Қауынның интродукциясы және отандық селекциясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кожамурат, Еркебулан Болатулы. Қауынның интродукциясы және отандық селекциясы / Еркебулан Болатулы Кожамурат, М. М. Жанзаков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 10-11. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69127/ (дата обращения: 17.12.2024).



Қауын ‒ өте ескі дақыл және филогения жағынан оны әлі де зерттеу қажет. S. Kitamura Қытай мен Жапонияда қауынды зерттей келе, ертедегі кытайлық формалардың отаны Үндістан екенін мойындады. Олар сол жақтан Қытайға интродукцияланып, 2,5 мың жыл бұрын белгілі Солтүстік Қытай поэзиясының ескі жинақтарына енген. Кейіннен Қытайдан Жапонияға еніп, қарқынды селекциялық процеске тартылып, өзінің түр әлпеті мен сапасын мәденилену жағына қарай біршама өзгерткен және де ол формалар көкөніс және десерт ретінде пайдаланылған.

Деректерде қауынды мәденилендіру жартылай мәдени және жабайы формалардың алуан түрі кездесетін Үндістанда басталды. Мүмкін ол жақтан қазіргі кезге дейін жергілікті үндістандық қауынмен ұқсастығын сақтаған жергілікті формалар сақталған шығыс ‒ Қытай мен Жапонияға таралған. Басқа жағынан, олар мәденилену үшін қолайлы жағдайлар тапқан және қауынның мәдени сорттары қалыптасқан орталық құрылған батыс пен солтүстік-батысқа, Азия территориясына тараған. Мұнда мол сорттық құрам жасалған. Сонымен мәдени қауын қалыптасқан үш аймақ: қауынның жабайы, жартылай мәдени және мәдени түрлері кездесетін Орта және Кіші Азия, Қытай анықталды.

Жалпы өсімдіктер селекциясы жаңа сорттар мен будандар шығару тәсілдерінің жетілу тарихында төрт кезеңді (ертедегі қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция) басынан өткерді, яғни селекцияның дамуы кезең-кезеңге бөліңді. Ертедегі халықтар қарапайым селекциясында алғашқы қауым адамы кездескен өсімдіктері жемістерінің жақсыларын таңдағанымен, оларды сақтау қажеттін ойламастан тіке тағамға пайдаланды. Адамдар өздері өсімдіктерді өсіре бастағаннан кейін ғана, оларды қажетіне жаратумен қатар, ең жақсыларын іріктеп, сақтап, әрі қарай көбейте бастады. Егіншілік дамуымен, мәдениет өркендеу бастауымен қолдан сұрыптау амалдары да бірте-бірте жетіле түсті. Тәжірибелік өте маңызды нәтижелердің қолдан сұрыптаумен алынуы, оның әрі қарай жаппай сипат алуына септігі тиді. Осылай халықтық селекция пайда болды және оның тарихы көптеген ғасырларды қамтыды, бірақ толық зерттеліп жазылмаған.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі егістік дақылдардың сорттары мен будандары, топырақ-климаттық жағдайы алуан түрлі келетін өңірлеріндегі 200 аса ғылыми-зерттеу мекемелері, оның ішінде қауынның селекциясы бойынша «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ», «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ», Алматы облысы Іле кешенді сортучаскесі селекционерлерінің қарқынды, жүйелі жүргізіп, дұрыс жолға қойылған селекциялық жұмыстарының нәтижесі.

Қазақстанда 2019 жылға дейін қауын дақылының Гуляби кара местная, Илийская, Ич-кзыл 1895, Ич-кзыл крупноплодная, Калайсан местная, Кокча 588, Ната, Балшекер, Олтын-тепе, Алтыночка, Алена, Таисия, Майская және т. б., барлығы 28 сортты мен 1 буданы селекциялық жетістіктер Мемтізбесіне тіркелген болса, соңғы 2–3 жылда оның Ерке, Жансая, Жиеншар, Ливера, Майбел РЦ, Ман 15025, Медовая, Мирелла РЦ, Муза, Реймиел РЦ, Южанка сияқты отандық және жақын шетелдік сорттары пайдалануға рұқсат етілді.

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктер мемлекеттік тізбесіндегі қауынның 1940 және 1945 жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан, алынған орны мен тәсілі беймәлім Қара күләбі мен Қалайсан, бұрынғы БӨШИ Орта Азиялық тәжірибе стансасының Ич-Кызыл 1895 және Ресейдің Бирючекут көкөніс селекциялық-тәжірибелік стансасында 1945 алынып, қазірдің өзінде еліміздің біршама өңірінде егілетін Колхозница 749/753 сорттарының шежіресіне халықтық және өнеркәсіптік селекция кезеңдеріндегі сорттар кіреді. Олар Ресей мен Орта Азия елдерінде ұзақ кезең бойына жүрген селекцияның қарапайым сұрыптауымен алынған.

Қауын сорттарынан, таралу ареалы бойынша еліміздің пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктері Мемтізбесінен осы уақытқа дейін түспей, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарынан басқа, барлық өңірлерінде өсіріліп келе жатқан орташа пісетін Колхозница сорты алғашқы орында, онан кейін «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» селекционерлері шығарып, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына пайдалануға рұқсат ету үшін 2003 жылы Мемтізбеге енген ерте пісетін Алтыночка орналасқан.

Алғыс білдіру

Зерттеу жұмысы «Болашақ» ҒЗИ жанындағы Агробиотехнологиялық ғылыми-зерттеу лабораториясының «Қазақстандық Арал өңірінің тұзданған топырақтарына бейімделген егістік дақылдардың жоғары сапалы және интенсивті типті сорттарын шығару, біріншілік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және бәсекеге қабілетті отандық сорттарды көбейту» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысы қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Гуцалюк Т. Г., Эренбург П. М. Бахчеводство. — Алма-Ата: Кайнар, 1965. -175 с.
  2. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі. [2018ж. 28 ақпан № 95] // EGEMEN QAZAQSTAN. ‒2018. — 20 сәуір.
Основные термины (генерируются автоматически): Азия, мена, EGEMEN, QAZAQSTAN.


Задать вопрос