Оқылым мәтіндеріне зерттеу жүргізу түрлі стильге сай жазылым дағдыларын дамытудың тиімді жолы ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №37 (327) сентябрь 2020 г.

Дата публикации: 11.09.2020

Статья просмотрена: 844 раза

Библиографическое описание:

Хусаинова, Р. А. Оқылым мәтіндеріне зерттеу жүргізу түрлі стильге сай жазылым дағдыларын дамытудың тиімді жолы ретінде / Р. А. Хусаинова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 37 (327). — С. 172-175. — URL: https://moluch.ru/archive/327/73552/ (дата обращения: 17.12.2024).

Автор мақаласында оқушының жазылым дағдыларын жоғары деңгейге көтерудің тиімді жолдарын іздестіреді. Өзінің іс-тәжірибесіне талдау жасай отырып оқылым мәтіндеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу жазылым дағдылары деңгейін көтеруге ықпал етеді деген қорытындыға келген. Тілдік пән мұғалімдеріне пайдалы болмақ.

Кілт сөздер: зерттеушілік дағды дамыту, мәтін талдау, жазылым дағды, тиімді әдіс-тәсілдер.

В статье автор ищет эффективные способы улучшить навыки письма студентов. Анализируя собственный опыт, он пришел к выводу, что работа текстами помогает повысить уровень навыков письма. Это будет полезно для учителей языковых предметов.

Ключевые слова: развитие исследовательских навыков, анализ текста, навыки письма, эффективные подходы.

Өзімнің тәжірибемді жетілдіру үшін іс-әрекеттегі зерттеуді «Мәтінді зерттеу арқылы шығармашылық жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады? деген тақырып таңдадым. З ерттеудің мақсаты: мәтінге зерттеу жүргізу арқылы оқушының жазылым дағдысын жоғары деңгейде дамытудың тиімді әдістерін анықтау және пән бойынша білімдерін жетілдіру болды. Зерттеу жұмысымның практикалық кезеңіне шолу жасап, өзімнің ой қорытындыларыммен бөліскім келеді.

Кез келген мәтінмен жұмыста сұрақ-жауап құрылады. Мәтінді зерттеуге жетелеу үшін сұрақты дұрыс қою арқылы проблемалық жағдаят тудыруға болады және білім алушының жоғары деңгейде ойлау дағдысы оянады. Өйткені тиімді сұрақ-жауап оқушыларды терең ойлануға, ойын дұрыс, негіздеп жеткізуге, негіздеу үшін дәлелдер іздеп, ресурстарға зерттеу жүргізуге дағдыландырады деп болжадым. Сөйтіп мен мәтінді зерттеу үшін оқушыларға ең алдымен тиімді сұрақ қойылу керек және өздері де құра алуы керек деп тұжырымдадым. Ал енді мәтінді сұрақ арқылы зерттеуі жазылымның сапасына қалай әсер ететінін көрейік.

Мысалы, «Топонимдік аңыздар»тақырыбындағы сабақта топтарға түрлі мәтін (аңыз, ертегі) берілді және мәтінге талдау сұрақтары қойылды [1]

  1. Жер су аттарына байланысты мәтіндерден не білдіңіздер?
  2. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қойыңыздар?
  3. Мәтіндегі тұрақты тіркестерді, көркемдегіш құралдарды теріп жазыңыздар
  4. Аңыздар мен ертегілер арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер қандай?

Сабақ соңында жер су атауларына байланыстырылып әңгіме жазу тапсырылды. Мәтінге талдау барысында оқушылар тақырып пен идеяны анықтауы өздері мәтін құрғанда тақырып таңдауына көмек етеді. Идеяны алып шығуына жол болды. Бөліктерге бөліп ат қоюы, өздеріне мәтін құруда абзацтарға бөлу, ойын жүйелі жеткізуіне ықпал етті. Ал мәтіндегі тілдік құралдармен жұмыс оқушының тапсырманы орындауы үшін ең қажетті сөздік қорды дайындайды.

  1. Сабақ барысында не қиын болды?
  2. Мақсатқа қалай қол жеткіздің?
  3. Нені жақсарту керек? деген сұрақтарға жауап алу барысында оқушылардың жазылым жұмысында кедергілердің аса көп болмағанын, өз жұмыстарына көңілдері толғанын байқадым.

Келесі бір қиындық стильдік ерекшеліктерді сақтап жазу еді. Негізінен сынып монолог, хат, диалог түрлерін айтарлықтай жақсы игерсе де, кейбір оқушылар әңгіме, ертегі, мақала, эссе, сын-пікір жазуда стильдік ерекшеліктерді ескеруде қиналады. Осыған байланысты төмендегідей тапсырмалар құрылды. Әдебиет пәнінен «Операдағы сөз өнері» бөлімі бойынша «Шығарма туралы әдеби сын-пікірлерді талдай отырып, сыни пікір жазу» оқу мақсатына қол жеткізуде жұптарға әдеби-сын пікірлерден 2 үзінді таратылды, төмендегі тапсырмалар берілді:

  1. Әдеби сын пікірлерді мұқият оқы.
  2. Кестені толтыр

Қарамен берілген сөздер мен сөз тіркестері

Мағынасы мен қолданылу мақсаты

Мұнда оқушы мәтіннің құрылымын зерттеу арқылы құрылымын сақтап жазуға, стильге сай жазуға бейімделді. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне талдау арқылы өзінің болашақ жазылым жұмысына қажет болатын сөздік қор қалыптастыра алды. Әдеби-сын пікірлерден үзінділерді оқып, тапсырмаларды орындаған соң, сабақтың екінші бөлігінде «Қыз Жібек» операсының өткен жүз жылдықтағы ұлттық мәдениеттің алтын қорына қосылатындығы жайында сыни пікір жазды. Өзара бағалады. Рефлексия кезеңінде стильге сай жазу қиындығын атаған оқушы болмады. [2]

«Мен пір тұтатын өнегелі адам» тақырыбындағы сабақ. Оқу мақсаты: Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу.(аргументативті эссе). Сабақ барысында Мақал-мәтелдермен жұмыс жүргізіледі. Мағынасын таратып айтуды сұралады. Бұл тапсырма оқушыға жазылымға қажетті идея тудыруды көздедді. Мысалы:

  1. Жақсы адам — елдің ырысы.

Жақсы жер — жанның тынысы. Т.б.

Осыдан кейін топтарға белгілі тұлғалар жайындағы естеліктер берілді. Оқушылар мәтіннің құрылымына талдау жасады, әр мәтіннің мазмұнын ашатын көркем тіркестерді таңдады. Өзара бөлісті. Негізгі жұмыс эссе жазу бастамас бұрын эссе жазудың қадамдары берілді

Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады: Жалпы пікір — оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікір — эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.

Негізгі бөлім — бір немесе бірнеше абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойларды талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.

Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.

Оқушы жазбақ жұмысына, эссеге азық болатын ақпарат алды, сөздік қорын толықтырды, эссе жазу алгоритміне сүйенді. Оқушылар негізінен жақсы жазып шықты.Рефлексия кезеңінде өз жұмыстарына көңілдері толғанын айтты. [2]

«Қазіргі әлемдегі жасөспірімдер» тақырыбына

150–200 сөзден тұратын мақала жазу барысындағы жұмыс..

Оқушылар 4 топқа бөлініп берілген мәтін бойынша «Екі жақты күнделік» толтырады.

Мен үшін маңызды ақпарат

Себебі

Тапсырма: мәтінді оқып, астарлы ойын анықтау, тақырыпқа қатысты ақпараттар мен фразаларды таңдау, постер әзірледі. [1] Қорғады, бөлісті. Қорытындысында жазылған мақала оқушылар үшін қиындық тудыра қойған жоқ, өйткені оларда пайдалануға қажетті ақпарат, фразалар, идеялар болды. 80 % жазылым жұмысы жоғары балл алды.

Ал тұтас емес мәтіндерді оқып, жазылым жұмысын жазуға байланысты өткізілген сабақта сұрақтармен жетелей отырып оқушылармен бірге шаблон құрылды. Оқушылар сұраққа жауап іздеу барысында мәтінге зерттеу жасады. Осыдан кейін өздері тапқан ақпаратты жазылымда қолданды.

  1. Диаграмма не туралы?
  2. Берілген диаграмма нені көрсетеді?
  3. Ненің дәлелі бола алады?
  4. Қандай мәлімет береді?
  5. Берілген диаграмма мәліметтерінің қандай ұқсастықтары бар?
  6. Нақты қандай деректерге келтірілген?
  7. Қандай мәліметтер берілген? Т.б

Сұрақтар негізінде құрылған шаблон төмендегідей болды

  1. Кіріспе

Диаграмма не туралы? сұрағына жауап жазады

Берілген диаграмма... көрсетеді (айқындайды, дәлелі бола алады, мәлімет береді).

Берілген диаграмма мәліметтерінің мынадай ұқсастықтары бар, мына тұсы өзгеше болып келеді.

  1. Негізгі

Қолда бар деректерге сүйенсек,

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей,

Ең үлкен көрсеткіш деңгейі..., ең төменгі көрсеткіш

Екінші орында...

Өзара айырмашылықтары

Тұтастай алғанда...

Мәліметтерді сараптай келе...

Осы жұмыстардан кейін оқушылар диаграмманы сипаттап жазды. Құрылымға сүйенді, сөз тіркестерін пайдаланды. Жоғары деңгейде сапалы сипаттама мәтін жаза алды

Қорытындылай келе, ж инаған бақылау жазбаларымды жинақтап, сараптап, қорытындылау барысында мен төмендегідей тұжырым жасадым. Сыныптың мәтінмен жұмыс дағдысы артты. Танымдылық белсенділігі артты. Оны оқушының бастапқы және қорытынды жұмыстарын салыстыру арқылы негіздей алдым. [3] Жалпы сынып оқушылары проблеманы тани алады. Барлығы да шешу үшін тәсіл таңдайды. Ізденеді. Болжамдар жасап дағдыланды. Оның дәлелі жыл соңындағы оқушылардың тоқсандық көрсеткіштерінің 80 пайызды көрсетуі. Жыл басындағы нәтижеге қарағанда жазылым жұмыстарының сапасы 20 % артты. Оқушылар мәтінді зерттей алады, ізденеді, шығармашылықпен жұмыс жасайды, сыни көзқарастары көрінеді.

Түрлі стильде жазылым жұмысын орындау үшін оқушылармен біріге отырып нақты қадамдары белгіленіп, алгоритм құрылды

  1. Диаграмманы сипаттауда
  2. Эссе жазғанда
  3. Мақала жазғанда

Бұл алгоритмдер сәйкесінше әр сабақта қолданылды.

Нені білдім? С абақ барысында мәтінмен жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылығын, ізденушілігін, талдау, жинақтау дағдыларын, ақпаратты сұрыптап ала білуге, бір шешімге келуге, мәселені шешуде тиімді жол таба алуға және өз өнімін түрлі стильдегі жазылым арқылы көрсете алуға ықпал етеді. Оқушыны жоғары деңгейде ойлауға жетеледі. Сондықтан мен қолданған тәсілдер арқылы жұмыс жүргізу әсіресе А,Ә оқушымен өте нәтижелі болатынын, ал Б оқушыға көбірек уақыт талап етілетінін білдім. Оны аталған мерзім ішінде бақылауда ұсталған А,Ә,Б оқушылардың нәтижесіне талдау арқылы көз жеткіздім. Сонымен қатар оқушыға оқылым мәтіндерін ұсыну сапалы жазылым дағдысына әкелетінін.

Жыл соңындағы жазылым дағдысының дамуына талдау нәтижесі оқылым мәтінге зерттеу жүргізудің жазылым дағдысы деңгейін көтерудегі тиімділігін көрсетті. Кедергі саналған сөздік қорының жұтаңдығын мәтіннің тілдік құралдарына зерттеу арқылы, стильдік кемшіліктерді мәтіннің стиліне талдау арқылы, құрылымын сақтап жазу үшін құрылымын талдау оң нәтиже берді.

Төмендегідей тұжырымдалды

  1. Мәтіннің тілдік құралдарына талдау арқылы сөздік қорды байытуға болады
  2. Мәтін құрылымына талдау арқылы стильді сақтап жазуға бағыт алады
  3. Мәтіндегі ақпараттарды сұрыптап қолдануға дағдыланады
  4. Жазылымда стильге сай қадамдар белгілену тиімді
  5. Әр қадам бойынша жоспарлау қажет

Зерттеу қорытындысы ретінде оқылым мәтіндеріне зерттеу оқушының жазылым дағдыларын дамытудағы тиімді жол екеніне көз жеткіздім.

Әдебиет:

  1. https://bilimdinews.kz/?p=85999
  2. https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3255-didaktika.html
  3. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования.-А.: Алем, 2000.
  4. https://kst.nis.edu.kz/wp-content/uploads/2018/01/KAK-PROVODIT-ISSLEDOVANIE-V-DEJSTVIJ.pdf
  5. https://www.slideshare.net/Alphakun1/2509–39559749
Основные термины (генерируются автоматически): мена, эссе, диаграмма.

Ключевые слова

зерттеушілік дағды дамыту, мәтін талдау, жазылым дағды, тиімді әдіс-тәсілдер

Похожие статьи

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Көркем аударма маңыздылығы

Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелер...

Ғимараттар мен құрылыстардың энергия тұтынуын оңтайландыру әдістері

Бұл мақалада жылу жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі — энергия тиімділігін арттыру және оны оңтайландыру мақсаттары сипатталған. Ең жоғары энергия тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін шаралар кешені ұсынылды.

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Білім беру ұйымының қазіргі кезеңдегі персоналды басқару жүйесінің ерекшелігі

Бұл мақалада қазіргі кезеңдегі білім беру ұйымының персоналды басқару ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны білім беру ұйымы қызметінің ерекшелігі, персонал функциялары, мотивациялық механизм мен мұғалімдердің дамуына тән ерекшелікт...

Менің инновациялық сабағым

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні — білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы — ақпаратп қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оны...

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі

Мақалада шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі, олардың қалыптасу және даму кезеңдері қарастырылады. Шаруа қожалығының ауыл шаруашылығындағы тұрақты динамикалық нысаны ретіндегі сипаттамасы келтірілген. Тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін олардың эконо...

Оптоэлектрондық көпарналы коммутаторларды эксперименттік зерттеулер

Бұл мақалада оптоэлектрондық көпарналы коммутаторларды эксперименттік зерттеу жүргізу арқылы коммутаторларды қолдану тиімділігіне талдау жасалды. Оптоэлектрониканың басты артықшылықтарының бірі-оны жасау мүмкіндігі, жоғары өнімді және сенімді түйінде...

Әл-Фараби — әдебиеттанушы хақында...

Бұл мақалада әлемнің екінші ұстазы, бар әлемге белгілі ғалым,философ, дәрігер,сазгер- Әл-Фарабидің тағы да жаңа қырынан көрсету мақсатында, ғалымның әдебиетші ретінде танымал болғанын дәлелдеу. Ол үшін біздер Әл-Фарабидің трактаттарын, фарабитанушыла...

Задать вопрос