Шет елдеріндегі және Қазақстан Республикасындағы суррогат ана келісім-шартындағы құқықтық реттеу ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 2 ноября, печатный экземпляр отправим 6 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №11 (301) март 2020 г.

Дата публикации: 10.03.2020

Статья просмотрена: 146 раз

Библиографическое описание:

Азенова, Ф. С. Шет елдеріндегі және Қазақстан Республикасындағы суррогат ана келісім-шартындағы құқықтық реттеу ерекшеліктері / Ф. С. Азенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 11 (301). — С. 269-271. — URL: https://moluch.ru/archive/301/67996/ (дата обращения: 19.10.2024).

Берілген мақалада Шет елдеріндегі және Қазақстан Республикасындағы суррогат ана келісім-шартындағы құқықтық реттеу ерекшеліктері мен суррогат ана болу келісім-шартындағы заңды құқықтық қатынастар қарастырылған.

Кілт сөздер: суррогат ана, қосалқы репродуктивтік технологиялар, ерлі-зайыптылар, донор, суррогат ана болу келісім-шарты.

В данной статье рассматриваются различия в правовом регулировании суррогатного отпуска по беременности и родам за рубежом и в Республике Казахстан, а также правовые отношения между договорами о суррогатном материнстве.

Ключевые слова: суррогатная мать, вспомогательные репродуктивные технологии, супруги, донор, договор о суррогатном материнстве.

XXI ғасырды ғылым мен техниканың оның ішінде биомедицина саласындағы қарқынды және сапалы серпіліс ғасырымен атап өтуге болады. Қазіргі заманда репродуктивті технологиялар қарқынды дамуда. Сол себепті оларды жеткілікті заңнамамен қамтамасыз ету қажет. Медицинаның бедеулікті емдеу, соның ішінде әсіресе суррогат ана көмегімен құқықтық реттеу заңнамада үлкен пікірталас тудыратын мәселе болып табылады. Қазіргі медицинаның жетістіктері жалпы алғанда оң. Бірақ суррогат анаға деген көзқарас әрдайым бірдей емес. Соңғы кезде суррогат ананың көмегімен бедеулік жұптардың генетикалық тұрғыдан баланың дүниеге келуі көптеген қарама-қайшылықтарды туғызуда. Атап айтқанда бұл үрдіс адамдардың негізігі құқықтары мен бостандықтарын бұзылуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар моральдық, этикалық және діни сипаттағы сұрақ ашық қалып отыр. Осылайша репродуктивті технологиялар әдістерін қолдану құқығы, адам құқығының құрамдас бөлігі болып табылады,яғни табиғи қажеттіліктерінен туындайтын құқықтардың қатарына жатады. Соның бірі — балалы болу құқығы. Сондықтан әркім өз денсаулығын сақтау және бедеулікті емдеу үшін ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға құқылы.

Суррогат ана институты көптеген батыс елдерінің қазіргі заңнамаларымен танымал, суррогат ана болу құқығы егжей-тегжейлі құқықтық реттелуі қабылданды, бұл сөзсіз оның дамуына және қолданылуына ықпал етті. Суррогат ана болу қатынастарын құқұық реттеудің әрекеті Қазақстан Республикасында және бірқатар көрші елдерде жасалуда. Біздің ойымызша, бұл әрекет сәтті болу үшін, ең алдымен осы қатынастардың заңды табиғатын мәнін анықтау және суррогат ана түсінігі мен оның ерекшіліктерін нақты тұжырымдау қажет. Біздің елде, сондай-ақ басқа да көптеген елдерде балалы болу жолын шешу тәсілдерінің бірі суррогат ана қызметін пайдалану арқылы қосалқы репродуктивті технологияларды қолдану ең тиімді тәсіл ретінде қарастырылуда.

Суррогат ана институты ол жеткілікті кеңейтілген құқықтық заманғы заңнамасына танымал болғандықтан, оның дамуына және қолданылуына ықпал етті. Сол үшін ең алдымен суррогат ана ұғымын анықтап алған жөн. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңына сәйкес,суррагат ана түсініктемесі 1-ші баптың 33-ші тармағында көрсетілген, яғни суррогат ана- суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар)туатын әйел делінген [1]. Шет елдердің заңнамаларында суррогат анаға қатысты басқалай анықтамалары бар. Соның бірі Англия елі. Англия заңнамасында суррогат ана — ерлі- зайыптылар мен шарт яғни әйелінің балалы бола алмайтын, суррогат ана яғни, баланы дүниеге әкелетін әйел арасындағы келісім-шарт процесі ретінде анықталады.

Суррогат ана Ұлыбритания да 1985 жылғы суррогат ана туралы заңымен реттеледі. Суррогат ана болу Ұлыбританияда әйелдің жүкті болғанға дейін жасаған баланы кейіннен оны ата-анасына беру арқылы көздейтін келісім ретінде айқындалады. Жүктілік эмбрионды ұрықтандыру аяқталғаннан кейін басталады деп есептеледі [2]. Ресей Федерациясының «Денсаулық сақтау негіздері туралы» федералдық заңда азаматтардың қосалқы репродуктивті технологиялары қолдану 9–10 –шы пунктінің 55-ші бабында суррогат анаға арналған. Бұл бапта суррогат ана-шарт бойынша баланы көтеру және дүниеге әкелу (оның ішінде мерзімінен бұрын босану) медициналық көрсеткіштер бойынша балалы болу мүмкіндігі жоқ әйелдің донорлық эмбрионды ауыстырғаннан кейін және жыныстық жасушаларды ұрықтандыру болып саналады [3]. Қазіргі таңда репродуктивті технологиядағы жетістіктерге қарамастан көптеген шет елдерде діни және моральдық тұрғыдан суррогат ана қызметін қолдануға тыйым салынған елдер бар. Бұл көптеген Еуропа елдерінде мысалы, Швеция, Норвегия, Австрия, Германия, Франция, Италия сондай-ақ Түркия елінде тыйым салынған. Суррогат ана қызметін қолданыла алмаған ерлі- зайыптылар балалы болу құқықтарын Украина, Ресей, Қазақстан және т. б. елдерде қолдануға мүмкіндіктері бар. Статистикаға сүйенсек, неке одақтарының 15- % баласыз болып саналса, мұндай жұптардың шамамен 35- % яғни жылына 8 мың жұп репродуктивті технологияларды қолданылуын қажет етеді [4].

Суррогат ана болу қатынастары келісім-шарт негізінде жасалады. Айта кету керек бұл ерлі-зайыптылар, суррогат ана мен ұйым арасындағы бойынша екі жақты келісім болуы қажет. Ресей авторы Ситдикова Л. Б. айтуынша суррогат ана келісім жасау –осы құқықтық қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың міндетті шарты болып табылады деп атап өтті [5, 82–88 бет]. Суррогат ана мен оның қызметтеріне жүгінетін адамдар арасындағы қарым-қатынастардың құрылуы мен дамуы келісім-шарт қаншалықты сапалы жасалуына байланысты. Осы суррогат ана келісім-шартының құқықтық табиғатын анықтаудағы басты қиындық оның жан-жақты сипаттауды талап етуде. Аталған ерлі- зайыптылар мен суррогат ана арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес қатынастарда болады. Сол үшін отбасылық құқық және азаматтық құқық нормаларына сүйену керек.

Біздің ойымызша, суррогат ана келісім-шартының заңды табиғаты ақылы қызмет түріне жақын екенін мойындау керек. Себебі, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарды мердігер мен тапсырыс берушінің қызмет көрсетуге қатысты қарым- қатынасы ретінде қарастыруға болпды. Егер біз Ресей Федерациясының суррогат ана келісім-шартын реттеуге жүгінетін болсақ, онда шет елдік тәжірбиені сәтті қолданатын Қазақстан Республикасын заңнамасын мысал ретінде келтіруге болады. Нақтылай айтсақ суррогат ана келісім-шарт Қазақстан Республикасының «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің 54–55 баптарында көрсетілген. Бұл тарауда суррогат ана келісім нысаны туралы, ерлі-зайыптылардың ата-аналық құқықтары, мен суррогат анадан туылған балаға деген құқықтары мен міндеттері туралы көзделген [6]. Мүлікітік емес қатынастар ең алдымен баланы имплатантациялау,босану және баланы ата-анасына тіркеу мәселелерімен байланысты. Мүліктік қатынастар тек ғана суррогат ана келісім-шартынын тиісінше орындау нәтижесінде алатын сыйақысына ғана емес,(ақылы суррогат ана келісім-шарт жасалған жағдайда) сонымен бірге суррогат ананың жүктілік және босану кезіндегі шығындардын өтеуге, медициналық көмекке ақы төлеуге қатысты. Яғни іс жүзінде келісім-шарт отбасылық және азаматтық құқықтық нормаларымен реттелетін және жасалуы мүмкін жағдайларды көрсетеді.

Демек, суррогат ана келісім-шарты бойынша туындайтын мүліктік қатынастар азаматтық құқықтық сипаттқа ие және қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша туындайтын шарттық қатынастарға жақын деп қорытынды жасауға болады. Осы екі келісімінің келесі жалпы және айрықша белгілерін бөлуге болады. Біріншіден қызметтерді көрсетуге арналған шарттың мәні белгілі-бір қызметтерді көрсетуге қатысты тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы қатынастар. Екіншіден мердігерге қызмет көрсету шарты бойынша мердігер нәтижеге жетпеу қауіпін көтермейді және кінә үшін жауапкершілік туралы жалпы ереже қолданылады. Сондай-ақ, суррогат ана келісім бойынша бала көтеруге және балалы болуға келіскен әйел нәтижеге қол жеткізетінің кепілдік бере алмайды,атап айтқанда сау баланың дүниеге келуіне кепілдік бере алмайды сәйкесінше ерлі-зайыптылар сол нәтижені күтеді. Суррогат анаға денсаулығына қатысты жағдайларға (нәтижеге жету мүмкін емес жағдалардың болуы) суррогат ананын кінәсі болса жауап беруі керек. Мысалы өздігінен түсік түсіру, медициналық себептері бойынша жүктілікті тоқтату және т. б. Осылайша ерлі-зайыптылардың суррогат анамен жасасқан шарты азаматтық құқықтық келісім болып табылады. Келісім-шарт туындайтын қатынастарды реттеу азамаьттық және отбасы құқығының ерекшіліктеріне негізделеді, яғни ол осы құқық саласындағы анықталған шарттардан тұрады.

Әдебиеттер:

  1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі. (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518 сайтынан)
  2. Репродуктивная медицина, Научно-практический журнал Казахстанской Ассоциации репродуктивной медицины (http://repromed.kz/pdf1/2016_4_(29).pdf сайтынан).
  3. Федеральный закон Россиской Федерации от 21 ноября Российской Федерации от 21 ноября 2011 года № 323-Об основах охраны здоровья граждан в Российской Федерацииизменениями и дополнениями по состоянию на 27.12.2019 г.) (https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31089415#pos=1;-109 сайтынан).
  4. Репродуктивная медицина, Научно-практический журнал Казахстанской Ассоциации репродуктивной медицины (http://repromed.kz/pdf1/2016_4_(29).pdf сайтынан).
  5. Ситдикова Л. Б. Понятие и правовая природа договора суррогатного материнства // Вестник Московского городского педагогического университета. Серия: Юридические науки. 2014. № 4 (16). С. 82–88.
  6. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі. (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518 сайтынан).
Основные термины (генерируются автоматически): суррогат, ана, бола, мена, репродуктивная медицина, ана мен, суррогатное материнство, Казахстанская Ассоциация, Научно-практический журнал, Российская Федерация.

Похожие статьи

Нұр-Сұлтан қаласының автотұрағын талдау және көшелеріндегі көлік кептелісі жағдайларын анықтау

Нұр-сұлтан, Қазақстан Республткасының елордасы көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы, сондай-ақ қала экономикасы мен халқының жақсаруы осы салада бұрын болмаған бірқатар проблемаларды анықтады. Енді қаланы қарбалас уақытта түсіру міндеті барған сайын...

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Бастауыш мектеп оқушыларының сабақтағы зерттеушілік қабілеттерін дамыту

Мақалада оқушылардың зерттеушілік оқу әрекетін қалыптастыруға бағытталған мұғалімнің білім беру қызметі қарастырылады.

Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы салық жүйесін жетілдіру жолдары

Мақалада шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу үнемі реформаланады, бірақ әлі оңтайлы салық жүйесі қамтамасыз етілмей отырғандығы туралы талқыланады және жаңа ақпараттандырылған салық жүйесін құру ұсынылады.

Орта Азия қалаларындағы тұрғын-үй кварталдардың ерекшеліктері мен түрлері

Мақалада Орта азия қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуіне және халықтың тұрғын үймен қанағаттануына қарай жаңа құрылыстың ауқымын кеңейту және салыстырмалы түрде жақсарту мәселелері қарастыры...

Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарында жерді пайдалану ерекшеліктері

Мақалада Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарындағы жеміс-жидек, егістік өнімдерінің алып жатқан аумағы, үлес салмағы арқылы санат бойынша жерді пайдалану көрсетілген. Ауданда орналасқан шағын шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау жоқтығынан, өнім ...

Ұшқышсыз көлік құралдарының жұмыс істеу принциптері

Мақалада ұшқышсыз көлік құралдарының жұмыс істеу принциптері қарастырылған, қазіргі уақытта ұшқышсыз көлік құралдарының қозғалысын қамтамасыз ету және бағдарлау саласында қолданылатын техникалық және бағдарламалық шешімдері келтірілген. Ұшқышсыз авто...

Қазақ жеріндегі қорықтар жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері

Қазақ халқында ежелгі қасиетті жер-суды пір тұтудың нәтижесінде ерекше қорғалып сақталған табиғат ескерткіштері бар. Географиялық нысандарды «қасиетті», «киелі» деп жариялау арқылы, халық ғасырлар бойы қазақ жеріндегі орман қорын, өзен-көлді, таулы а...

Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастырудың криминалистикалық сипаттамасы

Мақалада қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың шарттары мен жағдайларының қалыптасуы мен дамуына тікелей әсер ететін объективті және субъективті факторлар қарастырылады. Сондай-ақ, қылмыс жасау үшін жағдай жасау, оны жасыру материалдық жә...

Цифрлық реле негізінде жасалған 35/10 кВ қосалқы станциялардың қорғаныс элементтерінің таңдау қабілеттілігін зерттеу

Мақалада авторлар 35/10 кВ қосалқы станцияларда цифрлық релелер негізінде жасалған таңдаулы қорғаныстарды пайдалану кезінде электр жабдықтарына қысқа тұйықталу тогының әсерін төмендетуді негіздеуге тырысады.

Задать вопрос