарда 32 банк, 2017 жылғы 1 қаңтарда 33 банк жұмыс жүргізген. Банк секторы активтерінің ЖІӨ-дегі үлесі 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 43,3 %, несие портфелінің ЖІӨ-дегі үлесі — 23,6 %, клиенттер салымдарының ЖІӨ-дегі үлесі — 29,3 % болса, ал 2018 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сәйкесінше — 49,9 %, 28,1 % және 34,5 % болған [1].
Қазақстаннның қаржы нарығындағы банк секторының болып жатқан әлемдік қаржылық және экономикалық өзгерістерді қабылдауда тәуекел деңгейін сақтамау салдарынан, қаржылық тұрақсыздық жағдайында болған. Бұл олардың бірқатар басымды проблемаларының бар екендігі анықталды:
— екінші деңгейлі банктердің несиелеу портфеліндегі басымдықтары компаниялардың инвестицияларына емес, жеке тұтынушылардың сұранысына, әсіресе тұтынушылық несие түріне негізделген экономикалық өсу дің құрылымындағы теңгерімсіздіктің болуы;
– ірі кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер жиынтығының шектеулі болуы және банктердің көлемді инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін қажетті ресурстардың ауқымды көлемін дербес жинақтай алмауы экономиканы дамытудың басым бағыттарын, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың, көбіне, мемлекет бөлетін ресурстарға тәуелділіктің жоғары болуы;
– банк өтімділігінің төмен деңгейі, қайта қаржыландыру тетіктерінің дамымауы жағдайында банк жүйесін бөлшек қорландыру жағына қарай басымдық беру жүйені салымшылар «көңіл-күйінің ауысуы» тәуекелдеріне ұшырағыш болуы;
– жұмыс істемейтін қарыздар көлемінің жоғары болуы банк секторының макроэкономикалық орта өзгерістеріне, жекелеген нарықтардағы ахуалға икемді ден қою мүмкіндігін төмен болуы;
– экономиканың долларлануы салдарынан банктің депозиттерінің басым бөлігінің шетел валютасында, несие портфелінің басым бөлігінің ұлттық валютада болуымен байланысты банк секторындағы активтер мен пассивтерінің валюталық құрылымы бойынша сәйкес келмеуі.
«Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың мәні — агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібі кешенінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерді қолдау. Аталған бағдарлама төмендегі міндеттерді белгіледі:
– Қазақстандық азық-түлік пен өнеркәсіптік тауарлардың жергілікті өндірісін дамыту;
– жергілікті өнімдерді импорттық әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларымен алмастыру;
– өнімнің басым бөлігін өндіретін қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау [2]. Несиелеу үдерістерімен пайда болатын ақша массасының өсуі, Милтон Фридманның пайымдауынша, бір жағынан, экономиканың дамуына әсер етеді, ал екінші жағынан, инфляциялық үдерістердің де пайда болуына себеп болады [2].
Зерттеліп отырған 2017–2019 жылдар аралығында жеке тұлғалардың тұтыну мақсатындағы мерзімі өткен берешегі бар несиелері көлемі мардымсыз өсуде. 2019 жылы қалған екі жылмен салыстырғанда ең жоғары мәнге ие болды (236,3 млрд. теңге). Жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешегі бар несиелер көлемінің шамалы жоғарылауы жеке тұлғалардың нақты табысының төмендеуі, инфляция және басқа да әлеуметтік- экономикалық себептермен түсіндіріледі [3].
Алғыс білдіру
Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Қазақстанның экономикасына жаhандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасы банк секторының ағымдағы жағдайы 01.01.2019 ж. — // https://nationalbank.kz/cont
2. Гумар Н., Нургалиева А. Қарапайым заттар экономикасының келелі сұрақтары мен күтілетін нәтижелері // Экономика и статистика. — 2020. — № 4. — 96–98 бб.
3. Дуйсенбаева Б., Маулина Н., Танжарикова А. Отандық экономикадағы тұтынушылық несиелеудің замануи даму басымдылықтары // Экономика и статистика. — 2020. — № 4. — 117 б.