Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастырудың криминалистикалық сипаттамасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №21 (311) май 2020 г.

Дата публикации: 22.05.2020

Статья просмотрена: 36 раз

Библиографическое описание:

Сарсенбеков, Нурсултан Жумабекулы. Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастырудың криминалистикалық сипаттамасы / Нурсултан Жумабекулы Сарсенбеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 21 (311). — С. 787-790. — URL: https://moluch.ru/archive/311/70479/ (дата обращения: 24.04.2024).

Мақалада қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың шарттары мен жағдайларының қалыптасуы мен дамуына тікелей әсер ететін объективті және субъективті факторлар қарастырылады. Сондай-ақ, қылмыс жасау үшін жағдай жасау, оны жасыру материалдық және ақша процестерін реттейтін қаржылық, экономикалық, банктік және несиелік қатынастарды қолдану мәселелері қарастырылады.

Түйін сөздер: заңдастыру, кірістер, ақшаны жылыстату, заңнама, банктік қатынастар, экономикалық қылмыстар, қылмыстың сот-сараптамалық сипаттамасы.

В статье рассматриваются объективные и субъективные факторы, непосредственно влияющие на формирование и развитие условий и условий легализации доходов, полученных преступным путем. Также рассматривается формирование условий для совершения преступления, его сокрытие за счет использования финансово-экономических, банковских и кредитных отношений, которые регулируют материальные и денежные процессы.

Ключевые слова: легализация, доход, отмывание денег, закон, банковские отношения, экономические преступления, Криминалистическое описание преступления.

Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының жалпы ережелерін танымал ғалымдар 70–80-ші жылдары әзірлеген. Ғылыми тәсілдемелері мен пайдаланылған терминологияларында кейбір айырмашылықтардың барына қарамастан, түрлік криминалистикалық сипаттаманың барлық дерлік анықтамаларында ол қылмыстың белгілі бір жіктеу тобының криминалистикалық қатынас тұрғысынан мәнді белгілерінің салыстырмалы орнықтылығымен ерекшеленетін кейінгі типтеумен қылмыстық істердің репрезентациялық ауқымын зерттеуге және талдауға негізделген жалпылама ұғым ретінде қаралады. Сондай-ақ, нақты қылмыс сипаттамасы тергеушіге қылмыстың типтік криминалистикалық сипаттамасының мазмұнын нақты қылмыс ерекшелігіне бейімдеу үшін қажет. Осыған байланысты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы тергеу әдістемесінің маңызды құрылымдық элементі ретінде қаралады.

Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының сансыз көп анықтамаларын талдау және салыстыру мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы — бұл белгілі бір жіктелім тобындағы қоғамға қайшы әрекетті жасау оқиғасының, жағдайының, уақытының, орнының, тәсілінің және механизмінің типтік белгілері, дәлелдерді құрау мен оларды таратпаудың, нақты мәлімет көздерінің (ақпарат иесі) болжалды жерлері, тұлғаның типологиялық сипаттары мен кінәлілердің, айыпталушылардың мінез-құлық ерекшеліктері, қылмысқа қатысы бар басқа объектілердің сипаттары, сонымен қатар, аталған құрылымдық элементтердің байланыс түрі мен өзара және корреляциялық тәуелдіктерінің дәрежесі туралы жиынтық мәліметтерден тұратын ақпараттық жүйе. Криминалистикалық сипаттамалардың мазмұндылық және құрылымдық ұйымдастырылу деңгейі ғылыми зерттеу сапасына байланысты болады. Және де қылмыстың әр алуан түрлері мен топтарының криминалистикалық сипаттамаларының құрылымдық элементтерінің сәйкесінше әртүрлі ақпараттық және іздестіру маңызы болады.

Осылайша, экономикалық қызмет саласында қылмыстардың көпшілігі бойынша қылмыстық әрекет жасау тәсілі, сөзсіз, ең маңызды компонент болып табылады. Бұған қылмыс тәсілі мен айыптылар тұлғасы, залал сипаты және көлемі туралы мәліметтер, дәлелдеуге жататын басқа да жағдайлар, сонымен қатар, қылмыс ізінің біліну ерекшеліктері арасындағы айтарлықтай орнықты байланыс себеп болады. Мұндай ықтималдылығы жоғары байланыс экономикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардағы, шетел инвестициялары бар бірлескен кәсіпорындардағы, акционерлік қоғамдардағы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі, ұлтаралық корпорациялардағы ұйымдық, лауазымдық, материалдық-қаржылық, банктік және басқа да қатынастардың тұрақтылығы сияқты объективтік факторларымен; бухгалтерлік есеп ережелері мен қағидаларын, басқа да нормативтік талаптарды сақтау міндеттілігімен түсіндіріледі. Әрине, барлық аталған байланыстар мен қатынастардың айрықша ықтималдық сипаты тіпті экономикалық қылмыскерліктің корреляциялық тәуелділігінің салыстырмалы жоғары тұрақтылығы объективтік факторлардың қатты әсер етуімен түсіндірілетін түрлері бойынша да криминалистикалық сипаттамада қамтылған ақпараттардан тура және айқын қорытындылар жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл қатаң, бірақ әділ процессуалдық талаптармен және криминалистикалық ережелермен қамтамасыз етіледі. Дегенмен бұл қосымша ақпараттардың іздестіру қызметі үшін, нұсқалық процесті оңтайландыру үшін, проблемалық жағдайларды сәтті еңсеру үшін маңызы аса үлкен.

Кейбір криминалистер қаралатын ілімнің, ең алдымен, тергеу әдістемесі үшін, сонымен қатар, криминалистиканың басқа да бірнеше бөлімдері үшін әдіснамалық мәнін есепке ала отырып, қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді өздері жетілдіретін криминалистиканың жалпы теориясына қосады, 880 б.]. Криминалистикалық сипаттама элементтерін зерттеу өзектілігі — ол қылмыс жасау моделі болып табылады және соған сүйене отырып, криминалистика аясында қылмысты тергеу әдістемесі ретінде қарастырылатын тергеу моделі дайындалады.

Егер заңсыз қызметтен келген ақша заңсыз қызметке салынған жағдайда, «жылыстау» туралы сөз болуы мүмкін емес. Біздің пікіріміз бойынша, Қарағанды облысы Абай ауданының «Резерв» ММК «Высота» филиалы үшін 1 600 000 теңге сомасында құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындау туралы шарт жасасқан «Бика-2003» ЖШС директоры азаматша С. В. Машенцева турасында ҚР ҚК 193 б. бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қателік болды. ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс ісі жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша «Бика-2003» ЖШС құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүзеге асыруға алған лицензиясы лицензиарларды есепке алу кітабында тіркелмеген. Осылайша, С. В. Машенцеваның әрекеттерінде заңсыз кәсіпкерлік құрамы бар деп табылды. Кейіннен тергеуші С. В. Машинцеваның аталған қаржы операциясынан келген ақшалай қаражатты шартта келісілген жұмыстарды орындауға арналған құрылыс материалдарын сатып алуға жұмсауына байланысты ҚР ҚК 193 б. бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен заңсыз жолмен келген ақшалай қаражат заңсыз кәсіпкерлік қызметке салынған. Мұның өзі заңсыз жолмен келген ақшалай қаражатты немесе басқа мүлікті заңдастыру құрамын шектейді. Негізгі (алғашқы) қылмысты жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы сұрақ турасында да алалық туындады. Тергеушілердің көпшілігі екі қылмыс бойынша да айып таға отырып, бұл проблеманы дұрыс шешеді. Дегенмен көп соттар экономикалық және басқа қылмыстар жасап, оны іске асыру барысында заңсыз пайда көрген тұлғаларды айыптау жағдайында ҚР ҚК 193 б. негізсіз шығарып тастады [1].

Сонымен қатар, құқық қорғау және сот органдары қызметінің ұнамды мысалдары да бар. Сонымен, 2001 жылы 15 мамырда Тараз қалалық соты азамат С. Д. Мәжитовты ҚР ҚК 176 б. 2 б. «б», «в» тармақшалары бойынша, 193 б. 2 б. «б», «в» тармақшалары бойынша кінәлі деп тауып, фармацевтикалық фирманың материалдық жауапты тұлғасы бола жүріп, үлкен сомадағы дәрілік препараттарды заңсыз иеленіп, одан әрі жедел уақыт ішінде төмендетілген бағамен сатуына байланысты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Мәжитов өзінің қылмыстық әрекеті салдарынан болған жарты миллион теңгені құрайтын нұқсанды жазасын өтеу кезінде қайтаруға тиіс деген шешім шығарылды [2].

Әдебиет:

  1. Материалы уголовного дела по обвинению гр-на Ерусалимского Е. И. по п. «б» ч. 2 ст. 190, ст. 218, ч. 1 ст. 222, п. «б» ч. 2 ст. 193 УК РК // Архив Ка- зыбекбийского районного суда № 2 города Караганды.
  2. Қазақстан Республикасының ҚК 96 б. 28 және 41 тармағы.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Ключевые слова

заңнама, заңдастыру, кірістер, ақшаны жылыстату, банктік қатынастар, экономикалық қылмыстар, қылмыстың сот-сараптамалық сипаттамасы

Похожие статьи

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале... Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін...

Берілген мақалада азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін міндеттемелердің азаматтық заң бойынша құқықтық реттелуі қарастырылады.

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Ұлтымыздың сүйікті перзенті, қазақ тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмахановтың қоғамдағы орны, оның өмірлік жолы ерекше.

Метафоралық модельдердің ұлттық сипаты | Статья в журнале...

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма. Ешнәрсе үйретпеймін, Тек қана олардың оқуы үшін. Жағдай жасаймын». Альберт Эйнштейн. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң...

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Конфуций – Кун – Фу – цзы (« Кун Ұстаз ») – біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі...

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру...

Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманғы сипаты педагогтар мен білім беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды.

Егістік жерді тегістеудің заманауи технологиялары мен тегістеу...

Күріш ауыспалы егістігінде өсірілетін дақылдарды егерде жерді өңдеу жұмыстарының негізгі шаралардың бірі егістік алқаптарының бетін тегістеу жұмыстары.

Задать вопрос