Әлемдік экономикалық дағдарыс 2008 жылдан бастап күрт өзгерістерге ұшыратқан әлемдік экономиканың дағдарыстық жағдайы. Әр елдер мен аймақтар дағдарыстың өткір кезеңінен түрлі уақытта, 2009 жылдан 2013 жылға дейін шықты және оның салдары әлі де жалғасуда. Ол АҚШ-та басталған қаржы дағдарысынан бастау алды. Оның көлемі мен салдарын 1930 жылдардағы Ұлы депрессиямен салыстыруға болады. 2009 жылы әлемдік ЖІӨ екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет теріс динамиканы көрсетті. Сондай-ақ әлемдік сауда рекордтық (10 пайыздан астам) деңгейде қысқарды, ол 2011 жылға қарай көлемін қалпына келтірді. АҚШ пен еуроаймақ экономикасының құлдырауы 2009 жылдың екінші тоқсанында аяқталды, алайда 2011 жылы Еуроаймақта екінші рецессия басталды, ол 2013 жылға дейін созылып және тарихтағы ең ұзаққа созылған ахуал саналады [1].
Р. И. Хасбулатов қаржылық дағдарыстың жалпы себептері мынада деп ойлайды:
- Дамыған елдердің әлемдік және ұлттық экономикалары динамикасының циклдік сипаты және әлемдік экономиканың негізгі орталықтарында («Ұлы триада») осы процестерді синхрондауды күшейту.
- Саяси тұрақсыздық пен әлемнің түрлі аймақтарындағы қарулы қақтығыстар қаупінің жалпы өсуі аясында әлемдік экономика мен әлемдік қаржының жаһандануы әлемдік экономиканың тұрақсыздығы мен капитал ағындарының жаһандық қозғалысын күшейтеді.
- Мұнайдың жоғары бағасының несиелік капитал қозғалысына нақты әсері, осы өнімге баға белгілеудің «классикалық» баға қалыптастырудан «үзіп қалуы» және әлемдік қаржы орталықтарына «еркін ақшаның» үлкен ағындарының «қысымы» «құнсыздануды» құрды және сәйкесінше жалған капитал ауқымын ерекше өсірді.
- Ірі қаржылық капитал саласындағы бәсекелестікті жою, бәсекелестікті басатын жаһандық монополизмнің өсуіне әкелетін процестерді қалыптастыру.
- АҚШ, ЕО және Жапониядағы менеджменттің тиімділігі мен сапасының төмендеуі, үстеме пайда табу мақсатында оларға жол берілетін негізсіз тәуекелдер.
- Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында әлемдік қаржы жүйесін реттеу үшін құрылған Бреттон-Вудс қаржы институттарының дағдарысы, қазіргі заманғы жағдайға сәйкес келетін ұлттық қаржы ағындарының қозғалысын реттейтін институттардың болмауы.
- Әлемнің көптеген елдерінің (дамыған және өтпелі экономикалардың) қазіргі заманғы қаржы-экономикалық саясатының негізіндегі әдіснамалық базаның (либералдық-монетарлық тәсілдердің бірегейсіздігі [2, 30 б.].
Дағдарыстың сипаты мен ерекшеліктерін айту барысында мыналарға мән берген жөн. Біріншіден, 2008–2009 жылдардағы оқиғалар шын мәнінде қазіргі индустриялық орталықтардың жаһандық экономика моделінің дағдарысын куәландырады. Соңғы жылдары нарықтық экономиканың эталоны, технологиялық жетістіктер мен инновациялардың көшбасшысы ретінде саналатын АҚШ және осы елдің әлемдік экономика мен жалпы әлемдік тәртіптің даму жолдары мен түрлері туралы идеялары мен тұжырымдамалары туралы айтып отырмыз.
Екіншіден, жаһандық құлдыраудың себептері тек экономикаға байланысты емес. Дағдарыс, сайып келгенде таза экономикалық емес. Оның жалпы негізі — ескі жүйенің тозуы және әлемдік тәртіптің жаңа жүйесінің қалыптасуы. Бұл экономиканың нақты және қаржы секторларындағы ауытқулардың шиеленісуімен бірге жүреді. Бұл экономикаға ғана емес, қазіргі әлемнің саяси, идеологиялық және басқа ахуалдарға әсер еткен терең және көпжақты құрылымдық дағдарыста көрініс тапты.
Үшіншіден, жаһандық экономика шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығу туралы мәселенің өзектілігі артты. Орнықты даму императивтері елдер мен өңірлердің барлық топтары арасында өзара тиімді және жүйелі байланыстарды қалыптастыру үшін жағдайлар мен алғышарттар жасау қажеттілігін айқындап береді. Дағдарыс дамушы нарықтардың өсіп келе жатқан маңыздылығын кешіктірді [3, 31–32 бб.].
Түрлі құлдыраулар, өндірістің тоқырауы және батыс елдеріндегі дағдарыстар барлық елдердің экономикасына кері әсерін беріп жатыр. Шетелдік нарықтың ықпалынан толықтай арылу мүмкін емес екендігін де білген жөн.
Алғыс білдіру
Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Қазақстанның экономикасына жаhандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.
Әдебиет:
- Мировой экономический кризис (с 2008) // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://ru.wikipedia.org/wiki/Мировой_экономический_кризис_(с_2008)
- Хасбулатов Р. И. Глобальный финансовый кризис: причины и последствия // Век глобализации. — 2008. — № 2. — С. 30–45.
- Холодков Н. Глобальный финансово-экономический кризис // Свободная мысль. — 2013. — № 1 (1637). — С. 19–32.