Қазақстан Республикасының біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді талдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №1 (343) январь 2021 г.

Дата публикации: 04.01.2021

Статья просмотрена: 370 раз

Библиографическое описание:

Тажиханова, С. А. Қазақстан Республикасының біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді талдау / С. А. Тажиханова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 1 (343). — С. 240-243. — URL: https://moluch.ru/archive/343/77174/ (дата обращения: 19.11.2024).



Мақалада Қазақстан Республикасының біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру ретінде қолданысқа енген медициналық сақтандыру жүйесіне талдау жүргізіліп, кемшіліктерді жою жолдары ұсынылған.

Кілт сөздер: денсаулық сақтау жүйесі, медициналық сақтандыру, басқару, жетілдіру, даму, мәселелер, мемлекеттік ресурстар.

В статье анализируется система медицинского страхования Республики Казахстан, которая использовалась как совершенствование единой национальной системы здравоохранения и предлагаются пути устранения недостатков.

Ключевые слова: система здравоохранения, медицинское страхование, управление, совершенствование, развитие, проблемы, государственные ресурсы.

Кіріспе. Денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелердің күрделілігі мен олардың масштабтарының көлемі мен рөлі туралы түсіну үшін сақтандырудың маңызы мен көрсетілетін қызметтерге бақылауды күшейтетін қаржылық ағындарды ескеру қажет.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ресурстардың шектеулі болуына, тиімсіз бөлінулерге, қалтадағы төлемдерге шамадан тыс тәуелділікке және көбінесе халықтың көптігіне байланысты. Мемлекеттік ұйымдасқан және қаржыландырылатын медициналық сақтандыруды пациенттерді тізімге енгізу және кеңейтілген тиімді емдеуді қамтуға қол жеткізудің ең перспективалы тәсілі ретінде қарастырылады.

Әдебиеттерге шолу. Елдің және қоғамның ең басты байлығы — адам және оның денсаулығы. Бүгінгі таңда еліміз дамыған елдер секілді денсаулық саласына аса мән беріп отыр. Өйткені адам денсаулығы әр мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі мен оның тұрмыс жағдайының көрсеткіші болып саналады. Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына қомақты қаражат бөлініп, көптеген реформалар жасалып жатыр. Осыған байланысты елімізде денсаулық сақтау жүйесін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Республикамызда негізгі демографиялық көрсеткіштер жақсарғанын атап өту қажет. Соңғы жылдары туу көрсеткіштері мен халықтың табиғи өсімі арта түсті. Өлім көрсеткіштері біршама төмендеп, туберкулез, қатерлі ісік, инфекциялық патологиялар, психиатриялық және наркологиялық бұзылушылықтар сияқты бірқатар әлеуметтік елеулі аурулар көрсеткіштерінің тұрақты түрде төмендеуі байқалып отыр [1].

Медициналық сақтандыру қызметі қарапайым медициналық қызметтерді пайдаланудың қаржылық жүктемесін азайтуға ұмтылады және сәйкесінше қаржылық стрессті төмендетеді және де азаматтардың қолда бар табысын арттыруы мүмкін [2].

Медициналық сақтандырудың дамуы денсаулық сақтау жүйесінің құрылымына айтарлықтай әсер етіп, ақша ағынын дәрігер мен пациенттің өзара әрекетіне байланысты болды. Белгілі болғандай, денсаулық сақтау саласындағы бастапқы қаржылық ағым жұмыс берушілердің (немесе, көбінесе, жеке тұлғалардың) сақтандыру компанияларына, басқа денсаулық сақтау жоспарларына төлейтін тұрақты төлемдерінен тұрады [3].

Медициналық сақтандыруденсаулыққа қаржыландыру стратегиясыбалама ретінде пайда болды, әсіресе мемлекеттік сектор тиісті деңгейде науқастардың денсаулығын түзету жағдайларынқамтамасыз ете алмаған жағдайлардамедициналық көмекке қол жетімділікті кепілдендіреді [4].

Төлемдер, сол уақыт аралығында көрсетілген нақты қызметтерге тікелей тәуелді емес. Іс жүзінде төлем көбінесе айына бір рет электронды банктік аударымы болып табылады [5].

Талқылау. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ұлт денсаулығы кемел болашақтың әлеуметтік саясатының негізі және принципі ретінде анықталып, денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін модернизациялаудың ұзақ мерзімді басты бағыттары айқындалған. Олардың негізгілерін атап өтсек: «Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету. Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою» [6].

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бүгінгі таңда пациенттерге өзі емделгісі келетін стационарды еркін таңдауына жол ашып берді. Былайша айтқанда, науқас адам енді емделетін орнын бүкіл республика аумағынан өзі таңдап алуға ерікті. Бүгінде сырқат еліміздегі кез келген емдеу орнында емделуге тілек білдіріп, соның нәтижесінде өзі қалаған жерінде ем ала алады. Мұндай емдеу мекемелері қатарында аймақтар мен ірі қалалардағы ауруханалардан бастап, республикалық деңгейдегі клиникалар — ғылыми орталықтар мен институттар да бар [7].

Науқастар дәрігерге, емханаға немесе ауруханаға баруға мұқтаж болған кезде қарсы тараптан олардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін, яғни адамның денсаулығына байланысты кездейсоқ шұғыл қиын жағдайларда дәрігерлер тарапынан науқасты басқа тараптарға жөнелте бермей нақты шешімдерді тезірек қабылдап, дұрыс қанағаттанарлық ем тағайындау үшін ай сайынғы медициналық сақтандыру төлемдерін төлейді. Сақтандыру провайдерлері мыңдаған пациенттерді қамтиды, сондықтан олар медициналық қызметтерді жеткізушілермен жеңілдетілген төлемдер туралы келіссөздер жүргізіп, содан кейін қызметтерге ақы төлей алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру — МӘМС жүйесі үлкен ауқымда және бір мезетте көптеген тіркелген адамдармен бірдей жұмыс істейді.

Аталған жүйелердің барлығында мемлекет белгі бір деңгейде денсаулық сақтау жүйесін әлеуметтік саясаттың қатысушысы ретінде басқару мен реттеуге қатысады. Соңғы уақытта бұл саладағы басты рөлді сақтандыру мәселесі атқаруда. Соңғы уақытта өркениетті елдердің барлығы дерлік өз азаматтарын медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселесін сақтандыру ұйымдары арқылы шешуде және қазіргі кезде медициналық сақтандырудың әртүрлі жүйелері қалыптасып үлгерді. Кейбір мемлекеттерде медициналық сақтандыру жұмыс орны бойынша жүзеге асырылса, кейбір елдерді жұмыс орны мен сақтандыру бір бірінен толық ажыратылған. Ал кей мемлекеттерде азаматтар медициналық қызметке ақыны елеулі сақтандыру шегерімдері арқылы не үлестік қатысу арқылы өтейді. Мемлекеттердің бірінде медициналық сақтандыруды толықтай мемлекет өз міндетіне алады. Денсаулық сақтау жүйесінің бірінде, тіпті алғашқы медициналық көмек дәрігерін таңдау шектеледі [8].

Бұл желіде сақтандыру провайдерлері, әдетте, желіге тіркелуші адамдармен келіссөздер жүргізеді. Пациенттер алдын ала дәрігерлермен келісілген желіге тіркеледі, соның нәтижесінде пациенттер осы желідегі дәрігерлерге барып, кез келген кезде өздеріне дәрігерлік кеңес пен ем алуға құқылы болады. Алайда пациенттер көрсетілетін қызметтермен толық немесе ішінара толық емес қамтылуы мүмкін, бірақ дәрігерлерге бару үшін олардың желіде тіркелуі міндетті. Сақтандыру провайдерлері әдетте дәрігерлер қажет деп санайтын медициналық қызметтерді қамтиды, бірақ көбінесе «таңдау» болып саналатын қызметтерді қамтымайды. Сақтандыру компаниялары өз шығындарын төмендетуге бағытталған, сонымен бірге қажетті медициналық көмек қызметін қамтамасыз етіп отырады.

Әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі халықтың қартаюымен және егде жастағы тұрғындар арасында созылмалы аурулардың таралуының жоғарылауымен және денсаулық сақтауды пайдалану мен шығындардың артуымен байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Әлемдік қартаю бюросының болжамдары 2001–2020 жылдар аралығында 60 жастан асқан халық саны орта есеппен 2020 жылға қарай жалпы халықтың 17 % -нан астамын құрайды деп болжайды [9].

Бұл эпидемиологиялық трансформация денсаулықты алдын-алуға, оңалтуға және жағдайларды басқаруға көп көңіл бөлу керектігін атап көрсетеді. Сонымен қатар, денсаулықты жақсартуға сұраныстың артуына алып келеді. Денсаулық сақтауды жоспарлау, басқару және жеткізуді біріктіру осы міндеттерді шешудің әлеуетті стратегиясын қажет етеді.

Соңғы онжылдықтарда денсаулықты жан жақты қамтуға қол жеткізу ел азаматтарының денсаулығын сақтаудың басты саясаты болды. Медициналық сақтандыру барлық адамдарға денсаулығын түзеу қызметтеріне қол жеткізуге құқық береді және де ұйымдасқан тәуекелдерді біріктіру, денсаулық сақтау саласына шығындардың қаупінен сақтау жағдайлары орын алады.

Тарихи тұрғыдан алғанда әлеуметтік медициналық сақтандыру, салыққа негізделген сақтандыру жүйесі немесе екеуінің қоспасы ретінде жоғары медициналық сақтандыру моделі болып табылады. Көп кірісі бар елдер және кейбір дамушы елдер, соның ішінде Бразилия, Колумбия, Коста-Рика, Мексика және Таиланд медициналық сақтандыруды ішінара салық салатын экономикаға әсер ететін формальды саласы ретінде қарастырады және оған жалақы бойынша жарналар жиналуы мүмкіндігін көздейді. Соңғы онжылдықтарда қоғамдастыққа негізделген медициналық сақтандыру немесе «өзара денсаулық сақтау ұйымдары» қоғам арасында арасында танымал бола бастады , әсіресе Сахараның оңтүстігіндегі Африкада (мысалы, Буркина-Фасо, Сенегал және Руанда, сондай-ақ Азия (мысалы, Қытай және Үндістан ) .

Талдау. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласы бірінші кезекте денсаулық сақтаудың ақпараттық технологияларына, электронды медициналық порталдар жүйелеріне, пациенттердің денсаулығын есепке алу жүйелері және пациенттерге қызмет көрсету үшін техникалық құрылғылар сияқты денсаулық сақтаудың ақпараттық технологияларына сүйенеді. Солардың ішінде кеңінен тарағаны электрондық рецептілер сервисі (ЭРС) жүйесі. Бұл жүйенің негізгі мақсаты- ЭРС жұмыс тәртібін айқындау, оларды реттеу, ЭРС кезеңдерін жүзеге асыру үшін ақпараттың ең аз көлемін айқындау, рецептіні жазып беру, рецепт бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру туралы хабардар ету болып табылады. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсетуді қолдауды қамтамасыз ететін тараптарды сәйкестендіруге, олардың шынайылығын және пациенттің келісімін белгілеуге қатысты ЭРС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен бірге «Медициналық ұйымдардың «Емхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі», «Амбулаториялық-емханалық көмек порталы» ақпараттық жүйесінің «Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімі» модулі, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент порталы, «Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі» ақпараттық жүйесі, «Жіті коронарлы синдром тіркелімі» ақпараттық жүйесі, «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі, «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі, «Дәрілік қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесі жөніндегі анықтама жүйесі, Бекітілген халық тіркелімі (БХТ) Ақпараттық жүйенің тағайындалуы, «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Туберкулезбен науқастардың ұлттық тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі, «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды есепке алу» қосалқы кіші жүйесі, «Емдеуге жатқызу бюросы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық жүйелері қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылады.

Кесте 1

ҚР денсаулық саласындағы көрсчетілетін қызметтер көрсеткіштері

2014

2015

2016

2017

2018

2019

Барлық мамандықтағы дәрігерлер саны, мың адам

68,9

69,7

74,6

72,1

72,9

74,0

Орта медициналық қызметкерлер саны, мың адам

160,1

163,9

170,8

175,2

175,7

179,8

Ауруханалық ұйымдар саны

911

901

877

853

788

749,0

Ауруханалар төсегінің саны, мың

105,2

102,5

100,1

99,5

98,4

96,3

Ауру балаларға арналған төсек саны, мың

18,6

18,6

18,6

18,2

18,6

19,4

Stat.gov.kz

Нәтижесі. Алайда, біздің Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы қолданылатын жүйелердің көптігіне қарамастан, ішінде көрсетілген медициналық қызметтің жетістігін және олардың пациенттерге медициналық қызмет көрсетудің сапасына, пациенттердің көңілінен шығуына, пациенттердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және дәрі-дәрмектерге қосылу ықтималдығының жоғарылауына әсерін көрсететін жүйе қалыптаспаған.

Статистикалық деректердің толық еместігін және медицина саласындағы жағдайлардың барлығын толықтай жан жақты ашықтауға мүмкіндігі жоқтығын және жеке адамдардың өміріне қатысты мәселелердің артуы пациенттердің медициналық деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ететін жүйені қажет етеді. Пациенттердің медициналық қызметтермен қанағаттану деңгейін өзіндік ақпаратты қамтамасыз ету тұрғысынан қажеттілігін бағалайтын эмпирикалық зерттеулердің тапшылығы бар. Эмпирикалық зерттеулердің нәтижесінде пациенттерді медициналық күту сапасына ақпараттық сенімділік қасиеттері қалай әсер ететіндігін көруге болады. Ол өз кезегінде пациенттердің медициналық қызметтерді алу барысында ақпараттық кепілдікті талап етеді. Ақпараттық кепілдік дегеніміз — бұл ақпараттық тұрғысынан жүйелерді қорғау, қауіп-қатерлерді анықтау және қауіп-қатерлерге қарсы көрсетілетін реакция түрі.

Қорытынды. Медициналық сақтандыру қоғамдағы азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметті пайдаланушыларының санын және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ұмтылады. Медициналық сақтандыруға аударылған қаражат есебінен қоғамдағы жағдайлары төмен азаматтардың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік туады. Денсаулықты күтуде медициналық сақтандыруды қолдану және өз кезегінде, медицина қызметкерлерінің кеңесіне құлақ асу ауруларды бақылауға көмектеседі. Әрине, біріңғай медициналық сақтандырудың кері де әсері болуы мүмкін. Қоғамдағы кейбір адамдар тұрақты табыс таба алмайтындықтарынан, соның салдарынан қаржылық қиындықтарынан зардап шегулері мүмкін, яғни «моральдық қауіпті әсер» деп аталатын күйге түсуі мүмкін, оларда үнемі денсаулығын қорғай алмай қаламын деген қорқыныш сезім пайда болады. Ал егер жеке адамдар денсаулығы нашарлаған кезде қаржылық жетіспеушілік салдарынан медициналық сақтандыру қорғанысымен қорғалғанын білсе, оның денсаулық сақтаудың кепілі ретінде профилактикалық практикасының әсері зор.

Әдебиеттер:

1. Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі — кездейсоқ қабылдана салған дүние емес. Алаш айнасы № 2864. https://alashainasy.kz/society/bryingay-ulttyik-densaulyik-saktau-juyes--kezdeysok-kabyildana-salgan-dunie-emes-2864/

2. Di Tang, Xiangdong Gao & Peter C. Coyte. The effects of compulsory health insurance on birth outcomes: evidence from China’s UEBMI scheme. // BMC Health Services Research// Published: 01 November 2019.

3. Yaneer Bar-Yam, Improving the Effectiveness of Health Care and Public Health: A Multiscale Complex Systems Analysis. Am J Public Health. 2006 March; 96(3): 459–466. doi: 10.2105/AJPH.2005.064444

4. Erlangga D, Suhrcke M, Ali S, Bloor K (2019) The impact of public health insurance on health care utilisation, financial protection and health status in low- and middle-income countries: A systematic review. PLoS ONE 14(8): e021973

5. Victoria Kisekka, PhD; Justin Scott Giboney, PhD. The Effectiveness of Health Care Information Technologies: Evaluation of Trust, Security Beliefs, and Privacy as Determinants of Health Care Outcomes. // Journal of Medical Internet Research. Published on 11.04.18 in Vol 20, No 4 (2018): April

6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». [Электронный ресурс] — Режим доступа: .

7. Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі. Егемен Қазақстан. № 26345. 20 желтоқсан 2013.

8. А. Е. Жатқанбаева, Қ.М. Қожабек. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі сақтандырудың кейбір мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. 2014. Алматы

9. Xin Wang. The Structure and Effectiveness of Health Systems: Exploring the Impact of System Integration in Rural China. Int J Integr Care. 2016 Jul-Sep; 16(3): 6. Published online 12 August 2016. doi: 10.5334/ijic.2197

Основные термины (генерируются автоматически): мена, BMC, ONE, UEBMI, бар, немес, сан.


Ключевые слова

басқару, жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесі, медициналық сақтандыру, даму, мәселелер, мемлекеттік ресурстар

Похожие статьи

Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы салық жүйесін жетілдіру жолдары

Мақалада шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу үнемі реформаланады, бірақ әлі оңтайлы салық жүйесі қамтамасыз етілмей отырғандығы туралы талқыланады және жаңа ақпараттандырылған салық жүйесін құру ұсынылады.

Тұрғын үй ғимараттарының пәтерлік жылыту жүйесі

Мақалада орталықтандырылған жылу жүйесінің жылу тиімділігін арттырудың негізгі шаралары, қайталама тұрғын үй қорындағы көпқабатты үйлердің энергия тиімділігін арттырудың ұсынылған әдісі қарастырылған.

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Өңірде қалааралық жолаушылар әуе көлігін дамыту мақсатында туризмді жетілдіру және дамыту (Түркістан облысы мысалында)

Мақалада ішкі туризмді дамытудың маңыздылығы мен Түркістан қаласының рөлі қарастырылады. Оның халықаралық, туристік және аймақтық контекстегі ерекшеліктері. Түркістан облысының статистикасы және бүгінгі күнгі жағдайы.

Табыс, шығын және сату көлемінің арақатынасының талдауы (ЖШС мысалында)

Бұл мақалада нарықтық экономика жағдайында ЖШС мысалында табыс пен шығынға қаржылық есептілік №2 формасының көрсеткіштерін пайдалана отырып талдау жасалды. Сату көлемінің кезеңдері және оның көрсеткіштері талдау, яғни олар түсімнің өсу қарқыны және ...

Оқу үрдісінде аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың рөлі

Мақалада қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың рөлі негізделеді. Яғни, сабақ барысында оқушылардың аналитикалық ойлау жүйесін дамыта отырып, бірнеше маңызды дағдыларға үйрету. Аналитикалық ойлаудың ерекшелік...

Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету

Тұрғын үйге қолжетімділік халықтың әл-ауқатының ағымдағы деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақалада Қазақстанның тұрғын үй саясатын іске асырудағы мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары қарастырыла отырып, денсаулық сақтау, біл...

Цифрлық реле негізінде жасалған 35/10 кВ қосалқы станциялардың қорғаныс элементтерінің таңдау қабілеттілігін зерттеу

Мақалада авторлар 35/10 кВ қосалқы станцияларда цифрлық релелер негізінде жасалған таңдаулы қорғаныстарды пайдалану кезінде электр жабдықтарына қысқа тұйықталу тогының әсерін төмендетуді негіздеуге тырысады.

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Похожие статьи

Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы салық жүйесін жетілдіру жолдары

Мақалада шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу үнемі реформаланады, бірақ әлі оңтайлы салық жүйесі қамтамасыз етілмей отырғандығы туралы талқыланады және жаңа ақпараттандырылған салық жүйесін құру ұсынылады.

Тұрғын үй ғимараттарының пәтерлік жылыту жүйесі

Мақалада орталықтандырылған жылу жүйесінің жылу тиімділігін арттырудың негізгі шаралары, қайталама тұрғын үй қорындағы көпқабатты үйлердің энергия тиімділігін арттырудың ұсынылған әдісі қарастырылған.

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Өңірде қалааралық жолаушылар әуе көлігін дамыту мақсатында туризмді жетілдіру және дамыту (Түркістан облысы мысалында)

Мақалада ішкі туризмді дамытудың маңыздылығы мен Түркістан қаласының рөлі қарастырылады. Оның халықаралық, туристік және аймақтық контекстегі ерекшеліктері. Түркістан облысының статистикасы және бүгінгі күнгі жағдайы.

Табыс, шығын және сату көлемінің арақатынасының талдауы (ЖШС мысалында)

Бұл мақалада нарықтық экономика жағдайында ЖШС мысалында табыс пен шығынға қаржылық есептілік №2 формасының көрсеткіштерін пайдалана отырып талдау жасалды. Сату көлемінің кезеңдері және оның көрсеткіштері талдау, яғни олар түсімнің өсу қарқыны және ...

Оқу үрдісінде аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың рөлі

Мақалада қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың рөлі негізделеді. Яғни, сабақ барысында оқушылардың аналитикалық ойлау жүйесін дамыта отырып, бірнеше маңызды дағдыларға үйрету. Аналитикалық ойлаудың ерекшелік...

Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету

Тұрғын үйге қолжетімділік халықтың әл-ауқатының ағымдағы деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақалада Қазақстанның тұрғын үй саясатын іске асырудағы мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары қарастырыла отырып, денсаулық сақтау, біл...

Цифрлық реле негізінде жасалған 35/10 кВ қосалқы станциялардың қорғаныс элементтерінің таңдау қабілеттілігін зерттеу

Мақалада авторлар 35/10 кВ қосалқы станцияларда цифрлық релелер негізінде жасалған таңдаулы қорғаныстарды пайдалану кезінде электр жабдықтарына қысқа тұйықталу тогының әсерін төмендетуді негіздеуге тырысады.

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Задать вопрос