Қауынның интродукциясы және отандық селекциясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кожамурат, Еркебулан Болатулы. Қауынның интродукциясы және отандық селекциясы / Еркебулан Болатулы Кожамурат, М. М. Жанзаков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 10-11. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69127/ (дата обращения: 19.04.2024).

Қауын ‒ өте ескі дақыл және филогения жағынан оны әлі де зерттеу қажет. S. Kitamura Қытай мен Жапонияда қауынды зерттей келе, ертедегі кытайлық формалардың отаны Үндістан екенін мойындады. Олар сол жақтан Қытайға интродукцияланып, 2,5 мың жыл бұрын белгілі Солтүстік Қытай поэзиясының ескі жинақтарына енген. Кейіннен Қытайдан Жапонияға еніп, қарқынды селекциялық процеске тартылып, өзінің түр әлпеті мен сапасын мәденилену жағына қарай біршама өзгерткен және де ол формалар көкөніс және десерт ретінде пайдаланылған.

Деректерде қауынды мәденилендіру жартылай мәдени және жабайы формалардың алуан түрі кездесетін Үндістанда басталды. Мүмкін ол жақтан қазіргі кезге дейін жергілікті үндістандық қауынмен ұқсастығын сақтаған жергілікті формалар сақталған шығыс ‒ Қытай мен Жапонияға таралған. Басқа жағынан, олар мәденилену үшін қолайлы жағдайлар тапқан және қауынның мәдени сорттары қалыптасқан орталық құрылған батыс пен солтүстік-батысқа, Азия территориясына тараған. Мұнда мол сорттық құрам жасалған. Сонымен мәдени қауын қалыптасқан үш аймақ: қауынның жабайы, жартылай мәдени және мәдени түрлері кездесетін Орта және Кіші Азия, Қытай анықталды.

Жалпы өсімдіктер селекциясы жаңа сорттар мен будандар шығару тәсілдерінің жетілу тарихында төрт кезеңді (ертедегі қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция) басынан өткерді, яғни селекцияның дамуы кезең-кезеңге бөліңді. Ертедегі халықтар қарапайым селекциясында алғашқы қауым адамы кездескен өсімдіктері жемістерінің жақсыларын таңдағанымен, оларды сақтау қажеттін ойламастан тіке тағамға пайдаланды. Адамдар өздері өсімдіктерді өсіре бастағаннан кейін ғана, оларды қажетіне жаратумен қатар, ең жақсыларын іріктеп, сақтап, әрі қарай көбейте бастады. Егіншілік дамуымен, мәдениет өркендеу бастауымен қолдан сұрыптау амалдары да бірте-бірте жетіле түсті. Тәжірибелік өте маңызды нәтижелердің қолдан сұрыптаумен алынуы, оның әрі қарай жаппай сипат алуына септігі тиді. Осылай халықтық селекция пайда болды және оның тарихы көптеген ғасырларды қамтыды, бірақ толық зерттеліп жазылмаған.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі егістік дақылдардың сорттары мен будандары, топырақ-климаттық жағдайы алуан түрлі келетін өңірлеріндегі 200 аса ғылыми-зерттеу мекемелері, оның ішінде қауынның селекциясы бойынша «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ», «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ», Алматы облысы Іле кешенді сортучаскесі селекционерлерінің қарқынды, жүйелі жүргізіп, дұрыс жолға қойылған селекциялық жұмыстарының нәтижесі.

Қазақстанда 2019 жылға дейін қауын дақылының Гуляби кара местная, Илийская, Ич-кзыл 1895, Ич-кзыл крупноплодная, Калайсан местная, Кокча 588, Ната, Балшекер, Олтын-тепе, Алтыночка, Алена, Таисия, Майская және т. б., барлығы 28 сортты мен 1 буданы селекциялық жетістіктер Мемтізбесіне тіркелген болса, соңғы 2–3 жылда оның Ерке, Жансая, Жиеншар, Ливера, Майбел РЦ, Ман 15025, Медовая, Мирелла РЦ, Муза, Реймиел РЦ, Южанка сияқты отандық және жақын шетелдік сорттары пайдалануға рұқсат етілді.

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктер мемлекеттік тізбесіндегі қауынның 1940 және 1945 жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан, алынған орны мен тәсілі беймәлім Қара күләбі мен Қалайсан, бұрынғы БӨШИ Орта Азиялық тәжірибе стансасының Ич-Кызыл 1895 және Ресейдің Бирючекут көкөніс селекциялық-тәжірибелік стансасында 1945 алынып, қазірдің өзінде еліміздің біршама өңірінде егілетін Колхозница 749/753 сорттарының шежіресіне халықтық және өнеркәсіптік селекция кезеңдеріндегі сорттар кіреді. Олар Ресей мен Орта Азия елдерінде ұзақ кезең бойына жүрген селекцияның қарапайым сұрыптауымен алынған.

Қауын сорттарынан, таралу ареалы бойынша еліміздің пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктері Мемтізбесінен осы уақытқа дейін түспей, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарынан басқа, барлық өңірлерінде өсіріліп келе жатқан орташа пісетін Колхозница сорты алғашқы орында, онан кейін «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» селекционерлері шығарып, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына пайдалануға рұқсат ету үшін 2003 жылы Мемтізбеге енген ерте пісетін Алтыночка орналасқан.

Алғыс білдіру

Зерттеу жұмысы «Болашақ» ҒЗИ жанындағы Агробиотехнологиялық ғылыми-зерттеу лабораториясының «Қазақстандық Арал өңірінің тұзданған топырақтарына бейімделген егістік дақылдардың жоғары сапалы және интенсивті типті сорттарын шығару, біріншілік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және бәсекеге қабілетті отандық сорттарды көбейту» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысы қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Гуцалюк Т. Г., Эренбург П. М. Бахчеводство. — Алма-Ата: Кайнар, 1965. -175 с.
  2. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі. [2018ж. 28 ақпан № 95] // EGEMEN QAZAQSTAN. ‒2018. — 20 сәуір.
Основные термины (генерируются автоматически): Азия, мена, EGEMEN, QAZAQSTAN.

Похожие статьи

Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші...

Егеменді еліміз Қазақстан – біртұтас мемлекет. Оның аумағы 2 млн. 724 мың км ². Мемлекет Еуразия материгінің орталық бөлігінде және әлемнің екі бөлігінде: аз бөлігі Еуропа, ал көп бөлігі Азияда орналасқан. Қазіргі таңда Қазақстан құрамында 14 облыс, Респуликалық бағыныстағы...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Бұл ғасыр Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше...

Көркем әдебиет шығармаларындағы экология мәселесі

«Жас алаш». «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Халық кеңесі», «Атамекен», «Денсаулық»

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Парыз» деп аталатын

Жәдігердің шағын отбасы трагедиясы мен замана трагедиясы тығыз байланыста суреттеледі.

Қазақ хандығының бастау көздері, Қазақ хандарының тарихи орны

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы», деп атап көрсетті.

Әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастары | Статья в журнале...

Егеменді Қазақстанның талаптарына сай осындай еңбектер жарық көрді. Әл-Фарабидің көптеген шығармаларына қарағанда, көркем

Орта Азия мен Қазақстан халықтарының музыка тарихында жан-жақты, кең интернационалдық өзара байланысты бақылауға болады.

Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамыту бағыттары

Қазақстан аграрлық ел, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді еселеп көтеруге мүмкіндік беретін қуаты, мүмкіншілігі жеткілікті. Елбасымыз 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған кезекті жолдауынды: «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек.

Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның...

Ұлтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір қоғамдағы әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы қатынастың барлық түрлерінен, еңбекте, күнделікті тұрмыста, көпшілік байланыста көрінеді. Әрбір ұлт өкілі басқа ұлт өкілінің жан тазалығын немесе жамандығын...

Түркі халықтарының қалыптасуы | Статья в журнале...

Тіптен, «Қазақстан мен Орта Азияның тарихи этнографиясы» атты оқу әдістемесінде16 қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тарихы бұрмаланған. Бұл әдістемеде автор С. Поляков Қазақстан мен Орта Азияның ежелгі тұрғындарының иран-тілдес екендігі туралы шындыққа үш...

Қазақстандағы урбанизация үрдісінің өзекті мәселелері

Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстыратын болады.

Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздың – өзекті мәселелерінің бірі ауыл мен қала мәселесі. Осы ауыл мен қалаға қатысты негізгі мәселе...

Елбасы Жолдауы – ұлт темірқазығы | Статья в журнале...

«Қазақстан-2050» Стратегиясында : біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс және білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр [2]. Қазақстан...

Задать вопрос