Елдің болашағы — білімнің салтанат құруында | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тулеубай, А. А. Елдің болашағы — білімнің салтанат құруында / А. А. Тулеубай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 5.1 (347.1). — С. 11-12. — URL: https://moluch.ru/archive/347/78382/ (дата обращения: 19.04.2024).



Қазіргі таңда тәуелсіздігін алған, зайырлы елдің болашағы — өскелең жас ұрпақтың санасының толығымен білімге деген құштарлығында деп айтуға болады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымымен, яғни, ертеңгі күннің болашағы білімді, елінің құндылықтарына сүйіспеншілікпен таңдай қақтыратын жастарды ауадай қажет ететіндігі сөзсіз түсінікті. Бүгінде, елдің болашағының бүгіні мен ертеңі туралы келелі ой қозғап, игі мақсаттарды анықтап, оған бастар жолды саралай алған адамның ғана болашағында жарқын білімді, елін сүйетін, көзі ашық азаматтың ғана болашағы зор болмақ. Дегенмен, білімнің дамуы мен салтанат құруы жалпыға бірдей ортақ болуы шарт.

Біздер, жастар, ертеңгі болашақ ретінде — тарихымызға көз жүгіртіп, ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы бүгіннің жаңа атаулы жаңалықтарына жылдам аяқ басуымыз қажет. Бұл жағдайда аса білімдар адамдар ғана табысты болатынына толық күмәнсіз сенуге болады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәйекті бағдарламалық мақаласында «білімнің салтанант құруы» жайында ой қозғай отырып, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтардың білімін жетілдіріп, білімді көзі ашық, көкірегі ояу өскелең ұрпақты тәрбиелеуді айрықша атап көрсеткені баршаға айдан анық екені көрініп тұр. Әрбір мемлекеттің дамуы ең алдымен дамуға ұмтылатын, жаңашылдыққа жолы ашық азаматтардың болуы керектігін түсіндірді. Сондықтан да, Елбасы ең алдымен білімді болуды дәріптейтіндігін, елдің болашағы — білімнің салтанат құруы әрдайым бірінші орын алатыны айтпаса да түсінікті [3].

Білімнің салтанат құруы дегеніміз — білім болашақтағы жетістіктердің ең іргелі факторы десек те болады. Білімнің салтанат құруы мәселесіне үлкен мән берілген, өйткені жаһанданып жатқан дамудың қазіргі кезеңдегі еңбек нарығында бәсекелесу үшін жан-жақты білім қоры болуы қажет. Білімнің салтанат құруын қазіргі кезеңмен айтқан да әрбір қазақстандықтың болашақ қажеттілігі, ол барлық біздің еліміздің азаматтарының басты міндеті болуы тиіс. Білімнің салтанат құруы, дамуы — ең алдымен мемлекеттік тіліңдегі сөздік қорыңа, ұлттық тіліңе деген құрметтен бастау алып барып, әрі қарай өз еліңді дамыту барысында басқа тілдерге машықтанып жаңа дүниелермен жаңалау дегенді білдіреді [2].

Әрбір азамат мемлекеттік тілін құрметтеу парызы, ал көп тілді білген зор байлық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастыра отырып, білімді жас ұрапақтың көбейгені — болашағы бар және мұндай білімді жас ұрпақтармен толыққан мемлекетті барша әлем көре алатын болады.

Дәлірек айтқанда, Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны XII құрылтайында жария еткен еді. Тіпті «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында рет- ретімен іске асыруды ұсынған болатын. Осының нәтижесінде білімді барлық азаматтар білімге деген ой — өрісі кеңейе түскені барлығымызға мәлім [4].

ХХІ ғасырдың ой толғанысы мен жаңа жаңалықтардың дәуірі болып саналады. Оған тең болу — қазіргі жаһандану процесіндегі кез келген мемлекеттің басты қағидасы.

Қазіргі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еңсесін көтере аттаған азат ұрпаққа білім жағынан жетілдірудің басым бағыттарын айқындап,ұлттық сананы қалыптастыру мәселелерінің бірі болып саналады. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан білімпаз болуға тәрбиелеу қажет. Өскелең жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдары ретінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» [1].

Қорыта айтқанда, қазіргі заманда білімің асқақтап, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасу үшін әрине болашаққа зер салып, келешекке ұмтылу қажет.

Алғыс білдіру

Тезистер «Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту» пәні және «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Сананы жаңғырту бағыттарының мәні, мазмұны және түсініктері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы. — Алматы: Бiлiм, 1998. — 96 б.
  2. Насимов М. Ө. Сананы жаңғыртудың 6 бағыты: мәні, мазмұны және түсініктері. — Алматы, 2017. — 144 б.
  3. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. — 2017. — 12 сәуір.
  4. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. — 2007. — 1 наурыз.


Задать вопрос