Биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 6 ноября, печатный экземпляр отправим 10 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №13 (303) март 2020 г.

Дата публикации: 31.03.2020

Статья просмотрена: 132 раза

Библиографическое описание:

Изтелеуова, Д. Б. Биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері / Д. Б. Изтелеуова, С. Ж. Ибадуллаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 13 (303). — С. 249-251. — URL: https://moluch.ru/archive/303/68356/ (дата обращения: 23.10.2021).

Аталмыш мақалада автор биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды дайындау кезеңдерін, оны қолданудың негізгі талаптарын және дидактикалық тапсырмалармен жұмыс жасау барысында қолдануға қолайлы бағдарламаларды ұсынады.

Кілт сөздер: дидактикалық тапсырмалар, дидактикалық материалдар.

В статье автором представлены этапы подготовки дидактических заданий по биологии, основные требования к их применению и программы, подходящие для использования при работе с дидактическими заданиями.

Ключевые слова: дидактические задания, дидактические материалы

Бүгінгі таңда бірінші кезекте оқушының тұлғасын қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, дидактикалық тапсырмалар арқылы оның жеке қабілеттерін ашуға көмектесу керек.

Қазіргі кезде дидактикалық тапсырмаларға қойылатын талаптарды атап өтетін болсақ: мұғалім бірінші кезекте оқушыға өз бетінше жұмыс жасауға және өзін-өзі бақылау мен бағалауға, салыстыру үшін тиісті дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, көмек беруі керек.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ білім алушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет [1].

Қазіргі әлемде цифрлық технологиялар ел экономикасын дамытуда өте маңызды рол атқарады. Бүгінгі таңда әлм халықтарының 40 %-дан астамы интернетке қол жеткізсе, әрбір 10 адамның 7-еуінде ұялы телефон бар. Ал дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда. Сондықан қазіргі уақытта педагогтардың білім алушылармен жұмысында сандық сауаттылыққа назар аударылуда.

Дидактикалық тапсырмалар болашақта оқу қызметінің мәдениетін қалыптастырумен байланысты болуы тиіс, сондай-ақ зияткерлік және эмоциялық қызметтердің өзара әрекеттесуіне ықпал етеді, атап айтқанда, зерттеушілік, шығармашылық және оқу сияқты міндеттерді бірлесіп шешу кезінде.

Биологияның оқу курсын ақпараттандыру, ең бастысы, жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын, оның ішінде мультимедиялық құралдарды енгізу түрінде жүзеге асырылады.

Білім беру барысында АКТ қолданудың мүмкіндіктері Е. И. Машбиц, В. М. Левина, В. С. Герушинский, Г. Н. Нұрғалиева т. б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру үдерісінде АКТ-ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.

Білім беруде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.

Ең алдымен қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар дидактикалық тапсырмаларды вербалды және вербалды емес құралдардың жиынтығымен ұсынуға мүмкіндік береді. Менің көзқарасым бойынша, ұсынылған дидактикалық тапсырманың психологиялық-педагогикалық құрамдас бөлігі ең алдымен оқушының назарын аударуға, танымдық қызығушылығын қолдауға, оқушының ойлану деңгейін дамытуға көмектеседі.

Дидактикалық тапсырмаларды дайындау кезеңдері:

  1. Сабақта оқыту мақсатын анықтау;
  2. Оқу материалының мазмұнын және оны оқыту әдістемесін іріктеу;
  3. Дидактикалық тапсырмаларды қолдану мақсатын, сондай-ақ аймағын анықтау;
  4. Дидактикалық материалдарды қолдану арқылы сабақтарды дайындау және таңдалған сабақтарға арналған дидактикалық тапсырмаларды жоспарлау;
  5. Дидактикалық тапсырманы ұсынудың қолайлы тәсілін таңдау;
  6. Дидактикалық тапсырмаларды дайындау;
  7. Әдістемелік материалдарды қалыптастыру;
  8. Әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
  9. Оқыту барысында қолданылатын тапсырмаларға бағалау крийтерийлерін дайындау;
  10. Білімді бақылау құралдарын және оларды қолдану тәсілдерін дайындау;
  11. Дидактикалық материалды дидактикалық құрал ретінде білім беру үдерісіне қосу.
  12. Алынған және бар нәтижелерді түсіндіру [2].

Сонымен биология пәні бойынша дидактикалық тапсырмаларды қолдану барысында келесідей негізгі талаптарды ескеру қажет:

  1. Оқу жоспарына сай дидактикалық тапсырмаларды қолдану жолдары;
  2. Дидактикалық тапсырмалардың дамытушылық әсерінің себептері;
  3. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;
  4. Дидактикалық тапсырмалар арқылы тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;
  5. Дидактикалық тапсырмаларды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;
  6. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;
  7. Дидактикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары [3];
  8. Биологияның заңдары мен заңдылықтарын дидактикалық тапсырмалар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге септігін тигізетіндігі.

Сонымен қатар, дидактикалық тапсырмалар жүйесі арқылы білім деңгейі мен дағдыларын дамыту үшін репродуктивті тәсілге де назар аудару қажет. Өз кезегінде педагог дидактикалық тапсырмаларды ұсынады, ал білім алушылар оларды ешқандай сұрақтарсыз орындаулары үшін тапсырмалар жүйелі болуы қажет.

Өзімнің тәжірибемде дидактикалық тапсырмалармен жұмыс жасау барысында келесідей бағдарламаларды қолданамын:

  1. Bilimland.kz — әмбебап білім платформасы. Bilimland сабақтары жаңа тақырыпты түсіндіру барысында презентациялық материал ретінде, тақырыпты қорытындылау барысында тәжірибелік тапсырма ретінде немесе өткен тақырыптарды қайталау барысында қызықты көрнекті материал ретінде қолданыла алады.
  2. Twigbilim.kzСыныпта да, үйде де пайдалануға ыңғайлы тамаша ресурспен таныс болыңыздар. Мектеп бағдарламасына сай бұл ресурс мыңдаған фильм, интерактивті көрнекілік және бақылау тапсырмаларынан тұрады.
  3. Plickers статистикалық жұмыс жасау үрдісін жеңілдететін және сыныптың жауабын лезде бағалап беретін қосымша. Plickers мұғалімнің ұялы телефонын немесе планшетын білім алушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланады.
  4. Kahoot — білім беру саласындағы педагогтар мен білім алушыларға арналған ойын платформасы. Яғни ойын арқылы білім беру. Kahoot бағдарламасы оқуды және кез-келген тақырыпты қызықты, ынталандырып, көрікті етіп береді. Kahoot бағдарламасы Kahoot.com сайтында орналасқан. Сонымен қатар оны кез-келген сандық құрылғыларға жүктеп алуға болады.
  5. ZipGrade — қас қағым сәтте тестерді тексеруге мүмкіндік беретін қосымша. Ол үшін мұғалім жауап бланкілерін басып шығару, білім алушыларға толтырту және өз смартфонынан жауап парақтарын сканерлеу қажет. Нәтижелер автоматты түрде пайыздарға қайта есептеледі және бағдарлама жадысында сақталады.
  6. Quizletжаңа сөздерді есте сақтау үшін тамаша платформа. Карточкалардың дайын желілерін пайдалануға немесе жасауға болады. Сондай-ақ, платформа түрлі тесттер, ойындар және қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Интербелсенді тақта бойынша барлық сыныптармен жұмыс істеуге немесе әр білім алушыға өз виртуалды сыныбында сілтеме бойынша жеке тапсырмалар беруге болады.

Осылайша, оқытуда дидактикалық тапсырманы сауатты және тиімді пайдалану білім алушылардың оқу үдерісіндегі оқу мақсаттарна қол жеткізудің қолайлы құралы болып табылады.

Қорытындылай келе, дидактикалық тапсырмаларды пайдалану бірінші кезекте оқу процесінде білімді дамыту мен меңгеруге бағытталған.

Әдебиет:

  1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық». «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
  2. Гора П. В. Повышение эффективности обучения в средней школе. М.: Просвещение. 1988. — 343 с.
  3. Хуторской А. В. Современная дидактика. Учебное пособие. 2-е издание, переработанное. М.: Высшая школа, 2007. — 639 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Ключевые слова

дидактикалық тапсырмалар, дидактикалық материалдар

Похожие статьи

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале... Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты.

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Ұлтымыздың сүйікті перзенті, қазақ тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмахановтың қоғамдағы орны, оның өмірлік жолы ерекше.

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі.

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер

Өткен ғасырдың аяғындағы өндіріс, ғылым мен техникадағы өзгерістер қоғамның жаңа түріне көшуге ықпал етті. Нәтижесінде ғылым мен білім қоғамның дамуына ықпал жасайтын күшке...

АЛЖИР лагері мен тұтқындарының өмірі | Статья в журнале...

Тарих тағлымында тарланып, тотаритарлық жүйеге қорланып, ақиқаттың шынайы шыңынан орын ала-алмаған тарихымыздың ақтаңдық беттері мен ұлтымыздың азаттығын сақтау үшін...

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың...

Еліміз іргелі ел болып ата дәстүріндегі салт-сананы қайта жаңғыртып жатқанда, оның тұғырлылығы мен орнықты өркендеуін қамтамасыз ету бағдарын қолға алған мемлекетіміздің...

Жасөспірім балалардың дамуының сипаттамасы

Жасөспірімдік кезеңде адамның жетілуі мен дамуының белгілі кезеңдері болады және ол балалық кезең мен ересектік кезең арасында жатыр.

Жacөспірімдерді әлеуметтік ортаға және өмірге бейімдеу...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы 2050 жылға дейінгі стратегияны іске асыру жолдары мен орындалу...

Задать вопрос