Өткелбай би | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ахметов, Молдабек Менлибайулы. Өткелбай би / Молдабек Менлибайулы Ахметов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 4-5. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69130/ (дата обращения: 19.04.2024).

Қазақтың байтақ даласында әр дәуірдің шежіресін айғақтайтын тұлғалар тарихына үңілген сайын қызықты да тағылымды сыр мен ойға қаныға түсеміз. Сыр өлкесінде де сан ғасыр қойнауынан бізге жеткен археологиялық, сәулеттік, тарихи және мәдени ескерткіштер аз емес. Оның әрбірінде біздің ата-бабаларымыздың жүріп өткен іздері сайрап жатыр. Оңаша ой кешсең де, әрбір қашалған тасқа көз жіберсең де көне тарихи ескерткіштер жазбалары сол өткен өмірдің өзіндей көрінеді.

Төл тарихымызда аласапыран кезеңге тап келген 1731 жылғы оқшау оқиғаның ешқашан ұмытылмайтыны анық. Қазақтың бір бөлігінің, яғни Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресейге өз еркімен қосылуының мәнісін біздің тарихшылар талай мәрте жазып та, айтып та жүр. Сол 1731 жылғы 10 қазанда бодан болуға ант беріп қойған 27 бидің бірі — Өтетілеу Қасқаұлының (1700–1768) есімі ел есінде ерекше сақталғанын байқаймыз. Оның себебі тереңде, атақ-даңқының алысқа жайылуы да тегіннен-тегін емес. Кіші жүздегі 12 ата Байұлынан тарайтын Жаппас тайпасының Жылкелді аталығынан шыққан Өтетілеу өзімен тұстас, айбынды атақты Тілеке батырмен ағайын, жақын туыс болып келеді, әрі екеуі тізе қосып ел басқарған. Сыр өңіріне әйгілі Жарылқап ақын өз заманының игі жақсылары мен жайсаңдары туралы өлең-толғауында:

Өткелбай Кіші жүзде темірқазық,

Өткен соң кетіп еді, орны азып.

Сөз тыңда мырза Сұлтан тағы бізден,

Асылдың әулетісің озған жүзден, — деп жырлауы тегін болмаса керек.

Өткелбай би жергілікті халықтың мұң-мұқтаждығын аяқасты етпеу үшін өз мүмкіндігін пайдаланып, орыс патша ағзамның өкілдеріне хат жазып, сұрау салып отырған. Өз кезегінде Сырдария уезін басқарған генералдар Өткелбай би туралы мәліметтер жинаған. Мәселен Перовскі уезі басқармасының бір құжатында (232-қор, 1-тізбе,7-іс): «Құрметті далалық Жаппас руының Жылкелді тармағының биі Өткелбай Исиннің ешқандай шені, ордені, айрықша белгісіде жоқ. Соған қарамастан марапаты да, мәртебесі де халық арасында жоғары. Қазақтар мекендейтін Жаңақорған, Түркістанды қоқандықтардан азат етудегі ісі мен ақылды байламы үшін оған мәуіті камзол және алтын галстук сыйға тартылды. Көне Үргеніш жақтағы тау маңыны ауа көщіп кеткен Алаша руының 104 отбасын Өткелбай би Сыр өңіріне қайтаруға күш салып,дегеніне жетті», — деп жазылған. Оған хорунжий атағын беруді сұрап өтінген. Бірақ ол әскери шен сол уақытта не себепті берілмегені белгісіз. Бәлкім қазақтың алғыр биінің ұлтжанды батыл әрекетінен секем алды ма, кім білсін.

Ал 1865 жылдың 23 ақпанында Сырдария желісіндегі қазақтар басқармасының бір құжатында Өткелбай биге бағышталып жазылған хатта: Сабалақ елді мекеніндегі шөптерден сенің ауылдастарың шөп ұрлаған. Соларды тәртіпке шақыр деп тапсырма берілген. Өткелбай әскерилердің өзі екенін мойындатқан. Өткелбай би сонымен қатар Сырдария өңірінде мешіттер мен мектептер салуға мұрындық болады. 1880 жылы Перовскі уезіндегі қалалық учулищені қамқорлыққа алған үш қазақтың бірі Өткелбай еді.

Өткелбай ұрпақтары да танымал болған. Үлкен ұлы Иманғали Самаркан мен Жизақта, Ахметқали Түркістанда, ал кенже ұлы Сұлтанғали Ақмешіттте басшылық қызметтерді атқарып, елдің елеулі тұлғаларына айналған. Әсіресе, Сұлтағали Өткелбайұлының (1869–27) абыройы асып, жұрттың арқасүйер азаматы болады. 1917 жылдары большевиктер қатарында болған Ешпан Жанбосынов өз естелігінде елде қара тізім деген шықты. Осыны әуелде түсінбей Сұлтанғали биге барып кеңес сұрап сұрағанымда ол кісі Қарағым, малдан басқа күнкөрістің көзін білмейтін қазақ одан айырылса аштан қырылады. Бір амалын тауып, байлар мен олардың кедей туыстарымен сөйлесіп, түсіндір. Байлардың малын тартып алу артық болар. Бірақ, олар ағайындарына бөліп берсін. Сонда ғана тыныштық болады деп ақылын айтқанын келтірген. Қазан төңкерісіне белсене араласқан Сұлтанғалидың ұлы Нұрмұхамбет те Арал өңірінде су маманы ретінде қалың орман-тоғай қөсірген жан болыпты. Кейін қатардағы милиционерден республика ішкі істер министрінің орбасары қызметіне дейін көтеріледі. Атақты чекист болады. Орта Азия республикаларының жер бөлісу ісіне де қатысып, кейбір құжаттарды әзірлейді. Иманғалидің ұлы Жолмұханбет 1917–20 жылдары Перовскіде төтенше комиссияның төрағасы қызметінде болған. Иса Тоқтыбаев сияқты қазақтың айтулы азаматтарын бәле-жаладан құтқарып,көмектескені де белгілі. Ол 1920 жылдары шаруалардың мал-мүлкін тартып алуға қарсы шыққан ревком төрағасының бірі. Тегінде Өтетілеу мен Өткелбай биден тараған ұрпақтар әрі текті, әрі оқымысты көзі ашық ұл-қыздарымен Сыр, Арқа өңіріне,тұтас аймаққа кеңінен танылғаны да өнегелі жол, тағылымды тарих.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Қазақ қоғамындағы билер сот төрелігінің заманауи сот жүйесіндегі жүзеге асуы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Зиманов С. З. Қазақтың билер соты — бірегей сот жүйесі. — Алматы: Атамұра, 2008. — 216 б.
  2. Нәрікбаев М. Ұлы билерімізден жоғарғы сотқа дейін. — Алматы: Атамұра, 1999. — 192 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале... Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты.

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Ұлтымыздың сүйікті перзенті, қазақ тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмахановтың қоғамдағы орны, оның өмірлік жолы ерекше.

оса, мена.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Конфуций – Кун – Фу – цзы (« Кун Ұстаз ») – біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі...

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың...

Еліміз іргелі ел болып ата дәстүріндегі салт-сананы қайта жаңғыртып жатқанда, оның тұғырлылығы мен орнықты өркендеуін қамтамасыз ету бағдарын қолға алған мемлекетіміздің...

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі.

Әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастары | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма.

Метафоралық модельдердің ұлттық сипаты | Статья в журнале...

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Адам болмысының руханилық бастаулары: адами рух пен діннің...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Похожие статьи. оса, бола, мена. Осы құндылықтар бізге қуатты қару, асқақ рух болады деп шүбәсіз сенемін.

Задать вопрос