Мемлекеттік идеология мәселесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №1 (343) январь 2021 г.

Дата публикации: 29.12.2020

Статья просмотрена: 106 раз

Библиографическое описание:

Омаркулова, Л. К. Мемлекеттік идеология мәселесі / Л. К. Омаркулова, А. Б. Бейсембаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 1 (343). — С. 238-240. — URL: https://moluch.ru/archive/343/77165/ (дата обращения: 16.12.2024).

Мақалада «идеология» терминіне жалпы анықтама беріліп, мемлекеттік идеологияның сатылары, тарихы туралы айтылады.

Кілт сөздер: идеология, мемлекет, конституция, азаматтар, принциптер, социалистік мемлекет, нарықтық .

В статье дается общее определение термина «идеология», рассказывается о стадиях, истории государственной идеологии.

Ключевые слова: идеология, государство, конституция, граждане, принципы, социалистическое государство, рынок.

«Идеоголия» термині алғаш рет ХVІІІ ғасырда қолданылды. Содан бері осы қоғамдық-саяси құбылысқа деген көптеген көзқарастар пайда болды. Маркстік философия үстемдік еткен КСРО-да идеология әлеуметтік шындықты белгілі бір таптардың мүдделері тұрғысынан бейнелейтін және бағалайтын, басым түрде осы таптардың идеялық өкілдері әзірлейтін және қазіргі бар қарым-қатынастарды осы таптардың мүдделерінде бекітуге, өзгертуге бағытталған қоғамдық идеялардың, теориялар мен көзқарастардың жиынтығы ретінде айқындалатын. Идеологияны маркстік тұрғыдан түсінуге орай Коммунистік партия оны заңды түрде мемлекеттік идеология ретінде бекітті. КСРО Конституцияның атышулы 6-бабында «маркстік-лениндік іліммен қаруланған Комунистік партия қоғамды дамытудың бас перспективасын, КСРО ішкі саясат бағытын айқындайды» деп жазылған болатын. Сонымен, марксизм идеологиясы конституциялық деңгейде мемлекеттік идеология деп танылды.

Осындай идеологияны алған мемлекеттік құрылымдар оны өзгеше ойлайтындарды жаншу үшін «шоқпар» ретінде пайдаланады. Мұндай дәлелдерде шындық та бар. «Оған қоғамдық өмірдің барлық саңлауларына кіретін, басқа идеялық ағымдарға жол бермейтін бір мемлекеттік идеология үстемдік ететін фашистік, тотаритарлық мемлекеттер дәлел болып табылады» [1.28].

Бірақ мемлекетік иделогия тек демократиялық емес режимді мемлекеттерде ғана болады, демократиялық елдерде мемлекет өз қызметінде қандай да бір болмасын идеялық үлгілерге, ережелер мен принциптерге сүйенбейді, тек «кенеттен білу» бойынша әрекет етеді деп санауға бола ма? Мұндай «идеясыз мемлекеттер» болмаған және жоқ та.

Кейбіреулер заңдарда мемлекеттік идеологияға тыйым салынғандықтан мемлекеттік идеологияның қажеттілігін жоққа шығарады. Ресей Федерациясы Конституциясының 13-бабында «ешқандай идеология мемлекеттік немесе міндетті болып белгілене алмайды» делінген. Бұл жайында РФ Конституциясына Түсініктемеде «Конституциялық принципке сәйкес ешқандай идеология мемлекеттік немесе басқа міндетті ретінде белгілене алмайды, конституциялық принцип идеологиялардың қоғамдағы тең құқылығын бекітеді. Олардың бір де біреуінің басқаларының алдында мемлекет заңының көмегімен немесе тәсілімен ресми түрде бекітетін басымдығы жоқ және бола алмайды. Мемлекет азаматтарды қылмыстық немесе басқа жазалаумен қорқытып, қандай да бір идеологияны жанына жақын тұтып, зерттеп және насихаттауға міндетті деп мәжбүрлей алмайды» [2.95].

РФ Конституциясы мен Түсініктемеден келтірілген үзіндіде әдістемелік мәндегі бірқатар жағдайлар бар. Біздің ойымызша Ресей Федерациясының Конституциясы идеология деп адамдардың белгілі бір тобының мүдделерін білдіретін идеялық ағымның түпкілікті, жабық үлгісін түсінеді. Мысалы, марсизм идеологиясы, социал-демократизм идеологиясы, либерализм идеологиясы, фашизм идеологиясы, діни (христиан, мұсылман, т.б.) идеология және т. б. бар.

Принциптер — бұл оларға мемлекеттік идеология негізделіп қалыптасатын идеялық бастаулар. Біздің пікірімізше, мемлекеттік идеология принциптерін, біріншіден, ресми көздерге орай, екіншіден, мемлекеттік органдардың ұйымдасу және қызмет тәжірибесін жинақтап қорыта отырып, мемлекеттік бағдарламаларды зерттей отырып, үшіншіден, қоғамдық-саяси институттардың бағдарламалық құжаттары мен қызметіне талдау жасай отырып тұжырымдауға болады.

Ресми көздерге төмендегілер жатады:

1) мемлекеттік органдарды сайлауды, республикалық референдумға қатысудан көрінетін халықтың ресми акциялары;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да нормативтік құқықтық актілері;

3) Президенттің халыққа жолдаулары.

  1. Мемлекеттік идеологияның топтық сипатын мойындамау, бұл тәуелсіз, егеменді Қазақстанның алғашқы заң актілерінде көрініс тапты. Қазақстан Республикасының 1991 ж. 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы Қазақ КСР Конституциясының қазақ социалистік мемлекеті «жұмысшылардың, шаруалар мен интеллигенцияның, республиканың барлық ұлтты еңбекшілерінің еркі мен мүдделерін білдіреді» деген қағидасынан бас тартты. Таптық принциптің орнына конституциялық заң таптық тегінен тәуелсіз жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауды жариялады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1993 ж. және 1995 ж. Конституциялары да таптық идеологияны мемлекеттік идеологияның негізі ретінде мойындаудан бас тартты. Мемлекеттің жоғары құндылығы болып адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы мойындалды.
  2. Мемлекеттік идеологияның қоғамдық сипаты. Қазақстан мемлекеті идеологиясының таптық принципті қабылдамауы қазақстандық қоғамда таптардың бар екенін жоққа шығаруды білдірмейді. Нарықтық қарым-қатынастарға өту екенін жоққа шығаруды білдірмейді. Нарықтық қарым-қатынастарға өту және өндіріс құралдарына жеке меншікке жол беру қоғамның бір-бірінен өзінің мүліктік жағдайы, ахуалы бойынша ерекшеленетін түрлі топтарын қалыптастырады. Мемлекеттің әртүрлі таптарға көзқарасы әлеуметтік мемлекет және мүліктік жағдайынан тәуелсіз барлық азаматтардың теңдігі идеясында бейнеленген. Әлеуметтік мемлекет теориясына сәйкестікте осындай мемлекеттің үш үлгісі жасалған және қызмет етеді: 1. Әлеуметтік қамсыздандыру даралыққа және корпоративті мүдделерді қорғауға негізделген позитивтік мемлекеттің үлгісі. 2. Толық жұмыспен қамтылу саясаты іске асырылды.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы «өтпелі кезең мен ережелерінде» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңдарына қайшы келмейтін кеңес заңдарының әрекет ете беруінің мүмкіндігін көздеген. Қазақстан Респубикасының 1995 жылғы Конституциясы Конституцияның күшіне ену сәтіне әрекет ететін Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылатынын көздейді.

Әдебиет:

  1. Нарикбаев М. С. Біздің әділет жолымыз. Астана, 2010.
  2. Хан И. Г. Саясаттану — Алматы, 2003 ж.
Основные термины (генерируются автоматически): идеология, мена, бар, РФ.

Ключевые слова

Конституция, идеология, мемлекет, азаматтар, принциптер, социалистік мемлекет, нарықтық

Похожие статьи

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Түркия мемлекеті оқулықтарындағы КСРО тарихы

Мақалада Туркия Республикасының білім беру мекемелерінде Кеңес мемлекетінің 1923–1960 жж. тарихының оқытылуы мәселесі қаралады.

Еркіндік ұғымының мәні

Берілген мақалада еркіндік ұғымы діни, этикалық, құқықтық, тарихи категориялар тұрғысынан қарастырылады. Авторлар философия тарихындағы еркіндік тұжырымдарына талдау жасайды.

Қазақстандық қоғамды саяси жаңғыртудағы Қазақстан халық партиясының рөлі

Бұл ғылыми мақалада парламентте он жылдық тарихы бар солшыл партия — Қазақстан Халық партиясының қоғамдық-саяси қызметі қарастырылады. Зерттеудің аталған тақырыбының өзектілігі, ең алдымен, біз бәріміз саяси процесстің қатысушысы екенімізден туындайд...

Жүктелген параболалық теңдеу үшін жартылай периодты шеттік есеп

Шектеулі облыстағы параболалық типтегі спектрлік-жүктелген дифференциалдық теңдеулер үшін екі шекаралық есепті шығарайық.

Заманауи халықаралық зерттеулердегі «полпотизм» негізі туралы пікірталастар

Атышулы коммунистік полпотизм және геноцид туралы француз тілінде жазылған біраз мақалаларды сараптап, дискуссия ретінде, автор өз пікірлерін салыстырмалы түрде келтіреді.

Әлеуметтік-перцептивті реттегіштер

Мақалада тұлғаның дамуындағы түрлі ситуацияда жанжал, күйзеліс, шектеу мәселелерінің туындауы себептері туралы жазылған.

«Оптикалық инверсия» эффектісін зерттеу әдісі және зерттеу нәтижелеріне шолу

Бұл мақалада оптикалық диапазондағы жартылай өткізгіш нанобөлшектердегі оптикалық инверсия эффектісі теориялық зерттелді.

Қазақстандық нарықта кайдзен технологиясын енгізудің өзектілігі

Бұл мақалада автор Қазақстанда жапондық кайдзен технологиясының енгізу және қолдану мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізді.

Түркістан облысының жер ресурстары, олардың сандық және сапалық көрсеткіштері

Жер қоры, олардың жер санаттары мен жерді пайдаланушылар санаттары бойынша бөлінуі.

Задать вопрос