Шығыс Қазақстан облысы шаруашылықтарында мүйізді ірі қара телязиозының таралуы және емдеу оның нәтижелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 6 ноября, печатный экземпляр отправим 10 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №13 (303) март 2020 г.

Дата публикации: 30.03.2020

Статья просмотрена: 105 раз

Библиографическое описание:

Ахметжанов, О. Н. Шығыс Қазақстан облысы шаруашылықтарында мүйізді ірі қара телязиозының таралуы және емдеу оның нәтижелері / О. Н. Ахметжанов, Т. К. Толеш. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 13 (303). — С. 246-249. — URL: https://moluch.ru/archive/303/68450/ (дата обращения: 23.10.2021).

Мақалада Шығыс Қазақстан облысы шаруашылықтарында мүйізді ірі қара телязиозының таралуы және емдеу нәтижелері ұсынылған Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында бұл аймақта таралған ауру қоздырушысының түрі Thelasia rhodesi жұмыр құрты екенін көрсетті. Сонымен қатар, телязиоздың жылдық таралу көрсеткіші (ИЭ) 32,5 %,ал жаз айларында (ИЭ) 80 % құрайтыны анықталып. Телязиозға шалдыққан малдар жетілдірілген әдістермен, жаңа дәрілермен емделіп, нәтижесі ұсынылды.

Түйін сөздер: Thelaziidae, Thelazia, Thelazia rhodesi, Th.gulosa, Th.skjabini, телязиозды кератоконъюнктивит, Ивермек, ретробульбарлық новокайн блокадасы.

В статье представлены результаты лечения и распространения телязиоза крупного рогатого скота в хозяйствах Восточно-Казахстанской области. В ходе исследования выяснилось, что тип возбудителя болезни, распространенного в этой области, является chelasia rhodesi. Кроме того, установлено, что годовой показатель распространенности телязиоза (ИЭ) составляет 32,5 %, а в летний период (ИЭ) — 80 %. Телязиозные животные лечились усовершенствованными методами, новыми препаратами и были представлены результаты.

Ключевые слова: Thelaziidae, Thelazia, Th. rhodesi, Th.gulosa, Th.skjabini, телязиозный кератоконъюнктивит, Ивермек, ретробульбарная новокаиновая блокада.

Телязиоз — ірі қараның көзінде паразиттік тіршілік ететін Spirurata отрядына, Thelaziidae тұқымдасына, Thelazia туысына жататын жұмыр құрттар тудыратын гельминтоз. Ең көп тараған түрі Thelazia rhodesi мал көзінің ішкі қабығы қалтарыс қуысын конъюнктиваны және үшінші қабығының астын мекендейді. Қалған екі түрі Th.gulosa және Th.skjabini жас түтікшелері мен жас өзегін мекендейді. Телязиоз кеңінен таралған аурулардың бірі. Одан мал шаруашылығы едәуір зиян шегеді: сиырдың сүті кемиді, бұзаудың қоңы төмендейді, өспей қалады. Телязиозға шалдыққан, соқыр болып қалған мал шаруашылық мұқтажын өтей алмайды, оны емдеу үшін бірталай қаражат жұмсауға тура келеді. Мысалы, сиырдың сүті 20–45 процентке кемиді. Телязиоз құрты ірі қарадан басқа зубр, қодастан табылған. Телязиоз қоздырғыштары биогельминттерге жатады, аралық иесі сиырдың көзінен аққан жаспен қоректенетін жайылым шыбындары. Телязия құрты малдың көзінен жылдың қай мезгілінде болсын табылады береді, бірақ жаз айларында көбейіп телязиоздың клиникасы байқалады. Телязиозбен мал барлық жасында да ауырады. Дегенмен бұзау — тайыншаларда ауыр өтеді. Құрт көздің коньюнктивасы ішінде қыстап шығады да, жаз шығысымен көптеген балаңқұрт (личинка) туады. Балаң құртты малдың көзіне қонған шыбын жұтып қояды. Шыбын денесінде 2 рет түлеп балаң құрт малға қайта жұғатын сатыға жетеді [1,2].

Зерттеу жұмыстары 2018–2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысының бірқатар шаруашылықтарында жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей телязиоздың жылдық таралу көрсеткіші (ИЭ) 32,5 %. Ал жазда (ИЭ) 80 % — ға дейін жетеді,

Ересек телязия құрттарын немесе олардың балаң құрттарын табу үшін көзден шайынды алынды. Шайындыдан табылған телязидің түрін анықтағанда олар зат шыныға қойылып, өңделіп, үстіне бальзам құйылып, жабын шынымен жабылып жалпы қабылданған әдістермен зерттелді. Ауру қоздырушысының түрі анықтағыш кесте бойынша анықталды [3].

Телязиозға шалдыққан малдар жетілдірілген әдістермен, жаңа дәрілермен емделіп, нәтижесі анықталды. Зерттеу нәтижелері төменде берілген.

Зерттеу бұл аймақта таралған ауру қоздырушысының түрі Thelasia rhodesi жұмыр құрты екені көрсетті. Оның тұрқы 0,7–2,1 см. Сыртқы қабығы ақшыл түсті, көлденең сызықшалармен көмкерілген. Ауыз қуысы кішкене. Еркегінің тең емес, ұзынды — қысқалы екі спикуласы бар [4].

Сурет 1. Thelasia rhodesi құртының бас бөлімі

Сурет 2. Thelasia rhodesi құртының құйрық бөлімі

Бұл аурудың негізгі клиникалық белгісі конъюнктивит. Ауру малдардың көздерінен жас ағады, коньюнктивасы қабынады. Ол көбіне 1,5 жастан асқан ересек малда байқалады. Инвазия интенсивтілігі (ИИ) малдың бір көзінде 1–5 телязия құртына тең [5].

Профилактика и лечение телязиоза крупного рогатого скота

Сурет 3. Телязиозды конъюктивит

ИИ нвазия интенсивтілігі 10 және одан да жоғары болғанда ауру асқынып, кератоконъюнктивитке айналады. Ол көбіне 8 айдан -1 жас аралығындағы бұзау — тайыншалардан анықталады.

SNV34635

Сурет 4. Телязиозды кератоконъюктивиттің асқынған түрі

Телязиозды кератоконъюнктивитті емдеу нәтижесі.Шаруашылықта мал дәрігерлері телязиозды кератоконъюнктивитке (ноғала) шалдыққан малдардың үшінші қабағын сылып алып тастап, антибиотиктер ұнтағын себіп емдейді. Мұндай малдарда телязиоздың айқын клиникасы жойылғанымен, көзінің жас нүктелері дәнекер ұлпамен бітеліп, жас үнемі төменгі қабақтың сыртына ағып, созылмалы коньюнктивит, қабақ терісінің дерматиті дамиды.Телязиоздың клиникалық белгілері айқын байқалмағанымен, ол малдар жасырын телязиоз тасушыға айналады. Соңғы уақытқа дейін телязиоздың арнайы емі ұсынылмаған еді, ветеринариялық қолданысқа ивермектин негізінде жасалынған кең ауқымды антигельминтиктердің енгізілуі бұл мәселені шешуге мүмкіндік берді. Біз бұл мақсатта бұған дейін ИВЕРМЕК дәрісі мен телязиозға арналған гелді қолданып, жақсы нәтиже алған едік.

Бұл жолы ауру малдарды алдымен телязиозғаАверсек 2ВК дәрісін дәрісін бір басқа 0,2 мл есептеп, мойын терісі ішіне егіп дегельминтизация жасадық.

Сонымен қоса зақымдалған көзге симтоматикалық ем ретінде бициллин — 3 антибиотигін қосып ретробульбарлық новокайн блокадасын жасадық. Ретробульбарлық блокада жасау техникасы:

Көмекші малды станокқа бекітіп (немесе бағанаға), блокада сол көзге жасалатын болса оң жағынан тұрып, сол қолымен малдың сол жақ шекесінен (мүйізінен), ал оң қолымен астыңғы жағының тісі жоқ жиегінен ұстап, малдың мойны мен басын сол жақ жамбасына қыса қозғалтпай ұстады. Ал оң жақ көзге блокада жасағанда керісінше, көмекші сол жақтан тұрып, оң қолымен малдың оң жақ шекесінен (мүйізінен), ал сол қолымен астыңғы жағының тісі жоқ жиегінен ұстап, малдың мойны мен басын оң жақ жамбасына қыса қозғалтпай ұстады. Үстіңгі қабақтың терісін көз шарасы деңгейінде 5 % иод ерітіндісімен өңдеп, блокаданы оң жақ көзге жасағанда малдың мойынына сүйене оң жағынан тұрып, сол қолының алақанын малдың маңдайына қойып (сол жаққа жасағанда керісінше) бас бармақты көз шарасының жиегіне және көз алмасының жоғарғы жағына жанастыра қабақ пен көз алмасын қозғалтпай ұстап тұрып, бір рет қолданылатын шприцтің инесін қабақ терісі арқылы көз шарасы сүйегі мен көз алмасы арасынан келесі жақтың құлағының сыртқы есту тесігіне бағыттап, тайыншаларға 4–5 см, ал ірі сиырларға 6–8 см тереңдікке енгіздік. Тайыншалардың салмағына байланысты көздің ретробульбарлық кеңестігіне 5–10 мл, ірі сиырларға 15 -20 мл 0,5 % — ды новокайнға езілген бициллин — 3 антибиотигінің ерітіндісі егілді. Бициллин — 3 тайыншалардың бір көзіне 300 мың ӘБ, ал ірі сиырдың бір көзіне 600 мың ӘБ — нен есептеп қолданылды. Ерітіндінің жылы болғаны қадағаланды. Егер блокада малдың екі көзіне де жасалуы тиіс болса, екінші көзіне дәрі келесі күні егілді. Дәрі еккеннен соң көз алмасының аздап көз шарасынан томпайып шыққаны, қарашықтың кеңейгені, жоғарғы және үшінші қабақтардың түскені, конъюнктива мен ақ қабықтың қызарғаны, ісінгені және қабақ пен көз алмасының қозғалысының шектелгені байқалды. Бұл құбылыстар 1,5–2 сағаттан соң басылды. Кератоконьюнктивитте ем арасына 5 күн салып, 2 –ші рет қайталанды.

Емдеуді 2 рет қайталағаннан кейін жануардың көзінен аққан эксудат толық тиылды, конъюктиваның қабынуы басылды, 6 тәуліктен кейін көптеген малдың қасаң қабығында аздаған бұлдырланудан басқа, телязиоз белгілері толық жойылды. Тек ауру асқынған қасаң қабығында жарақаттар пайда болған малдарды емдеу жалғастырылды. Олардың көзін 15–20 күндері көз ауруының белгілері жойылып, жазылды. Тек жоғарыда айтылғандай ауруы асқынған малдардың кейбіреуінің қасаң қабықтарында «ақ» қалғаны байқалды.

Ауруға шалдыққан малдардың екінші тобы бақылау тобы ретінде пайдаланылды. Бақылау тобындағы малдардың көзіне 1 % тетрациклин майы жағылып емделді. Бақылау емнің тиімсіздігін көрсетті. Сондықтан олар алғашқы әдіспен емделіп, толық жазылуына қол жеткізілді.

Қорытынды:

  1. Шығыс Қазақстан облысының шаруашылықтарында мүйізді ірі қарада телязиоздың жылдық таралу көрсеткіші (ИЭ) 32,5 %. Ал жазда (ИЭ) 80 % — ға дейін жетеді.
  2. Зерттеу бұл аймақта таралған ауру қоздырушысының негізгі түрі Thelasia rhodesi жұмыр құрты.
  3. Телязиозға шалдыққан малдарды Аверсек 2ВК дәрісін дәрісін бір басқа 0,2 мл есептеп, мойын терісі ішіне егіп дегельминтизациялау және сонымен қоса зақымдалған көзге бициллин — 3 антибиотигін қосып ретробульбарлық новокайн блокадасын жасап емдеу тиімді.

Әдебиет:

  1. Сабаншиев.М. С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Оқу құралы. Алматы,- 2011. — 480 б.
  2. Гусейнов, Н. Г. Телязиоз крупного рогатого скота / Н. Г. Гусейнов// Ветеринария. — 2010. — № 2. — С. 33–35.
  3. Деркач, С. В. Терапия и профилактика телязиозов крупного рогатого скота / С. В. Деркач, Г. С. Сивков, В. Н. Домацкий, Л. А. Глазунова, Н. И. Белецкая,Ю. В. Глазунов: рекомендации. — Тюмень, 2007. — 32 с.
  4. Беспалова, Н. С. Особенности эпизоотологии телязиоза крупного рогатого скота в Липецкой области / Н. С. Беспалова, Н. А. Григорьева, Е. О. Возгорькова // Международный научный журнал. — Киев, 2016. — Вып. № 1. Т. 1. — С. 7–8.
  5. Востроилова, Г. А. Параметры острой токсичности препарата для лечения телязиоза крупного рогатого скота / Г. А. Востроилова, Н. А. Григорьева, Л. В. Ческидова // Проблемы и пути развития ветеринарии высокотехнологического животноводства: мат. Междунар. науч.-практ. конф. — Воронеж: Издательство «Истоки», 2015. — С. 115–117.
Основные термины (генерируются автоматически): крупный рогатый скот, аура, мена.

Ключевые слова

Thelaziidae, Thelazia, Thelazia rhodesi, Th.gulosa, Th.skjabini, телязиозды кератоконъюнктивит, Ивермек, ретробульбарлық новокайн блокадасы

Похожие статьи

Порода. Всего крупного рогатого скота.

Объект исследований — голштинский крупный рогатый скот местной и австралийской селекции, завезенный в 2006–2007 гг. в сельхозпредприятие «Заря» Хабаровского края. При выполнении исследований использовали тест-сыворотки для определения групп крови...

Горное скотоводство Грузии | Статья в журнале «Молодой ученый»

В горных регионах Грузии сосредоточено — 254494 голов крупного рогатого скота, что составляет — 24,2 % от их

Горный скот Грузии является древнейшей местной породой. Сохранившиеся части скелета точно такого скота пяти тысячелетней давности обнаружены в...

Экстерьерное различие яка от крупно рогатого скота

Ставилась задача получить обильно жирномолочную породу крупного рогатого скота. Доктором с.-х. наук В. В. Ивановой, и кандидатом с.-х. наук И. М. Любимовым, впервые в зоотехнической науке и практике были получены гибридные быки между крупным рогатым скотом и яками.

Перспективные гены-маркеры продуктивности... | Молодой ученый

Вработе представлен краткий обзор перспективных генов маркеров продуктивности свиней, крупного рогатого скота и овец. Рассматриваются перспективные гены-маркеры для свиноводства: RYR-1 (рианодиновый рецептора-1), IGF2 (инсулиноподобный фактор роста 2)...

Чума крупного рогатого скота | Статья в журнале...

Чума крупного рогатого скота (Pestis bovum, Typhus bovum contagiosas) — контагиозная болезнь животных, протекающая в виде септицемии с тяжелыми поражениями слизистых оболочек, особенно желудочно- кишечного тракта.

крупный рогатый скот, Краснодарский край, стоматит, ротовая...

- проведено 873 тыс. головообработок крупного рогатого скота и 249 тыс. головообработок мелкого рогатого скота против ящура (100 % охват поголовья) и т. д. Строгое соблюдение принятого комплексного Плана мероприятий по профилактике и ликвидации ящура...

крупный рогатый скот, живая масса, сухое вещество...

Ключевые слова: крупный рогатый скот, воспроизводительные способности, голштинская порода местной и австралийской селекции, группы крови, эритроцитарные антигены, аллели, маркеры. Повышение плодовитости сельскохозяйственных животных (в том числе коров)...

Паразитофауна крупного рогатого скота мясного направления...

Проведено паразитологическое обследование крупного рогатого скота герифордской, шаролезской и лимузинской породы в зимний период. Выявлено не равномерное распределение компонентов паразитоценоза у животных различных половозрастных групп.

Убойные и мясные качества абердин-ангусских бычков разных...

Из США завезено параллельно с крупным рогатым скотом абердин-ангусской породы 50 голов лошадей известной в мире ковбойской породы Квотер Хорс, которая была специально выведена для работы с животными. Мясная продуктивность молодняка породы салерс и ее помесей.

Ключевые слова: крупный рогатый скот, трансплантация...

Теория и практика трансплантации эмбрионов крупного рогатого скота.

Трансплантация эмбрионов является современным эффективным методом, улучшающим породные и продуктивные качества поголовья крупного рогатого скота.

Задать вопрос