Ақмола облысында вегетация кезеңіндегі метеорологиялық параметрлердің астық өнімділігіне әсерін зерттеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №7 (349) февраль 2021 г.

Дата публикации: 15.02.2021

Статья просмотрена: 52 раза

Библиографическое описание:

Айдарбек, К. А. Ақмола облысында вегетация кезеңіндегі метеорологиялық параметрлердің астық өнімділігіне әсерін зерттеу / К. А. Айдарбек, А. К. Жексенбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 7 (349). — С. 225-232. — URL: https://moluch.ru/archive/349/78542/ (дата обращения: 20.04.2024).



Мақалада Солтүстік Қазақстандағы Ақмола облысы бойынша соңғы 30 жылдағы, яғни 1986–2017 жылдар арасындағы вегетация кезеніңдегі ауа температурасы және атмосфералық жауын-шашынның уақыттық жүрісіне талдау жүргізіліп, Г.Т Селянинов критерийі бойынша ауылшаруашылық дақылдарының ылғалмен қамтамасыздану жылдары анықталған және ГТК мәндері мен дәнді дақылдардың арасындағы байланыс қарастырылған, сонымен қатар вегетация кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері мен дәнді дақылдардың арасындағы байланысқа зерттеу жүргізілген.

Түйін сөздер: ауа температурасы, жауын-шашын, вегетация кезеңі, құрғақшылық, ГТК критерийі, корреляциялық байланыс, астық көлемі.

В статье рассматривается временной ход температуры воздуха и атмосферных осадков в вегетационный период в Акмолинской области Северного Казахстана за последние 30 лет, т. е. с 1986 по 2017 гг. По критериям Г. Т. Селянинова (ГТК) определены годы влагообеспеченности сельскохозяйственных культур и рассмотрена взаимосвязь между значениями ГТК и зерновых культур, также была изучена взаимосвязь между количеством осадков за вегетационный период и урожайностью.

Ключевые слова: температура воздуха, осадки, вегетационный период, засуха, критерии ГТК, корреляция, урожайность.

Кіріспе

Зaмaнaуи мeтeорологияның бacым бaғыттaрының бiрi — жeр климaтындaғы ғaлaмдық жәнe aймaқтық өзгeрicтeрдi зeрттeу. Климaттық рeжимнiң мaңызды көрceткiштeрi — жaуын-шaшын жәнe aуa тeмпeрaтурacы.

Қaзaқcтaн тeрриторияcындa жaуын-шaшынның бiркeлкi тaрaлмaуы жәнe тeмпeрaтурaның өзгeргiштiгi рecпубликa енiнiң үлкeн болуымeн жәнe физико-гeогрaфиялық бiртeкciздiгiмeн 6aйлaныcты болып тaбылaды [1].

Қaзaқcтaндa aуыл шaруaшылығының дaмуы aгроклимaттық рecурcтaрды мұқият қaрaуды тaлaп eтeдi. Aумaқтың aгроклимaттық рecурcтaрын бiлу, климaттық дaқылдaрдың тaлaптaрынa cәйкecтiгiн aнықтaуғa мүмкiндiк бeрeдi. Климaттың вeгeтaция кeзeңiндeгi мaңызды көрceткiштeрiнiң 6iрi — жылу рeжимi жәнe жaуын-шaшын мөлшeрi [2–4].

Солтүстік Қазақстан Рecпубликaның нeгiзгi eгiншiлiк aймaғы болa отырып, aзық-түлiк тәуeлciздiгi мeн қaуiпciздiгiн қaмтaмacыз eтeдi. Aзық-түлiк бaғдaрлaмacын icкe acыру мәceлeci aяcындa мaңызды мiндeттeрдiң бiрi болып, оcы өңiрдeгi aлдaғы уaқыттa, әciрece вeгeтaция кeзeңiндe, aуa тeмпeрaтурacы мeн жaуын-шaшынның өзгeру динaмикacының aуылшaруaшылық дaқылдaрының өнiмдiлiгiнe, aймaқтың экономикacының жaқcы дaмуынa қaлaй әceр eтeтiнiн 6aғaлaу мaңызды болып тaбылaды [5].

Зерттеу нысаны

Зeрттeу жұмыcындa aуa тeмпeрaтурacы мeн жaуын-шaшын бойыншa бacтaпқы мaтeриaл рeтiндe Қaзaқcтaнның Гидромeт қызмeтiнiң (Қaзгидромeт) 1986–2017 жылдaр aрaлығындaғы дeрeктeрi Aқмолa облыcындa орнaлacқaн 4 мeтeоcтaнция бойыншa: Eciл, Aққөл, Eрeймeнтaу жәнe Cтeпногорcк aлынды.

Зерттеу нәтижелері және оны талдау

Aуa тeмпeрaтурacы кeңicтiк жәнe уaқыт бойыншa өзeгeрiп отыратын мeтeорологиялық элeмeнттің 6ірі болып тaбылaды. Климатты сипаттаушы температураның орташа мәндерін, берілген географиялық ауданның шамамен алған «климатологиялық нормасы» ретінде қарастыруға болады. Себебі, орташа мәндер басым кездесетін мәндер болып табыла бермейді. Климаталогиялық өңдеудің бір сипаттамасы болып, ауа температурасының уақыттық жүрісі табылады.

Келесі суретте Есіл, Ерейментау, Аққөл, Степногорск станцияларының 1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі орташа ауа температурасының уақыттық жүрісі берілген (1-сурет).

1-сурет. 1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі орташа ауа температурасының уақыттық жүрісі

1-суретте көрсетілгендей, Ақмола облысының қарастырылған станцияларында 1986–2017 жылдар аралығында вегетация кезеңіндегі орташа ауа температурасы 12,0–17,7 ºС аралығында өзгеріп, берілген жылдар аралығында аздап өскенін байқаумызға болады.

Ақмола облысында вегетация кезеніңдегі жауын-шашын мөлшері және оның динамикалық таралуы ауылшаруашылық дақылдары астығының көлеміне әсер ететін негізгі көрсеткіш болып табылады

Келесі суретте Есіл, Ерейментау, Аққөл, Степногорск станцияларының 1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі жауын-шашынның уақыттық жүрісі берілген (2-сурет).

2-сурет. 1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі жауын-шашын мөлшерінің уақыттық жүрісі

2-суретте Есіл, Ерейментау, Аққөл, Степногорск станцияларында 1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері 13–73 мм аралығында байқалып, өзгеру тенденциясы бірқалыпты болған.

Алынған есептеулер бойынша вeгeтaция кeзeңiндeгi көпжылдық орташа айлық мәліметтер мен 1986–2017 жылдар аралығындағы орташа айлық ауа температурасының және жaуын-шaшын мөлшeрiнiң қаншалықты өзгергені анықталды (1-кесте).

1-кecтeдe көрceтiлгeндeй, aуa тeмпeрaтурacының ортaшa мәндeрi нормaдaн 0,4–0,6 °C-гe жоғaрылaғaн. Оcы eceптeулeргe cәйкec, cоңғы 30 жылдaн acтaм уaқыт iшiндe ортaшa aйлық тeмпeрaтурaның жоғaрылaғaндaғын көругe 6олaды. Aл aтмоcфeрaлық жaуын-шaшынның мөлшeрi оcы уaқыт aрaлығындa Eciл жәнe Eрeймeнтaу cтaнциялaрындa 5–10 мм жоғaрылaca, Aқкөл жәнe Cтeпногорск cтaнциялaрындa 3–8 мм кeмiгeнi aйқындaлды.

1-кecтe

1986–2017 жылдaр aрaлығындa вeгeтaция кeзeңiндeгi ортaшa aйлық aуa тeмпeрaтурacы (°C) мeн жaуын-шaшын мөлшeрiнiң (мм) климaттық нормaдaн aуытқуы

Станция

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Вегетация кезеңі

T

R

Т

R

Т

R

Т

R

Т

R

Т

R

Т

R

Есіл

0,9

1

0,8

3

0,6

0

-0,1

11

0,8

-1

0,2

-4

0,5

10

Ерейментау

1

2

0,6

3

0,1

4

-0,3

3

0,8

-6

0,3

-1

0,4

5

Аққөл

1,2

1,0

0,9

-1

0,6

-3

-0,1

12

0,8

-7

0,3

-5

0,6

-3

Степногорск

0,8

-4

0,6

1

0

4

-0,3

1

0,7

-6

0,3

-4

0,4

-8

Ауыл шаруашылық өндірісіне ықпал ететін жауын-шашын мен климаттық факторлардың әсерін бағалауда дақылдардың дамуының түрлі кезеңдерінде ылғалды қаншалықты талап ететініне назар аудару қажет. Бұл ауыл шаруашылығына қауіпті құбылыстың қауіптілік дәрежесін анықтауға, яғни қарастырылып отырған аймақтың климаты қаншалықты өндірістік талаптарға сәйкес келетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Табиғи факторлармен және адамның шаруашылық іс-әрекетімен анықталатын заманауи климаттық режимның өзгеруі түрлі өсу және топырақ қабатымен байланысты процестерге айтарлықтай өзгеріс әкелуі мүмкін. Байқалатын климаттық өзгерістер жиналатын астыққа және оның сипаттамаларына әсер етеді, мысал ретінде жыл аралық астық амплитудасын қарастыруға болады. Уақыт пен кеңістіктегі астық ауытқуы егін құрылымында өзгерушілік сипатымен анықталады [6].

Қазақстан Республикасы территориясының көп бөлігі құрғақ және жартылай құрғақ белдеулерде орналасқан, мұнда құрғақшылық ықтимал қауіпті табиғи процестердің бірі болып табылады. Олар ауылшаруашылығына үлкен зиян келтіріп, дақылдардың өнімділігінің күрт төмендеуін, ал кейде тіпті толық жойылып кетуін тудырады.

Г. Т. Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті (ГТК) − жылу мен ылғалды есепке алатын және өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілу көрсеткіші ретінде қолданылатын гидротермиялық режимнің интегралдық көрсеткіші болып табылады және мына формула бойынша есептеледі:

мұндағы,

Σr — вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын жиынтығы (мм);

Σt — сол кезеңдегі температура жиынтығы ( 0 С).

Г. Т. Селяниновтың зерттеулері бойынша формуладағы бөлшектің бөлімі жуықтау шамамен буланушылықты сипаттайды.

Ауылшаруашылық дақылдарының вегетациялық кезеңдегі Г. Т. Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті бойынша ылғалдандыру шарттары:

ГТК>2 кезінде аса ылғалды;

ГТК>1 кезінде орташа ылғалды;

ГТК<1 кезінде құрғақшылықты болады;

ГТК 1,0–0,8 кезінде — орташа құрғақ;

ГТК 0,8–0,6 кезінде — құрғақ;

ГТК 0,6–0,5 кезінде — орташа құрғақшылық;

ГТК 0,5–0,4 кезінде — қатты құрғақшылық;

ГТК <0,4 кезінде — өте қатты құрғақшылық.

Келесі кестеде Ақмола облысындағы Есіл, Атбасар, Астана Көкшетау станциялары бойынша 1986–2004 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі (орташа тәуліктік ауа температурасы 10 ºС жоғары болған кездегі) Г. Т. Селянинов критерийі мәндері көрсетілген (2-кесте).

2-кecтe

Ақмола облысы бойынша 1986–2004 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі Г.Т Селянинов критерийі мәндері

Жылдар

Есіл

Атбасар

Астана

Көкшетау

Ақмола о блыс ы бойынша

1986

0,5

0,6

0,6

0,7

0,6

1987

0,6

1,0

0,9

0,8

0,8

1988

0,6

0,7

0,6

0,4

0,6

1989

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6

1990

0,9

1,1

0,9

1,5

1,1

1991

0,4

0,5

0,3

0,5

0,4

1992

0,8

0,9

1,1

1,1

1,0

1993

1,4

1,3

1,0

1,3

1,2

1994

0,8

0,8

0,9

1,2

0,9

1995

0,5

0,8

0,8

0,5

0,7

1996

0,8

0,8

0,7

0,9

0,8

1997

0,4

0,4

0,4

0,3

0,4

1998

0,3

0,4

0,6

0,5

0,4

1999

0,8

1,1

0,8

1,0

0,9

2000

0,7

0,3

0,7

0,7

0,6

2001

0,8

0,9

0,8

0,9

0,8

2002

0,5

0,6

0,8

0,9

0,7

2003

1,0

0,9

0,8

0,6

0,8

2004

0,4

0,4

0,8

0,6

0,5

2-кестеде көрсетілгендей, Ақмола облысындағы Есіл, Атбасар, Астана Көкшетау станциялары бойынша 1986–2004 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі (орташа тәуліктік ауа температурасы 10 ºС жоғары болған кездегі) Г.Т Селянинов критерийі мәндері бойынша өте қатты құрғақшылық 1991, 1997, 1998 жылдары тіркелген, яғни ГТК<0,4 — өте қатты құрғақшылықты мәніне сәйкес келген. Орташа ылғалдылық 1990, 1992, 1993 жылдары байқалған. Облыс бойынша артық ылғалдану жылдары байқалмаған. Станция бойынша, өте қатты құрғақшылық Астана (1991), Көкшетау (1997) және Есіл станцияларында (1998) тіркелген.

Келесі кестеде Ақмола облысындағы Есіл, Атбасар, Астана Көкшетау, Ерейментау Аққөл Степногорск станциялары бойынша 2005–2019 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі (орташа тәуліктік ауа температурасы 10 ºС жоғары болған кездегі) Г.Т Селянинов крийтерийі мәндері көрсетілген (3-кесте).

3-кecтe

Ақмола облысы бойынша 2005–2019 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі Г.Т Селянинов критерийі мәндері

Жыл

Есіл

Атбасар

Астана

Көкшетау

Ерейментау

Аққөл

Степногрск

О блыс бойынша

2005

0,7

0,9

0,6

1,3

0,9

1,1

1,0

0,9

2006

0,7

0,7

0,6

1,1

0,9

1,0

0,9

0,8

2007

0,7

0,5

0,5

0,8

0,9

0,9

0,9

0,8

2008

0,5

0,6

0,8

0,6

0,8

0,8

0,8

0,7

2009

0,6

0,8

0,8

1,1

1,6

1,6

1,6

1,2

2010

0,3

0,2

0,4

0,4

0,4

0,5

0,4

0,3

2011

1,3

0,7

0,7

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

2012

0,4

0,5

0,4

0,8

0,7

0,6

0,7

0,6

2013

0,7

1,3

1,1

1,4

1,2

1,6

1,3

1,2

2014

0,5

0,7

0,6

1,0

0,8

0,9

0,8

0,8

2015

0,6

1,0

0,8

0,5

0,9

1,1

0,9

0,9

2016

1,0

0,7

0,8

1,1

1,6

1,1

1,6

1,1

2017

0,5

0,6

0,4

0,6

0,7

0,5

0,7

0,6

2018

0,8

1,1

1,0

1,3

1,5

1,3

1,0

1,1

2019

0,8

0,7

0,6

0,8

0,8

0,6

0,7

0,7

Ескерту — Станциялар бойынша мәліметтердің болмауына байланысты Г.Т Селянинов критерийі мәндері екі бөлек есептелді.

3-кестеде көрсетілгендей, Ақмола облысындағы Есіл, Атбасар, Астана Көкшетау, Ерейментау, Аққөл, Степногорск станциялары бойынша 2005–2019 жылдар аралығындағы вегетация кезеңіндегі (орташа тәуліктік ауа температурасы 10 ºС жоғары болған кездегі) Г. Т. Селянинов крийтерийі мәндері есептелді. Есептеуге сәйкес, өте қатты құрғақшылықты жыл 2010 жылы байқалып, ГТК=0,3-ке тең болған. ГТК=0,6–0,5 — орташа құрғақшылықты мәнге сәйкес жылдар: 2012 және 2017 жылдары байқалған. Облыс бойынша ГТК=0,8–0,6 — құрғақшылықты жылдар: 2006, 2007, 2008, 2014, 2019 жылдары байқалған. ГТК>1 кезінде орташа ылғалды жылдар: 2009, 2011, 2013, 2016, 2018 тіркелген. Артық ылғалды жылдар тіркелмеген. Атбасар станциясында өте қатты құрғақшылылық 2010 жылы (ГТК=0,2) байқалған. Ал ГТК-нің ең жоғарғы мәндері 2009 жылы Ерейментау, Аққөл, Степногорск станцияларында (ГТК=1,6), 2013 жылы Аққөл және 2016 жылы Ерейментау, Степногорск станцияларында есептеулерге сәйкес 1,6-ға тең болған, яғни ГТК>1 кезінде орташа ылғалды жылдар байқалған.

Солтүстік Қазақстанда вегетация кезеніңдегі жауын-шашын мөлшері мен ауа температурасы, және олардың динамикалық таралуы ауылшаруашылық дақылдары астығының көлеміне әсер ететін негізгі көрсеткіш болып табылады.

Ақмола облысы бойынша зерттелген жылдардағы, яғни 1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеніңдегі Г.Т Селянинов критерийі мәндері мен жиналған астық көлемінің байланысы қарастырылған (3-сурет).

3-сурет. Вегетация кезеңіндегі ГТК критерийі мәндері мен астық көлемінің байланысы (ц/га)

3-суретте көрсетілгендей, Ақмола облысы бойынша 1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеніңдегі жиналған астық көлемі қарастырылып отырған кезеңде 3,8–15,6 ц/га-ға дейінгі аралықта байқалған. Астық аз жиналған жылдары ГТК критерийі мәні төмен кезеңмен (1998 және 2010) және көп жиналған жылдары ГТК критерийі мәнінің ылғалды болған жылдарымен (1990, 1992 және 2011) сипатталатынын айта кету керек. 2008 жылы астық көлемінің (7,4 ц/га) 2007 жылмен салыстырғанда төмендегендігі байқалған (11,4 ц/га). Ал 2009 жылы астық көлемі 2008 жылмен салыстырғанда көбейген (10,9 ц/га). 2010 және 2012 жылдары вегетация кезеніңде жауын-шашынның аз жаууы себебінен кұрғақшылық орын алып, астық көлемі төмендеген (5,3 ц/га және 7,0 ц/га). 1990, 2011 және 2016 жылдары астық көлемінің мәні басқа жылдармен салыстырғанда жоғары деңгейге жеткен, яғни сол жылдары орташа есеппен астық көлемі 15,6 ц/га, 11,1 және 15,5 ц/га сәйкесінше құрады, ол — вегетация кезеніңде жауын-шашынның мол түсуімен және қолайлы ауа температурасының қалыптасуымен түсіндіріледі.

Ақмола облысы бойынша 1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеніңдегі жиналған астық көлемі мен ГТК мәндері арасындағы корреляциялық байланысты анықтау үшін, корреляция коэффициенті есептелді. Корреляция коэффициенті мәні r=0,76 тең болды, яғни вегетация кезеніңдегі жиналған астық көлемі мен ГТК мәндері арасында маңызды байланыс бар екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, 1986–2017 жылдар аралығындағы жиналған астық көлемі вегетациялық кезеңдегі жауын-шашынның мөлшерімен салыстырылды. Негізінен астық көп жылдар құрғақшылық жылмен, қыста қалыпты жағдайдан көп жауын-шашынның көп болуымен, көктемдегі топырақтың жоғары ылғалдылығымен және вегетация кезеніңде жоғары ылғалдылықтың қамтамасыз етілуімен сипатталады. Астық аз жылдар көп жағдайда жауынның қалыпты мөлшерден аз жаууымен және соған байланысты құрғақшылықпен сипатталады.

Солтүстік Қазақстандағы Ақмола облысы бойынша соңғы 30 жылдағы, яғни 1986–2017 жылдар арасындағы вегетация кезеніңдегі жауын-шашын мөлшері мен жиналған астық көлемінің байланысы қарастырылған (4-сурет).

4-сурет. Вегетация кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері (мм) мен дәнді дақылдардың жылдық көлемі (ц/га) арасындағы байланыс

4-суретте көрсетілгендей, қарастырылып отырған кезеңде (1986–2017 жылдар) жиналған астық көлемі 3,8–15,6 ц/га-ға дейінгі аралықта байқалған. Астық аз жиналған жылдары жауын-шашын мөлшері төмен кезеңмен (1998 және 2010) және көп жиналған жылдары жауын-шашынның мол түсуімен (1990, 1992 және 2011) сипатталатынын айта кету керек.

1998 жылы астық көлемінің (3,8 ц/га) мөлшері аз болған. Сәйкесінше, жауын-шашын мөлшері (25 мм) де аз болған. 2010 жылы астық көлемі 5,1 ц/га құрап, жауын-шашын мөлшері 18 мм-ге тең болған. Яғни жауын-шашынның аз түсуімен астық көлемі аз болған. 1990 жылы астық көлемі (15,6 ц/га) 1998 және 2010 жылдармен салыстырағанда көп, яғни вегетация кезеніңде жауын-шашын мөшерінің (37 мм) мол жаууы себебінен, астық көлемі өскен. 2011 жылы астық көлемінің мәні басқа жылдармен салыстырғанда жоғары деңгейге жеткен, яғни сол жылы орташа есеппен астық көлемі 15,5 ц/га құрады, ол — вегетация кезеніңде жауын-шашын мөлшерінің (47 мм) мол түсуімен түсіндіріледі.

1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеңінде жауын-шашын мөлшерінің жоғары болған жылдар қатарына 1992 (42 мм), 1993 (51 мм), 2011 (47 мм) және 2016 жылдарды (53 мм) жатқызуға болады, ал жауын-шашын мөлшерінің 1997 жылы (19 мм) және 2010 жылы (18 мм) аз жауғаны байқалған.

Ақмола облысы бойынша 1986–2017 жылдар аралығындағы вегетация кезеніңдегі жиналған астық көлемі мен жауын-шашын мөлшері мәндері арасындағы корреляциялық байланысты анықтау үшін корреляция коэффициенті есептелді. Корреляция коэффициенті мәні r=0,80-ге тең болды, яғни вегетация кезеніңдегі жиналған астық көлемі мен жауын-шашын мөлшері мәндері арасында маңызды тікелей байланыс бар екенін көрсетеді.

Алайда, жауын-шашын мөлшері көп болғанымен, астық көлемі аз болған жылдар да байқалған. Дәнді дақылдардың көлемі жауын-шашынның мөлшеріне және жауған мерзіміне бағыныштылығы ылғал тапшы аудандарда, әсіресе ылғал тапшылығына төзімді емес дақылдарда айқын көрінеді.

Ақмола облысында өсірілетен ерте пісетін дәнді дақылдар арасында жетекші орынды жаздық бидай алады. Жаздық бидайдың жоғары құндылығы және салыстырмалы төмен климаттық талаптары бұл дақылдың Қазақстан территориясында кеңінен таралған. Көп жағдайда маусым айында көрініс беретін өсімдіктердің «сабақтану-гүлдену» кезеңінде жаздық дәнді дақылдар құрғақшылыққа аса сезімтал болып келеді (5-сурет).

а)

б)

5-сурет. Ақмола облысы бойынша 2011 (а) және 2009 (б) жылдарда вегетация кезеңіндегі әр ай бойынша жауған жауын-шашын мөлшері

5-суреттен көріп тұрғанымыздай, 2011-ші жылдың вегетация кезеңінде жауын-шашын мөлшері көп жауған ай маусым айына сәйкес келеді. Маусым айында басқа айларға қарағанда жауын-шашын көп жауған, яғни 102 мм-ге тең. Сәйкесінше, 2011 жыл бойынша астық көлемі — 15,5 ц/га-ды құраған. Ал, ең аз жауын-шашын мөлшері сәуір, қыркүйек айларына сәйкес келеді, яғни, осы дәнді дақылдардың жақсы өсіп жетіліп, мол өнім беруіне вегетация кезеңінің барлық айы емес, осы маусым айында жауған жауын-шашын мөлшерінің көп болуы маңызды рөл атқарады.

Жауын-шашынның мөлшері «сабақтану — гүлдену» кезеңінде көп болуы жаздық дәнді дақылдардың мол өнім беруіне өте жақсы ықпал етеді. Себебі жаздық бидайдың суға және қолжетімді қоректерге деген жоғары қажеттілігі түптену кезеңінен бидайдың масақтану уақытына дейін, яғни «сабақтану» кезеңінде, жеміс беру мүшелері құрылғанда және гүлдену кезеңінен бидай дәнінің пайда болу уақытына дейінгі аралықта қажет болады. Осы маңызды кезең арлығында топырақтағы ылғалдың көп жағдайда тапшы болуы өнімнің төмен болуына, сонымен қоса оның бүлінуіне де әкеледі.

Жауын-шашын мөлшері көп жауған, бірақ астық көлемі мөлшері 2011 жылмен салыстырағанда аз болған жылдың талдауын көруімізге болады, яғни 2009 жылдың вегетация кезеңінде жауын-шашын мөлшері көп жауған айларға мамыр және шілде айлары сәйкес келеді. Ал маусым айында басқа айларға қарағанда, жауын-шашын өте аз (26 мм) жауған. Сәйкесінше, 2009 жыл бойынша астық көлемі — 10,9 ц/га-ды құраған. Яғни, жауған жауын-шашынның мөлшері көп болғанымен, дәнді дақылдардың өсіп жетілуіне қажетті айда (маусым) аз жауғандықтан, астық көлемі 2011 жылмен салыстырғанда төмен болған. Сабақтану фазасынан кейін топырақта ылғал жетіспеушілігі орныққан жағдайда, өнімді масақтардың төмен болуына әкеледі, яғни сол кезеңде болашақ өнім негізі қаланады. Ондай жағдайдан кейін жауған мол жауын өнімділікті айтарлықтай арттыра алмайды.

Қорытынды

Ақмола облысындағы Есіл, Ерейментау, Ақкөл және Степногорск станцияларында 1986–2017 жылдар аралығында вегетация кезеңіндегі метеорологиялық жағдайлардың (ауа температурасы және жауын-шашын) ауылшаруашылық дақылдарына әсерін бағалау барысында келесі қорытындылар шығарылды:

1) Соңғы 30 жылдaн acтaм уaқыт iшiндe вегетация кезеңіндегі ауa тeмпeрaтурacының ортaшa мәндeрi нормaдaн 0,4–0,6 °C-гe жоғaрылaғaн. Aл aтмоcфeрaлық жaуын-шaшынның мөлшeрi оcы уaқыт aрaлығындa Eciл жәнe Eрeймeнтaу cтaнциялaрындa 5–10 мм жоғaрылaca, Aқкөл жәнe Cтeпногорск cтaнциялaрындa 3–8 мм кeмiгeнi aйқындaлды;

2) Ақмола облысы бойынша 1986–2004 жылдар аралығындағы өте қатты құрғақшылық 1991, 1997, 1998 жылдары тіркелген, ал орташа ылғалдылық 1990, 1992, 1993 жылдары байқалған. 2005–2019 жылдар бойынша өте қатты құрғақшылықты жыл 2010 жылы байқалып, ГТК=0,3-ке тең болған; орташа құрғақшылықты жылдарға: 2012 және 2017 жылдар жатады; құрғақшылықты жылдар 2006, 2007, 2008, 2014, 2019 жылдары байқалған. 2009, 2011, 2013, 2016, 2018 жылдар орташа ылғалды жылдар қатарына тіркелген.

3) ГТК мәндері мен астық көлемі арасындығы байланыс бойынша қарастырылып отырған кезеңде (1986–2017 жылдар) жиналған астық көлемі 3,8–15,6 ц/га-ға дейінгі аралықта байқалған. Астық аз жиналған жылдары ГТК критерийі мәні төмен кезеңмен (1998 және 2010) және көп жиналған жылдары ГТК критерийі мәнінің ылғалды болған жылдарымен (1990,1992 және 2011) сипатталады. ГТК мәндері мен дәнді дақыл өнімділігі арасындағы корреляция коэффициенті мәні r=0,76 тең болды, ол екеуінің арасындағы маңызды байланыс бар екенін көрсетеді.

4) Жауын-шашын мен астық көлемі арасындағы байланыс бойынша қарастырылып отырған кезеңде (1986–2017 жж.) жиналған астық көлемі 3,8–15,6 ц/га-ға дейінгі аралықта жиналған. Астық аз жиналған жылдары жауын-шашын мөлшері төмен кезеңмен (1998 және 2010) және көп жиналған жылдары жауын-шашынның мол түсуімен (1990, 1992 және 2011) сипатталды. Жауын-шашын мен астық көлемі арасындағы корреляция коэффициенті мәні r=0,80-ге тең болды, яғни маңызды тікелей байланыс бар екенін көрсетеді.

5) Жауын-шашын мен астық көлемі арасындағы байланысты зерттей келе, астық көлемінің мол болуына жауын-шашын мөлшерінің көп болуымен қатар вегатация кезеңінің белгілі кезеңінде, яғни «сабақтану — гүлдену» кезеңінде жауған жауын-шашын мөлшері маңызды рөл атқаратындығы зерттелді.

Әдебиет:

  1. Колосков П. И. Агроклиматическое районирование Казахстана. — Москва: Издательство академии наук СССР, -1947. -267 с.
  2. Давитай Ф. Ф. Агроклиматические и водные ресурсы районов освоения целинных и залежных земель. — Ленинград: Гидрометеоиздат, -1955. -465 с.
  3. Грингоф И. Г., Пасечнюк А. Д. Агрометеорология и агрометеорологические наблюдения. — С-Пб.: Гидрометеоиздат, — 2005. -525 с.
  4. Полевой А. Н. Сельскохозяйственная метеорология. — С-Пб.:Гидро-метеоиздат, -1992. — 424 с.
  5. Мищенко З. А. Агроклиматология. К.: — КНТ, -2009. -512 с.
  6. Байшоланов С. С. Оценка теплообеспеченности вегетационного периода в северной зерносеющей территории казахстана, — Укр. Гидро-метеорология, 2016 ж., № 18, 97–103 с.
  7. Вилесов Е. Н. Изменение климата в условиях глобального потепления // Гидрометеорология и экология. — 2005. — 387 с.
  8. Осипов В. И. Природные катастрофы на рубеже 21 века //Вестник РАН — 2001. — С.291–302.
  9. Утешев А. С. Климат Казахстана. Очерки по физической географии Казахстана. //Труды КазССР. — Алматы, 1952. — 387 с.
  10. Клещенко А. Д. Современные проблемы мониторинга засух // Тр. ВНИИСХМ. — 2000. — Вып. 33. — С. 3–13.
  11. Байдал М. Х., Утешев А. С. О сопряженности явлений засух юга евро-пейской территории СССР и северной половины Казахской ССР // Тр. КазНИГМИ. — 1959. — Вып. 11.
  12. Скаков А. А., Туреханова М. А. Об изменчивости среднемесячной тем-пературы воздуха и месячного количества осадков в Казахстане в летний период // Тр. КазНИГМИ. — Вып. 56. — С. 35–40.
  13. Педь Д. А. О показателе засухи и избыточного увлажнения // Труды Гидрометцентра СССР. –1975. — Вып.156. — С. 19–38.
  14. Жексенбаева А. К. Геоэкологические аспекты режима осадков вегетационного периода Северного Казахстана. дисс. канд. географ. наук: 25.00.36 — «Геоэкология». — Бишкек: 2017. — 150 б.
Основные термины (генерируются автоматически): вегетация, ГТК, мена, вегетационный период, мол, Астана, атбасар, корреляция, мена ГТК, Северный Казахстан.


Ключевые слова

жауын-шашын, ауа температурасы, вегетация кезеңі, құрғақшылық, ГТК критерийі, корреляциялық байланыс, астық көлемі

Похожие статьи

Загрязняющие вещества в осадках и их влияние на почвы...

Территория Северного Казахстана простирается с юга на север от 51 до 55.5 с.ш. и с запада на восток от 61 до

В Павлодаре и Астане концентрации составляют 20,4 и 19,39 мг/л соответственно.

Динамика рН втечение вегетационного периода.

Внедрение эффективных технологий первичного...

вегетационный период. Келинтобинский массив.

Период вегетации у кукурузы (от момента прорастания до образования и созревания плодов) в нашем эксперименте продолжался

Вопросы развития сои в Казахстане и использование...

Солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және...

...өзгеруінің әсері қарастырылып, Г. Т. Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті (ГТК), яғни жылу мен ылғалды есепке алатын және өсімдіктің ылғалмен

Статья готовится к публикации. температура, жауын-шашын, вегетация кезеңі, ауа райы, гидротермиялық коэффициент, ГТК...

Вопросы развития сои в Казахстане и использование...

В статье обсуждаются проблемы расширения площадей возделывания сои в Казахстане за счет внедрения скороспелых сортов и

Библиографическое описание: Закиева, А. А. Вопросы развития сои в Казахстане и использование...

Многолетние колебания осадков на севере Казахстана в ХХ...

‒ Из рассматриваемых станции Северного Казахстана наибольшей повторяемостью

‒ И в холодный, и в теплый периоды на рассматриваемых станциях чаще наблюдаются

Информационно-аналитический сборник под ред. А.А. Смаилова, Астана, 2007 г. Казахстан на...

Рост, развитие и урожайность сахарного сорго в условиях...

Впоследствии в период вегетации ряды разрыхлялись 3–4 раза, 3 раза проведена культивация борозд.

Период вегетации — 100–160 дней. В начале всходы сахарного сорго произрастают очень медленно. В это время интенсивность роста зависит от температуры почвы и воздуха.

Сроки посева льна масличного при нулевой технологии...

За вегетационный период май-август количество атмосферных осадков составило 197,9 мм

В период вегетации количество атмосферных осадков составило 109,9 мм, что на 33 % меньше нормы.

Таким образом, период активного роста льна масличного сопровождалось обильным...

Похожие статьи

Загрязняющие вещества в осадках и их влияние на почвы...

Территория Северного Казахстана простирается с юга на север от 51 до 55.5 с.ш. и с запада на восток от 61 до

В Павлодаре и Астане концентрации составляют 20,4 и 19,39 мг/л соответственно.

Динамика рН втечение вегетационного периода.

Внедрение эффективных технологий первичного...

вегетационный период. Келинтобинский массив.

Период вегетации у кукурузы (от момента прорастания до образования и созревания плодов) в нашем эксперименте продолжался

Вопросы развития сои в Казахстане и использование...

Солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және...

...өзгеруінің әсері қарастырылып, Г. Т. Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті (ГТК), яғни жылу мен ылғалды есепке алатын және өсімдіктің ылғалмен

Статья готовится к публикации. температура, жауын-шашын, вегетация кезеңі, ауа райы, гидротермиялық коэффициент, ГТК...

Вопросы развития сои в Казахстане и использование...

В статье обсуждаются проблемы расширения площадей возделывания сои в Казахстане за счет внедрения скороспелых сортов и

Библиографическое описание: Закиева, А. А. Вопросы развития сои в Казахстане и использование...

Многолетние колебания осадков на севере Казахстана в ХХ...

‒ Из рассматриваемых станции Северного Казахстана наибольшей повторяемостью

‒ И в холодный, и в теплый периоды на рассматриваемых станциях чаще наблюдаются

Информационно-аналитический сборник под ред. А.А. Смаилова, Астана, 2007 г. Казахстан на...

Рост, развитие и урожайность сахарного сорго в условиях...

Впоследствии в период вегетации ряды разрыхлялись 3–4 раза, 3 раза проведена культивация борозд.

Период вегетации — 100–160 дней. В начале всходы сахарного сорго произрастают очень медленно. В это время интенсивность роста зависит от температуры почвы и воздуха.

Сроки посева льна масличного при нулевой технологии...

За вегетационный период май-август количество атмосферных осадков составило 197,9 мм

В период вегетации количество атмосферных осадков составило 109,9 мм, что на 33 % меньше нормы.

Таким образом, период активного роста льна масличного сопровождалось обильным...

Задать вопрос