Зиянды өндірістік факторлардың бірлескен әсерлерін есепке алумен, мұнай-газ саласында еңбек жағдайларын бағалау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (306) апрель 2020 г.

Дата публикации: 18.04.2020

Статья просмотрена: 230 раз

Библиографическое описание:

Шаханова, Н. Б. Зиянды өндірістік факторлардың бірлескен әсерлерін есепке алумен, мұнай-газ саласында еңбек жағдайларын бағалау / Н. Б. Шаханова, М. М. Абдибаттаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 16 (306). — С. 374-377. — URL: https://moluch.ru/archive/306/68972/ (дата обращения: 16.12.2024).

Мақаладазиянды өндірістік факторлардың бірлескен әсерлерін есепке ала отырып, мұнай-газ саласында еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері ұсынылған. Кәсіпорында еңбек жағдайларының жай-күйі және қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың мәні осы кәсіпорынға және технологиялық процеске тән болып табылатын қызмет түрлері еңбек жағдайлары бойынша бағаланды. Қарастырылатын жұмыс орындары бойынша кәсіби ауруға шалдығу көрсеткіштеріне талдау жүргізілді.

Кілт сөздер: еңбек жағдайларын бағалау, қауіпті және зиянды факторлар, жұмыс орны, факторлардың бірлескен әсері.

В статье представлены результаты оценки условий труда в нефтегазовой отрасли с учетом совместных воздействий вредных производственных факторов. Оценивались условия труда на рабочих местах, на которых состояние условий труда и значения опасных и вредных производственных факторов являются характерными для данного цеха и технологического процесса. Проведен анализ показателей профессиональной заболеваемости по рассматриваемым рабочим местам.

Ключевые слова: оценка условий труда, опасные и вредные факторы, рабочее место, сочетанное воздействие факторов.

Зерттеудің өзектілігі ҚР Кοнституциясының 24 бабы әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына кепілдік беруімен де расталады. Зиянды өндірістік факторлардың әр түрлілігі және олардың жұмысшылар денсаулығына бірлескен әсер етуі еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың кәсіби ауруларға шалдығуының алдын алу және кәсіби тәуекелді төмендету бойынша кешенді шаралар әзірлеудің қажеттілігін анықтайды. Еңбек етуге қабілетті жастағы халықтың жазатайым оқиғалардан, өндіріске негізделген уланулар мен жарақаттардан болатын өлім — жітім деңгейі қазіргі уақытта дамыған елдердегі ұқсас көрсеткіштерден 2,5 есежәне дамушы елдерден 1,5 есе дерлік артық. 20-дан 40 %- ға дейін еңбек шығыны қанағаттанғысыз еңбек жағдайларымен, тікелей немесе жанама байланысты ауруларға негізделеді [1].

Осыған байланысты, еңбек жағдайларын бағалау кезінде зиянды факторлардың оқшауланбаған әсерін есепке алу үшін, кәсіби факторлар мен аурулар кешені арасындағы себеп-салдар байланысын анықтау, сонымен қатар зиянды факторлардың бірлескен әсерін болжау және мұнай — газ өндірісіндегі негізгі мамандықтар үшін кәсіби тәуекелді анықтау өзекті болып табылады.

Зерттеудің мақсаты зиянды өндірістік факторлардың бірлескен әсерлерін есепке ала отырып, мұнай-газ саласында еңбек жағдайларын бағалау және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.

Зерттеу материалдары мен әдістері

Жұмыстың негізгі міндеттерін орындау үшін өндірістік факторлардың бірлескен әсерін ескере отырып, еңбек жағдайларын интегралдық бағалау және зиянды өндірістік факторларға байланысты аурулар көрсеткіштерінің корреляциялық-регрессиялық тәуелділігін белгілеу әдістемелері қолданылды [2]. Жұмыс орындарын аттестаттау бойынша алынған нәтижелер талданды. Өндірістік факторлардың деңгейлері қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес аспаптық өлшеулер негізінде анықталды [3]. Қызметкерлердің еңбек жағдайларын жалпы бағалау гигиеналық бағалау жөніндегі басшылыққа сәйкес жүргізілді [4].

Нәтижелер және оларды талқылау

Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардағы жазатайым оқиғаларды тергеу материалдарын талдау бойынша, ауыр жарақаттанған және өліммен аяқталған (үштен бірінен артық) қызметкерлер саны келесі жағдайлар нәтижесінде зардап шеккендер санының жоғарылығын көрсетеді:

– жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;

– ақаулы машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды пайдалану және технологиялық үрдістердің кемшіліктері;

– еңбек және өндірістік тәртіпті өрескел бұзу (әрбір оныншы қайтыс болған қызметкер өндірісте).

Статистикалық мәліметтерге сәйкес мұнай-газ саласында жұмысшылардың 44 % зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында қызымет етеді. Олардың ішінде:

– Ер адамдар — 49 %;

– Әйел адамдар — 17 %.

Сурет 1. «Тенгизшевройл» ЖШС кәсіпорнындағы жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті көрсеткіштері

«Тенгизшевройл» ЖШС қауіпті және зиянды факторларды талдау үшін, еңбек жағдайларының жай-күйі және қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың мәні осы кәсіпорынға және технологиялық процеске тән болып табылатын жұмыс орындары іріктеліп алынды: бұрғылаушылар, бұрғылаушының көмекшілері,ұңғымаларды күрделі және жер астында жөндеу жөніндегі операторлар (ҰКЖ операторы, ҰЖЖ операторы), мұнай және газ өндіру жөніндегі операторлар (МГӨО), қабаттық қысымды ұстап тұру (ҚҚҰ), сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғылары (СТҚ) операторлары, мұнай — газ кәсіпшілігі жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі агрегаттар машинистері.

Барлық жұмысшылардың өндірістің зиянды және қауіпті факторлардың әсерінде қызымет атқаратындардың көрсеткштері келесідей:

– Химиялық фактор — 12,7 %;

– Биологиялық фактор — 0,5 %;

– Фиброгенді әсер ететін аэрозольдер — 4,9 %;

– Шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс — 24,8 %;

– Діріл (жалпы және жергілікті) — 10,8 %;

– Иондамайтын сәулелену — 1 %;

– Иондауйтын сәулелену — 0,1 %;

– Микроклимат — 8,8 %;

– Жарық ортасы — 2,5 %.

Еңбек үдерісінде:

– Жұмыс ауырлығы — 28,7 %;

– Жұмыс қауырттылығы — 4,8 %.

Қарастырылатын жұмыс орындары бойынша кәсіби ауруға шалдығу көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Мұнайшылардың жинақталған кәсіби аурушаңдығы құрылымында негізгі орын физикалық шамадан тыс дене жүктемелері мен жекелеген органдар мен жүйелердің шамадан тыс күшеюі әсерінен болатын ауруларға (79,5 %), сондай-ақ физикалық факторлардың әсерінен туындаған ауруларға (10,6 %) тиесілі. Ауруға шалдығу құрылымы 2-суретте келтірілген.

Сурет 2. Ауруға шалдығу құрылымы

Жалпы өнеркісіптік бөлім бойынша кәсіби аурудың пайда болуының орташа деңгейі жылына 100 жұмысшыға 62,65 жағдайды құрады.

Көптеген жағдайларда машинистердің кәсіби тобында (20,8 %), бұрғылаушылар мен олардың көмекшілерінде (13,8 %), ҰКЖ операторларында (10,5 %) екі синдромның үйлесуі байқалды.

Жүргізілген талдау зерттелетін жұмыс орындарында жұмыскерлердің денсаулығына барынша теріс әсер ететінін келесі факторларды көрсетті: шудың және дірілдің жоғарғы деңгейі, ауаның шаңдануы, жұмыс аймағының температурасы, зиянды заттардың жоғары концентрациясы.

Келесі кезекте жұмыс орындарының еңбек жағдайын интегралдық балдық бағасы анықталды. Аталған бірлескен әсер етуді есепке алу әдістемесі (әдіс 1) және еңбек жағдайын классикалық түрде бағалау әдісі (әдіс 2)бойынша нәтижелері 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1

Еңбек жағдайларын гигиеналық бағалау нәтижелері

Қызметі

Интегралдық балдық баға, Во

Әдіс 1

Әдіс 2

1

Бұрғылаушы

4,67

3.4

3.4

2

Бұрғылаушының көмекшісі

4,67

3.4

3.4

3

ҰКЖ операторы,

3,80

3.3

3.3

4

ҰЖЖ операторы

3,80

3.3

3.3

5

МГӨ операторлары

3,75

3.3

3.2

6

ҚҚҰ операторлары

2,81

3.2

3.1

7

СТҚ операторлары

2,63

3.2

3.2

8

Агрегаттар машинистері

4,55

3.4

3.3

Алынған нәтижелер еңбек жағдайларын талдау кезінде әр түрлі әдістерді пайдалануда айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді. Бұл айырмашылық еңбек жағдайын классикалық түрде бағалау әдісі барысында екі немесе одан көп өндірістік факторлардың бірлескен әсер етуін есепке алмауынан пайда болады.

Қарастырылып отырған жұмыс орындарының еңбек жағдайларын талдау, олардың кауіпті 3 еңбек классына жататынын көрсетті. Алынған нәтижелер бойынша барлық зерттелген жұмыс орындарында еңбек жағдайын жақсарту және кәсіби тәуекелді төмендетуге бағытталған шаралардың қажеттілігі байқалады.

Бұрғылаушы, бұрғылаушының көмекшісі және мұнай — газ кәсіпшілігі жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі агрегаттар машинистері сияқты жұмыс орындарға ерекше назар аудару керек. Кәсіби тәукел категориясы бойынша, көрсетілген жұмыс орындарында тәуекелдің жоғарғы деңгейі байқалады.

Әдебиет:

  1. Мониторинг рынка труда в нефтегазовом комплексе. Совет по профессиональным квалификациям в нефтегазовом комплексе, 2018 ж.
  2. Потоцкий Е. П., Горская Т. В. Подход к разработке методики определения интегральной оценки условий труда с учетом совокупного воздействия факторов.// Безопасность жизнедеятельности, № 5, 2004.
  3. Р 2.2.2006–05. Руководство по гигиенической оценке факторов рабочей среды и трудового процесса. Критерии и классификация условий труда / под ред. Н. Ф. Измерова [и др.]; ГУ НИИ медицины труда РАММН. — М., 2005.
  4. Р 2.2.0 13–94. Гигиена труда. Гигиенические критерии оценки условий труда по показателям вредности и опасности факторов производственной среды, тяжести и напряженности трудового процесса.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, нефтегазовый комплекс, трудовой процесс.

Ключевые слова

еңбек жағдайларын бағалау, қауіпті және зиянды факторлар, жұмыс орны, факторлардың бірлескен әсері

Похожие статьи

Топырақты материалдан жасалған бөгеттің жер сілкінісіне төзімділігі

Жер сілкінісі деп жер астындағы тау жыныстарының қирауы мен жылжуы нәтижесінде пайда болатын жердің кенет және жылдам сілкінуі және ол жер қыртысында салынған жасанды құрылыстардың қирауы мен бұзылуына әкелетін сейсмикалық толқындарды тудырады. Сейсм...

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру

Мақалада инклюзивті білім беруді жүзеге асыру аясында ерекше білімді қажет ететін балалардың әлеуметтік дамуы қарастырылған. Ерекше білімді қажет ететін баланың жеке басын әлеуметтендіру процесі мұндай балаларды қоғамға біріктірген жағдайда тиімді бо...

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымында заманауи басқару технологияларын енгізу тетіктері

Бұл мақалада мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік компаниялар пайдаланатын персоналды басқарудың заманауи технологияларын қолдану тәжірибесі қарастырылады. Осы орайда ғылыми ізденістің нәтижесі бойынша заманның ағымына...

Саяси процестерге «әлеуметтік боттардың» әсері

Ақпараттық соғыс заманында дәстүрлі медиамен қатар, жаңа медиа, оның ішінде әлеуметтік желілер қолданысы өте үлкен қолданыста. Осы ғылыми жұмыс әлеуметтік желідегі ресми ақпараттан бөлек әлеуметтік боттар жұмысының әсерінің маңызы мен нәтижелілігін к...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Жайық өзені алабының техногенді ластануы мәселелері (Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты мысал ретінде)

Құрлықтың су ресурстары шектеулі болып табылады, бұл өсіп келе жатқан тұтынуды ескере отырып, уақыт өте келе әлеуетті даулы жағдайлардың туындауына әкелуі мүмкін. Жайық өзені Еуропаның ірі өзендерінің бірі болып табылады. Мақалада Жайық өзені алабын...

Ағылшын тіліндегі идиомаларды аудару барысында туындайтын мәселелер

Мақалада мәдени таңбаланған сөздердің қатарына кіретін идиомалардың ерекшеліктері көрсетілген. Ағылшын тіліндегі идиомаларды қазақ тіліне аудару барысында туындайтын мәселелер қарастырылады және отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдары кеңінен т...

Оқу нәтижелерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру өлшемдері

Мектеп тарихында білімді қатаң жеке есепке алу жүзеге асырылған және осы мәселе бойынша алғашқы маңызды ғылыми жұмыстар пайда болған сәттен бастап білімді тексеру және бағалау үш негізгі функцияны атқаратыны анықталды: бақылау, оқыту және тәрбиелеу. ...

Задать вопрос