Жаңа Жібек жолы «Бір белдеу, бір жол» жобасының экономикалық, әлеуметтік саладағы негізі факторы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №18 (308) май 2020 г.

Дата публикации: 04.05.2020

Статья просмотрена: 1208 раз

Библиографическое описание:

Мылкайдаров, А. Т. Жаңа Жібек жолы «Бір белдеу, бір жол» жобасының экономикалық, әлеуметтік саладағы негізі факторы / А. Т. Мылкайдаров, Абзал Серикулы Егизбай, А. Б. Достан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 18 (308). — С. 573-576. — URL: https://moluch.ru/archive/308/69575/ (дата обращения: 18.12.2024).



Жаңа Жібек жолы халықаралық саясатта өзіндік орны бар аймақтық транзитке айналып отыр. Бүгінгі таңда Еуразия елдері мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) бірлесіп «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыруда. Жаңа Жібек жолы мен «Бір белдеу, бір жол» жобасының жүзеге асырылуы Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің жандануына ықпал еткені талданады. «Бір белдеу, бір жол» жобасының іске асырылуы Еуропа мен Азияның жан-жақты дамуына, әлемдік экономиканың дағдарысты еңсеруіне игі ықпал етеді. Сонымен қатар, Жібек жолының экономикалық белдеуінде жатқан елдердің бірлесіп дамуына да жаңа серпін береді. «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы жатқан елдердің өзара байланыстары мен өзара әрекеттесу мәселелерін танып-білу, кемшіліктерін айқындау мен оларды шешу жолдарын табу қазіргі қазақстандық саясат пен экономикаға, интеграция мен қоғам өміріне игі ықпал етеді. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді дамытуға өзіндік үлес қосады.

Түйін сөздер: Жаңа Жібек жолы, «Бір белдеу, бір жол» жобасы, Жібек жолының экономикалық белдеуі, 5С принципі — жылдамдық, сервис, транзит.

Новый Шелковый путь стал региональным транзитом, который имеет свое место в международной политике. На сегодняшний день совместно со странами Евразии и Китайской Народной Республикой (КНР) реализуется проект «Один пояс, один путь». Анализируется, что реализация нового Шелкового пути и проекта «Один пояс, один путь» способствовала активизации интеграционных процессов на евразийском пространстве. Изучение вопросов взаимодействия и взаимосвязей стран, находящихся в рамках проекта «Один пояс, один путь», выявление недостатков и пути их решения будут способствовать современной казахстанской политике и экономике, интеграции и жизни общества. Он вносит свой вклад в развитие интеграционных процессов на евразийском пространстве.

Ключевые слова: Новый Шелковый путь, проект «Один пояс, один путь», Экономический пояс Шелкового пути, принцип 5С — скорость, сервис, транзит.

Кіріспе

Мақала бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің біріне арналған, өйткені Жаңа Жібек жолы мен«бір белдеу, бір жол» жобасы көршілес аймақтармен ынтымақтастық өзара байланыстарының дамуы бүкіл Еуразия кеңістігіндегі саяси-экономикалық үдерістерге тікелей ықпал етуде. Осы тұрғыдан алғанда «Бір белдеу, бір жол» жобасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың өзара байланысу, өзара әрекеттесу мәселелері зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы зор. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелер осы зерттеу тақырыбын таңдауымызға әсер етті.

Зерттеудің нысаны Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер. Зерттеудің пәні Жаңа Жібек жолы мен«бір белдеу, бір жол» жобасы арасындағы бірлескен интеграциялық жобалар.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты — «Бір белдеу, бір жол» жобасы мен Еуразиялық экономикалық одақ: өзара байланыс пен өзара әрекеттесуін экономикалық және саяси талдау. Бұдан төмендегідей зерттеу міндеттері туындады:

– Жаңа Жібек жолы мен«бір белдеу, бір жол» елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды зерттеу;

– «Бір белдеу, бір жол» жобасының жүзеге асу барысын саралау;

– «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы Қазақстан мен Ресей, Қазақстан мен ҚХР-дың өзара байланысы мен өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелерін талдау.

Зерттеудің әдіс тәсілдері мен өзектілігі

«Ұлы Жібек жолы» Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим империясына дейін созылып жатты. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. «Ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан «Ұлы Жібек жолы» болып тарихқа енді.

Ұлы Жібек жолы — әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі болды. Батыс пен Шығысты жалғастырған бұл аймақта көптеген жолдар өтті. Сондай байланыс жолдарының бipi «көктас» (лазурит) жолы. Көктас Шығыс елдерінде ертеден асыл тас ретінде жоғары бағаланды. Бадахшан тауынан өңдірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Сирияға, Египет пен Анатолияға жеткізілді. Ал «нефрит» жолы Шығыс Түркістанды Солтүстік Қытаймен жалғастырды. «Нефрит» өзге елдерге таратуда делдал ретінде қызмет атқарды. Батыс Ганьсу мен Шығыс Түрістанның көп жерін алып жатты.

Ұлы Жібек жолына тармақ болып қосылатын жолдардың тағы бірі «Алтын жолы» және «Күміс жолы». «Алтын жолы» Ферғана, Ыстықкөл арқылы өтіп, Сібірге бастайтын, «Күміс жолымен» ОрталықАзиялық күмістерді керуендер күмісі аз елдерге Киев Русі мен Еуропа елдеріне қарай апаратын [1].

Батыстан Шығысқа баратын ежелгі сауда жолдарын былайша топтастыруға болады:

– Еуропа мен Азияны жалғастырған құрлықаралық маңызы бар жолдар (мысалы, Ұлы Жібек жолы);

– құрлықтық маңызы бар жолдар, бір құрлықтағы түрлі аймақтарды жалғастырды (мысалы, Бактрия мен Үндістанды);

– аймактық маңызға ие жолдар (мысалы, Бактрия мен Соғды елін, Бактрия мен Хорезмді жалғастырған жолдар);

– облыстық маңызы бар жолдар. Қала мен қала арасын, белгілі бір тарихи-мәдени аймақтың ішіндегі ірі елді мекендерді жалғап жатты;

– соқпақ, сүрлеу жолдар болса, елді мекеннің өз ішінде болатын.

Ұлы Жібек жолы қызметінің дамуы әртүрлі елдердің керуен жолдарына бақылау жасауға деген геосаяси қарсыластығына аса тәуелді болды. Ұлы Жібек жолының табысты қызмет eтyi үшін халықаралық саяси тұрақтылық қажет болатын. Ұлы Жібек жолы халықтардың достығы мен ынтымағының жарасымдылығы деп түсінген жөн. Оның қызметінің тарихынан тағылым ала отырып, бүгіндері жаңа мыңжылдықтың жолына түсе отырып, адамзат баласы қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және дамудың беріктігіне ұмтылуда.

VII ғасырдан кейін теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, дегенмен XV ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болды. Қазіргі жаһанданудың алыс үлгісі ретінде «Ұлы Жібек жолы» Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген. Өркениеттің индустриялық толқынына түрлі себептермен ілесе алмады.

Ежелгі Жібек жолын қайта жандандыру идеясы ЕуроАзиялық кеңістіктегі жаңа интеграциялық үдерістер тұжырымдамасы ретінде ұсынылған болатын. Бұл жоспар Ұлы Жібек жолы бойымен сауда дәліздерін салуға бағатталған. Оны жүзеге асыру Еуразияның геоэкономикалық картасын қайтадан қарауға алып келеді. «Ежелгі Жібек жолын қайта жандандыру экономикалық, әлеуметтік дамуға, саяси тұрақтылыққа негіз болып, ақыр аяғында осы жолдың бойында орналасқан елдердің қарыштап дамуына, бейбіт өмір сүруіне алып келеді». Жаңа Жібек жолы «бір белдеу, бір жол» жобасы экономикалық, әлеуметтік саладабүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақтарымен өлшенетін мегажоба.

Бұл мегажоба елдің мәдени және өркениеттік факторларын теріске шығармайтындай, экономикалық дамуды қамтамасыз ететіндей ықпалдастық орнатуда өте маңызды. Ондағы мегажоба аясында болады:

– біртұтас экономикалық кеңістік — халықтардың бірлесе табысты дамуының ауқымды бөлшегі ретінде;

– дамудың Еуроатлантикалық және Азиялық ареалдарын қосатын мықты буын ретінде қалыптасуы;

– жаңа жаһандық валюталық-қаржылық жүйенің бөлшегі болатын дәулетті өңірлік қаржы бірлестігі ретінде қалыптасуы;

– Еуразиялық интеграцияның геоэкономикалық, ал болашақта геосаяси жағынан буыны бекуі тек эволюциялық жолмен және ерікті түрде жүруі және жұртшылықтың кең қолдауына ие болуына негізінделген ықпалдастық [2].

Батыс пен Шығыстың заманауи нақты жағдайларын есепке ала отырып, солтүстік Еуразия мен Орталық Азия елдерінің біртұтас экономикалық, геосаяси, тіпті саяси кеңістігін біріктіру. Бұл бірлесіп даму, техносфера мен экономиканың жаңғыртылуы, шаруашылық заңнамалардың стандартталуы, тариф, квота және төлем құралдарының эмиссиясы салаларында тепе-теңдік саясатының жүзеге асырылуы, ортақ кедендік және көлік жүйесінің құрылуы, отын-энергетикалық кешенінің біріге жұмыс атқаруы, сонымен қатар қорғаныс және қарулы күш салаларының келісімдері қамтамасыз етіледі деген сөз. Яғни Жаңа Жібек жолы «бір белдеу, бір жол» аясындағы елдердің, оған қоса шекаралас мемлекеттердің аймақтық ықпалдасуына мүмкіндік беруі мүмкін. Бұл өз кезегінде Еуразиялық үлгіні жүзеге асырады.

Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуі тұжырымдамасында Қазақстан мен Орталық Азияға үлкен мән берілген. Стратегиялық жоспар бойынша өте үлкен аумақтарда құрылыс жұмыстары жүруде. Жоспарланып отырған инвестиция көлемі 200 млрд. юаньнан асып түседі. Бұл аймақтың дәрежесі мен даму әлеуеті географиялық артықшылығын қоса есептегенде, Ұлы Жібек жолымен тығыз байланысты [3]. Жаңа Жібек жолындағы «бір белдеу, бір жол» аясындағы негізгі ел Қазақстанның басты сауда әріптестері ҚХР мен Ресей.

Қытаймен арадағы байланыс да күннен-күнге артып келеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жобасы бойынша энергетикалық әріптестікте мұнай тасымалдаудың алыс арақашықтығына назар аудару қажет. Тасымалдаудың қашық болуы мұнай бағасына әсер етіп, оның қымбаттауына себеп болуы мүмкіндігі және Қытай ШҰАА-ның Тарим алабында анықталмағын энергетикалық ресурстардың ашылуы, еліміздің мұнай саласындағы бәсекелестігінде мәселелер туғызары сөзсіз. Қытай тарапынан орнатылатын мұнай құбырлары стратегиялық бақылауларды Қытайға қалдырып, бірқатар саяси ықпалдарды беретін болады. Сауда-экономикалық әріптестік бойынша тауар айналымының көлемі қолда бар мүмкіндіктерге сай келмейтінін атап өттік. Тиісті экспорт-импорт операцияларындағы реттеулер мен бақылаулардың жоқ болуы мәселелердің туындауына негіз болуда. Қазақстан Қытайға асыл металдарға жатпайтын металдардан жасалынған бұйымдарды және минералдарды (рафинатталған мыс, мыс сынығы) экспорттайды, ал, Қытайдан машиналар мен құрал-жабдықтар, химия өнеркәсібінің өнімдері мен тігіні бұйымдарын импорттайды. Аталған тізімді ұлғайтатын тетіктер бар. Алайда, әлсіз шекара маңы инфрақұрылымы, шектеулер, жүк тасымалдаудағы Қытай тарапынан жасалынатын техникалық кедергілер барлығы бірқатар мәселелерді ортаға шығаруда [4].

Дегенмен Қытай Қазақстан үшін дәстүрлі түрде негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2017 жылы Қытаймен сауда айналымының үлесі Қазақстанның жалпы сауда айналымының 12,3 %-ын құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 11,4 %-ға өсіп, 11,7 млрд.АҚШ долларды құрады. Ағымдағы жылы біз екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды өсіп келе жатқандығын байқап отырмыз. 2019 жылдың жеті айында тауар айналымы 8 млрд. АҚШ долларды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 31,2 %-ға жоғары (6,1 млрд. АҚШ долл.). Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және оның жоғары оң динамикасын сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру және іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнату туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақстандық тарап өзара саудада Қытайға қазақстандық өнімнің экспортын 60 тауар позияциясы бойынша 1,6 млрд. АҚШ долларға ұлғайту арқылы оң үрдісті нығайтуды ұсынды [5]..

Жыл басынан бері Қазақстан Қытайға 5,3 млрд долардың өнімін эскпорттаған. Мұнай мен газдан бөлек катодты мыс, титан бұйымдар, сұйық май эскпорты жыл сайын артып келеді. Кездесу соңында «Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd”. компаниясы мен «Евразия Food Corporation» май зауыты жыл сайын 500 мың тонна «Шедевр» күнбағыс майын Қытайға жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Сауда және интеграция министрлігі таратқан ақпарат бойынша Қазақстан Қытайға жасалатын экспорт көлемін тағы 1,6 млрд теңгеге ұлғайтпақшы [6].

Ал Ресей Қазақстан Республикасының негізгі сыртқы экономикалық серіктесі рөлін жалғастырып келеді. 2017–2018 жж. салыстырғанда 2019 ж. өзара сауда серпінінің бәсеңдеуіне қарамастан, салааралық және өңіраралық бағыттардағы екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты сақталуда.

2019 ж. қаңтар-қарашадағы сауда айналымы 17,2 млрд АҚШ долл. құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,9 %-ға артты. 11 ай ішіндегі РФ-қа қазақстандық экспорт 4,9 млрд долл. құрап, алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 2,3 %-ға, ал ҚР-ға келген ресейлік импорт 12,3 млрд долл.-ға жетіп, 3,1 %-ға өсті. 2019 ж. қаңтар-қараша нәтижелері бойынша Ресей тауар айналымының (19,9 % үлеспен) және ҚР-ға импорттың (35,8 % үлеспен) көлемі бойынша 1-орында және қазақстандық экспорттың көлемі (9,4 % үлеспен) бойынша 3-орында

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2005 жылдан 2019 жылғы 9 айға дейінгі мерзімде тікелей инвестициялардың жалпы мөлшері ҚР-дан РФ-қа — 4,2 млрд долл., ал РФ-дан ҚР-ға — 14,3 млрд долл. сомаларын құрады. Қазақстандық тікелей инвестициялардың жылыстау бағыттары тізімінде Ресей үшінші орынды, ал тікелей инвестициялардың Қазақстанға ағылып келу елдері арасында алтыншы орынды иеленуде.

Біздің елде 7066 ресейлік кәсіпорын және 3239 бірлескен қазақстандық-ресейлік кәсіпорын әрекет етеді (2019 ж. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша), бұл көрсеткіш бойынша да РФ үздік болып келеді, ресейлік компаниялардың ҚР-дағы шетелдік капитал бар жалпы кәсіпорындар санындағы үлесі 37,4 %. Қатынастардың қарқынды дамуына ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы 2018–2023 жж. арналған Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының бағдарламасына және екі елдің түрлі өңірлері арасында жасалған 200-ден астам шарттар мен келісімдерге негізделген өңіраралық ынтымақтастық жағдай жасап келеді.

Көлік және транзит саласындағы ынтымақтастықтың 2019 ж. аса маңызды бағыты ретінде қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінің инфрақұрылымын құру аясындағы өзара әрекеттесу жүзеге асырылды. Бұл мәселе Көлік жөніндегі шағын комиссия отырысы күн тәртібінің негізгі мәселелері қатарында қарастырылып, 2019 ж. 7 қарашада Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының форумы шеңберінде, екі мемлекет басшылары алдында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және ҚР Көлік министрлігі арасындағы қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмыс істеуі жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасына қол қойылды.

Қазақстандық-Ресейлік шекарадағы өткізу бекеттерін жаңарту өңірлердегі экономикалық белсенділіктің катализаторы ғана болмай, екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін барынша іске асыруды қамтамасыз етеді деп күтілуде [7].

Қорытынды

Қазіргі уақытта «Белдеу мен жол» инициативасының статистикасына барлық көлік-логистикалық, сауда-экономикалық, мәдени қарым-қатынас көрсеткіштері енгізіліп жатыр. Мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастық жетістіктері мен мәселелерінің ішінде «Бір белдеу, бір жолмен» байланыс шекарасы кеңейтілуде. «Жаңа Жібек жолы» жобасының артықшылығы «5С принципі — жылдамдық, сервис, баға, сақталу және тұрақтылықты» жүзеге асыруға негізделеді.

Қытайдың Жаңа Жібек жолы көліктік дәлізін құру туралы Стратегиялық бастамасы қазақстандық өнімдер үшін әлемдік нарықтарға жол ашады және де экономикалық зор табыс әкеледі. ҚХР төрағасының «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру туралы идеясы Қазақстан үшін аса табысты болмақ, себебі Қазақстан инфрақұрылымдық жобаларға көп инвестиция салды. Қазақстанның стратегиялық мақсаты Орталық Азия өңірінің ірі іскерлік және транзиттік хабына, Еуропа мен Азияны жалғайтын көпірге айналу. Көлік дәліздерінің Орталық Азия өңірі арқылы өтетін кез-келген нұсқасында Қазақстан транзиттік және логистикалық үдерістердің орталығы болмақ, бұл зор экономикалық нәтижелерге ие болуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін әлемдік нарықтарға қолжетімділікке ие болу маңызды.

Әдебиеттер:

  1. Махаeва А. Ш. Ұлы жiбeк жoлы. — Алматы: «Аpман-ПВ» баcпаcы, 2009. — 10 б.
  2. Назарбаев Н.Ә. Еуразиялық Одақ: Идеядан болашақтың тар развития.-Калининград: Ян ихына.// «Ақиқат», № 12, Желтоқсан, 2011 жыл. 5–11бб.
  3. Н. Назарбаев. «Евразийский Союз: от идеи к истории будущего» // Известия. — 25.10. 2011.
  4. Нысанбаев Д. С. Специфика Китая и особенности выхода на его рынки. — Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2006. — 123 с.
  5. https://inbusiness.kz/kz/last/byltyr-kazakstan-men-kytajdyn-sauda-kolemi-11–7-mlrd-aksh-dollaryn-kuragan
  6. https://inbusiness.kz/kz/last/kytaj-sujyk-majdyn-kolemin-arttyrudy-surap-otyr
  7. https://www.kazembassy.ru/kaz/dvustoronnee_sotrudnichestvo/ekonom_sotrudnichestvo/
Основные термины (генерируются автоматически): мена, млрд, Шелковый путь, Азия, Бактрия мен, один, VII, бар, евразийское пространство, РФ.


Ключевые слова

сервис, транзит, Жаңа Жібек жолы, «Бір белдеу, бір жол» жобасы, Жібек жолының экономикалық белдеуі, 5С принципі — жылдамдық

Похожие статьи

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы

Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі ны...

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Қазақстан республикасының ауылдарын дамытудағы мемлекеттік аудиттің рөлі (Қызылорда облысының мысалында): аксиома немесе парадокс

Мақалада Қызылорда облысының мысалында Қазақстан Республикасының ауылдарын дамытудағы мемлекеттік аудиттің рөлі қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені ел халқының жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Мақалада ауылды дамытуға бағытталған мемлек...

Жамбыл облысының геоэкологиялық жағдайы

Жамбыл облысында шаруашылық қызметтің экологиялық жағдайға әсерінің қарқындылығы соншалық, көптеген келеңсіз процестер қайтымсыз болып, аймақ тұрғындарының тіршілік ету ортасы оның өмір сүруіне жарамсыз болуы мүмкін. Қарастырылып отырған аймақта экол...

Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе?

Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді. Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістікте...

Абайдың «Қара сөздеріндегі» сопылықтың моральдық негіздері

Биыл Абай атамыздың туылғанына 176 жыл болмақ. Ұлы дана Абай атамыздың мерей тойына байланысты елімізде көптеген іс-шаралар, халықаралық және Республикалық конференциялар жоспарланған болатын. Дегенмен әлемдегі жұртшылықтың иманнан безіп, Тәңірін ұмы...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

Орта білім беруде виртуалды оқытудың тиімділігі

Қазіргі уақытта «Виртуалды» деген атау күнделікті өмірде көп пайдаланатын сөзге айналды. «Виртуалды» термині латынның «virtus» (лат. virtus — ақиқат) сөзінен шыққан. Қазіргі таңда осы «виртуалдық» ұғымы білім беру саласына да енді. Виртуалды білім бе...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары

Мақала «Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары» тақырыбын зерттеуге арналады. Мақала Қазақстан Республикасының жалпы туризм жағдайын және Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризмнің қазір...

Похожие статьи

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы

Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі ны...

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Қазақстан республикасының ауылдарын дамытудағы мемлекеттік аудиттің рөлі (Қызылорда облысының мысалында): аксиома немесе парадокс

Мақалада Қызылорда облысының мысалында Қазақстан Республикасының ауылдарын дамытудағы мемлекеттік аудиттің рөлі қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені ел халқының жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Мақалада ауылды дамытуға бағытталған мемлек...

Жамбыл облысының геоэкологиялық жағдайы

Жамбыл облысында шаруашылық қызметтің экологиялық жағдайға әсерінің қарқындылығы соншалық, көптеген келеңсіз процестер қайтымсыз болып, аймақ тұрғындарының тіршілік ету ортасы оның өмір сүруіне жарамсыз болуы мүмкін. Қарастырылып отырған аймақта экол...

Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе?

Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді. Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістікте...

Абайдың «Қара сөздеріндегі» сопылықтың моральдық негіздері

Биыл Абай атамыздың туылғанына 176 жыл болмақ. Ұлы дана Абай атамыздың мерей тойына байланысты елімізде көптеген іс-шаралар, халықаралық және Республикалық конференциялар жоспарланған болатын. Дегенмен әлемдегі жұртшылықтың иманнан безіп, Тәңірін ұмы...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

Орта білім беруде виртуалды оқытудың тиімділігі

Қазіргі уақытта «Виртуалды» деген атау күнделікті өмірде көп пайдаланатын сөзге айналды. «Виртуалды» термині латынның «virtus» (лат. virtus — ақиқат) сөзінен шыққан. Қазіргі таңда осы «виртуалдық» ұғымы білім беру саласына да енді. Виртуалды білім бе...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары

Мақала «Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары» тақырыбын зерттеуге арналады. Мақала Қазақстан Республикасының жалпы туризм жағдайын және Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризмнің қазір...

Задать вопрос