«Музыканың үлкен кітабындағы» әл-Фарабидің өнер теориясын құру әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Медетбаев, Тасбулат Сиезбайулы. «Музыканың үлкен кітабындағы» әл-Фарабидің өнер теориясын құру әдістері / Тасбулат Сиезбайулы Медетбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 5.1 (347.1). — С. 4-5. — URL: https://moluch.ru/archive/347/78377/ (дата обращения: 19.04.2024).

Әл-Фараби өзінің «Музыканың үлкен кітабында» эстетикалық мәселелермен қатар өнерді теориялық жақтан негіздеу үшін жеке (пән) немесе өнер ретінде жалпы түрде алып қарайды. Музыка мен өнердің басқа түрлеріне қатысты мәселелерді зерттеу үстінде әл-Фараби «Музыканың үлкен кітабы» негізін басшылыққа ала отырып оны экспримент әдіс арқылы оны теориялық мәселелерді шешуде қолдана білді. Музыка теориясының негізін жасауда Пифагор мектебінің шәкірттері-Аристоксен, Гиппас, Терентский, Понтийский және басқаларының еңбегі өте зор.

Әл-Фараби «Ғылымдардың классификациясы» деген еңбегінің музыкаға арнаған тарауында, музыка ғылымы жайлы былай дейді (1, 115 б.):

«Музыка ғылымының» практикалық және теориялық екі жағы бар. Практикалық жағына — музыкалық аспаптар арқылы орындалатын шығармалар — өнер жатады, ал теориялық біліміне — ырғақты /әнді/ шығарудың ережесі мен заңы білім мен музыка шығармаларды шығару әдісі жатады. Музыканың теориялық жағы бес бөлімнен тұрады: 1) дыбыс шығарудың көзі — негізгі принциптері туралы; 2) дыбыстарды шығарудың әдістері, түрлері және олардың өзара қатынастары туралы; 3) дыбыстардың музыкалық белгілерін, ырғақты анықтау туралы; 4) өлшем, ритмитика және оларды үйрену туралы; 5) ритм және ырғаққа негіздеп музыкалық әндер шығару.

Әл-Фарабидің жоғарыда аталған музыкаға арналған еңбектерінің арасынан көлемі кіші — гірім екі томға жуық «Музыканың үлкен кітабы» атты көлемді трактатын айырықша айтқан жөн (2, 72 б.).

Әл-Фараби бұл кітабында музыканың шығу себептерін, музыкалық эстетиканы, музыкалық аспаптардың түрлерін және музыкалық ғылымын ол теориялық /эстетикалық/ тұрғысынан баяндайды. Мәселен, әл-Фараби Пифагордың музыка теориясында болмаған тоғыз қатарлы квинталық жүрісті пайдаланып, «ре-диез» және «фабемоль» деген энгармониялы дыбыстарды шығарып алған. Ал, Пифагор теориясында ол алты қатарлы квинталық жүріс деп аталады. Әл-Фараби шығарған тоғыз қатарлы квинталық жүрістердегі дыбыстар: «соль», «ре», «ля», «ми», «фа» — диез, «соль-диез». Ол үшін «до» дыбысы шектің ұзындығы 6-і аламыз. Сонда «до» дыбысы шегінің ұзындығының 2/3-не тең дыбыс «соль» деп аталады. Жоғары октавада тұрған шек ұзындығы «роль» дыбысының шек ұзындығына не тең «ре» дыбысы жоғары көтерілетін екінші қатарлы квинталық жүрістен алынды. Берілген октавадағы «ре» дыбысы шек ұзындығын алу үшін шекті екі есе ұзарта алатындай етіп октавалық жүрісті төмен жүргіземіз. «Ля» дыбысы шек ұзындығы тең «ре» дыбысының үшінші қатардағы квинталық жүрісінен алынады.

Жоғары октавада тұрған шек ұзындығы «ля» дыбысының шек ұзындығының тең «ми» дыбысы, жоғары көтерілетін төртінші қатарлы квинталық жүрістен алынды. Міне, осы принциптердің пропорционалдық негізіне сүйене отырып, «ре-диез» дыбысын да шығарып алуға болады. Сонда, «ре-диез» дыбысының көрсеткіштік интервалы = болады. Бұл қарастырған музыкалық ұғымдар музыка тарихындағы теориялық жүйенің арқауы ретінде келген — терция мәселесіне жатады. Мәселен, Пифагор теориясында үлкен терция немесе «ми» дыбысының көрсеткіш интервалы 64/81 болса, ол кіші Пифагор немесе «ми-бемоль» дыбысының көрсеткіш интервалы 27/32. Сонымен бұл дыбыстар аздап кернеңкіреп шығады және диссонанттырақ болады. Олай болса, бұл нәтижелерге қарап, грек музыка теориясы бұл дыбыстарды консонансқа қоса алмады, тек диссонансқа жатқызды. Бұл теория жөнінде біздің жыл санау эрамыздың бірінші ғасырында өмір сүрген Дидим Александрийский Пифагор түзілісіндегі көрсеткіш интервалдары 64/81 және 27/32 болатын терциялық дыбыстарды таза дыбыс шығаратын 4/5 және 5/6 дыбыстарды ауыстыру керек деген дұрыс емес пікірді айтты.

Музыка тарихында бабамыз әл-Фараби бірінші рет жоғарыда аталған музыкалық терциялардың консонансқа қосылатыны жөніндегі бірден-бір тура дұрыс пікірді айтты және оны математикалық тұрғыдан графикалық жолмен түсіндіріп берді. Ол үшін, әл-Фараби Пифагор терцияларын өз теориясындағы таза құрылыстың терцияларымен, яғни энгармониялы интервалдармен алмастырды.

Сонымен әл-Фараби таза құрылымның терциясына сүйене отырып, ырғақтың гармонизациялануын тек қана октава, кванта және кварта арқылы емес, гармониялы ойларды дамытуға себебін тигізетін терциялармен түсіндіреді. Пифагорлық терцияларды таза түзілістің терцияларымен алмастыру және оның консонанстық сипатын мойындау ғылымда жаңа музыкалық түзіліс жасаудың кілті болды. Мұнда музыкалық түзіліс Батыс европада тек ХVІ ғасырда Италия ғалымдары Фольяни мен Царлино еңбектерінде болса, ал орта Шығыста әл-Фараби және оның шәкірті Ибн Сина т. б. еңбектерінде шешіледі.

Әл-Фарабидің музыкалық теориясы Шығыс ғалымдары тарапынан үлкен қолдау тауып, әрі қарай дамытылды. Мәселен Ибн Сина еңбектерінде әл-Фараби идеялары барынша насихатталып, кемендендіріледі. Шығыстың ХV ғасырдағы ұлы ақыны және музыканты Әбдірахман Жәми «Музыка жайлы трактат» деген еңбегінде әл-Фарабиді ұлы музыка теоретигі және композитор деп бағалайды. Әбдірахман Жәмидің өзі әл-Фарабиден музыка жөнінде көп үлгі-өнеге алған.

Қазіргі Египеттің көрнекті ғалым-тарихшысы Осман Амин, әл-Фарабидің «Ғылымдардың классификациясы» деген еңбегіне аса жоғары баға береді. Әсіресе, бұл трактаттың музыка жөніндегі бөлімі Шығыс және Батыс елдерінде музыка ғылымын дамытуға оның өте зор үлес қосқанын айтқан. Расында, әл-Фарабидің музыка жайлы айтқан ой-пікірлері, тапқан ғылыми жаңалықтары ХІІ ғасырдан бастап Европада кеңінен мәлім бола бастаған.

ХVІІІ ғасырдағы атақты философ және ғалым Роджер Бэкон әл-Фарабиден музыка теориясы бойынша көп нәрсе үйреніп, тәлім-тәрбие алғанын мойындайды. Сонымен, қорыта келгенде, әл-Фарабидің музыка ғылымы туралы еңбектерінің жалпы мәдениетіміз бен ғылымымызды дамытудағы алатын орны өте үлкен.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының «Сыр бойының рухани мұрасы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. — Алматы: Ғылым, 1973. — 446 б.

2. Аль-Фараби. Большая книга о музыке. Алматы: Ғылым, 1993. — 448 с.

Основные термины (генерируются автоматически): музыка.

Похожие статьи

Влияние музыки на человека | Статья в сборнике международной...

Влияние музыки на здоровье человека. Впервые лечебный эффект музыки объяснил Пифагор. Каждый орган человека вибрирует по-своему, и его вибрации могут совпадать с ритмами и...

Музыкальные технологии XXI века | Статья в сборнике...

Влияние новых технологий на музыку прослеживается с древнейших времён. Музыка развивалась вместе с развитием средств её исполнения, то есть музыкальных инструментов.

Роль музыки в воспитании и развитии ребенка | Статья в журнале...

 Музыка — единственное искусство, проникающее в сердце человеческое так глубоко, что может изображать переживания этих душ. Стендаль. Музыка как вид искусства открывает...

Музыка Запада и Востока. Сходства и различия | Молодой ученый

Музыка является одним их древнейших искусств, оказавших огромное влияние на человечество. Ведь она, в отличие от театрального, изобразительного и танцевального искусств, не имеет...

Южнокорейская популярная музыка и её влияние в мире

Библиографическое описание: Маркеева, Д. В. Южнокорейская популярная музыка и её влияние в мире / Д. В. Маркеева.

Влияние музыки на пульс и давление человека | Статья в журнале...

Ключевые слова: классическая музыка, поп-музыка, рок- музыка, артериальное давление, пульс. Как гимнастика выпрямляет тело, так музыка выпрямляет душу человека.

Влияние рок-музыки на организм человека | Статья в журнале...

Музыка — это шум, вызванный сильными звуковыми колебаниями. Следовательно, она, так же как и другие шумы может негативно влиять на организм человека.

Первое знакомство с музыкальными жанрами. Методическая...

Есть музыка, под которую ребенку станет интересно двигаться — это танец. Возможно, в детском саду ему предложат выучить и исполнить движения уже конкретного танца, например...

Музыка как средство педагогического воздействия

Библиографическое описание: Целенко, И. Г. Музыка как средство педагогического воздействия / И. Г. Целенко.

Использование музыкального сопровождения в занятиях...

Следовательно, музыка помогает поддерживать интерес к занятиям, стимулируя к дальнейшему развитию.

Использование музыки во время занятий может способствовать

Задать вопрос