Жүсіп Ақшораның «Саясаттың үш түрі» еңбегі және оның маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №15 (357) апрель 2021 г.

Дата публикации: 11.04.2021

Статья просмотрена: 135 раз

Библиографическое описание:

Динашева, Л. С. Жүсіп Ақшораның «Саясаттың үш түрі» еңбегі және оның маңызы / Л. С. Динашева, Б. Н. Амиртаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 15 (357). — С. 397-402. — URL: https://moluch.ru/archive/357/79846/ (дата обращения: 16.12.2024).



Жүсіп Ақшора (1876–1935) жылдар аралығында өмір сүрген татар жазушысы, журналист, тарихшы. Түркішілдік идеяны таратушы, Түркі дүниесі мен оның құрамындағы халқы үшін орны бөлек қайраткер болып табылады. Жүсіп Ақшораның түркішілдік көзқарастағы еңбектері мен зерттеулері түркі халықтарының бірлігін қалыптастырып, нығайтудағы маңызды құралдарының бірі.

Мақалада, Жүсіп Ақшораның «Саясаттың үш түрі» еңбегіндегі түркішілдік көзқарастары мен бұл мәселеге қатысты ойлар және тұжырымдары жайлы зерделенген. Жүсіп Ақшора бейнесі мен түркішілдік идеялары Отандық тарихи әдебиеттерде ауқымды зерттелмегені анықталды. Жүсіп Ақшора ой-пікірлері мен түркішілік бағытындағы көзқарастары «Саясаттың үш түрі» еңбегі негізінде талданды. Сондай-ақ, ғалымдар мен зерттеушілердің бұл еңбектің айналасындағы жасалған жұмыстарындағы Жүсіп Ақшора тұлғасы және көзқарастарын айқындайтын ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.

Кілт сөздер : Жүсіп Ақшора, Түркі дүниесі, түркі халықтары, түркішілдік, панславизм, пангерманизм, мұсылманшылдық, Осман мемлекеті, принцип, бірлік.

Юсуф Акчура (1876–1935) — татарский писатель, журналист, историк. Является распространителем тюркоязычной идеи, отдельным деятелем для тюркского мира и его народа. Труды и исследования Юсуфа Акчуры на тюркоязычных взглядах являются одним из важнейших инструментов формирования и укрепления единства тюркских народов.

В статье изучены тюркоязычные взгляды Юсуфа Акчуры в работе «Три вида политики», размышления и выводы по этому вопросу. Установлено, что образ Юсуфа Акчуры и идеи тюркизма не изучены в отечественной исторической литературе. Мнения и взгляды Юсуфа Акчуры в направлении тюркизма были проанализированы на основе работы «Три вида политики». Также подробно рассмотрены особенности личности и взгляды Юсуфа Акчуры в проделанной работе ученых и исследователей вокруг этого труда.

Ключевые слова: Юсуф Акчура, Тюркский мир, тюркские народы, тюркизм, панславизм, пангерманизм, мусульманство, Османское государство, принцип, единство.

Әлемдегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы қақтығыстар және бірлік мәселесі, жаһандану процессі одан әрі өрістеген сайын қайта қарау, сонымен қатар жаңа саяси тактикалық әрекеттерді ойлап табуға итермеледі. Ұлттар бірлігі, біртұтастық идеялар сонау тарих қойнауынан бастау алады. Түркі халықтар арасындағы бірігу идеялары мен ұлттардың экономикалық әлеуетіне байланысты бір-біріне қолдау жасау, тарихи ерекшеліктеріне байланысты жауапкершілік сезіну бейтаныс жайт емес. Жүсіп Ақшора өзінің «Саясаттың үш түрі» атты еңбегінде, ең басты үшінші принципі «түркішілдік» қағидасын алға тартады. Түркі дүниесінің ажырамас тарихы, тілі, діні, этникалық белгілерінің бір болуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал, бұл ойлар мен теорияларды алғаш дәріптеушілердің бірі Жүсіп Ақшора және оның еңбектері болып табылады. «Саясаттың үш түрі» еңбегіндегі халықтардың ұлтшылдық құндылығын одан әрі артыруға серпін беруі де зерттеу өзектілігін арттырады.

Еуропа зерттеушілерінің бірі, Зареванд, жазғандай: «Марксшілдер үшін, К.Маркстің «Коммунистік манифесті» еңбегі секілді, пантүркішілдер үшін бұл еңбек болып табылады» [1, s. 33]. Американ жазушысы Чарльз Уоррэн де бұл ойдың жақтаушысы [1, s.33].

Жоғарыдағы тұжырымдамалардың нәтижесінде Жүсіп Ақшораның нақты бұл еңбегі қаншалықты, бір ғана мемлекет емес, бірнеше мемлекеттер үшін маңызды екендігін көреміз. Ал, бұл еңбек пен көзқарастарды зерттеу, саралау, және әділ баға беру өзекті болып табылады. Бұл процестің Отандық тарихнамада жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі де тақырыптың өзектілігін арттырады.

Зерттеудің басты мақсаты , Жүсіп Ақшораның «Саясаттың үш түрі» еңбегіндегі түркішілдік көзқарастары мен автордың тікелей түркішілдік саясатына қатысты тұжырымдамаларын жан-жақты талдай отырып, оның ұлттарға және заман тарихына әсерін анықтау.

Осы мақсаттарға сүйене отырып, келесі зерттеу міндеттері орындалды:

– Саясаттың үш түрі еңбегі жан-жақты талдау жасау арқылы зерттелді;

– Еңбекке қатысты ғалымдар мен зерттеушілердің теориялары мен көзқарастарының жұмысын талдау, және бұл процесске қатысты баға беру ерекшеліктері анықталды;

– Түркішілдік көзқарастардың Отандық тарихымызға әсері анықталды;

– Еңбектің Отандық тарихымызда зерттелмегені және зерттелген түсініктер мен деректерді тарих және әлеуметтік салаларға қолдануға ұсынылды;

Зерттеу барысында, С.Хантингтон [2], А.Миллер мен М.Липманның [3] өркениеттер қақтығысы мен ХХІ ғасырдағы тарихи жағдайлардың ішіндегі ең маңыздысы ұлттар арасындағы бірлік пен тіл, өркениет белгілерін басты назарда қойылған зерттеулер, сонымен қатар неміс тарихшысы, әрі саясаткері А.Ассманның [4] еңбегі пайдаланылды. А.Ассманның басты теориясы, әлемнің жаһандануына байланысты, әлем елдерінің ұлттық бірлігі мен ұлттардың дамуына тікелей әсер ететін шаралар, мемлекеттер тарапынан жаңа тактикалар, жаңа институттардың жасалуына итермелейді. Алайда, ескі тарихи салттар мен ұлттардың мәдениетінсіз бұлардың жүзеге асуы қиын екендігін жоғары көрсетеді.

Ш.Актюрктің [5] Түркия Республикасының тарихи саясатты белсенді жүргізіп, оның ерекшеліктерін Орта Азия мен Ресей жерінің тарихи деректерінде әлі де толықтай зерттемегендігі туралы ой-тұжырымдар мен түрік ұлтының бірлік белсенділігінің ерекшеліктері жайлы сипаттайтын зерттеуі пайдаланылды.

И.Стародубцев [6], Р.Терехов [7] еңбектерінде Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар мен Түркия саясатына түркішілдік факторлар қалай әсер етіп жатқандығы жайлы сөз қозғалады.

Орыс зерттеушісі З.Бжезинский [8] «Ұлы шахмат тақтасы» жайлы еңбегінде, әлем елдері арасындағы, қарқынды дамып жатқан идеялар мен технологиялар, идеологиялар және жеке көзқарастардың арасындағы талас-тартыс пен ойындар тікелей ұлттар мен ұлыстарға әсер етеді дейді. Ұлттар бірлігі кезеңінде экономикалық әлеуеті жоғары елдердің әлемде біршама айтарлықтай салмақтың болуы, әділетсіздік пен бірліктің шайқалуына тікелей алып келуші фактор екендігі жайлы айтылады.

Әдістемелік бөлім

Зерттеу әдісі ретінде тарихи салыстырмалық, əлеуметтанымдық және теориялық әдістер қолданылған. Шетел және түркі зерттеушілердің еңбектерін, ғылыми тұжырымдамалары мен теорияларын талдау және саралау арқылы салыстырмалы, аналитикалық тәсілдерде қолданылды.

Түркішілдік бірлік пен көзқарастары тек отандық тарихымыз ғана емес, барша түркі дүниесінің ажырамас бөлігі болып табылатын ұлт тарихына маңызды. Бұл тұжырымдар мен көзқарастарды, ғалымдардың, тарихшылардың еңбектерін зерттеу арқылы, жаңа бір ой-ұстанымдар, теориялар қалыптастыру негізінде, тақырыпты одан әрі тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Соның бірі, әрі маңыздысы Жүсіп Ақшора мен оның еңбектеріндегі түркішілдік көзқарастары. Баспа материалдары мен баспасөз құжаттарының зерттеу мәселесіне қатысты тақырыптарға берген бағалары көрсетілді.

Еуропа елдері мен алпауыт империялардың даму үрдістері, сондай-ақ ұлтаралық қақтығыстар және саяси қайшылықтар белгілері көрсетілді. Елдер өз тұтастығын сақтап қалу барысында қолданылған саяси шаралары мен бағыттары зерттелді. Бірнеше елдер тәжірибелері салыстырылды.

Немістер өз кезегінде — пангерманизм, орыстар — панславизм секілді идеяларын белсенді жүзеге асырды. Жүсіп Ақшора дәріптеген түркішілдік саясатының тұжырымдамаларына, Осман мемлекетінде екі әсер қалыптасып, бір жағы бұл идеяларды қолдау арқылы елде барынша таратуды жүргізсе, екінші жағы қарсы тұрып, Жүсіп Ақшора ойларын ғылымда, халық арасында даттайды. Бүгінгі күнімізде ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік пен тұтастық тек бір елдер ғана емес, бірнеше континенттер арасындағы жүргізіліп жатқан маңызды шаралар.

Нәтижелер мен талқылаулар

Жүсіп Ақшора — танымал татар саяси-қоғам қайраткері. 1876 жылы Ресейдің, Симбирск губерниясында ауқатты татар өндірушінің отбасында дүниеге келді. Жүсіп Ақшора туылғаннан кейін, көп ұзамай әкесі қайтыс болады. 1883 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, анасы Жүсіп Ақшорамен бірге Ыстамбұл қаласына көшіп келеді. 1883–1892 жж. Жүсіп Ақшора Ыстамбул қаласының орта мектебінде білім алады да, 1892–1896 жж. «Харбие мектеби» атты әскери училищеде өз білімін жалғастырады. 1897 жылы әскери штаб училищесінде оқып жүрген кезде жасттүріктердің революциялық қозғалыстарына қатысты деген айыппен Триполиге (Ливия) жер аударылып, 1899 жылы ол жерден Париж қаласына қашуға мәжбүр болады.

Жүсіп Ақшораның келешектегі көзқарастары мен зерттеу жолындағы түсініктерінің қалыптасуына Францияның Париж қаласындағы, Сорбонна университетінде алған білімі үлкен серпіліс береді. Жүсіп Ақшора оқыған Франциядағы еркін саяси ғылымдар мектебі, 1870 жылғы Францияның Германия арасындағы соғыс жеңілісінен кейін ашылды. Бұл мектептің басты мақсаты, болашақта Германияға өздерінің кегін қайтара алатындай, өз маманының шеберлері болатындай, саяси ғылымның нақ үздіктерін дайындау. Сол себепті де, бұл оқу орнының атмосферасы ұлттық рух пен патриоттық сезімдермен ерекшеленді. Оқу орнында Жүсіп Ақшора білімін алу кезінде, оқытушы профессор Сорельдің де курстарын алған болатын. Профессор Сорель осы идеалогиялар мен түсініктерді таратушы белсенділерінің бірі болды. Тарих курстарының лекцияларында ұлттық проблемаларды игеру мен герман-француз қарым-қатынастарының тарихына өте маңызды назар қойылатын.

Жүсіп Ақшора бұл уақытта терең қызығушылықпен Австро-Венгрияның құрамындағы саны жағынан кішкентай ұлттар мен олардың тарих мен проблемаларын зерттеді. Көп ұлтты Осман империясы мен Австро-Венгрия арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды салыстыру арқылы, осы кезеңдегі чех және хорват ұлтшылдары өздерінің талаптарын Вена қаласындағы өкілеттілікке орындату үшін қандай әдістер пайдаланған толықтай саралап зерттеді [9, s. 34].

Францияда ол кезеңде империализм, социализм, коммунизм және анархизм секілді ұғымдарды түсіну және талқылау өте қарқынды, әрі белсенді жүргізіліп жатқан. Ұлттық идея да, даму тұрғысынан жаңа бір сатыға көтерілген кезең. Европада бұл оқиғалармен қатар, кішкентай мемлекеттердің бірінің артынан соң егемендіктерін алып жатқандықтан, ұлттық идеясы бір үлкен мемлекетті құру және мемлекеттің негізі ретінде этникалық тұрғыдан туыстас ұлттар мен халықтарды қосу арқылы бір орталыққа бағынған алып мемлекет құру идеяларына дейін де ұласып жатты. Осындай көзқарастың жақтаушысы, француз философы және дипломаты, расизм идеологиясының негізінің қалаушыларының бірі Гобино Жозеф (1816–1882) ұлттық идеялардың ортақтығы туралы және этникалық байланысы бар халықтардың топтасуы туралы пікірлерді алға тартты. Немістер өз кезегінде пангерманизм, орыстар — панславизм идеяларын жақтаған болатын [10, s. 4].

Осы кезеңде Осман мемлекеті, «панславизм», «пангерманизм» идеялары белсенділік танытып жатқан кезде, өзінің тұтастығын сақтап қалу үшін не жасау қажет еді?

Жас түріктер мемлекеттің тұтастығын арттыру мақсатында «бірлік және прогресс» принципін ұсынды. Өздерінің ұстанған принциптерімен аттас партия құрған болатын. Жүсіп Ақшора өз кезегінде, түріктерге күш бере алатын саяси жүйе іздеді. Бұл күш арқылы Еуропаның кез келген гегемониясына қарсы тұра алатындай, әсерлі болуын қалады. Осман мемлекетінің тұтастығын сақтауда басты элемент ретінде «халықтар бірлігі» емес, оның күші маңыздырақ деп, жас түріктердің «бірлік және прогресс» идеясына, өзінің концепциясындағы «күш және прогресс» формуласын ұсынды.

Жүсіп Ақшораның бұл мәселеге реалистік көзқараста қарауы және өзінің идеясындағы халықтардың бауырлық ұғымы, гуманизм мен мұсылмандық нормаларға негізделуі, тікелей жас түріктер тарапынан қарсылық тапты [9, s. 32].

Жүсіп Ақшораның рационалистік және логикалық тұрғыдағы ойлары туралы, Франсуа Жоржона: «Жүсіп Ақшораның, француз мәдениетін үйренгеннен кейін, ағылшындық ойшылдардың ықпалында жүргендігін байқау қиын емес. Бастапқыда ағылшын буржуазиялық идеалогия белсенділері, Адам Смит пен Стюарт Миль либералдары, Чарльз Дарвин мен Спенсер секілді радикал ойшылдарының зерттеулері мен көзқарастарын жақтаушыларың бірі болды» — деп, жазады [9, s. 33].

Париж қаласынан, Жүсіп Ақшора Ресейге оралғаннан кейін «Саясаттың үш түрі еңбегін жазуға кірісті. «Саясаттың үш түрі» еңбегінің жұмысы 1904 жылдың наурыз айында Ресейдің Симбирск губерниясына қарасты Зюябашы ауылында жасалған болатын. Ал, сол жылдың сәуір, мамыр айларында ол 3 — бөліммен, «Тюрок» атты каир баспасында 24-ші (14 сәуір), 26-шы (28 сәуір), және 27-ші (5 мамыр) баспа нөмірлерінде жарияланды. Бұл баспа 1903 жылдан бері түрік интелегенциясының либералдық көзқарастарын топтастырған, журналист Али Кемаль (1867–1922) бастауымен жүргізілді.

Осыдан кейін, мамыр және маусым айының баспа нөмерлерінде Али Кемальдің «Біздің жауап» атты мақаласы жарық көреді. Мақалада, Али Кемаль, Жүсіп Ақшораның ойлары утопиялық көзқараста екендігі, соның негізінде мәселеге дұрыс емес тұрғыда қарауын айыптап, шынайлықты жоғалтып алды деген пікір қалдырады. Али Кемальдің жарияланған мақаласымен тұспа-тұс, Жүсіп Ақшораның досы Ахмед Фаридтің «Бір хат» тақырыбындағы мақаласы жарияланады. «Бір хат» мақаласында, Ахмед Фарид Ақшораның идеялары мен мәселеге қарасты көзқарастарын жақтап, досының пікірлері басқаларына ұқсамайтындығы және бұл идеяларға барынша қолдау көрсету ниетін алға тартты.

Баспа жариялымдарынан кейін, Жүсіп Ақшора еңбегі бастапқады тек жас түріктер арасында ғана белгілі болса, кейіннен Каир қаласындағы 1907 жылы брошюра түрінде жарияланған еңбек үлкен резонансқа ұшырап, барлық жерде Жүсіп Ақшораның ойлары мен көзқарастары жайлы сөйлене бастады. 1907 жылы Ресейдегі мұсылмандар арасында даөзінің танымалдылығын ала бастады. Бір қызығы, «Шура» журналында өзінің сұхбатын берген татар тілшісі, «Саясаттың үш түрі» еңбегі қамтыған зерттеулер, осы тақырыптың аясында зерттелген басқа да кітаптар мен еңбектердің, жалпы алғанда 80-нен астамы секілді бағаланды деп баяндады [11].

Кейінірек бұл жұмыс бір рет Ыстамбул қаласында (1912 ж), екі рет Анкара қаласында (1976, 1987 ж) жарияланды.

Р. Ф. Мухамметдинова еңбекті орыс тіліне, А. Р. Рахимова татар тіліне аударып, Қазан қаласындағы «Татарстан» журналында 1994 жылдың маусым-наурыз айларында 3–6 баспа нөмірлерінде жарияланды.

Еңбек үш бөлімнен тұрады. Қысқаша кіріспесі келесідей басталады: «Мен Жүсіп Ақшора, осман провинцияларының, батыстық даму үрдісі әсер еткеннен кейін, мықты, әрі күшті прогрессивті мемлекет құрудағы үш бағыттағы саяси жолдарды ұсындым. 1-ші — осман мемлекетінің құрамындағы барлық ұлттарды ассимиляция жүргізу арқылы, яғни біріктіру арқылы, біртұтас осман ұлтын құру; 2-ші — Осман мемлекетінің ислам дініңдегі халиф құқықтарына ие болуына байланысты, саяси тұрғыда барлық мұсылмандарды біріктіру (еуропалықтар оны «панисламизм» деп атайды); 3-ші бағыт — түркі халықтарының этникалық ерекшеліктеріне байланысты, ортақ түркі халықтарының байланысын орнату» [10, s. 19].

Бұл еңбектің келесідей тезистік тұжырымдамаларынан кейін автор 1-ші бөлімінде, әр бағытқа жеке-жеке ауқымды тоқталады. Түркішілдік бағыты жайлы: «Саяси біріккен түркі ұлтын этникалық ерекшелігіне байланысты құрудағы көзқарас жаңа болып табылады. Мен, бұл көзқарастардың осыдан бұрын болғандығы және талқыға салынды деп ойламаймын. Әрине, Ыстамбұлдағы құрылған ұйымның ұқсас көзқарастары бар, алайда олар саяси емес, ғылыми мақсаттағы ұйым болғандықтан, бұл идеялардан ерекшеленеді. Түркі өлең шығармаларының құрметті авторлары, Шамсетдин Сами, Наджип Асым (Мехмед Эмин), Велед Челебижәне Хасан Тахсин, бұл ұйымның белсенді мүшелері. Ал, «Икдам» газеті, баспа орталығы болып, осы идеялардың таралуына жол жүргізді. Мен, Ресейдегі өмір сүріп жатқан көптеген түркі халықтарының бірігу идеясы бұлыңғыр болғандығын есептеймін. Жақында құрылған «Еділ әдебиеті» мұсылмандық емес, түркішілдік болып табылады. Егер де, қысымдар көрсетілмеген жағдайда, бұл идеялар, Осман империясындағы пікірлерге қарағанда, тез, әрі жаһанды дамитын еді. Нақтырақ көрсетсе: Түркістан, Орал және Волга өзендері бойында, яғни түркілердің көп шоғырланған аймақтарында. Бұл идеялар Кавказ түркілерінде бар секілді. Кавказ әсерінің Әзірбайжанға толықтай тереңірек әсер беретінің біле тұра, бір жағынан Солтүстік Ирандағы түркілердің бұл идеяларға қолдаушы болатының білмеймін.

Не болсада, түркі халықтарының саяси бірлік идеясы жаңа, әрі таралу жағынан әзірше әлсіз» — деп, жазады Жүсіп Ақшора [10, s. 23–24].

Еңбектің екінші бөлімінде автор, бұл сяаси үш бағыттың қайсысы халыққа тиімді, әрі қоғамдағы қандай өзгерістерге алып келетінің ашуға тырысады.

Бұл жерде автор келесідей тұжырым көрсетеді: «Бұл сұраққа, тек біздің жеке жаңашырлықтарымыз ғана жауап бере алады. Басқа сөзбен айтсақ, біздің ой өрісінің елегінен әлі де өтпеген сезімдеріміз. Мен, осман және мұсылман болып табылатын түркімін. Осыдан шыға отырып, мен Осман мемлекетінің мүдделеріне және мұсылманшылдық пен барша түркі халықтарының мүдделеріне қызмет еткім келеді. Алайда, бұл үш бағыттың да, саяси, діни және этникалық принциптерге мүддесі бар ма? Басқа сөзбен айтсақ, бұл бағыттардың бір-бірін күшейте алатын ерекшеліктері бола ма?» [10, s. 26].

Осы сұрақтардың жауабын беру үшін, Жүсіп Ақшора үш бағыттың мүдделерін салыстыру арқылы, келесідей шешімге келеді: «Сондықтан үш бағытқа өзін жатқызатын әрбір адам, Осман мемлекетінің мүдделері үшін қызмет жасау қажет. Алайда, талқыланып жатқан үш бағыттың қайсысын Осман мемлекеті өзінің күшін арттыру үшін пайдалану қажет? Аталған бағыттың қай түрі Осман мемлекеті және оның бөлгелері үшін қолайлы деген сұрақтар туындайды» [10, s. 27].

Үшінші, қорытынды бөлімінде, автор саяси 3 бағыттың артықшылықтары мен кемшіліктерін тереңірек зерттеу барысында, жоғарыдағы сұрақтарға жауап беруге тырысты. Мүмкін болатын тәжірибелер мен әрекеттердің осман ұлтының күшеюіне және саясатты асыру барысында пайда болатын кедергілер мен ішкі тартыстарды шешу мақсатында, Жүсіп Ақшора: «Осман біртұтас ұлтын құру, тиімсіз және пайдасыз әрекет»- деп, қорытындыға келеді [10, s. 31].

Мұсылмандық бірлік саясатына тоқталатын болсақ, автор бұл идеялардың жүзеге асырылуы Осман мемлекетіндегі ішкі қиыншылықтар мен тартыстарды шешуде іске асатының және бұл саясатты жүзеге асыру қиын процесстердің бірі екендігін айтады. Жүсіп Ақшора, Осман мемлекеті бұл саясатты іске асырған кезде, христиан мемлекеттері барынша қарсылық көрсететінің және бұл «мұсылмандық бірлік» саясатының өмірде жүзеге асуы қиындыққа соғатындығын айтты [10, s. 33].

«Түркішілдік бірлік» саясатына келген кезде, автор бұл идеялар мен мақсаттардың пайдасы мен оның жүзеге асырылуын қарастырды. Бірақ, түркі бірлігінің ең үлкен пайдасы, территориялық басым аумақтағы Азия және Шығыс Еуропа жеріндегі ортақ тіл, дін, дәстүр мен шығу тегі бір болып табылатын түркі халықтарын қосу болып табылады. Осы арқылы, бұл саясат, саяси тұрғыдан біртұтас алып ұлттың бірігуі мен ұлы ұлттардың құрамында өздерін сақтап қалудағы басты мақсаттардың бірі екендігін басымдылықпен көрсету. Түркі қоғамындағы, өркениеті дамыған, экономикалық тұрғыдан алпауыт күші бар Осман мемлекеті бұл идеяларды іске асыруда маңызды рөл ойнайтындығы күмәнсіз. Жақын болашақта ақ пен сары нәсілдер арасындағы байланыстың пайда болуы барысында түркі қоғамының құрылуы мен сол әлем қоғамындағы басты күшті қазіргі ақ пен сары нәсілдерің байланысындағы алпауыт Жапония секілді, Осман империясы бастауында болады деп болжайды [10, s. 33–34].

Жүсіп Ақшора, сонымен қатар, қиыншылықтар мен кедергілердің ішіндегі түркі бірлігіне әсер ететін фактор — сыртқы саясат деп атайды. Оның ойынша, сыртқы әсер етуші факторлардың мұсылмандық саясаттан гөрі аз болатының атап кетеді. Себебі, христиан мемлекетінің тек біреуінде ғана, нақтырақ айтсақ Ресейде мұсылман түркілерінің шоғырлануы, осының негізінен тек бұл мемлекет ғана өзінің мүдделерін қорғау және түркі халықтарына еркіндік бермеу жағдайларын ойлап, қарсы шығады. Басқа христиан мемлекеттерін айтсақ, олар керісінше «түркішілдік бірлік» идеясын қолдауы мүмкін, себебі бұл тікелей Ресейге өз зардаптарын тигізеді [10, s. 35].

Келесіде, Жүсіп Ақшора төмендегідей тұжырымдар жасайды: «Барлық халықтар үшін тұтас Осман ұлтын құру, Осман мемлекетіне пайдасын тигізетіне күмәнсіз, алайда нақ осы саясатты толықтай жасау, мүмкін емес. Мұсылмандар немесе түркілердің бірігуін жүзеге асыра алатын саяси доктриналар мен заңнамалар халықтар үшін тиімді, алайда тікелей мемлекетке зиянын бірдей тигізеді. Бұл доктриналарды тәжірибе жүзінде қарастыратын болсақ, қиыншылақтар мен артықшылықтар екі жақтан да бірдей болып табылады. Нақтырақ айтсақ бұрыннан жауабын таба алмай келе жатқан сұрақтар, мұсылманшылдық пен түркішілдіктің қайсысы Осман мемлекетіне пайдалырақ болатыны?» [10, s. 35–36].

Жүсіп Ақшораның екі бағыттың (мұсылманшылдық және түркішілдік) қайсы біреуіне көңілі бұратының айтпаса да, оның жаңашырлығы толықтай түркішілдік жағында болғандығын есептейміз. Ол түркішілдік саясатында белгілі бір преспективалар көрген болатын. Ал, мұсылманшылдық өз кезегінде түркішілдіктің құрылуы мен оның күшеюіне серпін беретін факторлардың бірі болып табылады деп есептеді. Бұл ойымызды дәлелдейтін, Жүсіп Ақшораның сөздерін көрсетіп кетсек: «Ислам діні және мұсылманшылдық, ұлы түркі ұлтын құрудағы ең маңызды элемент болады... Ислам бұл функцияларды жүзеге асыру үшін, басқа сөзбен айтсам процесстерге тікелей әсер етуші, яғни ұлтты қалыптастыру барысындағы маңызды көмек ретінде, серпін беруі тиіс. Алайда, бұл бейнені өзгерту қажет емес, басты тенденция — бұл даму тенденциясы. Діндер өзінің күшін және мағынасын уақыт өте келе жоғалта бастайды. Діндер өзінің рөлін қоғам өмірінен адамның жеке өміріне ұласу кезінде уақыт өте келе өзгере бастайды. Осының нәтижесінде өзінің саяси және қоғамдық мағынасын діндер этностармен бірігу арқылы, яғни оларға қызмет ету арқылы сақтайды. (Ресейде — православие, Германияда — протестантизм, Англияда — ағылшындық шіркеу, басқа елдерде — католицизм)» [10, s. 34–35].

Осман мемлекетінің келесі тарихы Түркия ұлттық Республикасының құрылуы және де түркі халықтары шоғырланған Орта Азия елдерінің өзінің дербес ұлттық мемлекеттерін құруы, Жүсіп Ақшораның ойларының дұрыстығын растайды.

Қорытынды

«Саясаттың үш түрі» атты еңбек, тұңғыш түркішілдік мәселесін қамтыған теориялық жұмыс болып табылады. Бұл еңбекте алғаш рет түркішілдік пікірлер мен идеяларды саясатта жүйелі анализ жасау арқылы қолданысқа енгізу әрекеттері жасалды. Жүсіп Ақшора өзі атап өткендей, бұл еңбек оның ең маңызды және жүйелі жұмыстарының бірі. Еңбек өз кезегінде көлемі жағынан емес, оның болашақта даму преспективалары мен жүйелігінің құрылымы мықты еңбектерінің бірі.

Біздің ойымызша, Жүсіп Ақшора еңбегіндегі басты идея, күшті әрі мықты жүйесі бар мемлекеттің негізі белгілі бір территориядағы азаматтарды қоныстандыру арқылы жасалған «азаматтық» принцип емес және азаматтардың шоғырлануын діни идеологиясы тұрғысынан ұстап тұру мақсатында жасалған «мұсылманшылдық» принцип те емес, ал ұлттық принцип болуы қажет.

Бұл принцип бойынша Түркия Республикасы да құрылды. Түріктер өз кезегінде бір жағынан Осман мемлекетінің көпшілік территорияларынан айырылғанмен, екінші жағынан біртұтас ұлт идеясы мен мемлекеттегі ұлттық бірлікке ие болды.

Заманауи оқырманға тарихи деректерден басқа, бұл жұмыс империяның құлауы және оның себептерін өз тұрғыдан ойлануға, ұлттық мемлекеттер идеологиясы пайда болған кезде қандай кедергілер мен қиыншылықтардың орын алатының ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, көпшілік Осман империясы және Кеңес үкіметінің құлау кезіндегі саяси-әлеуметтік ұқсас жақтары мен процесстердің даму ерекшеліктерін де байқауға мүмкіндік алады. Қазіргі таңдағы Ресей жеріндегі ұлтаралық қақтығыстар мен саяси процесстер жағдайына, Осман империясының құлау кезінде орын алған оқиғаларын тәжірибе ретінде ұғыну арқылы, аналогиялық призма түсініктерін қалыптастырады. Бұл түсініктер мен деректерді жалпы тарих және әлеуметтік-қоғам саласында қосымша көмекші құрал ретінде қолданыла алады.

Әдебиет:

  1. Temir Ahmet. Yusuf Akçura.– Ankara.:Kültür ve turizm bakanlığı yayınları, 1987.
  2. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. М.: Издательство АСТ, 2017. — 640с.
  3. Историческая политика XXI века / науч. ред. А. Миллер, М. Липман. М.: Новое литературное обозрение, 2012. 648 с.
  4. Assmann A. Das neueUnbehagenan der Erinnerungskultur. Eine Intervention. München: C. H. Beck 2013. 231 s.
  5. Актюрк Ш. Историческая политика в Турции: ревизионистская историография бросает вызов официальной версии войны Турции за независимость // Историческая политика XXI века / науч. ред. А. Миллер, М. Липман. М.: Новое литературное обозрение, 2012. С. 506–542.
  6. Стародубцев И. И. Россия — Турции: 500 лет беспокойного соседства. — М.: Издательство «Э», 2017.– 416 с.
  7. Терехов Р. С. Тюркский фактор во внешней политике Турции: современные тенденции. Издательский дом Медина — URL: http://www.idmedina.ru/books/materials/turkology/1/turk_terehov.htm#_ftn9 (дата обращения: 06.04.2019).
  8. Бжезинский З. Великая шахматная доска. Господство Америки и его геостратегические императивы. М.: Издательство АСТ, 2018. — 384 с.
  9. Georgeon Fransois. Türk milliyetçiliğinin kökenleri. — Ankara.: Yurt yayınları, 1986.
  10. Akçuraoğlu Yusuf. Üç tarzı siyaset. –Ankara: Türk tarih kurumu yayınları, VII dizi. — Sa 73, 1976.
  11. Шура. — 1909. — № 11. –б. 347. Оренбург.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Осман, пена, оса, париж, URL, VII, Историческая политика XXI века, литературное обозрение, Тюркский мир.


Ключевые слова

принцип, Жүсіп Ақшора, Түркі дүниесі, түркі халықтары, түркішілдік, панславизм, пангерманизм, мұсылманшылдық, Осман мемлекеті, бірлік

Похожие статьи

Айтыстағы шешендік өнердің қызметі

Билер мен айтыскерлердің шешендік өнерінің ерекшеліктерін салыстырмалы талдауға арналған мақала қазіргі кезде де өзекті болып отыр, өйткені ертерек олардың шешендік өнері бөлек зерттелген. Автор билер өнерінің кейбір қырларының өзіндік ерекшелігін сө...

Абайдың қара сөздерін ағылшын тіліне аудару кезіндегі лексикалық мағынасының сақталуы

Бұл мақалада Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» ағылшын тіліне аудару барысында өзгеріске ұшыраған сөздер мен сөз тіркестерін түпнұсқасымен салыстыра отырып, лексикалық түрлендірулердің іс жүзінде қолданылуы көрсетілген. Абай Құнанбаевтың философияға ...

Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары

Мақала «Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары» тақырыбын зерттеуге арналады. Мақала Қазақстан Республикасының жалпы туризм жағдайын және Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризмнің қазір...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы

Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі ны...

Салауатты өмір-салтын ұстанатын ҚазҰМУ студенттерінің ОДҚ салыстырмалы түрде бағалау

Зерттеу мақсаты: Жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайының студенттің физикалық жұмыс қабілеттілігі мен жаттығуының деңгейіне тәуелділігін анықтау. Зерттеу материалы мен әдістері. Зерттеу нысаны: Зерттеуге 50 студент қатысты. Олардан екі топ...

Абайдың «Қара сөздеріндегі» сопылықтың моральдық негіздері

Биыл Абай атамыздың туылғанына 176 жыл болмақ. Ұлы дана Абай атамыздың мерей тойына байланысты елімізде көптеген іс-шаралар, халықаралық және Республикалық конференциялар жоспарланған болатын. Дегенмен әлемдегі жұртшылықтың иманнан безіп, Тәңірін ұмы...

Қызанақтың гидропоника жағдайында өсіру технологиясының қарқындылығына байланысты өнімділігі

Бұл мақалада 2021–2022 жж. зерттеу нәтижелері келтірілген. Қорғалған топырақта көкөніс өсіру — ауыл шаруашылығының ең капиталды және ғылымды қажет ететін саласы, соңғы 10–15 жылда айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.Қызанақ-әлемдегі ең көп таралған қорғ...

Тіл меңгерушілер арасында әлеуметтік лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыру

Аталған мақалада кез-келген шет тілін үйрену,меңгеру,жетік білу мақсатында қалыптастыра алатын әлеуметтік және лингвистикалық деп аталатын екі түрлі құзіреттіліктерді қалыптастыру жолын үйренеміз.Жалпылама түрғыдан адамзаттың сөйлеу тілі дегеніміз- л...

Қазақстандағы мамандық атауларының құрылымындағы англицизмдер

Жаһандану үдерісіне байланысты ағылшын кірме сөздері қоғамда қалыпты жағдайға айналды. Кез келген тіл өзге тілдермен әрекеттесу арқылы дамиды және халықтың сұранысына орай өзгеріп отырады. Оның себебі әлемдік экономиканың, медицинаның дамуы, халықар...

Қазіргі кездегі болашақ мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері

Бұл мақалада қарастырып отырғанымыз, болашақ ұрпақтың жеке қабілетіне қарай дамуы мен қабілетін, дарындылықты арттыруда мұғалімнің маңыздылығына тоқталамыз. XXI ғасырдағы алдыңғы қатардағы дамыған ел — білімді, белсенді, шығармашыл азаматтар. Яғни, б...

Похожие статьи

Айтыстағы шешендік өнердің қызметі

Билер мен айтыскерлердің шешендік өнерінің ерекшеліктерін салыстырмалы талдауға арналған мақала қазіргі кезде де өзекті болып отыр, өйткені ертерек олардың шешендік өнері бөлек зерттелген. Автор билер өнерінің кейбір қырларының өзіндік ерекшелігін сө...

Абайдың қара сөздерін ағылшын тіліне аудару кезіндегі лексикалық мағынасының сақталуы

Бұл мақалада Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» ағылшын тіліне аудару барысында өзгеріске ұшыраған сөздер мен сөз тіркестерін түпнұсқасымен салыстыра отырып, лексикалық түрлендірулердің іс жүзінде қолданылуы көрсетілген. Абай Құнанбаевтың философияға ...

Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары

Мақала «Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары» тақырыбын зерттеуге арналады. Мақала Қазақстан Республикасының жалпы туризм жағдайын және Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризмнің қазір...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы

Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі ны...

Салауатты өмір-салтын ұстанатын ҚазҰМУ студенттерінің ОДҚ салыстырмалы түрде бағалау

Зерттеу мақсаты: Жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайының студенттің физикалық жұмыс қабілеттілігі мен жаттығуының деңгейіне тәуелділігін анықтау. Зерттеу материалы мен әдістері. Зерттеу нысаны: Зерттеуге 50 студент қатысты. Олардан екі топ...

Абайдың «Қара сөздеріндегі» сопылықтың моральдық негіздері

Биыл Абай атамыздың туылғанына 176 жыл болмақ. Ұлы дана Абай атамыздың мерей тойына байланысты елімізде көптеген іс-шаралар, халықаралық және Республикалық конференциялар жоспарланған болатын. Дегенмен әлемдегі жұртшылықтың иманнан безіп, Тәңірін ұмы...

Қызанақтың гидропоника жағдайында өсіру технологиясының қарқындылығына байланысты өнімділігі

Бұл мақалада 2021–2022 жж. зерттеу нәтижелері келтірілген. Қорғалған топырақта көкөніс өсіру — ауыл шаруашылығының ең капиталды және ғылымды қажет ететін саласы, соңғы 10–15 жылда айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.Қызанақ-әлемдегі ең көп таралған қорғ...

Тіл меңгерушілер арасында әлеуметтік лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыру

Аталған мақалада кез-келген шет тілін үйрену,меңгеру,жетік білу мақсатында қалыптастыра алатын әлеуметтік және лингвистикалық деп аталатын екі түрлі құзіреттіліктерді қалыптастыру жолын үйренеміз.Жалпылама түрғыдан адамзаттың сөйлеу тілі дегеніміз- л...

Қазақстандағы мамандық атауларының құрылымындағы англицизмдер

Жаһандану үдерісіне байланысты ағылшын кірме сөздері қоғамда қалыпты жағдайға айналды. Кез келген тіл өзге тілдермен әрекеттесу арқылы дамиды және халықтың сұранысына орай өзгеріп отырады. Оның себебі әлемдік экономиканың, медицинаның дамуы, халықар...

Қазіргі кездегі болашақ мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері

Бұл мақалада қарастырып отырғанымыз, болашақ ұрпақтың жеке қабілетіне қарай дамуы мен қабілетін, дарындылықты арттыруда мұғалімнің маңыздылығына тоқталамыз. XXI ғасырдағы алдыңғы қатардағы дамыған ел — білімді, белсенді, шығармашыл азаматтар. Яғни, б...

Задать вопрос