Мырқы, Аппаз, Мінайдар билер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Несмотря на коронавирус, электронный вариант журнала выйдет 6 июня.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ахметов, Молдабек Менлибайулы. Мырқы, Аппаз, Мінайдар билер / Молдабек Менлибайулы Ахметов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 5-6. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69132/ (дата обращения: 29.05.2020).

Жыр-аңыздарға арқау болған Жарасбай және оның немере-шөбрелерінің өз халқына арналған қызметі көз алдымызда. Жырдың басы болған дәулетті бабамыз Қостанай өңірін мекендеген. XVIII ғасырда өмір сүрген ол асқан бай болумен қатар еліне сөзін жүргізген би де болыпты. Халық аузында бүгінге дейін жетіп отырған.

- Қыпшақта Кенжебайдай биелі бол.

Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол, — деген баталы сөзі бар.

Жарылқап Қосқұлақұлы (1860–1926) Ақмешіт жақсыларына арнау өлеңінде, «Алашта Жарасбайдың байлығы асқан, шықпайсың есебіне етіп дастан», — дегені тегінен-тегін айтылмаса керек.

Жарасбайдың шөптегі биология ғылымдарының докторы, профессор Зұлқайнар Сейітов ағамыздан ата-тегін сұрағанымызда айтқаны: «… Әкемнің айтуына қарағанда, бабамыз орыстың ақ патшасына да сыйлы болыпты. Қандай ісімен, қылығымен сыйлы болғанын білмеймін. Бірде ақ патша Жарасбайды балаларымен бірге Санкт-Петербургке шақыртқан көрінеді. Бірақ Жарасбай әлдебір себептермен бұл сапарға шыға алмай, баласы Мұртаза барып, ол патшадан түрлі сыйлықтар алыпты. Сыйға берілген алтын шатыр өте биік болса керек, оны бес кісі ат мініп тігеді екен. 1928 жылғы тәркілеу кезінде осы дүниелердің барлығы талан-таражға түсіпті.

Бабалары Жарасбай сияқты Бекназар мен Мұртаза да төрт түлігі сай болған адамдар. Екеуі де қажыға барғанға ұқсайды. Жалпы ел аузында есте қалған сөздерден Жарасбайдың мұсылман дінін қатты ұстағаны, көрші-қолаңына қайырымды бай болғаны айтылады. Мешіт салу, бала оқыту, елді мұсылмандыққа тәрбилеуде Бекназар мен Мұртазаның қосқан үлестері өз алдына бір төбе.

Жарасбай немерелерінің үлкені Мырқайдар мен Аппаз, олардың балалары көбінесе Сырдария өзенінің бойындағы Перовск маңайында жайлаған. Перовск уезіндегі Қараөзек, Царская, Кеңтүп болыстығын Мырқы, Аппаз, Мүсілімдер басқарған. Мырқы (Мырқайдар) болса Сырдың екі бетіне қатынас болу үшін көпір, Перовскінің орталығына бірнеше сәулетті үйлер салынған, ал Аппаз болса 1902 жылғы (Қараөзек тұсында) Орынбор-Ташкент теміржолының өтер бағытын белгілеуге қатысқан. Ал Қостанай аймағында тұрғын Мінайдар мен Ыдырыстар ел билігіне араласумен қатар мектеп, мешіт ашуға тікелей қаражат пен көмек бергендер.

Мырқыайдар Мұртазаұлы Жарасбаев 1890–1835 жылдарда Сыр өңірінде туса керек. Мырқы есімі Ресей құжаттарында 1866 жылдарда кезігеді. Орынбор губернаторына қараған Перовск уезінің № 43 дистанциясының басқарушысы болған оған 363 отбасы тікелей қарағанын оқып, білдік. Генералдар мен жазысқан қатынас қағазы да кездесті. Мырқы ескіше оқыған, замана ағымын түсіне білген адам көрінеді. Балаларын әртүрлі оқу орындарында оқытқан М. Жарасбаев XIX ғасырдың 60 жылдарында Сырдария облысына қарасты Перовск уезінде ашылған (1880 жылы) қалалық училищені қамқорлығына алған үшеудің бірі. Мырқының Перовскідегі сәулетті де сәнді үйлерді кеңес өкіметіне қызмет етті. 1975 жылға дейін облыстық милицияның кеңсесі де болды.

Мінайдар Мұртазаұлы Жарасбаев Қостанай мен Сыр арасында көшпелі қазақ отбасында 1834 жылы туып, 1919 жылы Арқада қайтыс болған. Жасынан билік тұтқасында болған Мінайдар балаларын барлығын дерлік оқытқын. Торғай облысындағы жетім балаларға жәрдем берушілердің бастауында болып, өзі 15 сом ақша қосқан. Ал, Мінайдардың үлкен баласы Кәкімжан Жарасбаев қазақ тарихы жөнінде шежіре өлең шығарып, Қостанайдағы мектеп үйін салуға 1894 жылы 34 жылқының қаржысын қосқан. Өзі өнерпаз да болыпты.

Аппаз (Аббаз) Бекназарұлы Жарасбаев 1840–41 жылдары туып, 1922 жылы Торғай өңірінде қайтыс болады. Аппаз есімінің Сыр бойына жайылуы өзге бауырларынан ерекше сипатталады.

Белгілі ақын Әзілкеш (1830–1902 ж.) қыз Болықпен айтысқанда;

...Ащыкөл,Ащыөзендей сайың бар ма?

Желіңде жетпіс шұбар тайың бар ма?

Жетпіс інген,сексен мая боталатқан,

Еліңде Әбекемдей байың бар ма? — деп өз елінде бай Аппаз Жарасбаевты жырға қосқан. Бұл да Сырды қыстап, жаз жайлауы Қостанай өңірі болыпты. Перовскі уезіне қарасты Қараөзек болысын алғашқылардың бірі болып басқарып, кейін халық судьясы қызметтерін атқарған. 1902 жылы Орынбор-Ташкент теміржол құрылысы басталғанда, теміржолдың Сырдария өзенінің оң жағалауынан өтуін қолдап, теміржол жұмысына күш-көлікпен көмек береді.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Қазақ қоғамындағы билер сот төрелігінің заманауи сот жүйесіндегі жүзеге асуы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Зиманов С. З. Қазақтың билер соты — бірегей сот жүйесі. — Алматы: Атамұра, 2008. — 216 б.
  2. Нәрікбаев М. Ұлы билерімізден жоғарғы сотқа дейін. — Алматы: Атамұра, 1999. — 192 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Орынбор-Ташкент.

Похожие статьи

Специфика внутренней торговли Старого города Ташкента...

Ташкент — столица Республики Узбекистан — имеет интереснейшую историю длиною

На базарах Ташкента была сконцентрирована оптовая торговля привозного товара из других стран.

Строительство железной дороги Центральной Азии и появление...

В 1900 году началось строительство железной дороги Ташкент-Оренбург, завершено в 1906 году. В результате из Ташкента в Оренбург можно было доехать за 2 суток...

Деятельность акционерных обществ в Узбекистане в 20–30 годах...

Правление акционерного общества находилось в Ташкенте. На 1 июля 1930 года баланс общества составлял 7.004.674 руб 83 к. В 1932 году общество было ликвидировано.

Шежірелі өлке тарихын танудың бастауы - мұрағат | Молодой ученый

Қоғамның тарихи тәжірибесін бейнелейтін мұрағат құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы күннен-күнге арта түсуде. Осы орайда өлкемізге қатысты құнды құжаттарды сақтап отырған...

Жаңадария өзенінің тарихы мен географиялық жағдайы

Құм қойнауындағы арналардың сипаты мен регионның табиғи ерекшеліктері жайлы пікірлерін ол өзінің «Орынбордан Бұхараға

7. Каразин Н.Н. От Оренбурга до Ташкента: Путевой очерк.

Арал өңірінің балық шаруашылығы тарихы (ХІХ ғасырдың соңы...)

Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты балықтың мол байлық көзіне ішкі Ресей аумағынан балықшылардың алғашқы легі келді. Каспий мен Азов теңіздерінен...

Особенности торговых взаимоотношений между Россией...

Статья затрагивает вопросы торговых отношений царской России с Бухарским эмиратом в конце XVIII — начала XIX века. В ней анализируются процессы углубления и расширения...

Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасуы...

Осылайша Орынбор жұмысшы факультеті республикадағы жұмысшылар мен шаруаларды жоғарғы оқу орнына дайындау бойынша жалғыз ғана оқу орны болып қалды.

Граф К.К. Паленнің сенаторлық тексеру комиссиясының мақсаты

Сондай ереуілдер мен толқулар Орынбор-Ташкент темір жол жұмысшыларының арасында жиі болып тұрды. Қиыр шығыста басталған орыс-жапон соғысы және ондағы орыс әскерлерінің...

Из истории экономических связей Центральной Азии и России

Бухару, Ташкент, Андижан поступали на Запад «свои» и транзитные товары с Дальнего Востока, из Индии и других стран. Между народами восточных и западных стран шел оживленный обмен...

Задать вопрос