Қазақстандағы эстониялықтар диаспорасы: тарихы және қазіргі заман | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №47 (337) ноябрь 2020 г.

Дата публикации: 22.11.2020

Статья просмотрена: 51 раз

Библиографическое описание:

Тамби, С. А. Қазақстандағы эстониялықтар диаспорасы: тарихы және қазіргі заман / С. А. Тамби. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 47 (337). — С. 523-540. — URL: https://moluch.ru/archive/337/75424/ (дата обращения: 20.04.2024).



Аталған мақалада эстониялықтардың Ресей империясының ішінен — Эстляндия және Лифляндия губернияларынан оңтүстік шығысқа қарай, яғни қазіргі Қазақстан Республикасының аумағына көшу себептері қарастырылады. Автор қазақ жеріндегі эстон халқы санының өзгеру динамикасын бақылаған. Эстониялықтардың XIX–XXI ғасырларда ықшамдалып өмір сүрген орындарының тізбесі, олардың діни және мәдени ерекшеліктері келтіріледі. Автор революцияға дейінгі және революциядан кейінгі эстондық газеттердің материалдарын жинап, жүйелеп, аталған жұмыста ұсынады, бұл материалдардың көбісі ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр. Қорытындылай келе, эстониялықтардың көп ұлтты Қазақстанның тарихына және мәдениетіне айтарлықтай үлес қосқаны туралы тұжырым жасалды.

Негізгі сөздер: эстониялықтар, Қазақстан, Эстония, көші-қон.

В статье рассматриваются причины переселения эстонцев внутри Российской империи — из Эстляндской и Лифляндской губерний в юго-восточном направлении, на территорию нынешней Республики Казахстан. Автор проследил динамику изменения численности эстонского населения на казахской земле. Приводится перечень мест компактного проживания эстонцев в XIX–XXI вв., исследуются их религиозные и культурные особенности. Автор собрал, систематизировал и представил в настоящей работе материалы дореволюционных и послереволюционных эстонских газет, многие из которых впервые вводятся в научный оборот. В заключение делается вывод о том, что эстонцы внесли значительный вклад в историю и культуру многонационального Казахстана.

Ключевые слова: эстонцы, Казахстан, Эстония, миграция.

Бос жер іздеген эстониялық шаруалар Ресей империясының әртүрлі аймақтарына 1850 жылдардан (XVI-XVII ғасырларда эстон халқы пайда болған Гдов қаласының аймағына көшуін қоспағанда) бастап көше бастаған.

C:\Users\Sergey\Desktop\qHMwh6tFH5Q.jpg

1-сурет. Тамби Сергей Александрович, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (Университет), магистр.

Алынған көз: С. А. Тамби

XX ғасырдың басына дейін Эстляндия губерниясынан және Лифляндия губерниясының солтүстік (эстон) бөлігінен ауыл тұрғындарының шамамен 11 % Ресей империясының ішкі аймақтарына көшкен. Ресей империясының 1897 жылғы Алғашқы халық санағының мәліметі бойынша, эстониялықтардың саны жалпы (Прибалтиканы қоса алғанда) 1 002 738 адам болған. Оның ішінде Кавказда — 4281 адам, Сібірде — 4202 адам, Орта Азияда — 440 адам тұрған. Санкт-Петербург губерниясында ол кезде 64 116 эстониялық, Псков губерниясында — 25 458, Новгород губерниясында — 3112, Таврия губерниясында — 2210, Самара губерниясында — 2029, Тверь губерниясында — 1516 эстониялық болған. Қоныс аударған эстониялықтардың айтарлықтай саны Тобыл, Енисей, Ставрополь, Черноморск және Кутаиси губернияларында, сондай-ақ Кубан, Карск және Ақмола облыстарында тұрған. Эстониялық қоныс аударушылардың саны Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін өскен [15].

Ресей империясының 1897 жылғы Алғашқы халық санағының мәліметіне сәйкес қазақ жерінде 375 эстониялық өмір сүрген. Олардың басым көпшілігі Ақмола облысында, ал тек бірнешеуі Семей, Сырдария және Орал облыстарында қоныстанған. Қоныс аударушы эстониялықтар бұл жерге көбінесе бұрын қоныс аударып барған Батыс Сібірден (Уфадан, Тарадан, Омбыдан, Самара және басқа да жерлерден), сонымен қатар Эстляндия және Лифляндия губернияларынан тікелей қоныс аударған. Олардың кейбіреулері Ақмола уезінде — Романов, Преображенская және Канкрин кенттерінде қоныстанған.

C:\Users\Sergey\Desktop\ESMF20_314-A6162_1_pisipilt.jpg

2-сурет.Ресей күресшісі және спорт дәріптеушісі, эстониялық Георг Лурих (1876–1920; сол жақта ) Бұхар әмірі сыйлаған түйелермен. Оң жақта — қазақ күресшісі Қажымұқан Мұңайтпасов (1871–1948). 1908 жыл

Алынған көз: Georg Lurich kaamelitega. Kirjastus A. I. Tsenter. 1908 // Eesti Spordi- ja Olümpiamuuseum. № ESM-F-20:314/A-6162.

Қазақ жеріне өз еркімен көшумен қатар, каторгалық қоныс аудару да орын алған. «Сібірге» каторгаға және қоныс аударуға жіберілген эстониялықтардың көбі қазақ жеріне барған. Бұл жерге қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ патша өкіметін құлатуға қастандық жасаған революционерлерді жер аудартқан. Солардың бірі — эстониялық шведтерден тараған шаруа Александр Никвист болатын. Оны Санкт-Петербургтағы студенттік жасырын типографияда тұтқындап, 1882 жылы қазақ жеріне қоныс аудартқан.

Танымал эстондық большевиктер И. Кэсперт пен И. Т. Эльбені патша өкіметі Қостанайға (қазір — Қостанай) жер аударып, олар Қостанайда заңсыз кітапхана ашып, марксистік үйірмелер ашқан. Эстониялық Иоганнес-Адольф Тенисович Эльбе 1886 жылы Лифляндия губерниясының Дерпте қаласында (кейінірек — Юрьев; қазір — Тарту) шаруа отбасында дүниеге келген. 1905 жылдан бастап Юрьев қаласында социал-демократиялық ұйымның мүшесі болған. 1916 жылдың соңында И. Т. Эльбе Қостанайға жер аударады. 1918 жылы тәжірибесі бар большевик Қостанай қаласы Контрреволюциямен күресу жөніндегі тергеу комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. 1919–1920 жылдары уездік атқару комитеті еңбек бөлімінің меңгерушісі және Тифпен күресу жөніндегі жергілікті төтенше комиссияның төрағасы болып жұмыс істейді. 1920 жылдың 12 мамырында И. Т. Эльбе өзі осы ауруға шалдығады [22, б. 37–39].

C:\Users\Sergey\Desktop\408989.jpg

3-сурет.Қостанай төтенше тергеу комиссиясының бірінші төрағасы

И. Т. Эльбе

Алынған көз: Шакибаев С. Чрезвычайная комиссия // Не жалея жизни. Алма-Ата: «Казахстан», 1977. С. 39.

Ақмола облысының аумағында 1928 жылдың қазан айында екі эстондық ауылдық кеңес құрылады [14, б. 259]. Қазақ КСР Шығыс Қазақстан облысында 1937 жылдың 1 қаңтарына қарағандағы жай-күй бойынша БК(б)П екі эстониялық мүшесі және БК(б)П мүшелігіне үміткер екі эстониялық болған [4, б. 132].

C:\Users\Sergey\Desktop\34332323.jpg

4-сурет.Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы Орталық комитеті отырысының хаттамасы

Алынған көз: Архив Президента Республики Казахстан (АПРК). Ф.708. Оп. 2/1. Д.306. Л. 4. С. 7.

Қазақ АКСР-да 1926 жылы — 2192 эстониялық [50, б. 42–70], Қазақ КСР-да 1939 жылы — 3642 эстониялық, 1959 жылы — 3683, 1970 жылы — 4083, 1979 жылы — 3505, 1989 жылы — 3329 эстониялық болған. 1999 жылы Қазақстан Республикасында 1819 эстониялық, одан кейін, 2009 жылы — 986 эстониялық (оның ішінде 674 қалалық тұрғын, 312 ауылдық тұрғын; немесе оның ішінде 446 ер адам, 540 әйел) өмір сүрген [9].

Ары қарай, XIX ғасырдың соңынан бастап әртүрлі елді мекендердегі эстониялық қоныс аударушылар туралы мәліметтер келтіріледі.

Сопетово (Мулгуману; Sopetowo). 1921 жылдың қыркүйек айында«Лыуна Ээсти» газеті хабарлағандай, Петров селосынан он шақырым жерде орналасқан Сопетово ауылында (қазақтар Мулгуману деп атаған) эстониялықтар тұрған. Шаруашалық тұрғыдан олардың жағдай жақсы болған: кейбіреулерінде 200–300-ден жер ғұшыры болған. Сонымен қатар бірқатар қоныс аударушы отбасыларында 30–40-тан жылқылары болған [66, б. 1].

Алексеев (Alekseewskaja). Ааду Мұстаның деректері бойынша, Алексеев орыс ауылында Николай Тедер (Nikolai Teder), Вийдо Пендик (Viido Pendik), Карл Карья (Karl Karja), Иван Мильдер (Iwan Milder), Яан Ойнас (Jaan Oinas), Андрей Тетер (Andrei Teter), Пеэтер Пюйд (Peeter Püüd), Яан Локк (Jaan Lokk), Яан Лутс (Jaan Luts), Яан Пилль (Jaan Pill) деген эстониялықтар тұрған [57].

Петров (Петровка, Петровское; Petrowka). 1890 жылдары Ақмола уезі, Ново-Черкас болысының Петров селосына (Ақмоладан 90 шақырым жерде) Уфадан, Қырымнан және Самара губерниясының Жаңаөзен уезінен, сондай-ақ Лифляндия губерниясының Вырумаа уезінен эстониялықтар келген.

Қазіргі кезде өмір сүріп келе жатқан село Есіл өзенінің оң жағалауында, өзеннен бір жарым шақырым жерде орналасқан. Ең жақын орыс ауылы 20 шақырым жерде болған. Ақмолаға дейінгі қашықтық 90 шақырымды, ал Петропавлға (темір жол станциясы болған жер) дейін 450 шақырымды құрайды [63, б. 2–11].

Селоның байырғы тұрғыны Карл Трейалдың (Karl Treial) арқасында алғашқы қоныс аударушылардың есімдері сақталып қалған: Индрек Король (Indrek Korol), Яан Верусим (Jaan Werusim), Йоозеп Кортель (Joosep Kortel), Яан Видеманн (Jaan Wiedemann), Каарел Рясса (Kaarel Rässa) және Пеэтер Ваакс (Peeter Waaks).

C:\Users\Sergey\Desktop\Петровка (фото Лаур Лайапеа)\12263173t1h8e31.jpg

5-сурет.Петров селосының көрінісі. 2019 жыл. Суретке түсірген — Вахур Лайапеа (Vahur Laiapea)

Алынған көз: Laiapea V. Piraatide küla “kirgiside” maal // Postimees. 14.06.2019. URL: https://kultuur.postimees.ee/6707865/piraatide-kula-kirgiside-maal (дата обращения: 03.08.2020).

«Постимеэс» газетінің тілшісі 1899 жылдың қазан айында Петров, Михайлов және Егоров селоларында сол уақыттарда 100-ге жуық қоныс аударушы эстониялықтар өмір сүргенін жазған [71, б. 1]. Батыс Сібірден пастор келетін [70, б. 339]. 1912 жылдарға қарай бір эстондық қыстақта 4–6 жегін жылқы және 3–7 сауын сиыры болатын.

1900 жылдарға қарай Петров селосында 310, 1918 жылдары — 400 эстониялық болған. «Сибери Асуник» газетінің деректері бойынша 1919 жылы Петров селосында 89 эстондық отбасы (386 адам) тұрған, яғни бұл жерде 75 қыстақ болған, 1920 жылы — 414 эстониялық өмір сүрген. Олар бидай, арпа және бұршақ өсірген [51, б. 135]. Жергілікті эстониялықтар ол кезде қарабидай өсірмеген. Эстониялық қауымның өз мектебі болған, алайда бөлек ғибадат үйі болмаған. Эстониялықтар үй салу үшін құрылыс материалы ретінде қам кірпіш (сабан немесе басқа да талшықты өсімдік материалы қосылған саз балшықты топырақтан жасалған саман) пайдаланған [58, б. 41].

C:\Users\Sergey\Desktop\409398.jpg

6-сурет.Балалар тобы. Петров селосы. Сурет шамамен 1911 жылы түсірілген. Суретке түсірген — Карл Рясса (Karl Rässa)

Алынған көз: Rässa K. Petrowski eesti asundus // Kodu. 1912. № 1. 02.01.1912. Lk. 9.

Ауылдың оң жағында ені 20 сажын, ұзындығы 300 сажын кішігірім көл болған. Көлдің жағасынан Есіл өзеніне дейін пішен шабу үшін пайдаланылған жер телімі (ені 700 сажын, ұзындығы 4 шақырым) болған. Петров селосынан 60 шақырым жерде орман орналасқан. Газеттерде жазылғандай, 1900 жылы ол жерде бір пұт бидай 45 тиын бағасымен сатылған.

1895 жылы келген алғашқы қоныс аударушылар бір отбасыға көлемі 12–20 пұт астық және 100 рубльге дейін мемлекеттен қарыз алған. Жер учаскесін жалға алғаны үшін үш жыл бойы эстониялықтардан төлем алынбаған, алайда келесі үш жылға ақы алынатын. Сондай-ақ эстониялықтар келесі жеті жылда жерді жалға алғаны үшін қарызды толық көлемде төлеуі тиіс болған.

C:\Users\Sergey\Desktop\Петровка (фото Лаур Лайапеа)\12263159t1h79ee.jpg

7-сурет.Петров селосындағы қам кірпіштен жасалған үй. 2019 жыл. Суретке түсірген — Вахур Лайапеа.

Алынған көз: Laiapea V. Piraatide küla “kirgiside” maal // Postimees. 14.06.2019. URL: https://kultuur.postimees.ee/6707865/piraatide-kula-kirgiside-maal (дата обращения: 03.08.2020).

1900 жылға қарай Петров селосында православие дінін ұстанатын бір эстониялық отбасы тұрған, қалғандарының барлығы евангелиялық-лютерандық сенімде болды. 1890 жылдардың екінші жартысының өзінде эстониялықтар сол жердегі пастордың келуін сұрап Омбыға хат жазған. Көп ұзамай, рәсімдер жасау үшін Обмыдан Николай Блумберг (Nikolai Blumberg; 1869–1926) атты пастор келе бастады [43, б. 4]. Ол сондай-ақ Ақмолада тұратын эстониялықтарға да баратын. Ақмолаға ең алғаш рет 1902 жылы келген [28, б. 349]. Алайда шіркеу қызметшісі сол жылы эстониялықтар тұратын барлық ауылдарға барған жоқ [26, б. 30]. 1908 жылдың соңында пастор Ақмола маңайында 147 эстониялық баланы шоқындырып, 60 адамға конфирмация рәсімін жүргізген, 63 жұптың некесін қиып, 732 қайтыс болған адамға жаназа оқыған [59, б. 3]. Алайда пастор жиі келмейтін: 1906 жылдың жазында ақмолалық бір эстониялық газетке пастордың өткен 8 жылда тек үш рет қана келгенін мұңая хабарлаған [24, б. 214].

C:\Users\Sergey\Desktop\45454.jpg

8-сурет.Ақмола пасторы жастармен, конфирмация рәсімінен кейін, қам кірпіштен жасалған лютерандық ғибадат үйінің жанында. Пастордың жанында –Петров министрлік мектебінің мұғалімі Й.Эрлих. Петров селосы, 1911 жылғы 12 қыркүйек. Суретке түсірген — Карл Рясса (Karl Rässa)

Алынған көз: Perekonnaleht. 1911. № 45. 12.11.1911. Lk. 357.

1900 жылдары Петров махалласына К.Тембер (K.Tember) басшылық етті. Самара губерниясынан келген Петров селосының ең қарт тұрғыны эстониялық Хиндрек Пийсанг (Hindrek Piisang) өзінің үйінде әр жексенбі сайын құдайға құлшылық ету рәсімін өткізетін. Ол кистер және мектеп мұғалімі болатын және жалға алынған үйде мектеп ұстауды қамтамасыз еткен [67, б. 4]. 1900 жылы эстондық мектепте 32 адам білім алған [56, б. 55–56]. Сонымен қатар Х. Пийсанг Ленинградта эстон тілінде шығарылатын және бүкіл ел бойынша таратылатын «Эдази» газетін таратумен айналысты [47, б. 8].

C:\Users\Sergey\Desktop\Петровка (фото Лаур Лайапеа)\12263171t1h38c8.jpg

9-сурет.Петров селосындағы саздан салынған эстондық үй. 2019 жыл. Суретке түсірген — Вахур Лайапеа

Алынған көз: Laiapea V. Piraatide küla “kirgiside” maal // Postimees. 14.06.2019. URL: https://kultuur.postimees.ee/6707865/piraatide-kula-kirgiside-maal (дата обращения: 03.08.2020).

Мектептің өзінің ән айту хоры болған, сондай-ақ эстон тілінде де, орыс тілінде де қойылымдар көрсеткен театр қоғамы ұйымдастырылатын. Петров селосында Эстон қоғамының тауарлық-тұтынушылық қоғамдастығы болған. Селода кітапхана болған жоқ, бірақ халықтық білімді дамыту үйірмесі, сонымен бірге эстондық оқу үйірмесі (оқу үйі) болған. Оны жинақтау үшін 80 дана кітапты арнайы іздеп тауып, алайда оқырмандар оның жартысын оқып болғанша 1919 жылдың наурыз айында кітаптардың бір бөлігі жайдан-жай жоғалып кеткен. Қолда болған топтамадан тек 21 кітап қалған [60, б. 3]. Жексенбі сайын жастар би кештерін ұйымдастыратын.

C:\Users\Sergey\Desktop\3049834098.jpg

10-сурет.Жастар жексенбі күнгі демалыс кешінде. Петров селосы. Сурет шамамен 1911 жылы түсірілген. Суретке түсірген — Отто Кусма (Otto Kusma).

Алынған көз: Perekonnaleht. 1911. № 45. 12.11.1911. Lk. 355.

Виллем Лемнетстің (Willem Lemnets) жонғыш білдегі болған, ол ұршық жасайтын. Якоб Репсон (Jakob Repson) шаңғылар мен арбалар дайындайтын. 1928 жылы Густав Хютть (Gustav Hütt) және Пеэтер Король (Peeter Korol) трактор сатып алды. 1929 жылы «Выйтлус» («Võitlus») ұжымшары ұйымдастырылды.

C:\Users\Sergey\Desktop\49873487.jpg

11-сурет.Петров селосының эстониялық тұрғыны Гильда Кузьминична Юлих (1942 ж.т.), әкесі бес жасында Прибалтикадан Петровқа көшіп келген. Анасы Г. К. Юлих Саратов губерниясында туылған

Алынған көз: Турар А., Елберген Е. Визит премьер-министра Эстонской Республики // Акмолинский филиал АО «РТРК «Казахстан». 08.11.2018. URL: https://kokshetautv.kz (дата обращения: 14.07.2020).

1903 жылы эстондық мұғалім іздестіру барысында «Уус Аэг» газетінде мектепке және махаллаға кистер/мектеп мұғалімі жұмысқа шақырылатыны туралы хабарлама орналастырылған. Ал кистер/мұғалім өз кезегінде 125 рубль мөлшерінде тұрақты еңбекақымен, сонымен қатар 150 пұт бидаймен, пәтермен және отынмен қамтамасыз етілген [48, б. 4].

C:\Users\Sergey\Desktop\3443466767.jpg

12-сурет.Петров селосының мектебіне және махалласына кистер/мектеп мұғалімі жұмысқа шақырылатыны туралы 1903 жылғы 2 желтоқсандағы хабарлама

Алынған көз: Köster-kooliõpetajat... // Uus Aeg. 1903. № 140. 02.12.1903. Lk. 4.

1910 жылы эстондық мұғалім іздестіру барысында «Койт» газетінде министрлік мектепке және махаллаға мұғалім жұмысқа шақырылатыны туралы хабарлама басып шығарылады. Үміткерлерге мынадай талаптар қойылған: семинарлық білімі, тиісті дипломдарының/куәліктерінің болуы, ән айту хорына басшылық ете білу және кистердің міндеттерін орындау. Мұғалімнің еңбекақысы жылына 460 рубльді құрады, сондай-ақ мұғалім пәтермен және отынмен қамтамасыз етілген [62, б. 4].

C:\Users\Sergey\Desktop\3434342322.jpg

13-сурет.Петров селосының мектебіне және махалласына мұғалім жұмысқа шақырылатыны туралы 1910 жылғы 26 қазандағы хабарлама

Алынған көз: Petrowskoje asunduse… // Koit. 1910. № 83. 26.10.1910. Lk. 4.

1908 жылғы маусым айында Петров селосының екі тұрғыны Сан-Паулу атты бразилиялық қалаға барады. Олардың біреуі Х.Юрман (H.Jurman) Оңтүстік Америкаға отбасымен барды, ал екіншісі П.Ваакс (P.Waaks) онда жалғыз кетіп, отбасысы үйінде қалады. Олар Бразилиядан Оңтүстік Дакотаға жол тартып, Бразилиядағы өмір мен тәртіпті сипаттаумен Форт-Пьер қаласынан хат жазып, ол 1909 жылғы ақпан айында «Пяэвалехт» эстляндия газетінде жарияланады [44, б. 4].

1911 жылдың күзінде Петров селосындағы шөп даярлау қанағаттанарлықтай шығып, астық егіні ең нашар болды. Алайда, картоп егіні шын мәнінде жақсы болды [27, б. 2].

Эстляндия губерниясының газеттері 1912 жылы Петров селосында сұлының пұты ол кездері бір рубль, ал шөптің пұты — 40 тиын тұрғанын жазады [33, б. 2]. «Пяэвалехт» газетінің тілшісі 1912 жылғы 19 қаңтарда Петровта басталған қатты бораннан көптеген жолаушылар адасып, үсіп кеткендерін хабарлаған. Сол кезде көптеген диірмендердің қанаттары желден сынып қалған [61, б. 2].

1921 жылғы қыркүйекте «Лыуна-Ээсти» газеті Петров селосында жүн түтуге арналған арнайы жабдығы бар диірменнің бар екенін жазады [66, б. 1].

1921 жылғы газеттерде мынадай қызық оқиғаны кездестіруге болады. Жасақтардың ұйымдастырушысы және комиссардың көмекшісіПеэтер Вяльбе (Peeter Wälbe) есімді большевик селоға келеді. Ол большевиктер жасағына әскерге шақырылғандардың тізімін жасай бастайды. Бірақ тұрғындардың көбісі бұл идеяны ұнатпай, келесі күні П. Вяльбенің кеңсесіне барып, жасалып жатқан тізімді жыртып тастайды [49, б. 2].

1921 жылдың қазан айына қарай Петров селосында мәнерлеп оқу үйірмесі, сондай-ақ музыка және театр үйірмелері пайда болады. Алайда көркем әдебиет пен пьесалардың болмауы бірақ қиындықтар тудырады [25, б. 4].

Қазіргі уақытта Петров селосында 20-дан астам ұлттан тұратын 1200 адам өмір сүреді. 2018 жылдың маусым айында ауыл тұрғындары Петров селосының меретойын атап өтті. Салтанатты іс-шаралар аясында Юксари шоқысында символикалық тас ескерткіш орнатылды, оның атауы өкілдері кезінде осында жаңа отанға ие болған эстондық Юкссааре(Ükssaare) тегінен шыққан.

Қазіргі уақытта, Петровка селосында алғашқы эстониялық қоныс аударушылардың ұрпақтары тұрады [10]. Соның ішінде Гильда Кузьминична Юлих (1942 ж.т.; Gilda Julihh), Алийде Мяги (Aliide Mägi) [8], сонымен қатар Вильгельмине Кобар(Vilhelmine Kobar) [64, б. 23].

C:\Users\Sergey\Desktop\Петровка (фото Лаур Лайапеа)\12263157t1hbfe6.jpg

14-сурет.Петровка селосының тұрғыны Алийде Мяги. 2019 жыл. Суретке түсірген — Вахур Лайапеа.

Алынған көз: Laiapea V. Piraatide küla “kirgiside” maal // Postimees. 14.06.2019. URL: https://kultuur.postimees.ee/6707865/piraatide-kula-kirgiside-maal (дата обращения: 03.08.2020).

Алийде Мяги жас кезінде колхозшы болған, соғыстан кейін колхоздың басқа мүшелерімен бірге Петров селосынан 20 шақырым жерде (мал суатын жасақтау үшін салынған) бөген құрылысында жұмыс істеген. Бүгінгі күнде еске алуы бойынша, Алийде «колхоздың сиырларымен және бұзауларымен орыс тілінде, ал үйдегілермен — эстон тілінде сөйлесетін.

C:\Users\Sergey\Desktop\Эстонцы в Казахстане\i-1024x768 (1)88.jpg

15-сурет.Петровка селосының тұрғыны эстониялық Алийде Мяги. 2018 жылғы қараша.

Алынған көз: Петровку посетила делегация из Республики Эстония // Официальный сайт акимата Астраханского района Акмолинской области. 07.11.2018. URL: http://astrahan.gov.kz/content/8315–07–11–18–15–29–01-astrahanskiy-rayon-spetrovka-posetiladelegaciya (дата обращения: 12.08.2020).

2018 жылы эстондық ұлттық киім жиынтығын Би мейрамы мұражайынан (Таллин қаласы) Петровка селосының ауылдық мұражайына сыйға тартуға бастамашылық жасалды [29].

2019 жылы Петровка селосына эстониялық режиссёр Вахур Лайапеа (Vahur Laiapea) келіп, осы селоның эстониялық тұрғындары туралы фильм шығару үшін бейнематериалдар түсірді. Ол жергілікті зират басына да барып қайтты. Эстониялық қоныс аударушылардың зираттарындағы сақталып қалған көне құлпытастардың (көбі ағаштан жасалғандықтан) көпшілігі өртеніп немесе жойылып кеткен [52].

C:\Users\Sergey\Desktop\Петровка (фото Лаур Лайапеа)\12263158t1hca7b.jpg

16-сурет.Петровка селосындағы зираттың жалпы көрінісі. Алдыңғы жақта — жанып кеткен ағаш кірес. Суретке түсірген — Вахур Лайапеа, 2019 жыл.

Алынған көз: Laiapea V. Piraatide küla “kirgiside” maal // Postimees. 14.06.2019. URL: https://kultuur.postimees.ee/6707865/piraatide-kula-kirgiside-maal (дата обращения: 03.08.2020).

C:\Users\Sergey\Desktop\Петровка (фото Лаур Лайапеа)\12263160t1h0c14.jpg

17-сурет.Жергілікті тұрғын Рясса (1871 жылы туылған) жерленген Петровка селосының зиратындағы кірес белгісінің фрагменті. Суретке түсірген — Вахур Лайапеа, 2019 жыл.

Алынған көз: Laiapea V. Piraatide küla “kirgiside” maal // Postimees. 14.06.2019. URL: https://kultuur.postimees.ee/6707865/piraatide-kula-kirgiside-maal (дата обращения: 03.08.2020).

C:\Users\Sergey\Desktop\343443.jpg

18-сурет.Тұрғын А. Кобар (1891–1989) жерленген Петровка селосының зиратындағы құлпытас ескерткішінің фрагменті. Суретке түсірген — Яан Хейн (Jaan Hein), 2013 жыл.

Алынған көз: Hein J. Petrovka — esimese siin leitud eesti küla külastus // Välisministeeriumi blogi. 21.06.2013. URL: https://blog.vm.ee/2013/06/21/petrovka-esimese-siin-leitud-eesti-kula-kulastus (дата обращения: 01.08.2020).

Марқакөл көлінің жағалауындағы эстониялық қоныс. 1908 жылы Оңтүстік Алтайда, яғни биік таулы Марқакөл көлінің жағалауында алғашқы эстондық қоныс — Жоғарғы Еловка селосы пайда болды. Соңынан көлдің маңайындағы эстондық қоныстардың саны алтыға дейін барды, бірақ ең ірі қоныстар Жоғарғы Еловка, Төменгі Еловка, сондай-ақ Матабайда болатын [5, б. 103]. Шығыс Қазақстан облысы, Зырянов ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғыны Дмитрий Вейкманның аталған мақаланың авторына айтуынша, оның атасының атасы Ресейдің ішкі губернияларынан қазақ жеріне — Марқакөл көлінің аймағында орналасқан Пихтовка (Pihtowka) эстондық ауылына келген. Д.Вейкманның бабасы мен атасы қазақ жерінде туылған. Тұрмыста эстон тілінде сөйлескен.

Жоғарғы Еловка (Jelowka). 1925 жылдың көктеміне қарай бұл жерде 27 эстониялық жанұя болған. Олардың басым бөлігі орта шаруа, ал кейбіреулері ауқатты болған. Ол кездері бұл жерде мектеп болмаған.

Жоғарғы Еловкада Пуусеп, Варблане, Чахно, Висман, Самуль, Ойнас, Ольман, Кирспу және тағы басқа эстониялық жанұялар өмір сүрген [6]. Соғысқа дейін (шаруашылық кітаптарының деректеріне сәйкес) селода 86 аула болған. 1921 жылы Жоғарғы Еловка тұрғындарының басым бөлігі еңбек коммунасын ұйымдастырады [38, б. 2].

Кироп (Kirop) текті жергілікті ұстаның бастамашылығымен село тұрғындары В. И. Ленинге хат жазып, әлемдік пролетариат көсеміне Марқакөл көліне және оның айналасына жақсылап төселген жол салып, жергілікті байлықты кең пайдалану идеясын жеткізген. Осы аймақтарға мұғалімдерді, дәрігерлерді және агрономдарды жіберуді ұсынған. Село тұрғындарының өтініші 1920 жылғы 20 ақпандағы жалпы отырыстың хаттамасында жазылады: «Кеңестер билігі еңбек етушілерге жер берді, ол жерде еркін еңбек ету мүмкіндігін берді. Кеңестер билігі бізді жарқын болашаққа, адал өмірге жетелейді, сондықтан көсем жолдасымыз Ленинді қошеметтеп, жан тапсыру керек болса да оның идеясын құптайтынымызды білдіреміз» [12, б. 92–93].

1938 жылы Жоғарғы Еловка селосының тумасы, Белоусов кенішінде еңбек еткен ағаш ұстасы Павел Иванович Ойнас (1912 ж.т.; Pavel Oinas) ең қатаң жазалау шарасына кесіледі. 1937 жылы дәл сондай тағдыр Жоғарғы Еловка селосының тұрғыны, колхоз төрағасының орынбасары, Вярский болысы, Уцилий қыстағының тумасы Александр Яковлевич Юньмен (1898 ж.т.; Aleksandr Jun) қайталанады. Лифляндия губерниясы Анцлес ауылының тумасы, Жоғарғы Еловка селосының тұрғыны Мария Карловна Юнь (Mari Jun) 1937 жылы еңбекпен түзеу колониясына 10 жылға сотталады.

Режиссер, Қазақ КСР Ленин комсомолы сыйлықақысының иегері (1980), Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Анатолий Павлович Лаптев (1942 ж.т.), сондай-ақ Владимир Татенко 1990 жылы «Жоғарғы Еловка селосынан шыққан Самуль» (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында монтаждалды) атты деректі фильм түсірген.

Ауылдық өмірді деректі кино ретінде сипаттайтын фильм өте қызықты, әрі шын жүректен түсірілген. Басты кейіпкер — қазақстандық эстониялық Александр Андреевич Самуль (Aleksandr Samul) жұбайы Ирина Петровна Самульмен (Irina Samul) эстон тілінде әңгімелесіп, қоршаудың жанында өсіп тұрған күнбағысты аялап ұстап, аралардың еңбекқорлығы туралы айтып, аузына шылым салып алып, балтамен отын шауып жатады, 12 жастағы аппақ, «өте ақылды» (қантты жақсы көретін) аты Орлик туралы әңгіме айтып, жиналған жидектен көп тосап жасай алмайтынына қынжылады, себебі ол кезде адам басына тек бір жарым килограм мөлшерінде қант алуға болатын, (орыс және эстон тілдерінен басқа) қазақ тілін білетіндіктен, оны «Қазақстаннан көшіріп жібермейді» деп әзілдейді.

C:\Users\Sergey\Desktop\508408938.jpg

19-сурет.Жоғарғы Еловка селосының тұрғындары, қазақстандық эстониялықтар Александр Андреевич Самуль және оның жұбайы Ирина Петровна

Алынған көз: Кадр из документального фильма «Самуль из Верхней Еловки» (режиссеры — А.Лаптев, В.Татенко, киностудия «Казахфильм» им. Шакена Айманова, 1990 г.).

А. А. Самульдің сөзінше, ол 1924 жылы село үлкен болған кезде дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін, 11 жыл бойы селолық кеңестің хатшысы болып істеген. А. А. Самуль Жоғарғы Еловкада үйленіп, балалары осында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде маңайдағы селоларда аштық кезеңі басталады. Бірақ Жоғарғы Еловканы көл құтқарып қалады: Марқакөлден мөңке балықтар аулап, кептіріп, жеген. 1942 жылы мектеп жабылып, ал балаларды көрші селоларға оқуға беру қажет болғандықтан, ол жақтан кетіп қалады. Кейін А. А. Самуль қайтып оралып, бидай мен арпа егіп, колхозда жұмыс істейді. Мол өнімді Катон-Қарағай, Алексеевка және басқа жақын орналасқан елді мекендерге апаратын.

А. А. Самульдің балалары ер жеткеннен кейін қалада қалып өмір сүруді жалғастырады. Балалары оның да көшіп келуін өтінген кезде, ол Жоғарғы Еловканы өзінің нағыз отаны екенін, сол жерде жан тапсырғысы келетінін айтып, бас тартады. А. А. Самульге шынымен мұндай керемет өңірде тұрған ұнайтын: «Шипайжайдағы сияқты өмір сүреміз, тек шұжық жоқ». Сондай-ақ « Біз мұнда тыныш, бейбіт тұрамыз, біз ешкімге кедергі келтірмейміз, ешкім бізге кедергі келтірмейді». Анасы Жоғарғы Еловкада жерленген. Әкесі — диірменші, Голощекин атындағы колходың мүшесі Андрей Андреевич Самуль (1980 ж.т.; Andrei Samul) 1937 жылғы 17 тамызда қамаққа алынып, еңбекпен түзеу лагеріне 10 жылға сотталған.

C:\Users\Sergey\Desktop\image.jpg

20-сурет.Қазақстандық эстониялық, Жоғарғы Еловка селосының тұрғыны Андрей Андреевич Самуль отбасымен

Алынған көз: Кадр из документального фильма «Самуль из Верхней Еловки» (режиссеры — А.Лаптев, В. Татенко, киностудия «Казахфильм» им. Шакена Айманова, 1990 г.).

А. А. Самуль жасы ұлғайған шақта соңғы оқиғалардан хабардар болу үшін әрдайым газеттер («Рудный Алтай» және т. б. шығаратын) мен журналдар оқып, теледидар қарап, радио тыңдайтын. Қайта құру және ашықтық саясатына оң көзқараспен қараған.

Аудан тұрғындары кезінде Жоғарғы Еловкада тұрған эстониялық қоныс аударушылардың ұрпақтары — бұрынғы балық инспекторы Александр Кирспууды (Aleksandr Kirspuu), сондай-ақ мықты және сымбатты әйел — Линда Пусеппті де (Linda Pusepp) ұмытпаған. Линда ұл босанған кезде, «Бұл батыр кімге тартқан?» деген сұраққа, «Міне, кімге тартқаны!» деп, жұдырығындағы шомырды отырғызғанда, шомырдың бүкіл шырыны бірден ағып кететін [2, б. 6].

Қазіргі уақытта Жоғарғы Еловка селосының (Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының құрамына кіретін село 2007 жылы таратылған болатын) жоғалып кеткен эстониялық диаспора өкілдерінің бірі Урунхайка селосының тұрғыны Дмитрий Самуль (Dmitri Samul) болып табылады [20]. Ол эстон тілінде сөйлемейді, бірақ бірнеше сөз біледі. Орыс және қазақ тілдерін жақсы меңгерген [11].

Самульдердің эстондық үйін Жоғарғы Еловкадан Шығыс Қазақстанның архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығына (Өскемен қаласы) көшіру идеясы осы күнге дейін іске асырылған жоқ.

C:\Users\Sergey\Desktop\4334232.jpg

21-сурет.Дмитрий Самуль — таратылған Жоғарғы Еловка селосының эстондық махалласының өкілі.

Алынған көз: Кратенко А. Последний эстонец на Маркаколе // Информационный портал «Экспресс-К». 02.08.2018. URL: https://express-k.kz/news/ekskursiya/posledniy_estonets_na_markakole-126390 (дата обращения: 05.08.2020).

Төменгі Еловка (Jelowka) селосында эстониялықтар науа жасап, бірнеше диірмен, ағаш тілгіш және дән бастырғыш салып, сол арқылы су жіберген [21].

Матабай (Matabai). 1938 жылы Матабай селосының тұрғыны, Димитров атындағы колхоздың ағаш ұстасы Петр Иванович Чахно (1888 ж.т.; Petr Tšahno) ең қатаң жазалау шарасына кесіледі. Марқакөл көлінің оңтүстік жағалауында Марқакөл қорығының аумағында орналасқан село 2017 жылы таратылады.

Лифлянд (Лифляндия; Шоқай; Покорное; Баймырза; Šokai; Lihwl ändka ; Pokornoje) . Ақмола қаласынан (қазіргі Нұр-Сұлтан) 170 шақырым жерде орналасқан Лифлянд селосының негізін эстониялықтар қалаған. Бірақ олар бұл жерге бірден келмеген. Эстониялықтар алғашында Прибалтикадан (көбінесе Вырумаадан) Самара губерниясының Жаңаөзен уезіне келген. Нәтижесінде, 1895 жылы алғашқы бес эстондық жанұя сол жақтан Лифляндқа келеді. Одан кейінгі жеті жылдың ішінде Уфадан, Барнауылдан және Змеиногорсктан эстониялықтар келеді.

Эстониялықтар бастапқыда Ақмола облысының орыс селоларына — Михайловта (1896 жылы 120 эстониялық; олардың шамамен ¼ бөлігі православиелік болған), Ново-Егоровскте (1896 жылы 110 эстониялық; олардың шамамен жартысы — православиеліктер) және Щиневскийде (1900 жылы 80 эстониялық) қоныстанған [58, б. 41]. Нәтижесінде, 1905 жылғы орыс-жапон соғысынан кейін эстониялықтар барлық күш-жігерін салып, лютерандық ғибадат үйін тұрғызу үшін бір жерге қоныстануға тілек білдірген. Олар тиісті қолдаухатпен билікке жүгінеді, алайда қолдаухат ұзақ уақыт қараусыз қалады. Эстониялық қоныс аударушылар тұрған селоларға генерал-губернатордың өзі келіп, эстониялықтар тағы да өтініш білдіреді. Бұл жолы олар рұқсат алады: эстониялықтарға қоныстану орнын таңдауға мүмкіндік беріледі.

Эстониялықтар Шоқай атты учаскені қарастырады. 1906 жылы эстониялықтардың сол жерге қоныстануы туралы биліктен рұқсат келеді. 1909 жылғы 1 сәуірде Лифлянд аталып кеткен село болыс орталығының құқығына ие болады. Лифлянд болысына сонымен қатар алты неміс және бес орыс ауылдары қарасты болған. 1910 жылдың маусым айында болыс әкімшілігіне арналған жеке үй әлі салынып болмаған, бұл мақсаттардағы үй-жайды жергілікті бір тұрғыннан жалға алған (жылына 44 рубль). Болыс басшысы эстониялық болатын. Сонымен қатар селода немістер де қоныстанған.

Тағы бір Лифлянд селосының тұрғыны, эстониялық қоныс аударушы «Сакала» газетінің беттерінде жаңа отанға апарған қиын әрі ұзақ жолды сипаттайды. Басында ол Санкт-Петербург губерниясының Гдов уезіне отбасымен қоныс аударып, біраз уақыт сол жерде тұрады. Уфаның маңайында бір жерде өмір сүру жағдайлары жақсы екенін естіп, бірнеше жанұя заттарын сатып, ұзақ жолға аттанады. 1896 жылдың 1 наурызында жолға шығып, арбакештер оларды жақын маңдағы темір жол станциясына апарып тастайды, сол жерден олар Уфаға билет алады. Уфаға жеткеннен кейін, уфалықтар одан арырақ, яғни Сібірде қазына жерінің учаскелері берілетінін айтып жөн сілтейді, сөйтіп олар Челябинскке барып, Челябинсктен Петропавлға жетеді. Ары қарай Ақмола қаласына жол тартады. Сондай-ақ бір мезгілде эстониялықтар жер алу туралы жергілікті билікке жеделхат жолдап, оң жауап алады. Эстониялықтар тағы алты жүз шақырым жерді жаяу жүріп өтеді. Ұзақ және ауыр жол жүру кезінде 22 адам (олардың көбі балалар) қаза табады. Эстониялықтар Ақмолаға тек 1896 жылғы 14 мамырда жетеді. Ары қарай, олар Ақмола өңіріндегі орыс ауылдарына барып, біраз уақыт тұрып, ең соңында Лифляндта тұрақтайды [36, б. 2].

Лифлянд қоныстанушылары үшін округте орманның болмауы қиынға соғады. Оларға құрылыс ағаштарын алыстан (130–150 шақырым ұзақ жол жүруге мәжбүр) әкелуге тура келді. Бұған қоса, Лифлянд селосындағы жер қатты болатын.

1908 жылғы 9 ақпанда Омбы қаласында мынадай қаулы шығарылды: « Шоқай учаскесі Лифлянд селосы деген атаумен аталып, Санников болысына қосылсын және ауылдық қоғамдық басқару енгізілсін » [16, б. 4]. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін билік селоның атауын өзгертуге шешім қабылдады. Тұрғындар Царский деген атауды таңдап, соңында Столыпинский деген атауға тоқталды. Алайда билік 1914 жылғы 27 наурызда селоның Лифлянд атауын Покорное деген атауға өзгертіп тастады [1, б. 33]. Ақмола уезіндегі болыс та Покорное болысы деп атала бастады.

Ал эстониялықтар өз селоларын халық арасында Шоқай деп атауды тоқтатпады. 1910 жылдары селода шамамен 100 отбасы, 1919 жылға қарай — 120 эстониялық отбасы (600-дей адам) тұрған [45, б. 4]. 1920 жылдардың басында селода тұрған эстониялықтардың саны 657-ге жеткен.

Лютерандық ғибадат үйі алғашқыда шымтезектен салынды. Оның көлемі ұзындығы бес сажын, ені үш сажын болған. Шіркеу старостасы әр жексенбі сайын құдайға құлшылық ету рәсімін жүргізетін [53, б. 2].

1910 жылға қарай село старостасы Юхан Тассо (Juhan Tasso) болатын [35, б. 2]. Сол жылы шығарылған газеттерде Лифляндтағы әртүрлі тауарлардың құны жазылған: бір пұт бидай 140-тан 160 тиынға дейін, бір пұт ұн — 180–200 тиын, бір пұт сұлы — 120–140 тиын, бір пұт картоп — 100 тиын, бір шелек ашытылған қырыққабат — 100 тиын, бір фунт шошқа еті — 25–30 тиын, бір фунт қой еті — 8 тиын, ал бір фунт май — 25–30 тиын тұрған.

1910 жылға қарай Лифляндта бір жылқы 30-дан 60 рубльге дейін, бұқа — 30–80 рубль, сиыр — 20–50 рубль, қой — 3–6 рубль тұрған. Екі атқа арналған арба 100 рубль, пішен шабатын машина — 225 рубль, егін оратын машина — 160 рубль, қос түренді соқа — 45–70 рубль, ал бір түренді соқа — 17–50 рубльді құраған [54, б. 2].

Алғашқы қоныстанушылар жеке меншік үйде орналасқан мектеп ашады. 1919 жылға қарай махалла, мектеп және ғибадат үйі бір шатырдың астына жиналады. Үй ағаштан салынған, алаңының ұзындығы тоғыз сажын, ені төрт сажын. Құрылыс ағаштарын Покорное селосынан 220 шақырым алшақта орналасқан Қарқаралыдан әкелген. Ғимаратты салуға 5 мың рубль жұмсалған [68, б. 179].

Махалла басшылығы эстониялық мұғалім табу мақсатында газеттерге тиісті хабарламалар берген. Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде мектептерде орыс мұғалімдері сабақ берді. 1919 жылға қарай қайтадан эстониялық мұғалім алынды.

C:\Users\Sergey\Desktop\45898.jpg

22-сурет.Покорное селосындағы мектепке эстониялық мұғалім жұмысқа шақырылатыны туралы 1919 жылғы 15 қазанда газетке шығарылған хабарлама

Алынған көз:Siberi Asunik. 1919. № 30. 15.10.1919. Lk. 2.

1925 жылға қарай Покорное селосының жергілікті оқу залында өткізілетін халықтық білім үйірмесі «Деревенский прожектор» («Küla Proshektor»; айына екі рет, эстон және орыс тілдерінде) атты қабырға газетін шығаратын. Ауыл адамдары ол кезде көп газет шығармайтын, «Беднота», «Эдази», «Крестьянская газета» және «Сибирский вестник» деген газеттер танымал болатын [42, б. 2].

1920 жылы тиф эпидемиясы Ақмола губерниясына да тарап кеткен соң, бірінші сатыдағы мектепті жабуға тура келген. 1921 жылдың қазан айына қарай Покорное селосында 35 мүшеден тұратын эстондық коммунистік үйірме болған.

1926 жылдың 26 наурызында Покорное селосының тұрғындары жергілікті Өзара көмек беру комитетін жауып тастады. Бұндай қадам жасаудың себебі — ұйымның қызмет еткені үшін салық төлеуге қаражат пен астықтың жетіспеуі [31, б. 4].

1926 жылдың мамырында Покорное селосындағы мектеп директоры негізгі жұмысынан басқа жас жұбайлардың некесін қиюмен айналысқан Силберберг (Silberberg) болатын, кейбір ауылдастар бұл әрекетті дінге қарсы науқан жағдайында нашар қабылдаған [55, б. 5].

1929 жылдың аяғында — 1930 жылдың басында Покорное селосында «Эдази» колхозы (1940 жылдан бастап — М. И. Калинин атындағы колхоз), құрылып, Михаил Карлович Видик (Mihhail Widik) бірінші төрағасы болып, Иван Антонович Керцмик (Jaan Kertsmik) ауылдық кеңестің төрағасы болып сайланады [7, б. 26]. «Эдази» колхозында айтарлықтай үлкен, яғни 2100 гектар егін алабы болған, сондай-ақ ол жердегі еңбек процесі едәуір жақсы ұйымдастырылған. Егіс жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда жұмысшыларды құрылыс жұмыстарына жіберген. Алайда, есептердің біреуінде колхозға өзге ұлт өкілдерін қабылдамауға тырысатыны туралы айтылған. Кейде немістер мен эстониялықтардың арасында ұлттық себептерге байланысты біраз алауыздықтар болатын [3].

Покорное селосындағы лютерандық ғибадат үйі атеистік жылдары жабық тұрды. Шаруа тілші Ян Кантер (Jaan Kanter) бұл туралы былай деп хабарлаған: «Промышленный ауданының Покорное селосында шаруалар Ұлы Октябрь революциясының 12 жылдығының құрметіне ғибадат үйін мектеп ашуға беруді орайластырды. Кірес алынып, оның орнына қызыл жалау қойылды. Ауыл адамдары аудан тұрғындарының барлығын өздерінен үлгі алуға шақырады».

Ян Августович Отто (Jaan Otto) жоғары білім алып, педагог атанып, кейіннен Покорное селосындағы мектептің директоры атанады.

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Покорное селосының тұрғындары Эстондық ұлттық корпустың және басқа да әскери бірлестіктердің құрамында нацисттерге қарсы ерлікпен шайқасады. Ян Августович Отто Великие Луки Великие Луки қаласының маңында болған шайқаста қаза табады. Оның інісі Освальд Отто (Oswald Otto) да, сонымен қатар Покорное селосының басқа да тұрғындары Рудольф Миллисон (Rudolf Millison), Густав Сарри (Gustav Sarri), Оскар Оттович Кантер (1923 ж.т.; Oskar Kanter), Освальд Пало (Oswald Palo) және т. б. соғысқа қатысқан [19].

C:\Users\Sergey\Desktop\sml_809380image2333a.jpg

23-сурет.Покорное селосының эмблемасы бар таңбаша

Алынған көз:USSR Town Pins. URL: http://www.ussrtownpins.com (дата обращения: 02.08.2020).

Покорное селосының халқы 1989 жылға қарағандағы жай-күй бойынша 61 %-ға немістерден тұрған. Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Бұхар Жырау ауданында орналасқан Покорное селосының атауы 2004 жылы Баймырза ауылы болып өзгерді. Бұл атау жергілікті тұрғындардың этникалық құрамының айтарлықтай өзгергенін көрсетеді [17, б. 177–178]. Совет Одағы құлағаннан кейін эстониялықтар мен немістердің көпшілігі өздерінің тарихи отандарына оралып, Баймырза ауылына қазақтар келген [23].

Бүгінгі күні аудан орталығынан, яғни Ботақара кентінен 60 шақырымдай жерде батысқа қарай орналасқан бұл село Баймырза селолық округінің әкімшілік орталығы болып табылады.

Баймырза селосының халқы 1999 жылы — 1936 адамды (950 ер адам, 986 әйел) құраған. 2009 жылғы халық санағының деректері бойынша бұл селода 1916 адам (955 ер адам, 961 әйел) тұрған [9]. Эстондық құлпытастар кездесетін жергілікті зират бұрын бұл жерде көп санды эстондық қауым тұрғанын ұмыттырмайды.

Прелестный (Prelestn õi ). Семей губерниясы, Павлодар уезіндегі пошта жолына жақын орналасқан Прелестный учаскесінде 1912 жылдары 27 эстониялық отбасы тұрған [58, б. 54]. Қоныстанушылар бұл жаққа 1908 жылы Тартумаа, Вырумаа Лифляндия губерниясынан, сондай-ақ Псков губерниясынан келген.

Мемлекет қоныстанушыларға адам басына бір пұт бидай мөлшерінде көмек берген. Селодағы төрт диірмен ат күшімен жұмыс істеді. Біреуі дән тартса, екіншісі жарма, үшіншісі сыраға арналған уыт, төртіншісі нан жасайтын ұн тартқан [34, б. 1].

Герасимовское (Gerasimovi). 1912 жылы негізі қаланған неміс-эстондық село 1917 жылға дейін Семей облысы, Өскемен уезінде болды, кеңес кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының Пролетарлық ауданына қарасты болған. Герасимовское селосында соғысқа дейін «Красный Пахарь» ауыл шаруашылық кооперативі жұмыс істеген. 1926 жылы бұл жерде 133 тұрғын өмір сүрген [13].

Бадай-Құдық (Badai-Kuduk). 1914–1915 жылдары Семей губерниясында Славгород қаласынан оңтүстікке қарай 60 шақырым жерде Бадай-Құдық селосының іргесі қаланды. Өңірде ешқандай су көзі немесе көл болмағандықтан, адамдар мен үй жануарлары шөлден азап шегеді. Селоның аумағы жазық, ормансыз. 25 шақырым жерде қарағайлы орман орналасқан. Бірақ астық егіні бұл жерде жақсы болатын.

Алғашқы эстониялықтар бұл жерге 1916 жылы қоныстанған. 1919 жылға қарай селода 40 отбасы тұрды: 17 эстониялық, қалғаны орыс және латыш отбасылары. 1918 жылы эстониялықтар тауарлық-тұтынушылық қоғам жанынан дүкен ашпақ болып, алайда бұл идеяны көп адамдар қолдамай, іс тоқтатылады [32, б. 4].

Бадай-Құдықта 1922 жылы — 22, 1925 жылы — 15 (немесе 100 адамға жуық) эстониялық отбасы тұрған. 1925 жылы селода одан басқа 20 орыс отбасы өмір сүрген.

Аталған селоның эстониялық тұрғындары 1925 жылға қарай «Эдази» газетінің небәрі үш данасын шағаратын. 1925 жылдың күзінде Бадай-Құдықта эстондық оқу залы, сонымен қатар сауатсыздықты жою пункті ұйымдастырылып, 1925 жылдың желтоқсан айында 24 эстониялық қатысатын болған. Оқыту эстон тілінде де, орыс тілінде де жүргізілді. 1921 жылы шығарылған эстон тіліндегі әліппе алынды [39, б. 3].

Тіршілік етпейтін селоның аумағы қазір Павлодар болысы, Шарбақты ауданының құрамына кіреді. Бір қызығы, Павлодар болысы, Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Қарығұлұлы Әбеуов 2015 жылы Эстондық дипломатия мектебін («Халықаралық қатынастар және еуропалық интеграция» мамандығы бойынша) бітірген.

Балтика (Baltika). Автор Өскемен ауданының Балтика атты кішігірім селосы туралы «Эдази» газетінің 1930 жылдың 13 қаңтарындағы жазбаларда ғана кездестірді.

Бұл жазбада 1929 жылдың көктемінде осы селода жастар ұйымы құрылып, оған Риддер қаласында орналасқан фабрика басшылық еткені жазылған. 1929 жылдың қарашасында астық сатып алу жоспары орындалып, жылжымайтын мүлік салығы мен ауылшаруашылық салығы толығымен төленеді.

Кедей және орта шаруалар Октябрь революциясын мерекелеуге байланысты 1929 жылы Балтикада «қызыл нан керуенін» ұйымдастырып, жұмысшыларға қолғаптар сыйға тартады. Ал жұмысшылар ауыл тұрғындарына дәннің қоспасын бөліп алып, дәнді ұзындығы мен қалыңдығы бойынша сұрыптайтын дән тазалау машинасын — триер сыйлайды [30, б. 7].

Семей (Semipalatinsk). 1919 жылдың 5 қазанындаСемей қаласында тұратын эстониялықтар алғашқы жиналыс өткізеді. Жиналысты мектеп мұғалімі А.Сермат (A.Sermat) ұйымдастырады. Ауа райының бұзылуына байланысты, жиналысқа тек 25 эстониялық қатысады. Семейде ол кезде барлығы 100-ге жуық эстониялық тұрған.

Жиналыста Эстониядағы ахуал, Сібірде эстондық қоғам ұйымдастыру мәселелері талқыланады. А. Сермат жергілікті Бүкілсібірлік эстониялық одақ бөлімшесін құруды ұсынады. Оның ұсынысын бәрі бірауыздан қолдайды. Ұйымдастырушылық комитетінің төрағасы ретінде сол А. Сермат сайланады. Жиналған қауым бөлімшені ұйымдастыруға бір мың рубльге жуық қаражатпен жәрдем береді [65, б. 2].

Алғашқы қазақстандық жүргізуші Лифлянд губерниясы, Юрьев уезі, Кудин болысының шаруасы, эстониялықИоганн Эдуард Рейнвальд (Johann Eduard Reinwald) болды. 1912 жылдың қаңтар айында саудагер Бабахан Нұрмұхамедбаев «Берлье» маркалы автокөлік сатып алу туралы қолдаухат жазады. Алғаннан кейін, сол жылдың мамырында Мәскеуден («Братья Крыловы» зауытынан) автокөлік сатып алады. Сондай-ақ, саудагер Мәскеуде автокөлік туралы жақсы білетін шаруа И. Рейнвальдпен танысып, оған серіктестік туралы ұсыныс жасайды. Олар автокөлікпен Орта Азияға жол тартады.

1912 жылдың 24 қыркүйегінде Верный қаласының арнайы комиссиясы автокөліктің сынаудан сәтті өткенін бекітеді. Олар Верный қаласында Капальский трактпен (қазіргі Сүйінбай көшесі) жүріп өтеді. Көліктің рөлін эстониялық қоныстанушы И. Рейнвальд басқарады. Ол алғашқы қазақстандық жүргізуші болып саналады. Нәтижесінде саудагер Б. Нұрмұхамедбаев эстониялыққа көлігін сатады. Ал эстониялық Жетісу губернаторына мынадай өтініш білдіреді: «Маған «Берлье» жүйелі, шанағы дубль-фаэтон, шасси № 355, алты орынды автокөлікті жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын ».

Қазақ жерінде пайда болған алғашқы көлік — 1900 жылдардың басында шығарылған француздық «Berliet C2 Double Phaeton» көлігі болатын.

Эстониялық Иоганн айдаған автокөлік көптеген кәсіпкерлердің тапсырыстары бойынша Верный қаласынан Бішкек, Тоқмақ, Арасан, Күтемалды және Пржевальск қалаларына дейін баратын. Біраз уақыттан кейін И. Рейнвальд пен Б. Нұрмұхамедбаев автокөлік компаниясын ашып, Құлжаға, Чугучакқа, Қытайға және Моңғолияға жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырады [18].

C:\Users\Sergey\Desktop\4a85f803b62f02c2c21b3499df5f310d.jpg

24-сурет.Қазақ жеріндегі алғашқы жүргізуші — эстониялық Иоганн Эдуард Анленцен Рейнвальд. 1912 жылғы сурет

Алынған көз: «Роскошный фаэтон с открытым кузовом». Первый автомобиль в Казахстане // Tengrinews. 06.05.2018. URL: https://tengrinews.kz/article/roskoshnyiy-faeton-otkryityim-kuzovom-pervyiy-avtomobil-774 (дата обращения: 03.08.2020).

1910 жылдың 22 желтоқсанында (1911 жылдың 3 қаңтары) Кемин жер сілкінісі болып, Верный қаласына әсерін тигізеді. 776 үй бұзылып, 35 адам қаза болады, 168 адам (оның ішінде 18 адам ауыр жарақат) жарақат алады. Зардап шеккендерге Эстляндия және Лифляндия губернияларының тұрғындарынан да көмек келеді. Мысалы, 1911 жылдың 27 ақпанында Ревеледегі Каарли шіркеуінде тиісті жәрдем жиналды [46, б. 64].

1911 жылдың наурызында Жетісу облысындағы Жер сілкінісінен зардап шеккендерге қайырымдылық жинау комитетіне басшылық еткен Ұлы мәртебелі патшайым Александра Федоровна зардап шегушілерге жәрдем берген Эстляндия губерниясының тұрғындарына алғыс айтады [69, б. 3].

XXI ғасырдың басында Қазақстанда тұратын қоныстанушы эстониялықтар әртүрлі қалалар мен ауылдарда бытыраңқы өмір сүріп, этникалық топтасқан халық болып тұрған жоқ. Олардың елдегі эстондық диаспора өкілдерімен байланысы әжептәуір әлсіз деңгейде.

Қазіргі уақытта эстониялық қоныстанушылардың XX ғасыр бойы жалғасқан табиғи ассимиляциясы бұрынғыдай жалғасып, тіпті күшеюде. Олардың басым бөлігі аралас неке құрған. Эстониялықтар уақыт өткен сайын ана тілін білмейді, тек аға ұрпақ (1950 жылдардың тумалары және олардан үлкендер) ана тілін азды-көпті жақсы деңгейде меңгерген. Әрбір келесі ұрпақтың көшіп-қонушылары этникалық кодты уақыт өткен сайын аз жаңғыртуына байланысты, этникалық топ бара-бара ескіріп келеді.

1990 жылдары және 2000 жылдың басында Қазақстанда ұлттық эстондық қоғамдар ұйымдастыруға әрекет жасалды. Осылайша, 1994 жылы әкесі патша кезеңінде Жетісуға көшіп келген алматылық эстониялық Ян Юганнесович Лоди (1931 ж.т.; қазір өмірде жоқ; Jaan Lodi) Қазақстандағы эстондық мәдени орталық құруды ұсынды [37, б. 11]. Я. Ю. Лодидің ұлы Андрей Лоди (1969 ж.т.; Andrei Lodi) 1996 жылы Таллин қаласында «Қазақстандық эстониялықтар қоғамын» (Kasahstani Eestlaste Ühing), ал бір жылдан кейін оның өкілдігі — «Қазақстандағы эстониялық қоғам» (Kasahstani Eestlaste Selts; [40, б. 1] Алматыда өзінің үйінде орналасқан) құрады [41]. 2006 жылдың 8 қыркүйегінде «Қазақстанның эстониялық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі (төрайымы — Нина Альфредовна Досаева; 1964 ж.т.) ашылады.

Қазақстандағы эстондық диаспора өкілдері бүгінгі күні Эстонияға барып, байланыстарын үзбейді. Алайда диаспорадағы ұлттық әрекеттердің (мысалы, қазақстандық латвиялықтарға қарағанда) айтарлықтай жандануы байқалмайды. Бірақ эстондық қоныс аударушылардың ұрпақтары қауымның жай-күйін неғұрлым кең әрі терең зерттеуге қызығушылық танытады. Мысалы, диаспораның бірнеше өкілі авторға Қазақстандағы эстониялықтардың санағын ұйымдастырғысы келетінін айтса, ал эстондық қоныс аударушылардың кейбір ұрпақтары бұл бағытта жұмыс жүргізуді бастап кеткен.

Әдебиет:

  1. Алпысбес М. А., Аршабек Т. Т. Бұқар жырау ауданының тарихы. Қарағанды, 2012. Б. 33.
  2. Андреев К. Эстонцы возвращаются // Рудный Алтай. 2013. № 125. 23.10.2013. С. 6.
  3. Архив Президента Республики Казахстан (АПРК). Ф. 141. Оп. 1. Д. 12257. Л. 39, 42.
  4. Архив Президента Республики Казахстан (АПРК). Ф.141. Оп. 1. Д. 11498а. Л. 132. С. 132.
  5. Березовиков Н. Н. Динамика орнитофауны Маркакольской котловины в XX столетии // Труды Маркакольского заповедника. Том I. Часть 2. С. 103.
  6. Бондарева В. Под единым шаныраком: Первое поселение эстонцев в Казахстане появилось в конце XIX века // Проект «Постсовет.RU». 29.03.2015. URL: https://www.postsovet.ru/blog/pribaltika/557002.html (дата обращения: 04.08.2020).
  7. Бузар-Жырауский район: от истории двора к истории района. Монографиялық зерттеу. Караганда: Саран, 2010. С. 26.
  8. Делегация из Эстонии посетила село в Акмолинской области // Kazinform. 07.11.2018. URL: https://lenta.inform.kz/ru/delegaciya-iz-estonii-posetila-selo-v-akmolinskoy-oblasti_a3449636 (дата обращения: 10.08.2020).
  9. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 года // Агентство Республики Казахстан по статистике. URL: https://stat.gov.kz/census/national/2009/general (дата обращения: 14.08.2020).
  10. Казахские эстонцы никогда не были на родине, но язык помнят — посол Эстонии Хейти Мяемеэс // Телеканал «365info.kz». 11.06.2019. URL: https://365info.kz/2019/06/kazahskie-estontsy-nikogda-ne-byli-na-rodine-no-yazyk-pomnyat-posol-estonii-hejti-myaemees (дата обращения: 12.07.2019).
  11. Кратенко А. Последний эстонец на Маркаколе // Информационный портал «Экспресс-К». 02.08.2018. URL: https://express-k.kz/news/ekskursiya/posledniy_estonets_na_markakole-126390 (дата обращения: 05.08.2020).
  12. Маамяги В. А. Эстонцы в СССР. 1917–1940 гг. Москва: Наука, 1990. С. 92–93.
  13. Немцы России. Населенные пункты и места поселения. Энциклопедический словарь. Москва: ERD, 2006. 472 с.
  14. Ойнас М. П. Эстонские поселения в Центральном Казахстане в 20–30-е годы ХХ века // Казахстан — перекресток взаимодействия цивилизаций. Часть II. Алматы, 5–9 июля 2007 г. Алматы: Кайнар, 2007. С. 259.
  15. Первая Всеобщая перепись Российской империи, 1897 г. / Издание Центрального статистического комитета Министерства внутренних дел. Под ред. М. А. Тройницкого. СПб: Центральная типо-литография М. Я. Минкова, 1905 г.
  16. Попов Ю. Г. Заповедные ценности Сарыарки // Индустриальная Караганда. 03.12.2016. С. 4.
  17. Резван Е. А. Таксис — относительное время // Мировые религии в контексте современной культуры: новые перспективы диалога и взаимопонимания. Санкт-Петербург: Санкт-Петербургское отделение Российского института культурологии, 2011. С. 177–178.
  18. «Роскошный фаэтон с открытым кузовом». Первый автомобиль в Казахстане // Tengrinews. 06.05.2018. URL: https://tengrinews.kz/article/roskoshnyiy-faeton-otkryityim-kuzovom-pervyiy-avtomobil-774 (дата обращения: 03.08.2020).
  19. Село Баймырза // Сайт Централизованной библиотечной системы Бухар-Жырауского района. URL: https://bukarbibl.kz (дата обращения: 01.09.2020).
  20. Топольняк В. Откуда эстонцы на Маркаколе? // Блог туристического агентства «Премьер-Тур» (г.Астана, Усть-Каменогорск). 11.07.2018. URL: http://ptour.kz/blog/otkuda-estonczyi-na-markakole.html (дата обращения: 08.08.2020).
  21. Чернявская Ю. Богатство — в рыбе // Газета «Усть-Каменногорск сегодня». 03.06.2002.
  22. Шакибаев С. Чрезвычайная комиссия // Не жалея жизни. Алма-Ата: «Казахстан», 1977. С. 37–39.
  23. Шувалов В. Кочевники, пережившие ядерный романтизм // Информационный портал 812-Online. 23.08.2010. URL: https://online812.ru/2010/09/10/008 (дата обращения: 04.08.2020).
  24. Akmola kreisist Siberist // Ristirahwa Pühhapäewaleht. 1906. № 27. 05.07.1906. Lk. 214.
  25. Akmolinski kreisis Siberis // Edasi. 1921. № 221. 29.10.1921. Lk. 4.
  26. Akmolinski maakonnast // Ristirahwa Pühhapäewaleht. № 4. 27.01.1902. Lk. 30.
  27. Akmolinskist // Päewaleht. 1911. № 258. 10.11.1911. Lk. 2.
  28. Akmolinskist // Ristirahwa Pühhapäewaleht. 1902. № 44. 03.11.1902. Lk. 349.
  29. Arraste A. Tantsupeomuuseum kinkis Kasahstani Eesti küla muuseumile rahvarõivad // Eesti Elu. 15.03.2019. URL: https://eestielu.com/et/kultuur/7-kultuur/9113-tantsupeomuuseum-kinkis-kasahstani-eesti-kuela-muuseumile-rahvaroivad (дата обращения: 12.08.2020).
  30. Asi edeneb // Edasi. 1930. № 5. 13.01.1930. Lk. 7.
  31. Asunikud wale tee peal // Edasi. 1926. № 100. 01.06.1926. Lk. 4.
  32. Badai-Kuduki külast // Siberi Asunik. № 11. 20.03.1919. Lk. 4.
  33. Eesti asundustest // Koit. 1912. № 20. 09.03.1912. Lk. 2.
  34. Eesti asundustest Siberis // Päewaleht. 1912. № 31. 07.02.1912. Lk. 1.
  35. Eesti asunikud // Sakala. 1910. № 41. 03.05.1910. Lk. 2.
  36. Eesti asunikud // Sakala. 1910. № 50. 03.06.1910. Lk. 2.
  37. Eesti selts Kasahstanis // Vaba eestlane. 1996. № 2. 09.01.1996. Lk. 11.
  38. Esimene sõnum // Edasi. 1925. № 71. 28.03.1925. Lk. 2.
  39. Falkenberg K. Kiri kaugest rohtlaasest // Edasi. 1925. № 291. 19.12.1925. Lk. 3.
  40. Kasahstani eestlased soovivad tihendada sidemeid Eestiga // Vaba Eesti Sõna. 1996. № 31. 01.08.1996. Lk. 1.
  41. Kasahstani Eestlaste Ühingu põhikirja registreerija määramine (vastu võetud 19.03.1996 nr 259) // Riigi Teataja. 1996. URL: https://www.riigiteataja.ee/akt/13001620 (дата обращения: 02.08.2020).
  42. Kaugest rohtlaane nurgast // Edasi. 1925. № 102. 08.05.1925. Lk. 2.
  43. Kiri Akmolinskist // Ristirahwa Pühhapäewaleht. 1897. 11. 16.03.1897. Lk. 4.
  44. Kiri Sao-Paulost // Päewaleht. 1909. № 41. 20.02.1909. Lk. 4.
  45. Kiri toimetusele // Siberi Asunik. 1919. № 19. 11.07.1919. Lk. 4.
  46. Kiriklikud teated // Ristirahwa Pühhapäewaleht. 1911. № 8. 24.02.1911. Lk. 64.
  47. Kirjawastused // Edasi. 1925. № 53. 05.03.1925. Lk. 8.
  48. Köster-kooliõpetajat... // Uus Aeg. 1903. № 140. 02.12.1903. Lk. 4.
  49. Kuidas Siberis “paradiisi” komissar põrgus käis // Lõuna-Eesti. 1921. № 2. 22.09.1921. Lk. 2.
  50. Kulu H. Eestlased maailmas. Ülevaade arvukusest ja paiknemisest. Tartu: Tartu Ülikooli trükikoda, 1992. Lk. 42, 70.
  51. Laaman O. Eesti asundused Venemaal // Meie tee. № 9–10. 1979. Lk. 135.
  52. Laiapea V. Piraatide küla “kirgiside” maal // Postimees. 14.06.2019. URL: https://kultuur.postimees.ee/6707865/piraatide-kula-kirgiside-maal (дата обращения: 03.08.2020).
  53. Lihwlandi asunikud, Kesk-Asias // Sakala. 1910. № 52. 14.06.1910. Lk. 2.
  54. Lihwlandi asunikud… // Sakala. 1910. № 53. 17.06.1910. Lk. 2.
  55. Meie ettewõte edeneb // Edasi. 1926. № 97. 21.05.1926. Lk. 5.
  56. Meomuttel J. Eesti asunikud laialises Wene riigis: Esimene katse sõnumid kõikide Eesti asutuste üle tuua. Jurjew, 1900. Lk. 55–56.
  57. Must A. Eesti ja Kasahstan // Postimees. 20.04.2011. URL: https://arvamus.postimees.ee/422298/aadu-must-eesti-ja-kasahstan (дата обращения: 02.07.2020).
  58. Nigol A. Eesti asundused ja asupaigad Wenemaal. Tartu: Eesti Kirjastus-Ühisus “Postimees”, 1918. Lk. 41–54.
  59. Omski… // Ristirahwa Pühhapäewaleht. 1908. № 47. 20.11.1908. Lk. 3.
  60. Petrowski asundusest, Akmolinski maak. // Siberi Asunik. 1919. № 14. 17.04.1919. Lk. 3.
  61. Petrowski eesti külast // Päewaleht. 1912. № 38. 16.02.1912. Lk. 2.
  62. Petrowskoje asunduse… // Koit. 1910. № 83. 26.10.1910. Lk. 4.
  63. Rässa K. Petrowski eesti asundus // Kodu. 1912. № 1. 02.01.1912. Lk. 2–11.
  64. Ratas J. Vabariigi peaministri tervitus // Eesti Teaduste Akadeemia sõnas ja pildis. Tallinn: Argo, 2019. Lk. 23.
  65. Semipalatinskis // Siberi Asunik. 1919. № 34. 12.11.1919. Lk. 2.
  66. Siberi kiri // Lõuna-Eesti. 1921. № 3. 26.09.1921. Lk. 1.
  67. Sm. Piisang // Edasi. 1924. № 189. 22.08.1924. Lk. 4.
  68. Tagel H. Akmolinski kreisist… // Ristirahwa Pühhapäewaleht. 1915. № 23. 04.06.1915. Lk. 179.
  69. Tänuawaldus // Tallinna Teataja. 1911. № 56. 10.03.1911. Lk. 3.
  70. Wenemaa Ew.-Lutheruse usu koguduste abikassa aastatel 1858–1898 // Ristirahwa Pühhapäewaleht. 1899. № 42. 17.10.1899. Lk. 339.
  71. Wenemaa Ew.-Lutheruse usu koguduste abikassal // Postimees. № 232. 18.10.1899. Lk. 1.
Основные термины (генерируются автоматически): URL, Казахстан, Петровка, дата, обращение, Самар, мена, рубль, эльба, Эстония.


Ключевые слова

Эстония, эстониялықтар, Қазақстан, көші-қон

Похожие статьи

Рынок рыбной продукции в Российской Федерации

Снижение цены отмечается по филе в заморозке на 14,8 %, сельдь соленую или в рассоле на 6,1 %, рыбу мороженую на 4,8 %. В период с 2020 года по 2021 год средняя цена производителей на консервы выросла на 17,7 % и составила 53 064,07 руб./тыс. условных банок.

Дипломатические и торговые связи Бухары с Россией XVI-XVIII вв.

В XVII в. очень оживлялся путь из Бухары по Сары-Су, через центральные районы Казахстан в Тобольск и оттуда в Поволжье и внутренние районы Русского государства. Иногда среднеазиатские купцы ездили из Русского государства в Среднюю Азию через Иран.

Патриотическое воспитание современной молодежи

В данной статье рассматриваются особенности патриотизма и его влияние на формирование молодого поколения.

Инструкция: Поиск публикаций автора на eLIBRARY.RU

Обычно публикации после добавления в базу данных портала обрабатываются в автоматическом порядке и появляются в числе работ, которые возможно относятся к конкретному автору. В таком случае можно воспользоваться стандартным функционалом...

Концепция разделения властей Джона Локка | Статья в журнале...

Локк «Два трактата о правлении». URL: https://clck.ru/MKsgf (дата обращения: 03.05.2021).

URL: https://clck.ru/Ud4pZ (дата обращения: 03.05.2021). История политических и правовых учений: учебник / под ред. О. Э. Лейста.

Стратегия перевода как термин в переводоведении

В статье дается определение понятий «перевод» и «стратегия перевода» на основе рассмотрения основных принципов выполнения перевода, обязательных для соблюдения переводчиком на этапе предпереводческого анализа текста. Стратегия перевода является...

Опубликовать статью в журнале «Молодой учёный» №21...

144 руб./страница. Доступ к электронной версии.

Түркі халықтарының қалыптасуы | Статья в журнале...

Дата публикации: 12.10.2015 2015-10-12. Статья просмотрена: 34810 раз.

16. Поляков С.П. Историческая этнография Средней Азии и Казахстана. М., 1980.

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало.

Электронное декларирование в основе удаленного выпуска товаров

В статье рассмотрены положительные и отрицательные стороны электронного декларирования, анализ выпущенных деклараций, преимущественные аспекты внедрения технологии удаленного выпуска товаров в работу таможенных органов, а также внедрение Блокчейн в деятельность...

Похожие статьи

Рынок рыбной продукции в Российской Федерации

Снижение цены отмечается по филе в заморозке на 14,8 %, сельдь соленую или в рассоле на 6,1 %, рыбу мороженую на 4,8 %. В период с 2020 года по 2021 год средняя цена производителей на консервы выросла на 17,7 % и составила 53 064,07 руб./тыс. условных банок.

Дипломатические и торговые связи Бухары с Россией XVI-XVIII вв.

В XVII в. очень оживлялся путь из Бухары по Сары-Су, через центральные районы Казахстан в Тобольск и оттуда в Поволжье и внутренние районы Русского государства. Иногда среднеазиатские купцы ездили из Русского государства в Среднюю Азию через Иран.

Патриотическое воспитание современной молодежи

В данной статье рассматриваются особенности патриотизма и его влияние на формирование молодого поколения.

Инструкция: Поиск публикаций автора на eLIBRARY.RU

Обычно публикации после добавления в базу данных портала обрабатываются в автоматическом порядке и появляются в числе работ, которые возможно относятся к конкретному автору. В таком случае можно воспользоваться стандартным функционалом...

Концепция разделения властей Джона Локка | Статья в журнале...

Локк «Два трактата о правлении». URL: https://clck.ru/MKsgf (дата обращения: 03.05.2021).

URL: https://clck.ru/Ud4pZ (дата обращения: 03.05.2021). История политических и правовых учений: учебник / под ред. О. Э. Лейста.

Стратегия перевода как термин в переводоведении

В статье дается определение понятий «перевод» и «стратегия перевода» на основе рассмотрения основных принципов выполнения перевода, обязательных для соблюдения переводчиком на этапе предпереводческого анализа текста. Стратегия перевода является...

Опубликовать статью в журнале «Молодой учёный» №21...

144 руб./страница. Доступ к электронной версии.

Түркі халықтарының қалыптасуы | Статья в журнале...

Дата публикации: 12.10.2015 2015-10-12. Статья просмотрена: 34810 раз.

16. Поляков С.П. Историческая этнография Средней Азии и Казахстана. М., 1980.

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало.

Электронное декларирование в основе удаленного выпуска товаров

В статье рассмотрены положительные и отрицательные стороны электронного декларирования, анализ выпущенных деклараций, преимущественные аспекты внедрения технологии удаленного выпуска товаров в работу таможенных органов, а также внедрение Блокчейн в деятельность...

Задать вопрос