Ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 июля, печатный экземпляр отправим 22 июля.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №22 (312) май 2020 г.

Дата публикации: 30.05.2020

Статья просмотрена: 6 раз

Библиографическое описание:

Баймен, Е. С. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері / Е. С. Баймен. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 22 (312). — С. 656-657. — URL: https://moluch.ru/archive/312/71017/ (дата обращения: 10.07.2020).

Берілген мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері талданады.

Кілт сөздер: туған ел, концепт, аударма, лингвомәдениет, тіл білімі, көркем-әдеби мәтіндер.

В данной статье анализируются лингвокультурологические аспекты концепта «Туган ел» (Отечество) в английском и казахском языках, а также проблемы перевода.

Ключевые слова: отечество, концепт, перевод, лингвокультура, лингвистика, художественно-литературные тексты.

Тілдің мәдениетпен тығыз байланысты екендігі барлығына айқын. «Лингвомәдениеттану» ұғымы қазіргі әлемде кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда мәдениеттің тілге және керісінше өзара әсеріне арналған көптеген ғылыми және публицистикалық еңбектер арналған. Тіл білімінің бұл бөлімі әсіресе аудармашылар үшін өте маңызды, өйткені кез-келген мәдениетте басқа тілге аударылуы қиын келетін өзіндік ерекше тұжырымдамалары болады.

Лингвомәдени бағыт концептті адамзаттың ментальды әлемінің феномены ретінде зерттейді. Осы терминді аталмыш бағытта С. Г. Воркачев, В. И. Карасик, В. В. Воробьев, В. А. Маслова, Г. Г. Слышкин, В. Н. Телия сияқты ғалымдар зерттеген. Заманауи тіл білімінде мықтап орын алған «концепт» терминімен түрлі гуманитарлық дисциплина өкілдері айналасуда.

«Концепт» сөзі Батыс Еуропаның ғылыми дискурсына Орта ғасырларда (XI-XII ғасырлар) енгізілді. Бұл терминнің дүниеге келуі философтардың әмбебаптар (универсалиялар) табиғаты мен онтологиялық күйі туралы дау кезінде пайда болуымен түсіндіріледі.

Ресейлік мәдениеттану бағытының төрағасы Ю. С. Степанов келесі ойды пайымдайды: «Концепт — бұл адам санасындағы мәдениеттің түйірі сияқты. Бір жағынан, концепт — ол «мәдени құндылықтарды жасаушы» емес, қарапайым адамның мәдениетке енуіне, ал кей кездері тіпті оған әсер етуіне ықпал ететін дүние» [1].

Концептілер сананың бірлігі бола тұра, түрлі тілдік мәдениеттердің өкілдері арасында ғана емес, сонымен бірге сол тілдік мәдениеттің өкілдері арасында да әр түрлі болуы мүмкін, өйткені әр адам әлемнің ұлттық бейнесімен бірге әлемнің өзіндік жеке картинасының иеленушісі болып табылады (сонымен бірге тілдік). Рональд Лангакердің ойынша: «…while meaning is identified as conceptualization, cognition at all levels is both embodied and culturally ambedded” [2] «…егер ұғым концептуализациямен анықталса, онда таным мәдениеттің барлық деңгейінде қалыптасады және бекітіледі».

«Туған ел» концептісіне келетін болсақ, бұл ұғым кез-келген адамзатқа жат емес, себебі қандай да бір ұлттың өз отаны, туып өскен жері, елі болады. Қазақ тілінің синонимдер сөздігінде «Туған ел» ұғымына қатысты келесі сипаттамалар беріледі: атамекен, отан, ел, туған жер, ата қоныс. Атамекен — ата-бабадан ұрпаққа мирас болып қалған ежелгі құтты мекен, туған ел, өскен жер [3].

Ағылшын тіліндегі «Motherland» және «Fatherland» концептілері қандай да бір адамның туған жерін немесе ата-бабаларының шыққан елін білдіреді. Алайда, кейбір елдер бірінші немесе екінші нұсқасын қолданады, ал басқа елдерде тіпті «Homeland» сөзін таңдайды. Бұл сөздердің арасындағы таңдау дәстүрге байланысты.

Кейбір елдердің тұрғындары өз елін әйел ретінде бейнелейді. Сол елдердің тұрғындары үшін шыққан жері — олардың отаны, яғни «Ана отаны» немесе «Отан анасы» болып табылады, мысалы, ресейліктер «Mother Russia» (Россия-мать, родина-мать) (Ана Ресей, отан ана) деген ұғымды ұстанады. ХІХ ғасырдың аяғында Үндістанның тәуелсіздік қозғалысы кезінде «Бхарат Мата» «Mother India — Ана — Үндістан» ұғымы пайда болды. Осындай ұғымды ұстанатын ел өкілдері отандарын дүниеге әкелуші ана ретінде қабылдайды.

Алайда кей елдер тұрғындарының қабылдауында олардың отаны ер адамзат ретінде танылады. Мәселен, Германияның мемлекеттік әнұранының ағылшын тіліндегі аудармасында «Unity and justice and freedom for the German fatherland!» делінген, бұл жол «Единство, справедливость и свобода для немецкого отечества!» (Неміс отаны үшін бірлік, әділеттілік және еркіндік!) дегенді қамтиды. Орыс тіліндегі «Отечество» деген сөз «Отец», яғни «Әке» деген ұғымнан шыққан. Латын тілінен пайда болған кейбір тілдерде «Father» (әке) мағынасынан шыққан «Pater» сөзіне ұқсас «Patriot» (патриот) концептісінің пайда болуына әкелді. Патриот — өз елін сүйетін адам.

Америка Құрама Штаттарында «Motherland» және «Fatherland» сөздері сирек қолданылады. Атап өткен сөздердің орнына американдықтар көбінесе «Homeland» концептісін пайдалануды қалайды. Себебі, «Homeland» сөзі шын мәнінде бейтарап (нейтралды) болып танылады. Бұл концепт салыстырмалы түрде жаңа және айтарлықтай тамырына енбеген, сондықтан американдықтардың өздері «Homeland» сөзін өз еліне қатысты жиі қолданбайды. Ал иммигранттар «Отан» мағынасында аталмыш терминдердің орнына «Old country» сөзін пайдаланады.

Атап өткен «Туған ел» концептісіндегі мәтіндер көбінесе көркем-әдеби шығармаларында кездеседі, сондықтан ағылшынның ұлы жазушы-ақыны Байронның туған еліне арнаған төмендегі өлең шумақтарын қарастырамыз:

Iwould Iwere acareless child

I would I were a careless child

Still dwelling in highland cave,

Or roaming through the dushy wild,

Or bounding over the dark blue wave;

The cumbrous pomp of saxon pride,

Accords njt with the freeborn soul,

Which loves the mountain’s coraggy side

And seeks the rocks where billows roll.

Еркін бөбек боламын мен

Еркін бөбек боламын мен,

Ойнақтаймын туған тауда.

Тербелемін толқынменен,

Сайраңдаймын бақша бауда.

Мен еркіндік жаным бар да,

Сүймен саксон қырсықты елін

Артық көрем мен онан да

Жартасты ұрған судың селін

Аударған: К. Бекхожин

Аударма үдерісінде көбінесе сөздікте берілген сөздер мен сөз тіркестерінің сәйкестігін пайдалану мүмкін емес. Мұндай жағдайларда сөздің немесе сөз тіркесінің ішкі формасын өзгертуден немесе оларды толығымен алмастырудан тұратын аударма трансформацияларына жүгіну керек. Дұрыс аудармаға жету аударма мәселесін жіті анықтап, ондағы қажетті трансформацияларды жүзеге асырумен байланысты.

Модульдеу (модуляция) немесе мағыналық дамыту дегеніміз — түпнұсқалық бірлік мағынасынан логикалық түрде туындайтын сөзбен аудару, яғни түпнұсқа тіліндегі сөзді аударма тіліндегі сөзбен алмастыру [4].

Аудармашылық тұрғыдан жоғарыдағы Байронның өлеңін аудару барысында трансформацияның модульдеу түрі басым болып табылады. Бұл көркем-әдеби мәтіндерін сөзбе сөз аудару мүмкін еместігін білдіреді. Көркем-әдеби жанрындағы мәтіндерді аудару барысында әр тілдің өзіндік лингвомәдениеті мен лексико-грамматикалық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Әдебиет:

1. Слышкин Г. Г. Лингвокультурные концепты и метаконцепты. — Волгоград: Перемена, 2004. — 340 с.

2. Langacker R. Foundations of Cognitive Grammar. — Stanford: Stanford University Press, 1987. — 1105 р.

3. [Электрондық ресурс]. Көру режимі: http://kaz.slovopedia.com/146/53392/1499216.html

4. [Электрондық ресурс]. Көру режимі: https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder17928/ %D0 %94 %D0 %B8 %D1 %81 %D1 %81 %D0 %B5 %D1 %80 %D1 %82 %D0 %B0 %D1 %86 %D0 %B8 %D1 %8F %20 %D0 %96 %D0 %B0 %D0 %BF %D0 %B0 %D1 %80 %D0 %BE %D0 %B2 %D0 %B0 %20 %D0 %B7 %D0 %B0 %D1 %89 %D0 %B8 %D1 %82 %D0 %B0.pdf

Основные термины (генерируются автоматически): XI-XII, ана, концепт, мена, немес.

Ключевые слова

концепт, лингвомәдениет, аударма, туған ел, тіл білімі, көркем-әдеби мәтіндер

Похожие статьи

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін...

Основные термины (генерируются автоматически) : мена, магия мен, магия, немес, москва, бар. Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені...

мена , Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі.

Признаковая и метафорическая модели концепта adventure на...

В статье обобщаются подходы к построению признаковой и метафорической моделей концепта ADVENTURE. Показывается валидность различных методик когнитивной интерпретации.

Репрезентация социобиологического концепта «мать/ана/mother»...

В статье представлен анализ социобиологического концепта «мать/mother/ана» в русском, казахском и английском языках на материале результатов ассоциативного эксперимента. Осуществлена лингвоког нитивная интерпретация полученных данных: изучена полевая...

Түркі халықтарының қалыптасуы | Статья в журнале...

XI ғасырда хазарлар оңтүстік орыс далаларында XIII ғасырда монғол-татарлар бағындырған және жойған қыпшақтарды алмастырды.

Дала көшпелілері адамзат тарихы мен мәдениетінде парсылар мен гректерден немесе римдіктерден кем рөл атқарған жоқ.

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале... Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленуші...

Немесе керісінше өзінің өміріне жауаптылық сезімі күштірек болғанда жоғарыда атап кеткендей агрессивті мінез-құлық артады. Жеткіншектік кезеңде өзіне жетіспей тұратын қарым-қатынасты агрессивті әрекеттермен ауыстырады немесе қиялға батып кетеді.

Семантические компоненты ядра концепта Дом в русском...

Концепт является одним из основополагающих терминов когнитивной лингвистики. В нем находит отражение связь языка, мышления и культуры народа. Через концепт можно прикоснуться к материальной и духовной самобытности этноса.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін құру

- бағалау үшін әдістер мен тәсілдер тарапынан, дайын түрде сатып алынатын заттар мен кәсіпорынның өзімен жасалатын немесе... мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Қашықтықтан оқыту жүйесін психологиялық тұрғыдан тиімділігін...

Бұл мәселелер бірінші кезекте балаға ауырлық тигізде. Агрессияға берілген ата-ана бала психикасына кері әсерін тигізіп жатканын түсінбей

Психологиялық тұрғыдан қашықтықтан оқытудың тиімділігін арттыру үшін. Ең бірінші кезекте мекеме психологтары ата-аналармен...

Задать вопрос