Ауыл шаруашылығы өндірісінде рапс майлы және малазықтық дақыл болып саналады. Сол себепті жылдан-жылға рапс дақылына деген сұранс артуда. Біздің зерттеуіміздің мақсаты рапс дақылының өсіп-дамуы барысында ауруларға шалдығуын бақылау жіне өнімділігіне фунгицидтердің әсерін зерттеу.
Кілттік сөздер: фунгицидтер, альтернариоз, пестицид, өнімділік.
В сельскохозяйственном производстве рапс является масличной и кормовой культурой. Поэтому из года в год увеличивается спрос на семена рапса. Целью нашего исследования является изучение влияния фунгицидов на урожайность и контроль заболеваемости в процессе развития культуры рапса.
Ключевые слова: фунгициды, альтернариоз, пестициды, урожайность.
Ауыл шаруашылығы — біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар [1].
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеңін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: майлы дақылдардың егіс алаңы 2015 жылы 2,0 млн. гектарды немесе жалпы егіс алаңының 9,5 %-ын құрады. 2011 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың жалпы алаңындағы күнбағыстың үлес салмағы 15,6 пайызға қысқарды, бұл ретте рапстың үлесі — 3,6 %-ға, зығырдың үлесі 13,4 %-ға, май бұршақтың (соя) үлесі — 1,3 %-ға ұлғайды [2].
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШС-гі жағдайында рапс дақылынафунгицидтерді қолданану және сараптама жасай отырып өнімділігіне баға беру.
Зерттеу жүргізудің орны мен әдістемесі:
Зерттеу жүргізу орны Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШC-гі жағдайында зерттеу жұмыстары атқарылды. Рапс дақылын себу жұмыстары — 17 мамыр, себу тәсілі қатардағы, себу мөлшері — 2,5 млн/га, суармасыз аймақ жағдайында зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде — рапстың «Герос» сорты алынды.
Зерттеудегі тәжірибе алаңының ені — 12 м, ұзындығы — 100,0 м. Бір мөлдектің жалпы ауданы 1200,0 м2. Тәжірибедегі қайталанымдар саны — 3.
Зерттеу жүргізу жұмыстарының әдістемелері: Рапс дақылының фенологиялық даму кезеңдерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік ауылшаруашылық дақылдары сорттарын сынау әдістемесі негізінде жасалынды [3].
Рапс дақылының өнімділік құрылым элементтері мен биологиялық өнімділіктерін әдістемеге сай зертханада жұмыстар атқарылды [4].
Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер анықтамалығына сәйкес фунгицидтер таңдалынып алынды [5].
Рапс дақылынан алынған ғылыми зерттеу нәтижелерін Б. А. Доспехов әдістемесі бойынша математикалық талдаулар жүргізілді [6].
Зерттеу нәтижелері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШC-гі жағдайында рапс дақылының зерттеу жұмыстарының нәтижелері төмендегі кестелерде көрсетілген. Рапстың фенологиялық кезеңдерін бақылау барысында, шанақтану-гүлденуі кезеңінде альтернариоз ауруына шалдығу байқалды (кесте 1).
Кесте 1
Рапстың өсіп-даму кезеңдері бойынша аурулармен залалдануы, 2019
Рапстың өсіп-даму кезеңдері |
Аурулармен залалдануы |
Өну |
- |
Егін көгі |
- |
Жапырақтану |
- |
Сабақтану |
- |
Шанақтану |
Альтернариоз |
Гүлдену |
Альтернариоз |
Бұршаққындардың пайда болуы |
- |
Пісу |
- |
Өнімді пісу |
- |
* Ескертпе: (-) ауру байқалмады.
Рапс өсіп-даму кезеңдері барысында шашақтану және гүлдену фазаларында альтернариоз ауруымен зақымдалуы байқалды.
«Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШС-гі жағдайында рапс дақылының аурулармен залалдануы деңгейі төмендегі кестеде көрсетілген (Кесте 2).
Кесте 2
Рапс дақылын альтернариоз ауруына қарсы фунгицидпен өңдеу тиімділіктері (%), 2019 ж.
№ |
Зерттеу нысаны-рапс дақылы (Герос сорты) |
Аурулармен залалдануы,% оның ішінде: альтернариоз ауруына қарсы |
|
өңдегенге дейін |
өңдегеннен кейін |
||
1 |
Өндеусіз (бақылау) |
29,5 |
32,5 |
2 |
Амистар экстра 280, с.к |
29,9 |
8,4 |
3 |
Пиктор, 40 % к.с |
28,9 |
14,7 |
Рапс дақылының альтернариоз ауруымен залалдануы: шанақтану-гүлдену кезеңінде байқалды. Осыған орай Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға рұқсат етілген фунгицидтер анықтамалығына сәйкес Амистар экстра 280, с.к. фунгицидімен өңделген танап 29,9 % дан -8,4 % -ға кеміді. Сонымен қатар Пиктор, 40 % к.с фунгицидімен өңделген танап өңделгенге дейін 28,9 % аурулармен залалданса, өңдеуден кейінгі нәтижесі — 14,7 %-ды құрады.
Танаптағы рапс дақылының шанақтану-гүлдену кезеңінде Пиктор, 40 % к.с фунгицидімен өңдеу өте жоғары көрсеткішке ие болды.
Кесте 3
Рапс дақылының танаптық өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталуы, 2019 ж.
№ |
Зерттеу обьектісі рапс дақылы |
Танаптық өнгіштігі |
Өсімдіктердің сақталуы |
||
дана, м2 |
% |
дана, м2 |
% |
||
1 |
Өндеусіз (бақылау) |
206 |
82,4 |
145 |
70,3 |
2 |
Амистар экстра 280 |
213 |
85,2 |
167 |
78,4 |
3 |
Пиктор, 40 % к.с |
215 |
86,0 |
165 |
76,7 |
Рапс дақылының танаптық өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталуы көктемгі танаптық өнгіштік өңдеусіз мөлдектерде (бақылау нұсқасы) 206 дана/м2, бұл 82,4 %-ды құрады, ал өсімдіктердің сақталуы 145 дана/м2, яғни 70,3 %-ды қалыптастырды. Ал, Амистар экстра фунгицидің қолданғанда танаптық өнгіштік 213 дана/м2 болы, бұл көрсеткіш 85,2 %-ды құрады. Өсімдіктердің сақталуы бойынша 167дана/м2, 78,4 % құрады. Пиктор, 40 % к.с фунгициды қолданғанда танаптық өнгіштік 215 дана/м2 86 %. Өсімдіктердің сақталуы 165дана/м2 76,7 %құрады.
Кесте 4
Рапстын өнімділік құрылым элементтері, 2019 ж.
№ |
Зерттеу обьектісі рапс дақылы |
1 м2 алаңдағы өсімдіктер саны, дана |
1 өсімдіктегі дән саны, дана |
1000 дәннің массасы, г |
Биологиялық өнімділік, ц/га |
Нақты өнімділік, ц/га |
1 |
Өндеусіз (бақылау) |
162 |
143 |
4,3 |
10,0 |
9,1 |
2 |
Амистар экстра 280 |
167 |
150 |
4,5 |
11,2 |
10,0 |
3 |
Пиктор, 40 % к.с |
165 |
147 |
3,9 |
10,1 |
9,4 |
1000 дәннің массасы бойынша өңдеусіз бақылауда 4,3 г, Амистар экстра 280 4,5, Пиктор 40 % к.с 3,9 г көрсетті.
Рапстын өнімділік құрылым элементтерін зерттеу нәтежиелері бойынша өңдеусіз бақылау нұсқасында биологиялық өнімділік 10 ц/га, Амистар эктра 280 фунгицидімен өнделген мөлдектерде 11,2 ц/га, Пиктор, 40 % к.с фунгициді 10,1 ц/га құрады. Мұнда фунгицидтермен өнделген мөлдектер өнделмеген мөлдектерге қарағанда 0,1–1,2 ц/га қосымша өнімді қалыптастырды.
Нақты өнімділікті ең жоғары көрсеткен амистар фунгициді 10 ц/га. Өңдеусіз бақылау 9,1 ц/га өнім нақты өнім. Пиктор,40 % к.с фунгициді 9,4 ц/га нақты өнім берді.
Әдебиет:
- ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы. [Электрон.ресурс.]. — URL: http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy.
- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. [Электрон.ресурс.]. — URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000894.
- Методика проведения сортоиспытания сельскохозяйственных растений. Утверждена приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от «13» мая 2011 года № 06–2/254.-81 c.
- Практикум по растениеводству. Можаев Н. И., Аринов К. К., Шестакова Н. А., Искаков М. А., Серекпаев Н. А. изд. Третье, доп. и перераб., Астана — 2014, 309 с.
- Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер анықтамалығы. [Электрон.ресурс.]. — URL: https://moa.gov.kz/documents/1549367142.
- Доспехов Б. А. Методика полевого опыта (с основами статистической обработки результатов исследований). — 5-е изд., доп. и перераб.-М.: Агропромиздат, 1985. — 351 с, ил. — (Учебники и учеб. пособия для высш. учеб. заведений).