Абай философиясындағы адам мәселесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №18 (308) май 2020 г.

Дата публикации: 29.04.2020

Статья просмотрена: 10328 раз

Библиографическое описание:

Абдираманова, А. Т. Абай философиясындағы адам мәселесі / А. Т. Абдираманова, Г. М. Ибраев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 18 (308). — С. 547-549. — URL: https://moluch.ru/archive/308/69463/ (дата обращения: 22.12.2024).



Берілген мақалада Абай философиясындағы адам мәселесі талданады.

Кілт сөздер: философия, адам, болмыс, сана.

В данной статье анализируется проблема человека в философии Абая.

Ключевые слова: философия, человек, бытие, сознание.

Қазақ халқы егемендікке ие болып, қоғамның саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерге ұшырауына байланысты, еліміз тарихи дамудың жаңа серпінді сатысына көтерілді. Осыған орай бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруда, ұлттық дүниетанымда, ұлттық санада елеулі идеялардың жаңғыруымен, халықтың табиғи болмыстық ерекшеліктерін толықтай танып-түсінуге бетбұрыс жасалына бастады.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев — қазақ халқының данышпан ойшылы, ақын, философы. Ол қазақ мәдениетінің өсіп дамуына, қалыптасуына үлкен ықпалын тигізген ұлы ғұлама. Абай өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болған ойшыл. Өз заманының озық ойлы, орақ тілді, қоғамның рухани өмірінде өзгеріс жасауға ынта қойған ағартушы, қазақ қоғамында мәртбесі өте жоғары тұлға.

Қазақ халқы ежелден тамырын тереңге жайған, қилы замандарда өз салт-санасын, дәстүрін, тілін, дінін сақтап келе жатқан ұлт. Ежелден қазақ халқы жастардың тәрбиесіне ден қойған. Ұлттық тәрбиенің қай кезеңде болмасын алға қойған мақсат — өз топырағында Табиғат Анамен тылсым бірлікте өмір сүре отырып, одан өзіне таусылмас күш, нәр алып, біртұтастық гармонияда бола білу арқылы қоғамда үйлесімді дамуда елінің өткені мен болашағын жасау қадамдарын басқалармен сыйласымда, адамгершіліктен аттамай өмір сүру өнегесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ұлы тұлғалардың өнегесі арқылы ұрпақты тәрбиелеу қазақ халқында ежелден-ақ келе жатқан үрдіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев: «Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», — деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды» [1]. Абай қазақ даласына адам болмысының негізі ретінде білімді әкелді, оны даму принципімен байланыстырды. Халқының надандықтан құтылып, әлемдік мәдениет қазынасын да игере білгенін қалады. Зердені дәріптей отырып, ол жаңа құндылықтық бағдарларды, өмір мәнін, адам бақытын жаңаша түсінуді қалыптасырды.

Абай өсиеті, ақыл-ойы қазақтың алға дамуының сарқылмас қайнар көзі. Жас ұрпақтың сана-сезімін оятып, олардың бойында ар, ұят, адамгершілік және басқа да қасиеттердің қалыптасуына Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің қайсысын алсаңда жастардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ықпалы зор. Абай қоғам шындығын, қоғамдық ойды көркем бейнелеп, адамның өнегелік қасиеттері туралы ілімді кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Абай адамды философиялық, биологиялық-психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыда әр қырынан қарастырған. Себебі адам мәселесі оның дүниетанымының өзегі болды. Философия тарихында адам мәселесіне соқпаған, оның рухани және материалдық болмысының түрлі қырларын ой елегінен өткізбеген ойшылдар, философты, тұтас философиялық ағымдар мен мектептерді табу өте қиын. Адамзаттың дүниені, айнала ортаны танып-білуінің түп қазығы адам екенін тарих дәлелдеп келеді. Көне қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам — ақылды, өзін танып-білген адам-данышпан», — депті. Гректің тағы бір атақты ойшылы Фалестен: «Дүниедегі ең оңай не?» — деп сұрағанда: «Басқаға ақыл айту», ал «Ең қиын нәрсе не?» — дегенде: «Өзіңді танып-білу» деп жауап беруі де осыны білдіреді [6]. Адам әлемнің орталығы және асқар шыңы дей келе, оның қайшылыққа толы қоғамдық болмысының аясында қарастырады. Адамның жеке өмірі әрқашан қоғамдық игілікпен өлшенеді, сонымен қатар, ол жанұяны және мемлекетті жетілдіру үшін өзін жетілдіру керек. Осыдан келіп, адамның әлеуметтік, шығармашылық мүмкіндігінің шексіздігі туралы идея туады. Өз шығармаларында адамға мейірбандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу-жоғары имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі екенін негіздейді.

«Сенде бір кірпіш дүниеге тетігін тап та бар қалан» деп, қоғамда немесе мемлекетте әрбір жеке адамның өзіне тиесілі орны бар, оның мақсаты сол тиесілі орынды адаспай табу және бір-біріне існе кедергі жасамау екендігін баса айтады.

Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық қағидасы-бұл «Адам бол!» деген үндеуі — ол ойшыл ақынның шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үндеуінің этикалық мәні адамның өмірдегі міндеті мен рөлін жоғары бағалау. Адам — ақын көзқарасында ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махабаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн — аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер — таудың әшекейі, ал жердің сәні — адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!» деп жар салады [2]. Ойшылдың адамды адам қылатын ақылдың жайы туралы айтқаны.

Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойыды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек...

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек [4].

Абай ақыл, сана, психика заңдылығын терең түсінген. Бұл жолдардан тек ақылдың ғана құндылығы ғана емес, егер адам жүрегінде мейрімділік, ізгілік болмаса, таза интеллектің пайдасы жоқтығын көруге болады, Адамның өз ақылын дамытуда, ізгі және мейрімді болуы үшін өзін тәрбиелеуді орасан жігерді, қайратты талап етеді. Абай адам тұлғасын қалыптастыратын осы қасиеттерді өзара байланыста қарастырған.

Ақыл туралы әр заманның ойшылдары өз пікірін айтқан. Анаксагор ақыл туралы: «Басқа заттар барлығының бөлшегін иемденеді. Тек қана ақыл қарапайым, өзімен-өзі, еш затпен араласпаған. Ақыл өзімен-өзі тіршілік етеді. Ол барлық зарттардың ішіндегі жеңіл және тазасы, бәрін біледі және айрықша күшке ие. Жаны бар нәрсенің бәрін ақыл билейді», — деген пікірді айтады.

Ақылды тереңірек зерттеген ғалымның бірі — Кхенчен Трангу. Ол «Ақыл есікке ұқсайды. Есіктен әр түрлі адам кіреді. Ал ақыл арқылы адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері кіреді. Сол себепті үнемі зейінділік қажет», — дейді [5]. Сондай-ақ, ұлы ақынның «Адам өмірге ақылды болып келмейді — деп жазады, ол елді тыңдай отырып, олардың істерін көре отырып, еңбектеніп жүріп, жақсыны жаманнан ажырата бастайды, сөйтіп ақылды болмақ». Ендеше адамның ақылын тәрбиелеу, дамыту қажет. Өз ақылын бағындыру жігерліліктің, даналықтың белгісін білдіреді.

Ойшыл имандылық және адамгершілік философиясын дамытты. Тұлғаның айрықша бір белгісі — оның адамгершілігі екендігін айтады. Абай қазақ қоғамының болмысына үңіле қарап, адамгершілік мінез-құлық формасын ұсынады: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ — бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, бес асыл іс көрсеңіз» — деп әдептілік пен қайырымдылықты дәріптейді [3]. Абай — халқымыздың ұлттық мақтанышы. Оның ой-толғамдары терең адамгершілік мағынаға ие және тәрбиелік мәні жағынан баға жетпес құнды дүние.

Әдебиет:

1. Тоқаев Қ. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан // Егемен Қазақстан. -2020. — 9 қаңтар.

2. Ғабдуллин Б. Абайдың этикалық көзқарастары. — Алматы, 1970. — 104 б.

3. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармалардың екі томдық толық жинағы. 1-том. — А.,1995. — 336 б.

4. Бұл да сонда. 37 б.

5. Кхенчен Трангу. Практика умиротверения и прозрения. — Москва, Шечен, 2001. — 118 с.

6. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. — А., 2010. — 232 б.

Основные термины (генерируются автоматически): абай, мена.


Ключевые слова

философия, болмыс, адам, сана

Похожие статьи

Рухани бірегейлік ұғымын қысқаша талдау

Берілген мақалада рухани бірегейлік ұғымына қысқаша талдау жүргізіледі.

Қазақстандағы тіл мәселесі

Берілген мақалада Қазақстандағы тіл мәселесі қарастырылады.

Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы замана көріністері

Берілген мақалада автор Мағжан Жұмабаев лирикасының, соның ішінде табиғат лирикасының көркемдік қырын талдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен күні мен бүгінгі жағдайы

Берілген мақалада автор Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгінін қарастырады.

Педагогикалық қолдау технологиясының теориялық негіздері

Мақалада автор педагогикалық қолдау технологиясының теориялық негіздеріне қысқаша шолу жасаған.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Қазақ тіліне оқытудың практикалық және түзетушілік бағыттары

Берілген мақалада қазақ тіліне оқытудың практикалық және түзетушілік бағыттары қарастырылады.

Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы ...

Мемлекет болашағы Жастардың қолында

Мақалада Ел болашағы жастардың қолында екендігі, қазіргі замандағы жастардың рөлі туралы жазылған. Жастар үшін өз болашақтары өте маңызды. Жас ұрпақ өз мүмкіндіктеріне сенеді, болашақта қандай білім мен іскерліктер пайдалы бола алатынын анық біледі.

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Похожие статьи

Рухани бірегейлік ұғымын қысқаша талдау

Берілген мақалада рухани бірегейлік ұғымына қысқаша талдау жүргізіледі.

Қазақстандағы тіл мәселесі

Берілген мақалада Қазақстандағы тіл мәселесі қарастырылады.

Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы замана көріністері

Берілген мақалада автор Мағжан Жұмабаев лирикасының, соның ішінде табиғат лирикасының көркемдік қырын талдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен күні мен бүгінгі жағдайы

Берілген мақалада автор Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгінін қарастырады.

Педагогикалық қолдау технологиясының теориялық негіздері

Мақалада автор педагогикалық қолдау технологиясының теориялық негіздеріне қысқаша шолу жасаған.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Қазақ тіліне оқытудың практикалық және түзетушілік бағыттары

Берілген мақалада қазақ тіліне оқытудың практикалық және түзетушілік бағыттары қарастырылады.

Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы ...

Мемлекет болашағы Жастардың қолында

Мақалада Ел болашағы жастардың қолында екендігі, қазіргі замандағы жастардың рөлі туралы жазылған. Жастар үшін өз болашақтары өте маңызды. Жас ұрпақ өз мүмкіндіктеріне сенеді, болашақта қандай білім мен іскерліктер пайдалы бола алатынын анық біледі.

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Задать вопрос