Шет тілін оқытудағы тұлғаға бағытталған әдіс | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №20 (310) май 2020 г.

Дата публикации: 13.05.2020

Статья просмотрена: 191 раз

Библиографическое описание:

Жунисбаева, М. Т. Шет тілін оқытудағы тұлғаға бағытталған әдіс / М. Т. Жунисбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 20 (310). — С. 669-671. — URL: https://moluch.ru/archive/310/69992/ (дата обращения: 25.04.2024).

Бұл жұмыстың өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің өзгеру жағдайларына байланысты. Сондай-ақ, жоғары білікті мамандардың қажеттілігі, өсіп келе жатқан қоғамның қажеттіліктерімен байланысты. Шет тілі сабақтарында тұлғаға бағытталған әдісті қолдану заманауи оқытудағы басты мәселелердің бірі болып табылады. Университетте тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру және әрбір студенттің кәсіби-бағытталған дағдылары дамитын білім беру ортасын құруға үлкен назар аударылуы тиіс. Әрбір білім алушы — өз қажеттіліктері мен қалауы бар тұлға. Оқытушы шет тілі курсын дайындау және енгізу кезінде тұлғаға бағытталған әдістің барлық аспектілерін ескеруі қажет.

Тірек сөздер: жеке тұлғаға бағытталған әдіс, студент, бағалау, әдіс.

Актуальность этой работы связен с условиями изменения системы высшего образования. Также, потребности в высококвалифицированных специалистах связаны с потребностями растущего общества. Использование личностно-ориентированного подхода на уроках иностранного языка является одной из главных проблем современного обучения. В университете должно уделяться большое внимание созданию образовательной среды, где будут развиваться дальнейшая социализация личности и профессионально-ориентированные навыки каждого студента. Каждый обучающийся-личность, имеющее свои потребности и желания. Преподаватель должен учитывать все аспекты личностно-ориентированного подхода при подготовке и внедрении курса иностранного языка.

Ключевые слова: личностно-ориентированный метод, студент, оценка, метод.

Қазіргі қоғам экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда өзгерістерге ұшырады. Бұл трансформациялар жалпы білім беру жүйесіне де, атап айтқанда жоғары білім беру жүйесіне де қатысты. Қазіргі социумның жаңа экономикалық деңгейге көшуі жоғары мектептің жұмыс істеуіне де әсер етеді. Осыған байланысты техногенді өркениет педагогикасының «антропогендік өркениеттің гуманитарлық педагогикасына» ауысуы жүріп жатыр, оның негізінде «білім алушылар өз дамуының субъектілері болып табылатын» оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру идеясы жатыр [1].

Жалпы білім беру және шет тілдерін оқыту саласында, атап айтқанда, жеке тұлғаға бағытталған оқыту басым болып табылады. Оқыту мұғалімге немесе оқушыға бағытталған тәсілге, немесе осы екі тәсілдің үйлесуіне бағытталуы мүмкін. Ғасырлар бойы мұғалім барлық оқу үрдісінің негізгі буыны және жетекшісі болды. Шетел тілін оқытудың қазіргі жүйесі негізінен дәстүрлі, бірақ оқытушылардан жиі тұлғаға бағытталған әдістерін қолдануды талап етеді. Көп бөлігі бойынша «шет тілі" пәнінің оқу жоспарларын университеттердің оқу-әдістемелік басқармасы қабылдайды, онда мазмұны, кестесі, оқыту шарттары, қатысу саясаты және бағалау үдерісі сипатталады. Шет тілін оқытудың ерекшелігі ескерілмейді. Оқытушыға мұғалімнің жауап беретінін анық түсінетін қатаң нұсқаулықтар беріледі. Мысалы, оқытушыларға сағат саны белгіленген курс беріледі және олар оны алдын ала белгіленген уақыт кезеңінде, әдетте семестрде аяқтауға міндетті. Егер курс бөлінген уақыт аралығында аяқталмаса, оқытушылар оқу бағдарламасының орындалмау себептерін түсіндіруі тиіс. Осылайша, бір жағынан, оқытушыны оқушыларға бағытталған әдістерді пайдалануды сұрайды,ал екінші жағынан, оларды таңдау еркіндігін шектей отырып және оларға оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыптарын қамтып, белгілі бір уақыт ішінде мұны жасауға мәжбүрлейді. Бұл жағдайда болашақ маман бәсекеге қабілетті болу үшін авторитарлықтан, гумандылыққа және оқытушы негізгі рөл атқаратын дәстүрлі оқыту процесін, студентке бағытталған оқыту түріне ауыстырылуы қажет. Алайда, бұл ауысу білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде, барлық мамандар қатысқан жағдайда ғана мүмкін екендігін атап өткен жөн [2].

– Білім беру саласындағы мамандар мен басқару органдары мектептерде немесе жоғары оқу орындарында болсын, барлық деңгейлердегі қазіргі жүйе мен оқу бағдарламаларының сипатын қайта қарап, білім алушыға бағытталған оқытуды қамтамасыз ету үшін қажетті өзгерістер енгізуі керек.

– Оқытушылар тұлғаға бағытталған әдісті қолдану үшін жеткілікті құзыретті болуы тиіс.

– Оқытушының негізгі міндеттерінің бірі білім алушыларды ынталы жұмысқа және сабақтарға белсенді қатысуға ынталандыруы тиіс [4].

– Студенттер өз кезегінде оқу үрдісінде өз рөлінің өзгеруіне дайын болуы тиіс.

– Оқытушылар қолданылатын оқу-әдістемелік материалдарды жеке тұлғаға бағытталған әдіс талаптарына бейімдеуге тырысуы керек. Оларды дұрыс қолданған жағдайда студенттердің үлгерімінің объективті көрінісін көрсетеді [4].

– Оқытушы әр түрлі құралдарды (бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, IT-технологиялар) шетел тілін үйренуде студенттердің тұрақты ынтасын қолдау үшін пайдалануы тиіс [3].

Көптеген оқушылар арасында оқуға деген қызығушылықтың жоқтығы байқалады. Мұны барлық мүдделі тараптар: үкіметтегілер, педагогтар, білім беру саласындағы саясатты әзірлеушілер, мұғалімдер, ата-аналар және барлық қоғам байыпты қабылдауы тиіс. Барлығы осы проблеманың себептерін анықтау үшін шаралар қолдануы тиіс. Жеке тұлғаға бағытталған көзқарасқа қатысты барлық білім беру жүйесінің осал тұстарын анықтау үшін зерттеулер жүргізу қажет. Жеке тұлғаға бағытталған әдісті іске асыру жағдайы туралы білу үшін, білім алушылардың көп саны қамтитын жан-жақты зерттеу қажет.

Барлық жүйемен байланысты басқа қиындықтар — бұл бағалау және қатаң оқыту бағдарламасы, топтағы оқушылар санының көптігі және т. б. осының барлығы білім алушыларға бағытталған оқытудағы нақты прогреске қол жеткізу үшін елеулі кедергі жасайды.

Қазіргі бағалау жүйесі мәселелер тудырады. Өйткені оқыту әлі де дәстүрлі бағалау қорытындыланады. Дәстүрлі оқыту әдістерінің негізгі міндеті-жалғыз тестілеу әдісі арқылы жүзеге асырылатын бақылау. Дәстүрлі тесттер декларативтік білімді өлшейді: лексика мен грамматикалық ережелердің меңгерілуі, әр түрлі сипаттағы мәтіндердің дұрыс аударылуы [4; 5]. Олар студенттердің алған түсіну деңгейі мен дағдылардың тереңдігіне қатысты емес. Студенттерге бағытталған әдістерді қолдана отырып бағалау ойлау, сыни және шығармашылық, материалды терең түсіну және т. б. сияқты әртүрлі дағдылар мен қабілеттермен ерекшеленеді және өлшенеді. Журналдарды, файлдарды, блогтар мен жобалардың күнделіктерін пайдалана отырып, өзін-өзі бағалау немесе алқалық бағалау сияқты жаңа әдістерді қолдану керек [5].

Студенттерге бағытталған оқытуда студенттерге де, оқытушыларға да дайын және жеткілікті ресурстар саны қол жетімді болуы керек, оқыту процесінің екі жағы да таңдау, тапсырма беру, іс-шараларды ұйымдастыру және т. б. мүмкіндігіне ие болуы керек. Бұл әрқашан мүмкін емес. Сонымен қатар, жақсы жабдықталған және заманауи кітапханалар барлық жерде қол жетімді емес.

Осылайша, бүгінгі күні Білім берудегі жағдай мынадай, әкімшілік жүйе оқытушыға таңдау еркіндігі берілетін белгілі бір бағдарламаны ұстануға тиіс. Оқытушы-энтузиаст оқушыларға бағытталған әдістерді енгізу немесе оларды пайдалану барысында, ол белгіленген бағдарламаны орындау және оны белгіленген уақытта аяқтау немесе белгілі бір тақырыпты өз таңдауы бойынша емес оқыту қажеттігі сияқты қиындықтарға тап болады.

Біздің пікірімізше, Қазақстан мектептерінде оқушылар ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгермейді. Яғни, орта мектептерде оқушылардың көпшілігі грамматикамен ғана шектеледі, ал сөздік қорларына көп көңіл бөлмейді. Осыған байланысты, ел мектептерінде үйде оқып, сыныпта мазмұндайтын қосымша пән енгізуді ұсынар едік. Кітаптар оқушылардың деңгейіне сәйкес әдеби, ғылыми-танымдық, детективтік сияқты тематикаларын қамтуы тиіс. Бұл енгізу, оқу дағдысын дамытумен қатар, оқылған материалды мазмұндау арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға және сөздік қорын көбейтуге көмектеседі.

Тыңдап үйрету жаттығулары шет тілі сабағында техникалық құралдарды тиімді пайдалану арқылы іске асады. Соңғы кездері қатысымның экрандық, аудио, визуальдық құралдары адам танымына жақсы әсер ететіні дәлелденіп отыр. Дыбыстық сезім арқылы, көру сезімі арқылы, тыңдау арқылы қабылдау мәселесіне қазіргі зерттеушілер үлкен мән беріп отыр. Мысалы: бейнефильм үзіндісінен ойға түйгеніңді жаз (эссе жаз); диктордың оқыған мәтіні бойынша автордың негізгі ойын тауып жаз т. с.с. тапсырмалар оқушының ойды тиянақты етіп, байланыстырып жазуына мүмкіндік ашады. Мұны әр түрлі, үн таспа, бейне таспалар, радио, телеарналарды тыңдау, сөйлеу тілі лабораторияларында жұмыс істеу,шет тіліндегі әндер тыңдату, аудиокітаптар және басқа да практикалық жолдардан өту арқылы іске асады.

Жазбаша дағдылар туралы, оларды түрлі тақырыптарға диктант жазу арқылы дамытуға болады. Бұл оқушыларды ағылшын тілінен сауаттылыққа үйретеді.

Сондай-ақ қорытынды бағалауды тек тестілеу арқылы ғана емес, сөйлеудің төрт түрлі дағдыларының нәтижелеріне сүйене отырып жүргізу қажет екенін атап өткіміз келеді. Тестілеу тілді білу деңгейін анықтаудың тиімді жолы болып табылмайды. Себебі, ол көбіне грамматика және ережелермен ғана шектеледі.

Ең маңыздысы-оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығы. Оқушылар пәнге деген қызығушылықсыз дами алмайды. Мысалы, Қазақстандағы ана тілі мен екінші тілді (орыс тілі) алып қарайтын болсақ, оларды бала кезінен барлық жерде (үйде, теледидарда, радиода, көшеде, дүкенде және т. б.) кездесіретіндіктен және оны практикалық түрде естіп қолданғандықтан оңай үйрену басымдығына ие болды. Ал ағылшын тілінде бәрі керісінше. Қоғамдық резонанс жоқ. Бұл ағылшын тілін үйренуге негізгі кедергі болып табылады. Бұл мәселенің шешімі субтитрлермен ағылшын тілінде мультфильмдер көрсетілетін телеарна болуы мүмкін.

Қорыта келгенде, тыңдап-түсіну, жазу, оқу, сөйлеу дағдыларысыз шетел тілін өз дәрежесінде, жетік меңгеру мүмкін емес. Бұл дағдылар бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың әр қайсысының орны бөлек және оларға мейлінше жеке сабақ уақыты бөлінуі қажет. Сонымен қатар, шетел тілін уйретуде әрбір тұлғаның қабылдау ерекшеліктері ескерілуі керек. Сонда ғана білім сапасы көтеріліп, әрі сабақ қызықты өтеді. Демек, жеке тұлғаға бағытталған оқытуды басты назарға алуымыз керек.

Әдебиет:

  1. Г. В. Рогова, Ф. М. Рабинович, Т. Е. Сахарова. «Методика обучения иностранным языкам в средней школе». Москва 1991г. 104–123 беттер.
  2. Г. Н. Амандықова, Ш. Е. Баймұқанова, А. Н. Бисенғалиева. «Шет тілін оқыту әдістемесі». Астана 2007ж. 59–62 беттер.
  3. «Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері». Ғылыми әдістемелік журнал. 2011ж 3(57). 41–43 беттер.
  4. Нұрланбекова Е. «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, № 2, 2005 ж. 17–18 беттер.
  5. Н. И. Гез. Текст лекций по курсу «Методика обучения иностранным языкам в высшей школе» (Раздел «Аудирование»). Москва 1979, 6 -7 беттер.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, иностранный язык, личностно-ориентированный подход, Методика обучения, москва, немес.

Ключевые слова

студент, бағалау, әдіс, жеке тұлғаға бағытталған әдіс

Похожие статьи

Реализации личностно-ориентированного подхода в обучении...

Личностно-ориентированное обучение включает метод проектов, обучение в сотрудничестве, и разноуровневое обучение. Технология обучения в сотрудничестве(cooperative learning) разработана тремя группами американских педагогов: Р. Славиным из университета Джона...

Проект как метод реализации личностно ориентированного...

Ключевые слова: образование, метод проектов, личностно-ориентированный подход. В ходе обучения иностранным языкам выявляется ряд

Личностно-ориентированный подход— это методологическая ориентация в педагогической деятельности, позволяющая посредством...

Личностно-ориентированный подход к обучению и воспитанию...

Личностно-ориентированный подход к обучению и воспитанию учащихся на уроках иностранного языка.

Метод проектов как один из аспектов реализации личностно... Личностноориентированный подход на занятиях русского языка предполагает: активную...

Методика обучения иноязычной письменной речи в условиях...

В данной статье рассматриваются особенности обучения письменной речи на иностранном языке в процессе подготовки к ЕГЭ. Наиболее эффективно такое обучение будет реализовываться в рамках личностно-ориентированного подхода...

Личностно-деятельностный подход как основа формирования...

Методика личностно-деятельностного подхода характеризует переход в процессе обучения иностранным языкам от преимущественно информационных форм к активным методам и формам обучения. Важным условием является включение элементов проблемности...

Методика раннего обучения иностранным языкам | Статья...

Методика раннего обучения иностранным языкам. Данная статья посвящается основным функциям иностранного языка как школьного учебного предмета заключаются в развитии общей речевой способности школьника в его самом элементарном филологическом...

Профессионально-ориентированный подход при обучении...

Профессионально-ориентированный подход при обучении иностранному языку (педагогическая концепция).

Главное требование профессионально-ориентированного обучения иностранному языку — приблизить содержание и методы преподавания к...

Современные методы и технологии преподавания иностранных...

Методы обучения — это «упорядоченные способы деятельности учителя и учащихся, направленные на

На данном этапе развития методической науки основными методами обучения иностранным языкам является коммуникативный и конструктивистский методы.

Понятие личностно-ориентированного обучения, его виды...

Личностно-ориентированное обучение основывается на понятии того, что личность представлена системой всех ее психических свойств, которые составляют ее индивидуальность. В основу технологии личностно-ориентированного обучения заложен принцип...

О методах и технологиях интенсивного обучения иностранному...

Аннотация: Автор статьи обобщает опыт своих коллег в преподавании иностранных языков, подчеркивая при этом роль активных методов обучения, позволяющих интенсифицировать процесс обучения для более качественного достижения личностно-образовательных целей...

Задать вопрос