Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы антропогендік өзгерістер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №18 (308) май 2020 г.

Дата публикации: 26.04.2020

Статья просмотрена: 99 раз

Библиографическое описание:

Бердибек, А. А. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы антропогендік өзгерістер / А. А. Бердибек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 18 (308). — С. 556-559. — URL: https://moluch.ru/archive/308/69347/ (дата обращения: 25.04.2024).

Берілген мақалада автор Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы жылдық ағынның гидрологиялық өзгерістерін қарастырады.

Кілт сөздер: гидрология, су өтімі, гидробекет, су қоймасы, төменгі бьеф, жоғары бьеф.

В данной статье автор рассматривает гидрологические изменения годового течения в низовьях реки Сырдарья.

Ключевые слова: гидрология, водопропуск, гидропост, водохранилище, нижний бьеф, верхний бьеф.

1988–2004 жылдары антропогендік анықталған қатынастағы судың мол кезеңі, ағыстың өзіндік табиғи тербелмелігінде Шардара төменгі бьефтіндегі су өтімі ең жоғарғы максималды су өтімі 4-ші (Сәуір 980 м3/с) айға сәйкес келеді. Ал минамалды су өтімі 7-ші (Шілде 874 м3/с) айына сәйкес келеді. Ал орташа кезеңдік су өтімі 910 м3/с-қа тең болды. Табиғи өзен ағысында көктемгі-жаздық (наурыз-сәуір басталып, маусым айында аяқталады) судың тасқыны жүреді, өзен грунттық қоректенуге өткен кезде жүреді. Көктем басталған уақытта яғни наурыз айында Шардара су қоймасына одан жоғары орналасқан гидропосттардан Қырғызстан, Өзбекстан мемлекетерінен көп көлемде су тасталды. Сонымен қоса жоғарыда айтылған өзеннің қоректену яғни еріген қар суы және жаңбыр тағы бар. Осының нәтижесінде Төменгі ағыста орналасқан гидропосттардан үлкен көлемдегі су өтімі өтеді. Су тасқыны бірнеше дүркін толқындық қайталанауыдан тұрады, олар бірінің үстіне бірі шығып жатады. Су тасқының шыңы 4-ші (сәуір) айында болады. Межеңдік кезең қыркүйек пен желтоқсан айларында қамтиды. 7-ші шілде 874 м3/с айымен 9-шы тамыз 877 м 3/с айында су көлемі азайып түседі. Себебі: вегетация кезінінде су көлемдегі суларды мақта шаруашылығына және бау-бақша өнімдерін өсіруге суды пайдаланылады. Тиісінше судың көп бөлігі егіншілікке ауыл шаруашылығына жұмсалады. Дәл осы жүйедегі су өтімідері Шардарадан төменгі гидропосттарды судың ретсіз және судың тасқындық деңгейін қайталайды. 1988–2004 жылдардағы осы периодта Көктөбе гидропостты Шардара төменгі бьефттен т тасталған судың орташа 910 м3/с тің 838 м3/с өтеді яғни 91 % өткізіп отырды. Бұл су өтімі аз кезеңдерде өзенің арнасы кеуіп, өзен суы азайып, төмен бьефтегі шаруалық жүйелерге кері әсерін тигізеді. Немесе су өтімі көп кезеңде өзенің суының тасуына әкеп соқтырды. 1988–2004 жылдардағы кезеңде орташа су өтімі 910 м3/с тең болды. Ал ең жоғарғы су өтімі 980 м3/с сәуір айына яғни көктем мезгіліне сәйкес келеді. Міне су өтімін апаттық жағдайда төменгі бьефтерге тастап отырды. Бұл өзенің төменгі бьефтерінде орналасқан Қызылорда обылысының елді мекенінднріне үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар Қызылорда облысындағы күріш егістіктеріне кері әсерін тигізді. Ескеретін жәйт тек көктем айларында ғана үлкен көлемде су өтеді, ал вегетация кезең басталған уақытта Шардара төменгі бьефтен тасталатын су күрт азаяды. Себебі: Қырғызстан мемлекетінде орналасқан 19,5 милрд текше метр Тоқтағұл су электр станциясын қысқы мерзімде орналасқан жерінде су аз болғандықтан жазғы мезгелдерде су қоймасына өздеріне керек көлемде су жинайды. Тиісінше Тоқтағұл СЭС-нан төмен орналасқан гидропосттардан аз көлемде су өтімі байқалады және Тоқтағұл СЭС жаз айларында тиісті келісім-шарт негізінде су тасталғанымен Өзбекстан мемлекетті де ауылшаруалығынан кезекті суын алады. Қалған су Шардара су қоймасына келіп түсіп, төменгі бьефте орналасқан гидропосттардан жаз айларныда аз көлемде су өтеді. Міне осы мәселені шешу үшін су реттегіш құрылым қажетілігі туындайды.

2005–2018 Көксарай су реттегіш құрылымы өзен ағысын реттеген кезең яғни реттелген кезең. Шардара төменгі бьефтіндегі ең жоғарғы су өтімі 859 м3/с 4-ші сәуір айына сәйкес келеді. Судың тасқындық кезеңі 3–5-ші наурыз-мамыр айларында өтеді. Сәйкесінше 1988–2004 кезеңмен салыстырғанда екі айға су тасқындық уақыт кеміген. Шардара төменгі бьефтен тасталған су табиғи өзен ағысында көктемгі-жаздық (наурыз басталып, мамыр аяқталады) судың тасқыны жүреді. Вегетациялық кезең басталған уақытта 6–9-шы маусым-қыркүйек айларында аз көлемде орташа 563 м3/с су тасталады. Сәйкесінше Көктөбе гидропостында осы су өтімі қайталануы тиіс бірақ қайталанбайды.

Көксарай су реттегіш құрылым арқылы Көктөбе гидропостнан өтетін су бірқалыпты қайталанауыдан тұрады. Осы жылдадағы периодта Шардара төменгі бьефі тастаған судың орташа 680 м3/с тің 617 м3/с яғни 83 % төменгі бьефте орналасқан Көктөбе гидропостан өтеді. 1–3-ші қаңтар-наурыз айларында Шардара төменгі бьефнен тасталатын су өтімі қалыпты болып. 4–5-ші сәуір-мамыр айларында күрт көтеріліп, 6–8-ші маусым-тамыз айларында күрт төмендейді. Мұның себебі жоғарыда айтылған. Сәйкесінше төменгі бьефте орналасқан гидропосттарда 6–8-ші маусым-тамыз айларында Шардара төменгі бьефнен тасталған су өтімінен төмен су өтуі тиіс. Бірақ төменгі бьефте орналасқан Көктөбе гидропосттында Шардара төменгі бьефнен тасталған су өтімінен 10 % қосылып өзен суының Көктөбе гидропостнан өтеді. Сәйкесінше, Шардара төменгі бьефі тастаған судың орташа 680 м3/с тің яғни бұл он екі ай бойынша орташа есебі. Енді Шардара төменгі бьефтен су аз тасталған 6–8 ші маусым-тамыз айларында Көксарай су реттегіш құрылымынан ағынды реттеуге 10 % қосылып, Шардара төменгі бьефтен тасталған судың Көксарай су реттегіш құрылымы арқылы Көктөбе гидропостнан өтетін су өтімі 90 % жуықтайды. 1988–2004 периодпен салыстырғанда Көксарай су реттегіш құрылым өзен суының тасқындық деңгейі бір қалыпты ұстап, төменгі бьефтегі шаруашылықтарға суды реттеп отыр. Нактылап қай айлардарда Көксарай су реттегіш құрылым жұмыс жасағаның білу үшін 2005–2018 жалдарды 3 кезеңге бөліп қарастырып қөрейік.

Сурет 1. Сырдария өзенің 1988–2018 жылдарағы Шардара, Көктөбе, Қызылорда, Қазалы гидробектері бойынша орташа жылдық су өтімі

1 кезең 2005–2008 жылдар Шардара төменгі бьефтен тасталған тасталған орташа су өтімі 850 м3/с тең. Ал Көктөбе гидропостнан тасталған орташа су өтімі 710 м3/с тең болды. Көктөбе гидропостты арқылы ағының 83 % өтеді. Бұл кезеңде Шардара төменгі бьефтен көктемгі-жазғы мезгілдерде 4–6-ші сәуір-маусым айларында көп көлемдегі су тасталған. Дәл осы су көлемін 69 % Көктөбе гидропостынан өткізген қалған 15 % шаруашылыққа, ал қалған 16 % Көксарай су реттегіш құрылымы алған. Енді осы жылдары 7–9 шы шілде-қыркүйек айларында Шардара төменгі бьефтен аз көлемде су тасталады. Шардара төменгі бьефтен тасталған судың орташа 699 м3/с болады. Ал Көктөбе гидропостнан өтетін судың орташа көлемі 774 м3/с тең болады. Яғни Көктөбе гидропостанан өтетін су көлем 10 % көп өтіп отыр. Яғни 75 м3/с Көксарай реттегіш құрылымы 7–9-шы шілде-қыркүйек айларында жіберіп отырды. Ал күзгі-қысқы 10–2-шы қазан-ақпан айларында Шардара төменгі бьефтен 788 м3/с су тастылып отырды. Ал Көктөбе гидропостнан 642 м3/с су өткізілді. Судың 81 % тасталып отырды.

2 кезең 2009–2013 жылдар Шардара төменгі бьефтен тасталған орташа су өтімі 702 м3/с тең. Ал Көктөбе гидропостнан тасталған орташа су өтімі 634 м3/с тең болды. Көктөбе гидропостты арқылы ағының 90 % өтеді. Бұл кезеңде Шардара төменгі бьефтен көктемгі мезгілде 3–5-ші наурыз-мамыр айларында көп көлемдегі су тасталған. Дәл осы су көлемін 77 % Көктөбе гидропостынан өткізген қалған 10 % шаруашылыққа, ал қалған 13 % Көксарай су реттегіш құрылымы алған. Енді осы жылдары 6–9 шы маусым-қыркүйек айларында Шардара төменгі бьефтен аз көлемде су тасталады. Шардара төменгі бьефтен тасталған судың орташа 550 м3/с болады. Ал Көктөбе гидропостнан өтетін судың орташа көлемі 684 м3/с тең болады. Яғни Көктөбе гидропостанан өтетін су көлем 24 % көп өтіп отыр. Яғни 134 м3/с Көксарай реттегіш құрылымы 6–9-шы маусым-қыркүйек айларында жеберіп отырды. Ал күзгі-қысқы 10–2-шы қазан-ақпан айларында Шардара төменгі бьефтен 774 м3/с су тасталып отырды. Ал Көктөбе гидропостнан 609 м3/с су өткізілді. Судың 78 % тасталып отырды.

3 кезең 2014–2018 жылдар Шардара төменгі бьефтен тасталған тасталған орташа су өтімі 532 м3/с тең. Ал Көктөбе гидропостнан тасталған орташа су өтімі 539 м3/с тең болды. Көктөбе гидропостты арқылы ағының 101 % өтеді. Бұл кезеңде Шардара төменгі бьефтен көктемгі мезгілде 3–5-ші наурыз-мамыр айларында көп көлемдегі су тасталған. Дәл осы су көлемін 95 % Көктөбе гидропостынан өткізген қалған 5 % Көксарай су ретегіш құрылымы алған. Енді осы жылдары 6-шы маусым айында Шардара төменгі бьефтен аз көлемде су тасталады. Шардара төменгі бьефтен тасталған судың орташа 415 м3/с болады. Ал Көктөбе гидропостнан өтетін судың орташа көлемі 470 м3/с тең болады. Яғни Көктөбе гидропостанан өтетін су көлем 13 % көп өтіп отыр. Яғни 55 м3/с Көксарай реттегіш құрылымы 6-шы маусым айында жеберіп отырды. Ал 7-ші шілде айында Шардара төменгі бьефтен 654 м3/с су тастылып отырды. Ал Көктөбе гидропостнан 539 м3/с су өткізілді. Судың 82 % тасталып отырды. Қалған 10 % шаруашылыққа,ал қалған 8 % Көксарай су реттегіш құрылымына тасталып отырды. Күзгі-қысқы 9–2 айларда Шардара төменгі бьефтіндегі орташа су өтімі 517 м3/с, ал Көктөбе гидропостындағы орташа су өтімі 544 м3/с болды. Салыстырмалы түрде қарағанда 6 ай бойы Көксарай жұмыс жасай тұрғанын көре аламыз.

Әдебиет:

1. Омаров К. А. Экологическая оценка работы орошаемых массивов низовьев р. Сырдарья // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. 2001. — В. 2. — С. 34–37.

2. Зубаиров О. З., Шомантаев А. А., Омаров К. А. Оценка гидрохимического режима и основные направления дальнейшего исследования по улучшению качества воды реки Сырдарьи // Сборник научных трудов. Актуальные проблемы в экологии и природопользовании. -Кызылорда, 1996. — С. 71–72.

3. Умирзаков С. И., Омаров К. А. Современный русловой водный баланс и структура безвозвратного водопотребления низовьев р. Сырдарья. Экологические проблемы водных ресурсов и орошаемых земель Казахстана: Сб. статей. / Под ред. Р. Х. Дюсеновой. — Алматы: КазГУ, 2000. — С. 100–106.

4. Омаров К. А., Шомантаев А. А., Зубаиров О. З. К вопросу о суммарных потерях стока в низовьях Сырдарьи в условиях полного зарегулирования стока // Вестник КГУ. — 2000. — В. 2. — С.41–44.

5. Кошкаров С. И. Мелиорация ландшафтов в низовьях реки Сырдарьи. — Алматы: Гылым, 1997. — 268 с.

6. Бурлибаев М. Ж., Достай Ж. Д., Турсунов А. А. Арало- Сырдарьинский бассейн (Гидроэкологические проблемы, вопросы вододеления). — Алматы: Дауир, 2001. — 180 с.

7. Рожденственский А. В., Ежов А. В., Сахарюк А. В. Оценка точности гидрологических расчетов. — Л.: Гидрометеоиздат, 1990. — 278 с.

Основные термины (генерируются автоматически): оса су, сырдарья, оса, су аз.

Ключевые слова

гидрология, су өтімі, гидробекет, су қоймасы, төменгі бьеф, жоғары бьеф

Похожие статьи

Топырақтардың мұнай өнімдерімен ластануы және оларды...

Мақалада мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды биоремедиация әдәсі арқылы тазартатудың нәтижелері келтірілген. Бөлініп алынған белсеңді штаммдардың негізгі көміртек көздерінде өсуі, олардың морфологиялық, физиологиялық-биохимиялық қасиеттеріне...

Күріш ауыспалы егістігінде жүгері өсіруде су үнемдеу технологиясы

Қазақстанның Арал өңіріндегі егіншілік шаруашылығының жағдайына жасалған талдау, оның болашақтағы дамуы су қорларының катаң шектелуінде және ауылшаруашылығы өндірісіне пайданылатын инвестициялық шығындарға тікелей байланысты болатынын көрсетуде [1]...

Жаңадария өзенінің тарихы мен географиялық жағдайы

Су тарту құралы ретінде мал күшімен және су ағысының күшімен айналатын шығырлар қолданылды.

Бұл жолдарды өзінің «В дельте Сырдарьи» кітабында экспедиция кұрамында болған ленинградтық

Қазақстандағы ең ірі сексеуіл “орманы” да осы Жаңадария бойында.

Марқакөл көліне атмосфералық ластану әсерінің метеорологиялық...

Көпжылдық орташа жылдық су деңгейінің өзгерістерін қарастырып, су деңгейінің өзгеру тенденциялары ұсынылды. Периодтық әдісті қолдана отырып, көл деңгейінің режиміне арналған өте ұзақ мерзімдік болжамдарды ұсынды. Марқакөл көліне бақылаулар 1942 жылдан бастап...

Қоғалыкөл көлінің географиялық жағдайы және тарихы

Саяз жердің барлығында қалың қатты су өсімдіктер қаулап өсіп тұрады. Ашық су астында өсетін жұмсақ егеушөп, мүйізжапырақ, балдырлар мен хара өсімдіктері өсіп кеткен, жиі кубышка және құмыра кездесіп тұрады. Қоғалыкөлінің аймағындағы климат қатты континенталды және құрғақ.

Қызылорда облысы геокешендердің табиғи даму тенденциясы

Кейде қайта тұздану суармалы егістікке су каналдары арқылы жіберілген тұзды су қосылуы арқылы да пайда болады.

Казахи, жившие в низовьях Сырдарьи, узбеки и каракалпаки, живущие в низовьях Амударьи, считают дыню своей обычной едой.

Күріш ауыспалы егістігінде суды пайдалану тиімділігін арттыру...

Берілетін су мөлшері аз болуына байланысты топыраққа сіңген су тек өсімдік тамырлары кең тараған қабаттарды ғана ылғалдандырады.

Основные термины (генерируются автоматически): немес, мена, Оса, суд. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Асханалық қызылшаны Қызылорда облысы жағдайында өсірудің...

Тамшылатып суару кезінде су, қоректік заттар және

Демек, тамшылатып суару адам күшін аз пайдаланылатындығы жағынан да тиімді болып келеді.

1. Қызылорда облысы жағдайында асханалық қызылшаны тамшылатып суарумен өсіргенде су шығыны 43,5 %-ға азайды.

Қабатқа айдалатын су құрамына полимерлер мен БАЗ-ды қосу...

Арысқұм кен орнын игеру қабатқа су мен газ айдау арқылы жүргізілетіндіктен, қабаттың мұнай бергіштігін көтеру әдістері берілген мұнай кеніштерін игеру технологиясы мен жүйесі негізінде қолдану қажет.

Задать вопрос