Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №18 (308) май 2020 г.

Дата публикации: 01.05.2020

Статья просмотрена: 70 раз

Библиографическое описание:

Жанжигитова, Г. Б. Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары / Г. Б. Жанжигитова, Ж. Б. Бейсенбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 18 (308). — С. 565-568. — URL: https://moluch.ru/archive/308/69499/ (дата обращения: 19.04.2024).



Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. Мақала басты екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең таңдалған үш сыныпқа жалпылама шолу, олардың жазылым дағдысы бойынша жалпы қателерін қарастырады. Мақақланың екінші кезеңі үш сыныптан жиналған нәтижелерді саралап, оларға ортақ және ең көп кезедеседі деген қатенің түрлерін қарастырады және оларды шешу жолдарын ұсынады. Сонымен қатар, мақала қатемен жұмыс жасалғанға дейінгі және кейінгі нәтижелерді диаграмма түрінде көрсетеді.

Кілт сөздер: жазылым, дағды, қатемен жұмыс, жаhандық азаматтылық, ойлау қабілеті, зерттеу, әдіс, стратегия

Данная статья включает в себя распростроненные ошибки старшеклассников при выполнении задания IELTS Writing-2. Статья обуснована на результаты исследования Lesson Study с участием учеников старших классов с разными уровнями владения английском языком. Статью дополняют две главные части: первая часть направлена на исследование выбранных классов и их общие результаты в академической письменной работе. Далее, втрорая часть основана на самые распространенные ошибки и рассматривает причины этих самых главных ошибок и даются рекомендации по поводу решения данных проблем. Также статья включает диаграммы по результатам учеников до и после работ над ошибками.

Ключевые слова: английский язык, письмо, академические слова, достижения результатов, распространенные ошибки, глобальное гражданство, мышление

Жазылым қашан да тілдік біліктіліктің, ой жүйріктігінің көрсеткіш құралы болып саналған. Жазылымның басқа дағдылардан оны оқшаулап тұрған басты ерекшелігі оның күрделілігінде жатыр. Оның басты қозғаушы күші ойлау және сол ойлау қабілетін жинақы жеткізу шеберлігі. Жоғары сынып оқушылары IELTS емтиханының жазылым тапсырмасымен жақсы таныс екендері белгілі. Алайда, басқа дағдылармен салыстырғанда жазылым тапсырмасынан оқушылар әлдеқайда төмен көрсеткіштер көрсетеді. Осыған байланысты, әріптестермен бірлесе отыра, зерттеу тақырыбы ретінде, жазылым тапсырмасы кезінде ең көп және ортақ қателерді анықтау және олармен қарқынды жұмыс жасауды мақсат етіп алдық.

Зерттеуге қатысқан жоғары сыныптарын A жазылым дағдысы төмен, В — жазылым нәтижелері орта деңгейдегі және С –жазылым тапсырмаларын салыстырмалы жақсы деңгейде деп 3 топқа бөліп қарастырдық. Зерттеу сабақтары аясында олармен жазылым дағдысы бойынша күнделікті жұмыс жасалып отырды және әр сабақтан соң тиімді кері байланыс беруді жоспарға алдық. Жіберілген қателерді саралай келе, жұмыс 2 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең: жалпы қателіктерді анықтау

Әріптестермен бірлескен жұмыс барысында, жинақталған нәтижелерден ең жиі кездесетін және оқушылардың көпшілігіне ортақ қателер түрі анықталды. (Сурет-1)

Бірінші кезеңде ұсынылған жауап, берілген тапсырманың мақсатымен сәйкес келуіне байланысты қателерге назар аудардық. A сыныбынан жинақталған нәтижелерге сәйкес, эссенің төмен академиялық деңгейде жазылғаны байқалды, бұған басты себеп ретінде: «unnecessary language that is typically used in spoken language» — күнделікті сөйлеу барысында қолданылатын қарапайым тілмен жазу. Оқушылар жазылым мен сөйлеу арасындағы стилистиканың айырмашылығын ескермеу себебінен осы қателікті жиі жіберді. Осы аталған қатемен жұмыс жасау үшін, оқушыларға ағылшын тілінің академиялық сөздерін сипаттамасымен бірге беру жөн саналды. Бұл оқушыларды «English through English» стратегиясы бойынша қажетті сөздерді аудармасыз, ағылшын тіліндегі түсініктемесімен меңгеруге жол жасайды. [3]

Ағылшын тілі қашан да қысқа, нақты және тұжырымды ойды жеткізуді басты мақсат етіп қояды. Осыған байланысты, саны көп жәй сөйлемдердің орнына күрделі сөйлемдерді қолдану өзекті мәселелер қатарына жататды. Бұл аталған жазылым дағдысының кемшіл тұсы В сыныбында жиі кездесіп отырды. Сонымен қатар, В сыныбында кездескен тағы бір кең таралған қателік: академиялық сөздерді орынсыз қолдану. Өкінішке орай, оқушылардың басым көпшілігі сөздерді жаттанды деңгейде қолданады және бұл жазылым жұмысының төмен бағалануына әкеліп соғады. Анықтап айтуға тиісті бір жағдай: жазылым жұмысындағы кездесетін сөздер мен сөз тіркестері өзара байланысты және жүйелі болуы өте маңызды.

Жазылым тапсырмасының мазмұнын ашу тек берілген тапсырманы түсіну және сол тақырып төңірегінде ой өрбітумен шектелмейді. С тобындағы оқушылардың басым көпшілігінің қателігі, берілген тапсырманы тек бір жақты түсіне және сол бағытта ғана ой дамыту. IELTS Task-2 жазылым тапсырмасы күрделі ойлауды және жоспарлауды қажет етеді. Берілген тапсырманың жан-жақты қарастырылуы және аргументтелуі маңызды. Бұл орайда оқушыларға ескерілуі керек басты нәрсе — жаhандық азамат ретінде ойлау және ұлт, дін, нәсіл нәмесе тағы басқа адамдарды топтарға бөлетін шектеулердің тұрғысынан емес, жалпы, кең тұрғыда ойлау.

Екінші кезең: Жиі кездескен қателіктердің түрлерін анықтау және оларды дұрыстауда берілген ұсыныстар:

Қателік-1.Тапсырманы дұрыс бағытта өрбіте алмау. Оқушылардың бұл қателікті жиі жіберуінің басты себебі ретінде олардың өз пікіріне немесе эмоциясына негізделген ой тізбегін беруін айтуға болады. Академиялық жазылымда тапсырманың стилистикасы сақталмаған жағдайда немесе берілген тақырыпты жеткілікті дәрежеде аша алмаса, қойылатын баға төмендейді. Бұған тағы бір себеп, алдын ала жоспарлаудың болмауы. Тапсырма көбіне жаhандық пробелмаларға негізделгендіктен, оның өзіне тиісілі идеялары және мағлұматтары жан жақты. Сол себепті алдын ала, әрбір абзацқа тиесілі идеяларды ұсыну маңызды және topic sentence ескерілу керек. (Topic sentence әр абзацтың алғашқы сөйлемі: бұл сөйлемде берілген ақпарат ары қарай аргументтелуі немесе дамуы керек) [2,15]

Қателік-2. Тапсырманы дұрыс түсінбеу. Әрбір тапсырма түрі өзіндік ерекшеліктерге ие және әрқайсысы өзіне тән амалдарды қажет етеді.Opinion essay (agree or disagree) келісу немесе келіспеуге негізделген тапсырма түрін жазу барысында оқушылар өз пікірін білдірумен ғана шектеледі. Ал шын мәнінде, бұл академиялық жазылым түрінде, эссенің басым бөлігі ұсынылған тұжырымдаманы жан жақты талдауға, аргументтеуге арналуы қажет.

Problem and solution essay (cause and solution). Проблема және оның шешіміне байланысты жазылым барысында оқушылардың басым бөлігі проблеманы толық ашпастан бұрын, бірден шешімдерді ұсынады. Жалпы, берілген проблема әлемге қатысты және ауқымды болғандықтан, бірінші сол проблема төңірегінде ой өрбіткен дұрыс және берілген проблеманы шешпеген жағдайда қандай қиындықтарға әкелуі мүмкін екені қарастырылуы керек.

Қателік-3. Академиялық тілді дұрыс қолдана алмау. Оқушылар көбіне жаттанды академиялық сөздер тізімін қолданады және көбіне ол сөздер орынсыз немесе мағынасы контектке дұрыс сәйкес келмеді. Егер IELTS Writing task-2 жазу барысында сөз тіркестер тілдің «табиғи қолданысына» сәйкес келмесе, жазылымның мағынасының дұрыс ашылмауына әкеліп соғады. Бұл орайда оқушыларға академиялық сөздерді тек жаттаумен ғана шектелмей, олардың қолданыс аясына да мән беру ұсынылды. Оқушылар айтылған ұсыныспен жұмыс жасағаннан соң және мұғалімнің басқаруымен сөз тіркестерін жүйелі үйлестіруге машықтану жұмыстарынан кейін біршама алға жылжу байқалды. [2, 18]

Қателік-4. Аргументтей алмау. Академиялық жазылымда қандай да бір идеяны ұсыну жеткіліксіз. Берілген идеяны ары қарай дамыту өте маңызды. Өз кезегінде, бұл қатемен жұмыс жасау үшін, оқушыларға «тұтқиылдан шабуыл жасау» әдісі арқылы сұрақтар қойылды: «Неге бұл ұсынылған идеяңыз маңызды? Егер ескерілмеген жағдайда, неге әкелуі мүмкін? Қандай себеп және салдары бар? Кімдерге әсер етеді және қандай ұтымды жақтарын атап өтуге болады?». Осы сұрақтар арқылы оқушының тек идеяны ұсынып қана шектелмей, оны ары қарай дамытуға машықтандыруды жоспарға алынды. Осы аталған сұрақтармен жұмыс жасалғаннан кейін оқушылар аргументтеуде жақсы нәтижелер көрсете бастады.

Қателік-5. Жаhандық азаматтық тұрғысынан ойламау — ең маңызды және ең көп кездескен қате түрі. Оқушылардың басым көпшілігі берілген проблемаға немесе тапсырмаға өз ұлтының, нәсілінің немесе басқа да адамдарды топтарға бөлетін шектеулердің тұрғысынан жауап берді. Жаhандық азаматтылықты ескерудің басты бір себебі, берілген тапсырмалардың тек белгілі бір елге емес, жалпы әлемге ортақ проблемалар, тұжырымдарға қатысты берілуі. Бұл қатемен жұмыс SWOT әдісі арқылы жүзеге асып отырды. Оқушылар берілген тапсырмадағы тұжырымның Strong — күшті жақтарын, Weak — осал тұстарын Opportunities — мүмкіншіліктерін және Threats — туындайтын қауіп қатерді тізу арқылы талдау жасады. Осылайша, әр тапсырманың мазмұнын 4 жақты ашуға тырысты. Мазмұнды қабылдау, түсіну, ұғыну және өзіндік баға беру арқылы талдау жасауды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген соң, оқушылар оң нәтижелер көрсете бастады. [1, 186]

C:\Users\user\Downloads\chart (2).png

Сурет-1. Кездескен қателіктердің түрлері және оларды дұрыстауда берілген ұсыныстар

Берілген ұсыныстармен және көрсетілген қателермен тиісті жұмыс жасалғаннан кейін, оқушылар біршама оң нәтижелерге қол жеткізді. (Сурет-2). Оқушылардың бастапқы нәтижелері band 5–5,5 арасында болса, қателіктермен жұмыс жүргізілгеннен кейін band 6–7,5 арасындағы нәтижелерге қол жеткізді

Қорытынды:

Қателермен жасалған жұмыстарды саралай келе, академиялық жазылым барысында, тапсырма мазмұнын ашу мақсатында ескерілуі жөн деп саналған бірнеше ұсыныстарды қорытындыладық:

− Оқушыларға тапсырмаға байланысты идеялар тізбегін жасау және жүйелі жоспар құрып алуды тапсыру қажет

− Өзара сәйкес келетін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. Бұл орайда оқушыларға түрлі ғылыми журналдар, мақалалар және кітаптар оқу ұсынылды.

− Тек пікір ғана емес, аргументтеуді ескеру. Ол үшін түрлі ойды ары қарай дамытатын сұрақтар қою. Ой тізбегінің бірізділі сақталуын қамтамасыз ету қажет.

− Тапсырмаға жаhандық азаматтық көзқараспен қарау.

− Жазылым басталмас бұрын, «SWOT» әдісі арқылы тапсырманың мазмұнына талдау жасап алу.

C:\Users\user\Downloads\chart (1).png

Сурет-2. Оқушылардың қатемен жұмыс жүргізгенге дейінгі және кейінгі көрсеткен жазылым дағдысы бойынша (IELTS writing task-2) көрсеткіштері

Әдебиет:

1. «Жоғары мектеп педагогикасы негіздері», Айгүлім Айтбаева, Ә. Қ. Мыңбaевa, Ә. М. Құдaйбергеновa, 2016

2. Dr Bruce A Smart, «IELTS band score 9, guide to writing high quality essays», 2015

3. Электронный ресурс: http://e-skills.kz/blog/ielts-blog/ielts-writing-vidyi-tem-esse-/-types-of-essays.html

Основные термины (генерируются автоматически): IELTS, SWOT, немес.


Ключевые слова

стратегия, дағды, жазылым, қатемен жұмыс, жаhандық азаматтылық, ойлау қабілеті, зерттеу, әдіс

Похожие статьи

The SWOT analysis method as a means of developing critical thinking...

The article deals with the implementation of the method of SWOT analysis in teaching English to non-philological educational establishments as one of the most effective methods of developing...

The iTEP examination as a new way to evaluate the level of English...

[3] IELTS: International English Language Testing System. Элементы игры при групповой

15 % of the respondents went to the USA to develop leadership skills and enhance language skills.

Целесообразность преподавания английского языка по системе...

Аббревиатура IELTS расшифровывается как International English Language Testing System – международная система тестирования по английскому языку.

Из истории стандартизованных языковых тестов IELTS и TOEFL...

Данная статья посвящена диахроническому рассмотрению стандартизованных систем тестирования IELTSи TOEFLпо их соответствию с изменениями в теориях методики...

Influence of international trips on student academic achievement

IELTS (International English Language Testing System) – тест. И если TOEFL и IELTS – экзамены диагностические (условно говоря, «пришел и сдал»), то кембриджские экзамены типа...

Business plan as an instrument for strategic business management

SWOT-analysis allows to evaluate the strengths and weaknesses of the company; consider the threats and possibilities of business development. Table 2 represents SWOT analysis of “Sweet Life” Ltd.

Подготовка к экзамену IELTS: легко, просто и доступно

IQschool – крупнейший языковой центр. Вниманию клиентов комплексный поход, позволяющий осваивать навыки письменной и устной речи, без труда понимать язык...

Некоторые особенности подготовки к сдаче международного...

IELTS (International English Language Testing System) – тест, для. Все нижеуказанные экзамены по английскому языку состоят из 4 разделов: аудирование, говорение, чтение и письмо.

Білім беру мазмұнының психологиялық мәселелері

«SWOT-талдау» әдісі - сабақты қорытындылау кезеңінде және кері байланыс түрінде қолданылады. Берілген мәселені ойлауға, талдауға және салыстыруға негізделген.

Developing writing skills by practicing in student`s self-studying

Аббревиатура IELTS расшифровывается как International English Language Testing System. И если TOEFL и IELTS – экзамены диагностические (условно говоря, «пришел и сдал»), то...

Похожие статьи

The SWOT analysis method as a means of developing critical thinking...

The article deals with the implementation of the method of SWOT analysis in teaching English to non-philological educational establishments as one of the most effective methods of developing...

The iTEP examination as a new way to evaluate the level of English...

[3] IELTS: International English Language Testing System. Элементы игры при групповой

15 % of the respondents went to the USA to develop leadership skills and enhance language skills.

Целесообразность преподавания английского языка по системе...

Аббревиатура IELTS расшифровывается как International English Language Testing System – международная система тестирования по английскому языку.

Из истории стандартизованных языковых тестов IELTS и TOEFL...

Данная статья посвящена диахроническому рассмотрению стандартизованных систем тестирования IELTSи TOEFLпо их соответствию с изменениями в теориях методики...

Influence of international trips on student academic achievement

IELTS (International English Language Testing System) – тест. И если TOEFL и IELTS – экзамены диагностические (условно говоря, «пришел и сдал»), то кембриджские экзамены типа...

Business plan as an instrument for strategic business management

SWOT-analysis allows to evaluate the strengths and weaknesses of the company; consider the threats and possibilities of business development. Table 2 represents SWOT analysis of “Sweet Life” Ltd.

Подготовка к экзамену IELTS: легко, просто и доступно

IQschool – крупнейший языковой центр. Вниманию клиентов комплексный поход, позволяющий осваивать навыки письменной и устной речи, без труда понимать язык...

Некоторые особенности подготовки к сдаче международного...

IELTS (International English Language Testing System) – тест, для. Все нижеуказанные экзамены по английскому языку состоят из 4 разделов: аудирование, говорение, чтение и письмо.

Білім беру мазмұнының психологиялық мәселелері

«SWOT-талдау» әдісі - сабақты қорытындылау кезеңінде және кері байланыс түрінде қолданылады. Берілген мәселені ойлауға, талдауға және салыстыруға негізделген.

Developing writing skills by practicing in student`s self-studying

Аббревиатура IELTS расшифровывается как International English Language Testing System. И если TOEFL и IELTS – экзамены диагностические (условно говоря, «пришел и сдал»), то...

Задать вопрос