Қазіргі қазақ жастарының бойында патриоттық сезім байқалады ма? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Алтынбекова, А. С. Қазіргі қазақ жастарының бойында патриоттық сезім байқалады ма? / А. С. Алтынбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 1-2. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69134/ (дата обращения: 19.04.2024).

Қазіргі кезде «Ел ертеңі — жастар, Жастар — біздің болашағымыз» деген сөздерді жиі естиміз. Еліміздің болашағының кілтін жастарға сеніп тапсырып отырғандығы, әрине барлығымыз үшін қуантарлық жағдай. Кезінде жүректері елім деп соққан, жерім жеп соққан қазақтың патриот жастарының арқасында, біз қазіргідей тату-тәтті ынтымағы жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз. Ал қазіргі кезде еліміз сенім артып отырған қазақ елінің заманауи жастары, еліміздің болашағы үшін не істей алады? Осы жастардың арқасында біздің болашағымыз қандай болмақ? Кезінде ата бабамыздың бойында болған патриоттық сезім, қазіргі қазақ жастарының бойында бар ма? Олар еліміз артып отырған сенімді ақтай ала ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейікші.

Көбінесе біз үлкен кісілерден «Біз жас кезімізде патриот едік, біз жас кезімізде намысшыл едік, қазіргі жастар өзгерген» деген реніш сөздерін жиі естиміз. Мүмкін, көптеген жастарымыз ол кісілердің сөздеріне мән бермейтін шығар, бірақ, олардың айтып отырғаны ащы шындық. Расында да, салыстырып көрейікші, кезіндегі қазақ жастары қандай еді? Қазіргі қазақ жастары қандай?

Барлығымызға белгілі, біздің ата-бабамыздың бойында, патриоттық сезім бірінші орында тұрған. Елі үшін, жері үшін өз жандарын беруге дайын болған. Нақтылап айтатын болсақ, Әлия Молдағұлова, бұл қазақ батырын білмейтін адам жоқ шығар. Ол соғысқа аттанатын кезінде не бәрі 17 жаста болған. Ал Мәншүк Мәметова болса, өзінің 20 жасында, елін қорғау мақсатында соғысқа өз еркімен кеткен. Олар ешқашанда, біз жаспыз, біздің қолымыздан келмейді деп ойламаған. Олардың басты мақсаты елін қорғау болған. Айта берсек, мұндай қазақ жастары өте көп. Олар үшін ар-намыс бірінші орында тұрған. Қандай жағдай болса да, өз абыройларын түсірмеген. «Мен патриотпын» деген кезде, көкіректерін мақтаныш керген. Міне, кезіндегі қазақ жастары осындай еді. Ал қазіргі қазақ жастары қандай? Көптеген адамдардан «Елімізде патриот жастар көбейіп келеді» деген сөзді жиі естиміз. Сонда біз кімдерді патриот дейміз? Осы жайлы ойладық па? Үлкен жиындарға өздерінің не үшін барып тұрғанын білмейтін жастарды ма? Әлде сол жиындарда туымызды не үшін ұстап тұрғанын білмейтін жастарды ма? Немесе өз елін басқа елмен салыстырып, өз елін төмендететін жастарды патриот дейміз бе? Әрине, заманауи қазақ жастарын осылай ғана сипаттай алатынымыз өкінішті. Бірақ шындыққа тура қарамастан басқа амал жоқ. Қазіргі кезде қазақ жастарының бойында патриоттық сезімнің жойылып бара жатқандығы өтірік емес. Жастарымыздың «Ана елді қарашы, мына елді қарашы қалай дамып кеткен, ал біздің еліміз артта қалып қойған, ауыл сияқты» деп өз елдерін төмендететіні өкінішті. Сөйте тұра жұрттың алдына шыққанда «Мен патриотпын» деп көкіректерін қағып тұрғанын көрген кезде ішің күйеді екен. Тек қана ол емес, қазіргі қазақ жастары намыс дегеннің не екенін ұмытқан секілді. Тепсе темір үзетін жігіттеріміздің аңдығаны өсек, әйелдерше ұрсысып, басқаларды төмендетуден басқа түк білмейді. Нәпсісін тыюдың орнына, әр қызды жылатып, қаншама қыздың абыройын төгіп, сол тірлігі үшін ұялудың орнына, мақтан тұтып жүреді. Тіпті кейбіреулері қыз секілді киініп, үйінде жатып алып, ата анасына масыл болып жатқанымен шаруасы жоқ, сөйте тұра «Мен еркекпін, мені сыйлаңдар» деп көкірек керіп тұрғанын көрген кезде, ойыңа «ұят-ай» дегеннен басқа түк келмейді екен. Ал, кезінде бір қолымен әлем тербетіп, бір қолымен бесік тербетіп отыратын, қазақ қыздарымыздың қазіргі кей қылығын көрген кезде жерге кіріп кете жаздайсың. Олар үшін көкіректерін ашып қойып, көшеде темекі шегіп жүру түкте емес. Ақша үшін арын сатып жүрген қыздарымыз қаншама. «Ана» деген аяулы атқа лайық болудың орнына, баласын қоқыс секілді лақтырып кетіп жүр. Салт-дәстүр туралы айтсаң, салтымызды мазақ қылып, шетелге еліктеп жүрген жастарымыз аз емес. Ата-анасының үмітін ақтаудың орнына, оларды кемсітіп, ата-анасын тастап кетіп жатқан жастарымызды көрген кезде, жүрегің ауырады. Жап жас болып, болашаққа қарай жылжудың орнына, аңдығандары түнгі клуб, ойын сауық орталықтары болып, өз жастық шағын босқа құртып жүрген қазақ жастары да жеткілікті. Еліне тигізіп жаткан пайдасы жоқ, сөйте тұра үкіметке ауыздарын ашып, өз елін төмендетіп, өз елін жамандаудан басқа түк білмейді. Міне, қазіргі қазақ жастарының күйі осындай. Оларды осылай ғана сипааттай алатынымыз өкінішті. Кезінде, Мағжан Жұмабаев атамыздың «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін» деген сөзінің қадірі қалмағаны ма? Еліміз сенім артып отырған қазақ жастары қайда? Кезінде ата-бабамыз осындай қазақ жастары үшін, қан төгіп, өз өмірлерін құрбандыққа шалған ба? Сол ата-бабамыз жастарымыздың қазіргі жағдайын көрсе, қандай күйде болатын еді? Көкейімізде жауабы жоқ, осындай сансыз сұрақтар көп болып тұрғаны, өкінішті әрине. Бар ойлайтыным, қазіргі қазақ жастары еліміздің болашағы, өздерінің қолдарында екенін түсінсе екен деймін. Ата-бабамыз аманат етіп кеткен қазақ елін, қазақ жерін, одан әрі дамытып, «Мен қазақпын, мен патриотпын» деген сөзді бостан бос емес, мақтана айтса екен деймін.

Неде болса, «ештен кеш жақсы» дейді ғой. Жастарымыз алдағы уақытта, патриоттық сезімді толығымен ұғынып, өз елдерін мақтан тұтып, «Еліме пайдамды тигізейін» деген мақсатпен өмір сүреді деген үміттемін...

Алғыс білдіру

Студенттің өзіндік жұмысы «Саясаттану» пәнінің тапсырмасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, патриот.

Похожие статьи

Подлинный и мнимый патриотизм | Статья в журнале...

В данной статье выделены и разграничены два суждения: мнимый и подлинный патриотизм. Проанализированы характерные особенности данного понятия. Рассмотрена социологическая...

Жоғарғы сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің...

Патриоттық мәдениет мазмұнын ұлтаралық қарым-қатынас, тарихи және азаматтылық компоненттері құрайды. Ұлтаралық қарым-қатынас Қазақ халқы мен Қазақстанның басқа...

Патриотизм в XXI веке: примеры проявления | Статья в журнале...

Быть патриотом или нет зависит от самого человека.

патриотизм, истинный патриотизм, Россия, истинный патриот, государственный уровень, герой, мнимый патриотизм, военная...

Патриотическое воспитание молодежи в системе...

Статья посвящена формированию эффективной программы, способствующей развитию военно-исторического туризма, с целью повышения патриотического воспитания молодежи.

Патриотическое воспитание современной молодежи

В данной статье рассматриваются особенности патриотизма и его влияние на формирование молодого поколения. Ключевые слова: патриот, патриотическое воспитание, молодежь.

Патриотическое воспитание посредством музыки

В статье автор поднимает вопрос патриотического воспитания дошкольников. Ключевые слова: патриотическое воспитание, будущий патриот, патриотизм.

Развитие патриотического воспитания в России | Статья в журнале...

Долг комсомола был — готовить молодежь к защите социалистической Родины, воспитывать самоотверженных патриотов, способных дать решительный отпор нападению любого врага.

Воспитание патриотизма на уроках истории | Статья в журнале...

Воспитание гражданина и патриота России, основанное на изучении её правовой и государственной систем, символики, истории края и страны, жизни и деятельности...

Жеке тұлғаны патриотизмге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет.

Экологиялық парасат | Статья в журнале «Молодой ученый»

Қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғатты аялайтын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне

Тұлғаға білім, тәрбие берудің маңызды мәселенің бірі оқушыны азамат, патриот, өз еліне...

Задать вопрос