Сыр сүлейі Тұрмағанбеттің «Рүстем дастаны» | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Медетбаев, Тасбулат Сиезбайулы. Сыр сүлейі Тұрмағанбеттің «Рүстем дастаны» / Тасбулат Сиезбайулы Медетбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 11-12. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69125/ (дата обращения: 17.12.2024).



Сыр бойындағы жүз ақынның арасынан шыққан, атақты сыр сүлейі -Тұрмағамбет ақынның мұрасы аса қазыналы, көк теңіздей терең ойлы да, сырлы да жыры даналыққа толы, адамзат қазынасының кәусар бұлағынан бастау алады. Қоғамдық прогресті халық тілінен, төл мәдениетті өркендетуден бастау керек деген толғана айтқан ойшыл идеясы, оны ауыз әдебиетінен өркендетіп, жазба әдебиетті қалыптастыруында болса керек.

Оның бай кітапханасынан Шығыс пен Батыстың ұлы ақындарын ежелден таңдандырған Шығыстың ежелгі әдеби этномұраларын мейірлене оқиды. Ондағы арабтың «Мың бір түні» мен үндінің «Тотынамасын», парсының «Шаһнамасы» мен Омар Хаям, Хожа Хафиздің сұлу сазды нәзік лирикасын, Шайхы Сағдидың «Гүлстаны» мен «Бостанын», Низамидің «Ескендірнамасы» мен «Құсырау-Шырын», Науаидың «Ләйлі-Мәжүні» мен «Жеті шұғыласын», Рудаки мен Физулидің, Жәми мен Бедилдің хисапсыз мол дүниелерімен еркін сусындайды. Бируни, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина, Бабур, Ұлықбек сияқты философтар мен тарихшылардың еңбектерін де ой зердесінен қайта өткізеді.

Тұрмағамбеттің әдеби мұрасындағы этномәдени дәстүрлерді бірнеше арнада қарастыруға болады: 1) ол шығыстың бірнеше ақындарының идеяларын ілгері апарушы озық ойлы ақын, 2) педагогикалық мұрасындағы оқу және тәрбие мәселелері тұрғысынан, 3) халық педагогикасына көзқарасы жағынан, 4) ақын творчествосында ұлттық психология мен таным жағынан қарау қажет.

«Шаһнаманы» қазақша сөйлеткен ақындардың ішінде Тұрмағанбеттің орны айырықша. Оны М. Әуезовтың сөзімен айтсақ, «Сонымен Рүстемнің жайы туысқан тәжік әдебиетінің ұлы классигі Фердоусидің «Шаһнамасынан» тікелей жасалған аударма демейміз, сол Фердоуси үлгісімен халық ақыны Тұрмағамбеттің өзі өлең етіп жазған Рүстем жөніндегі дастанның қазақша варианты дейміз» [1, 7 б.].

Енді «Шаһнаманың» қалыптасу тарихына назар аударсақ. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 600 жылды, біздің дәуіріміздің 700 жылын қамтиды. Оқиға VII ғасырда Иран патшасы ІІІ Иездегерді арабтардың жаулап алуымен аяқталады. Жыр елу династияның тарихын қамтып көрсетеді. ХVIII ғасыр мен ХІХ ғасыр арасында өмір сүрген Ораз ақын «Шаһнаманың» алғаш аударушысы. Ол - Сыр бойында туған М. Серәлин Ораздың «Шаһнаманы» аударғандығын 1914 жылы «Айқап» журналында жазды [2, №22].

Ораздан 50-60 жылдан кейін оның екінші аудармасы жасалды. Мұны жазған Көкшетау төңірегінде туған белгілі ақын Сердәлі Мырзаұлы. Оның бұл еңбегі 1901 жылы Қазан қаласынан «Қисса Рүстем» деген атпен жеке кітап болып шықты. Жырдың көлемі 4340 жол. Егер Тұрмағамбет жырлаған «Шаһнаманың» көлемі 40 мың жол жыр екенін ескерсек, Сердалы аудармасы соның оннан бір бөлігі ғана. Тұрмағамбет поэмасында оқиға басы әйгілі

«Шаһнаманы» қазақ тіліне аударған үшінші кісі М. Сералин. Ол орыс тілінен Жуковский нұсқасынан аударып, «Айқап» журналының 1914, 1915 жылдардағы сегіз нөмеріне жариялады [3. №22, 23, 24; №2, 3, 4, 5, 9].

Тұран елі мен Иран еліне қажетті отаншыл ерлерін іздеп қоғамдасу бірлігін ұстанады. Әдеби стиль мен дара мәдени стиль осылайша тоғысты. Фольклор мен жазба әдебиет ұшырасқан сәтте қазақ мәдениеті үшін де ерекше құбылыс болған Тұрмағамбеттің «Рүстем дастаны» рухани дүние. Ол осы арқылы көркемдік контекст бойынша ұлт психологиясы мен әлемдік психологияны батыл көтерді. Ол өзінің әдеби шығармасы арқылы мәдени мұраны, соның ішінде ауыз әдебиет үлгісін өз бойында сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізумен де ерекше бағаланады.

Мұндағы «Құлағы - киіз үйге үзік болар» деген тәрізді орасан күшті гиперболалар, «Тырнағы - тұлпардың тағасындай» деген тәрізді тың теңеулер мен «суық», «жуық», «пілге», «мүлде» секілді соны ұйқастар Тұрмағамбеттің ақындық күшінің айғағы.

Сонымен, Тұрмағамбеттің - Шығыс әдебиеті мен мәдениетінің тарихын, олардың қалыптасу дәуірлері мен жағдайларын айқын бейнелейді. Шығыс ақындарын қазақша аударғанда кейбір себептермен ұмытылып бара жатқан атау сөздерді пайдалануға батылдары бара бермейтін еді.

Бұл іске барлығында болып қайран,

- Білді, - деп қалысты аң таң, -мұны қайдан?

Жасы-жас болғанменен, барлық жаннан

Зейіні зият екен, - десті, - айдан [4, 36 б.].

Соңғы кездерде әдеби тілімізден шығып бара жатқан құзыр, қапы, елһам, ғайып, мүскін, дәргәһ сияқты сөздер қайта тіріліп, әдеби лексикамызда этнотанымдық тұрғыда өз орнын тауып отыр. Ұзақ дастанның өн бойында мұндай мысалдарды көптеп табуға болады. Фердоусидей ұлы ақынның терең сырлы, қат-қабат бейнелі,үғымы астарлы сөз символдарын еркін игеріп, айшықты бейнелегеніне еріксіз сүйсінесің.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының «Сыр бойының рухани мұрасы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Ізтілеуов Т. Рүстем-Дастан. - А., 1961. – 7 б.
  2. Айқап, 1914, №22.
  3. Айқап, 1914, №22, 23, 24; №2, 3, 4, 5, 9.
  4. Ізтілеуов Т. Рүстем-Дастан. - А., 1961. – 36 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, VII, Иран.


Задать вопрос