Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін шаруашылықта тиімді пайдалану мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 июля, печатный экземпляр отправим 15 июля.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №22 (312) май 2020 г.

Дата публикации: 01.06.2020

Статья просмотрена: 16 раз

Библиографическое описание:

Темирбеков, А. Т. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін шаруашылықта тиімді пайдалану мәселелері / А. Т. Темирбеков, Даурен Бахытулы Бахыт. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 22 (312). — С. 663-666. — URL: https://moluch.ru/archive/312/70546/ (дата обращения: 03.07.2020).

Мақалада: облыстың табиғи-аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің қазіргі жағдайына кадастрлық тұрғыдан талдау жасаутуралы.

Кілттік сөздер: ауыл шаруашылығы, сараланбалы рента, дифференциалды, баға.

В статье идет речь о кадастровом анализе современного состояния земель сельскохозяйственного назначения с учетом природно-территориальных особенностей региона.

Ключевые слова: сельское хозяйство, дифференциальная рента, оценка.

Адамзат қоғамының минералды — шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Қазақстан — жердегі минералды — шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың (олардың 29 –ы металдар) Қазақстанда 39 –ы алынады.

Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді. Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай –газ конденсаты, 6 мұнай –газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары 3 трлн. Текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90,4 % және газ конденсатының 100 % өндіріледі. Бұл регион Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тау — кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие (2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн.т — ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда).

Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік. Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:

– пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру;

– бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде өңдеу;

– пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау мерзімін ұзартуға ұмтылу;

– қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына басқа нәрсе қолдану;

– тау –кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялаужәне т. б.

Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын реттейтін және олардың рациональды, кешенді пайдаланылуына және экологиялық зардаптың алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар бар.Табиғатты қорғау аясындағы тау –кен игеру қызметі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қ Р заңымен реттеледі

Минералды тыңайтқыштар, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын өндіруде республика ТМД-да алдағы орында. Бұған Жамбыл облысының Қаратау аймағындағы шикізат негізінде жұмыс істейтін Жамбыл суперфосфат зауыты, Шымкент фосфорлы тұздар зауытының үлесі мол. Сондай-ақ фосфор зауыты Ақтөбеде, фосформен қоса азот, калий тыңайтқыштарын өндіретін зауыттар соңғы жылдары Маңғыстауда, Степногорскіде іске қосылды.

Минералды тыңайтқыштарды сөз еткенде, негізгі үш микроэлементтерден (азот, фосфор, калий) басқа өсімдік тіршілігіне өте аз мөлшерде болса да, қажетті микротыңайтқыштар туралы да айта кету қажет. Қазақстан топырағында бұл микроэлементтерден жетіспейтіндері мырыш, молибден, кобальт екендігі анықталып отыр. Осы микроэлементтерді егістіктерге немесе мал жайылымдық жерлерге қолдан енгізген жағдайда, егістіктің өнімі, ал жайылымдағы малдың қоңдылығы жоғары болады. Қазақстан агрохимиктері бұл салада әлі де ізденіс үстінде.

Біз жоғарыда тек минералды тыңайтқыштар туралы сөз еттік. Ал негізінен егіс өнімдеріне тек минералды тыңайтқыштар емес, сонымен қатар тыңайтқыштардың басқа түрлері де көп әсер етеді. Бұл тыңайтқыштар органикалық тыңайтқыштар, соның бір түрі жасыл тыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар болып бөлінеді. Органикалық тыңайтқыштардың көп тараған түрлері малдың көңі, көң садырасы, құс саңырағы, шымтезек, компосталған жасыл шөптер.

Органикалық тыңайтқыштарды күрделі немесе кешенді тыңайтқыштар деп те атауға болады. Себебі оның құрамында органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да бар. Органикалық тыңайтқыштардың бір түрі — жоғарыда айтылғандай, жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқыштар немес сидерация деп, еккен кезде топырақ құнарын көп талап етпей, өніп-өсіп жақсы өнім беретін көпжылдық, не біржылдық шөптерді өсіп-жетіліп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Тыңайтқыштың бұл түрі еліміздің-оңтүстігінде органикалық және азотты заттарға кедей, құрамы жеңіл топырақтарды (құмдақ) органикалық заттармен байыту үшін қолданылады. Бактериялы тыңайтқыштар өзінің атынан-ақ белгілі болғандай, тірі бактериялардан тұрады. Оның себебі: жоғарыда айтқанымыздай, топырақ түзу процесіне, оның құнарлылығына микроорганизмдердің, оның ішінде бактериялардың маңызы өте күшті. Тіпті кейбір бактериялар түрлері бұршақ тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында) түйіртпекті (клубни) болып өсіп ауадан бос азотты өз денесіне жинап, топырақтың тыңаюына көп “қолқабыс” тигізеді. Топырақ құрамындағы органикалық заттарды да ыдыратып, оны өсімдіктер үшін сіңімді қоректік заттарға айналдыратын да осы микроорганизмдер. Табиғи жағдайда көбінде топырақ микроорганизмдері топырақта өзінше өсе бермейді. Осы жағдайларды күшейту үшін топыраққа бактериялы препараттардың ішінен нитрагин, азотбактерин мен фосфорбактерин т. б. енгізеді.

Сонымен егістік жерлерге тыңайтқыштар енгізу мөселесі оңай шаруа емес. Бұған ұқыптылық пен сауаттылық қажет. Міне, осыларды ескере отырып, үкіметіміз егістікті химияландыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін барлық облыстарда, аудандарда арнайы химияландыру басқармаларын ұйымдастырған.

Арамшөптермен күресу шаралары. Экономикалық тиімділігі. Арамшөптерге қарсы алдын ала күресу шаралары, агротехникалық, химиялық және биологиялық күрес шаралары қарастырылған. Алдын алу шараларының негілгі міндсті — арамшөптердің тұқымдарымен вегетативтік көбею мүшелерінің таралуын болдырмау. Ол үшін өңделмейтін жерлердегі арамшөптердің тұқым шашуына жол бермеу керек. Ол үшін тұқымдарды арнайы тұқым тазалағыш машиналардағы елеуіштермен триерлерді пайдаланатын 1–2 класс деңгейіне көтеру қажет. Егер егінді жинау жұмыстары мезгілінде, кешіктірілмей жүргізілсе, арамшөптер тұқымының негізгі бөлігі комбайн бункеріне немесе сүрлемдік дақылдармен бірге көк балаусаға түседі. Дәнді бөлектеп жинағанда тікелей орып бастыруға қарағанда арамшөптердің тұқымдары жерге көп шашылады.

Сабанды тартылған, буландырылған, ұнтақталған күйінде малға беру керек. Арамшөптердің таралуына тосқауыл қоятын карантин шаралары болып табылады. Сыртқы карантиннің міндеті елге карантинге жататын арамшөптер тұқымдарының өтіп кетуіне жол бермеу болып табылады. Ішкі карантиннің міндеті карантинді арамшөптер бар алқаптардан олар жоқ алқаптарына таралуына тосқауыл қойған жөн.

Арамшөптерді агротехникалық шаралар арқылы жою. Ежелгі заманнан топырақты өңдеу арамшөптермен күресудің тиімді жолы болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның солтүстік облыстарында топырақты сыдыра жыртып өңдеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз паясын сақтауға, соның әсерінен қыста қар тоқтатуға, ал терең қопсыту қар суын сіңіруге жағдай жасайды. Топырақты негізгі өңдеу ең алдымен алғы дақылға байланысты. Сүрі танаптарда топырақ өңдеуді қарастырайық: алғы дақыл жиналғаннан кейін топырақ жазық тілгіш қопсытқышпен (КПШ-9, ПГ-3–5) 12–14 см тереңдікте өңделеді. Қара сұлымен қатты ластанған танаптарды күзде жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 имек тісті тырмалармен 4–6 см тереңдікке қосымша қопсытылады. Көктемгі жұмыс сүрі танапта қара сұлы жаппай көктегеннен кейін КПШ-9, КТС-10–01, ОП-8 қопсытқыштарымен өңдеуден басталады. Сүрі танабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы арамшөптер күйіне байланысты, олардың сабақтанып кетуіне жол бермеген жөн.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. " Қазақстан жолы-2050" — Астана, 18 қаңтар 2014 жыл
  2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы — Астана: Елорда, 2009–55 б.
  3. Оңтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ғ. Аяған.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. — 5–14б
  4. Қазақстанның географиялық атласы: Бейсенова Ә.С. — Алматы: «Глобус», 2003. 42–47б.
  5. Физико-географическое районирование М.1:75000000 //Национальный атлас Республики Казахстан, Алматы 2006 С. 123–124.
  6. Карта геология М.1:5000000 //Национальный атлас Республики Казахстан, Алматы 2006 С. 28–29.
  7. Кассин Н.Г Материалы по палеогеографии Казахстана, Алма-Ата, 1947. 169 с.
  8. Геоморфологическое районирование М. 1:7500000 // Национальный атлас Республики Казахстан, Алматы, 2006. 51с.
  9. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлығы. Алматы 1996жыл.
  10. Казахстан (Природные условия и естественные ресурсы СССР) под ред. И. П. Герасимова.- М.: Наука, 1969.482с
Основные термины (генерируются автоматически): казахстан, газ, кен, Национальный атлас Республики, мена, алматы.

Ключевые слова

баға, ауыл шаруашылығы, сараланбалы рента, дифференциалды

Похожие статьи

Түркістан облысының жер ресурстары, олардың сандық және...

Жер қоры, олардың жер санаттары мен жерді пайдаланушылар санаттары бойынша бөлінуі.

Көлемі жағынан суармалы егістік жер, республика бойынша 447 мың га жуық суармалы егістігі бар Алматы

Қазақстанның географиялық атласы: Бейсенова Ә.С. — Алматы: «Глобус», 2003.

Алматы қаласының экологиялық жағдайын бағалау

Алматы экологиясын қарастырған кезде ең басты мәселе атмосфералық ауаның ластануы болып табылады. Өкінішке орай, Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары болып сипатталады.

Көлік саласының дамуын мемлекеттік реттеу бағыттары

- Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын әзірлеуді жүзеге асыратын Қытайдың бірқатар ірі компанияларының әртүрлі жүктерді жеткізуге мүдделілігі.

Абдимомынова А.Ш., Ким В.В.Анализ современного состояния транспортной системы Республики Казахстан.

Жайық өзені алабының техногенді ластануы мәселелері...

Құрлықтың су ресурстары шектеулі болып табылады, бұл өсіп келе жатқан тұтынуды ескере отырып, уақыт өте келе әлеуетті даулы жағдайлардың туындауына әкелуі мүмкін. Жайық өзені Еуропаның ірі өзендерінің бірі болып табылады. Мақалада Жайық өзені алабының су...

Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік және экономикалық...

2-кестеден көріп отырғанымыздай моноқаласы ең көп облысқа 8 моноқаласы бар Қарағанды облысын жатқызуымызға болады, ал қаласы ең аз облыстарға бірнеше, яғни Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау және...

Топырақтардың мұнай өнімдерімен ластануы және оларды...

Мақалада мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды биоремедиация әдәсі арқылы тазартатудың нәтижелері келтірілген. Бөлініп алынған белсеңді штаммдардың негізгі көміртек көздерінде өсуі, олардың морфологиялық, физиологиялық-биохимиялық қасиеттеріне...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России.

Республиканың Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында Астана және Алматы қалаларында халық саны көші-қон және табиғи өсім есебінен

Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Қазақстандағы құс шаруашылығы кешенінің қазіргі жағдайы және...

Қазақстан үшін өзінің кеңбайтақ ұлан ғасыр аумағында әртүрлі құс өнімдерін өндіретін және сату мүмкіндіктері жоғарылату мен ауыл шаруашылық секторларын ұтымды орналастыру және мамандандыру мәселелерін шешу аса маңызды.

Кавказ халықтарының Қазақстанға депортациялануы тарихынан

Алматы: Арыс-Қазақстан, 1998.

Проблемы обеспечения экономической безопасности Республики Казахстан в условиях Таможенного союза.

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Задать вопрос