Қазақстан Республикасының адвокатурасы және адвокаттың мәртебесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №10 (300) март 2020 г.

Дата публикации: 04.03.2020

Статья просмотрена: 1230 раз

Библиографическое описание:

Карасаева, А. Б. Қазақстан Республикасының адвокатурасы және адвокаттың мәртебесі / А. Б. Карасаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 10 (300). — С. 220-224. — URL: https://moluch.ru/archive/300/67863/ (дата обращения: 23.04.2024).



Мақалада адвокаттың және адвокатура институтының мәртебесі анықталып, азаматтық істер бойынша өкіл-адвокаттың өкілеттіліктері, адвокаттың азаматтық процестегі қызметінің құқықтық негіздері, адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібі және ережелері, азаматтық процесстегі өкілдіктің ерекшеліктері және өкілдік жүзеге асырылатын құжаттар анықталды.

Негізгі сөздер:адвокаттық қызмет, адвокатура, азаматтық процесс, тараптардың жарыспалылығы, жеке және заңды тұлғалар, заң консультациясы, адвокаттың көмекшілері, адвокат-өкіл, даулы құқықтық қатынастар, конституциялық құқық, адам құқықтары.

Встатье определен статус адвоката и института адвокатуры, определены полномочия адвоката-представителя по гражданским делам, правовые основы деятельности адвоката в гражданском процессе, порядок и условия повышения квалификации адвокатов, особенности представительства в гражданском процессе и документы, на основе которых оно осуществляется.

Ключевые слова:адвокатская деятельность, адвокатура, гражданский процесс, состязательность сторон, физические и юридические лица, юридические консультации, помощники адвокатов, адвокат-представитель, спорные правоотношения, конституцион ное право, права человека.

Заң әдебиетінде Қазақстан соттарында азааттық істер бойынша өкілдік ету, адвокатураның және адвокаттың мәртебесіне қатысты мәселелер кеңінен жария етілген мәселелердің бірі болып табылады.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру және еркін, нарықтық, бәсекеге қабілетті қазақстандық экономиканы қалыптастыру жағдайында азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау тетігіндегі кепілдіктер ретіндегі өкілдіктің мәні өсуде.

Өкілдік және адвокатура институттарын зерттеу аталмыш институттың құқықтық табиғаты мен мәнін, сот қызметімен өзара байланысын, азаматтық процестегі өкілдіктің түрлерін, субъектілерін, негіздемелері мен нысандарын анықтауға және құқық қолдану тәжірибесінде қоланудың тиімділігін арттыруға және адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында: «мемлекеттің басты бағыты –адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің құндылығы болып саналады» деп атап өткен. Елбасы тапсырмасын орындауда заңның атқарар орны үлкен. Себебі заң қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты реттейтін негізгі ереже болып табылады [1].

Еліміздің Ата заңына сәйкес адам, оның құқықтары мен бостандықтары жоғарғы құндылық болып табылады.ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әркімге оның құқықтары мен еркіндіктерін сот жүзінде қорғауға кепілдік беріледі [2]. Осы ереже мемлекет әркімге сот тарапынан қорғау құқығын (соның ішінде жіберілген сот қателіктерінен де) толық көлемде қамтамасыз етуі тиіс екендігін білдіреді. Сот жүзінде көрсетілетін қорғау шаралары әділ, білікті және тиімді болуы тиіс. Осы міндет сондай-ақ, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына да, атап айтқанда, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының [3] 8-ші және 29-баптарына және Азаматтық, саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің [4] 2-бабында бекітілген ережелерге, сондай-ақ, Адамның құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау туралы конвенцияға да негізделеді. Мүдделі тұлғалар соттар өз қызметінде жіберген қателердің жойылуын, жоғары тұрған соттар тарапынан төменгі сатыдағы соттар қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен негізделгендігін тексеруін талап етуге құқылы, себебі тек бұзылған құқықтарды тиімді түрде қалыпқа келтіре алғанда ғана әділ сот орнады деуге болады.

Қазақстан Республикасының Ата заңы — Конституцияға сәйкес әркімге білікті заң көмегін алу құқығына кепілдік беріледі. Азаматтық қоғамда адвокат тар мен адвокатура барлық сот ісін жүргізу сатыларында аталмыш конституция лық құқықты жүзеге асырудың негізгі субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңы адвокаттың ұйымдық-құқықтық мәртебесін анықтап, кәсіби міндеттерді жүзеге асырудың тәсілдерін, азаматтық процесте тараптың, үшінші тұлғалардың тапсырмалары бойынша жүзеге асырылатын процестік қызметтің уақытылығы мен тиімділігі, сапасы үшін жауапкершіліктің түрі мен мөлшерін көздеді [2].

2018 жылы өкілдік институтын жетілдірген және оның құқықтық мәртебесін нақтылаған жаңа заң қабылданғанға байланысты азаматтық сот ісін жүргізуде адвокат-өкіл қызметінің конституциялық және процестік негіздерін, тараптардың тең құқылылығы және жарыспалылығы қағидаттарын, азаматтық-процестік қызмет субъектісінің өкілеттіктер шеңберін, адвокатты ерекше кәсіби өкіл ететін факторларды басшылыққа ала отырып сенім білдірушіге білікті заң көмегін көрсетудегі ролін анықтау қажеттілігі туындады.

Адвокат-өкілдің құқықтары, міндеттері, құқықтары мен міндеттерін лайықты орандау кепілдіктері, адвокат-өкілдің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі, жауапкершілігі — азаматтық сот ісін жүргізудегі негізгі субъектілердің бірі болып табылатын адвокат-өкіл мәртебесі құрылымының құрамдас бөліктері болып табылады. Азаматтық сот ісін жүргізудегі адвокаттың құқықтық мәртебесін анықтау жалпы өкіл мәртебесінің және оның қызметінің құқықтық негіздерімен тығыз байланысты. Қазақстандық азаматтық сот ісін жүргізудегі адвокат қызметінің конституциялық және процестік негіздерін зерттеу қазіргі құқықтық ғылымда айтарлықтай орын алуда.

Қазіргі кезде елімізде қызмет ететін адвокаттардың құқықтық мәртебесін бекіту, біркелкі адвокаттық тәжірибені қалыптастыру мақсатында 2018 жылғы 5 шілдеде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған [5].

Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысатын адвокаттардың қызметі аталған заңға, сонымен қатар, Қазақстан Республика сының Консти туциясын, «Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне, сондай-ақ, аумақтық адво каттар алқалары мен Республикалық адвокаттар алқасының Жарғыларына, олардың басқару органдарының шешімдері мен Адвокаттардың кәсіби этикасы кодексінің талаптарына, сонымен қатар, Адвокаттар алқаларының республика лық конференциясымен бекітілген Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережеге, Адвокаттар алқалараның республикалық конфедерациясымен 2018 жылғы 23 қарашада бекітілген «Қазақстан Республикасының адвокатта рымен кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібі туралы ережеге» негізделеді. Бұл құжаттар адвокаттардың қызмет ету тәртібін, тәртіптік жазаға тарту рәсімін, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы істерді қарау мерзімдерін белгілейді [6].

Адвокаттың құқықтық мәртебесі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету және кеңес беру қызметіне, клиенттердің мүдделерін қорғауға және олардың мүдделерін қорғау бойынша өкіл ретінде қызмет етіп, жүзеге асыруға бірыңғай талаптарды қалыптастыру мақсатында әзірленген адвокаттың құқықтық кеңес беру, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және олардың мүдделеріне өкілдік ету түріндегі заң көмегін көрсету стандарттарына қайшы келмеу керек және стандарттарға негізделеді.

Стандарттардың ережелері оның кәсіби тәуелсіздігіне қайшы келетін іс-әрекеттерді болдырмауға, адвокаттың «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және Адвокаттардың кәсіби этикасы кодексінің талаптарын сақтауға бағытталған. Бұл құжатта құқықтық кеңес беру, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың соттарда, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және өкілдік ету қызметін жүзеге асыратын адвокаттың қызметіне қойылатын ең аз талаптар келтірілген.

Құқықтық көмек көрсететін адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау барысында мүдделер қайшылығын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. Құқықтық кеңес беру кезінде адвокат:

1) клиентпен әңгімелесу барысында істің мән-жайларын анықтайды;

2) клиент ұсынған құжаттарды зерттейді;

3) жеке және заңды тұлғаларға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер береді, соның ішінде: клиенттердің құқұықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, өтініштерді, арыздардың және өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды жасауға қатысты кеңестер береді.

Адвокат ауызша немесе жазбаша нысанда клиенттерге кеңес берулерді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тағайындау бойынша заң көмегін көрсету тәртібі сақталған жағдайда құқықтық көмекті көрсетудің негізі болып табылатын құжаттар: құқықтық көмек көрсету туралы шарт немесе аумақтық әділет органымен жасалған келісім, азаматтық істер жөніндегі сот шығарған қорғаушыны тағайындау туралы қаулы және аумақтық адвокаттар алқасының тапсырмасы.

Адвокаттар өкілдік етуді тиісті өкілдік ету туралы жазабаша хабарлама негізінде жүзеге асырылады. Заң көмегін көрсету туралы тапсырманы қабылдау барысында адвокат келесілерді орындауы тиіс:

1) қорғау туралы тапсырманы қабылдауға кедергі туғызатын немесе осы адвокаттың іс бойынша өндіріске қатысуын жоққа шығаратын мән-жайларың бар болуын анықтау;

2) істің мән-жайларын зерттеу.

Өкілдік ету барысында адвокат клиентке кеңес береді және клиентке оның процестік құқықтары мен міндеттерін, іс бойынша қолданылатын материалды және процестік құқық нормаларын түсіндіреді, клиентке іс материалдарымен танысқан кезде, арыздарды, өтінішхаттарды, шағымдарды және өзге де процестік құжаттарды әзірлеу барысында көмек көрсетеді немесе аталған құжаттарды өз бетінше әзірлейді, заңнамада тыйым салынбаған қорғау мен өкілдік етудің өзге де құралдары мен тәсілдерін қолданады [7].

Адвокат заңда белгіленген тәртіпте тиісті негіздемелер бар болған жағдайда судьяның, іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын өзге де органдар мен тұлғалардың іс-әрекеттеріне қарсылық білдіре алады.

Қазіргі кезде азаматтық сот ісін жүргізуде өкіл ретінде қатысатын адвокаттардың көпшілігінің құқықтық біліктілігі талап етілетін деңгейде емес; тіпті кейбір адвокаттар сотқа берілетін арыздарды да дұрыс тапсырмайды, — ол өз кезінде сарсаңға салуды тудырады. Сот азаматтық іс жүргізуге қатысатын өкілдің кәсіби жарамдылығына тиісті деңгейде назар аудармайды, өкілде адвокаттың мәртебесінің және арнайы білімінің бар не жоқ екендігін тексермейді тек жеке басын куәландыратын құжат пен істі жүргізуге құқық беретін сенімхатты ғана тексеріп, іске қатыстыра береді. Ол өз кезегінде азаматтардың құқықтарын біліктілігі тиісті деңгейде емес адвокаттардың қорғайтындығына әкеп соқтырады. Көптеген батыс елдерінің және АҚШ заңнамасы сотта өкілдік ету және халыққа құқықтық көмекті ұйымдастыру мәселесінде немқұрайдылыққа жол бермейді және аталған құқықтық қызмет көрсету түрлерін тек адвокатураның айрықша құзыретіне енгізген.

Мысалы, АҚШ адвокаттың тәжірибемен айналысуға патент алу үшін заң факультетінің түлегі қосымша аттестациядан өтуі тиіс. Және адвокаттық тәжірибемен айналысуға құқық беретін патент АҚШ кез келген аумағында емес, адвокатқа үміткер өз қызметін жүзеге асыруды көздейтін аумақта ғана беріледі. Адвокаттық тәжірибеге қол жеткізуге рұқсат беру шарттары әдеттештаттың Жоғарғы сотымен белгіленеді, алайда рұқсат ету мәселесі немесе штат адвокат тарының қуаымдастығымен немесе штаттың судьясы не губернаторының тағайындауы бойынша қалыптасатын адвокатураға қол жеткізу жөніндегі арнайы комиссиямен шешіледі. Әдетте осындай комиссия қызмет ететін заңгер-мамандардан құралады. Адвокаттық тәжірибеге рұқсат беру мәселесін шешу барысында комиссия кандидаттың моралддық сипаттамаларын және комиссия өткізген емтиханның нәтижелерін басшылыққа алады.

Израильде адвокаттар алқасы туралы 1961 жылғы заңға сәйкес келесі іс-әрекеттер тек кәсіби адвокат үшін көзделген және адвокат емес тұлға аталған қызмет түрлерімен айналыса алмайды.

  1. Басқа тұлғаның мүдделерін білдіру және сотта, аралық сотта, билік органдарының және сот немесе әкімшілік өкілеттіктерге ие лауазымды тұлғалардың алдында басқа тұлғаның атынан кез келген басқа іс-әрекет
  2. Басқа тұлғаның мүдделерін білдіру және басқа тұлғаның атынан кез келген басқа іс-әрекетті жүзеге асыру.
  3. Басқа тұлға үшін құқықтық құжаттарды ресімдеу, соның ішінде құқықтық құжатты әзірлеу мақсатында келіссөздер барысында басқа тұлғалардың мүдделерін білдіру.
  4. Кеңес беру және құқықтық тұжырым әзірлеу.

Сонымен қатар, АҚШ адвокаттық қызметпен заңсыз айналысқандығы үшін жауапкершілік белгіленген.

Германияда адвокаттық лицензиясы жоқ мамандар сотт тек талап арыздың құны 5 мың еуроға дейінгі істер бойынша ғана өкілдік ете алады. Францияның соттарына енді «қарапайым заңгерлерді» азаматтық іс жүргізуге қатыстырмайтын болды. Швейцария мен «адвокаттық монополиядан» қорық пайтын бірқатар басқа мемлекеттер де осы жолмен жүруде [7].

Осындай тәжірибені дамытудағы мақсат — тек құқықтық көмектің сапасын арттыру ғана емес, сонымен қатар, әділсоттың деңгейін арттыру болып табылады. Осыған орай отандық заңнамадағы көзге түсер олқылықтарды да атап өтуге болады; мысалы, сапасыз медициналық қызметпен айналысқанды қылмыс болып саналады және осындай іс-әрекет үшін тиісті жаупкершілік белгіленген; такси жүргізушілері үшін лицензиялық ережелер, ал «еркін тасымалдаушылар» үшін жауапкершілік белгіленеді. Ал сапасыз құқықтық көмек көрсетілетіндігі үшін тәжірибе барысында ешқандай жауапкершілік көзделмеген, тіпті процестік заңнамада оған тыйым салынбау арқылы қызметтің бұл түріне рұқсат берілетіндей.

Шетелдік тәжірибе біздің сот-құқықтық саланың реформаторларына мәлім болса да 2018 жылғы 5 шілдеде қабылданған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»Қазақстан Республикасының Заңында есепке алынбаған. Әркімді білікті құқықтық көмекпен қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық ереже жүзеге асырылмаған болып қалды.

Адвокатураның әртүрлі мемлекеттік-құқықтық жүйелердегі адвокатура ның ұғымын, мәнін және міндеттерін анықтау түрлі демократиялық мемлекет тердің қолданыстағы заңнамасының оңтайлылығы туралы және кейбір шетелдік құқық нормаларын біздің еліміздің құқықтық дәстүрінің ерекшеліктерін есепке ала отырып қазақстандық сот ісін жүргізуде қолдануға болады деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік емес құқықтық институт болып табылатын адвокатура елдің құқық қроғау жүйесінде маңызды роль атқарады, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғау, білікті заң көмегін алу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Қазақстандық адвокатураның құқық қроғау қызметін ұйымдастыру деңгейін арттыру мақсатында Заңда көзделген адвокаттық қызметтің кепілдіктері шеңберін айтарлықтай кеңейту керек.

Адвокаттардың құқықтық көмек көрсету, адвокаттардың және адвокату раның құқықтық мәртебесін заң жүзінде реттеу мәселелеріне талдау жасау барысында мақала авторы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету дәстүрлеріне негізделген демократиялық қоғамдық- құқықтық институт болып табылатын адвокатураны жетілдірудің көп жылдық тәжірибесін есепке ала отырып қазіргі жағдайда адвокатура институтын жетілдіру керек деген тұжырымға келді.

Республикада азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы адвокаттардың құқықтық мәртебесін реттеу деңгейіне тікелей байланысты. Осыған байланысты, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»Қазақстан Республикасының Заңына «Адвокаттың өмірі, денсаулығы, кәсіи ар-намысы, беделі және мүлкі мемлекеттің қорғауында, мемлекеттің тиісті органдары адвокаттан арыз берілген жағдайда адвокаттың, оның отбасы мүшелерінің, адвокат мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уақыты шараларды қолдануы тиіс» деген ереже енгізілсе деген ұсыныс білдіргім келеді.

Заң шығару және құқықты қолдану үрдісін, азаматтардың құқықтарын қорғау тәжірибесін жетілдіру жөніндегі аталған тұжырымдар мен ұсыныстар қазақстандық азаматтардың құқықтық мәлім болу үрдісін арттыруға, Қазақстанды басты құндылығы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде орнатуға мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан — 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы http://adilet.zan.kz Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. http://adilet.zan.kz
  3. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған
  4. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратифика циялау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91 Заңы
  5. Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ
  6. Антимонов Б. С., Герзон С. Л. Адвокат в гражданском процессе. — М., 2016. — С. 17–18.
  7. Синайский Э. Д. Развитие этических основ в деятельности адвокатуры // Материалы научно-практической конференции. — Санкт-Петербург., 2017. — С. 87–88
Основные термины (генерируются автоматически): мена, соты, Адвокат, гражданский процесс, адвокатура, III, немес.


Ключевые слова

адвокатура, адвокаттық қызмет, азаматтық процесс, тараптардың жарыспалылығы, жеке және заңды тұлғалар, заң консультациясы, адвокаттың көмекшілері, адвокат-өкіл, даулы құқықтық қатынастар, конституциялық құқық, адам құқықтары

Похожие статьи

Участие адвоката в гражданском процессе | Статья в журнале...

Адвокат — лицо, получившее в установленном законодательстве РФ порядке статус адвоката и право осуществлять адвокатскую деятельность. Участие адвоката в гражданском процессе осуществляется на основании соглашения с доверителем.

Собирание доказательств адвокатом в гражданском процессе

В данной статье рассматривается актуальная на сегодняшний день проблема собирания доказательств адвокатом в гражданском процессе. Обозначаются способы, формы собирания доказательств.

Представительство в суде по гражданским делам | Молодой ученый

Гражданский процессуальный кодекс Российской Федерации с момента введения в действие и до настоящего времени сохраняет возможность представительства участников гражданского процесса как адвокатами, так и другими лицами.

Институт адвокатуры в Древнем Риме: историко-правовой аспект

Определяются генезис древнеримской адвокатуры, ее организационная структура и функционирование.

Нам представляется, что адвокатура Древнего Рима возникла в рамках института патроната в III в. до н. э., то есть в так называемый период Средней республики.

Правовые основы статуса и деятельности...

Актуальность темы данной публикации обусловлена необходимостью исследования деятельности адвоката в гражданском процессе как участника, обладающего специальным статусом и познаниями, позволяющими защитить частные интересы личности.

Адвокатура как современный правовой институт гражданского...

В настоящее время адвокатура является институтом гражданского общества, обладает независимостью от государства, равноправием, защитой интересов, прав и свобод граждан. Авторы проанализировали современное состояние института адвокатуры в системе...

Приёмы короля адвокатуры Владимира Даниловича Спасовича

Владимир Данилович сравнивал следственный процесс с историческим исследованием.

Он был адвокатом, который часто руководствовался своими нравственными соображениями.

В данной статье дано определение адвокатуры РФ , адвокатура рассмотрена как институт...

Оплата услуг адвоката в гражданском процессе | Статья...

Адвокат — лицо, получившее в установленном законодательстве РФ порядке статус адвоката и право осуществлять адвокатскую деятельность. У адвоката есть право получить вознаграждение и компенсацию расходов, связанных с исполнением поручения.

Заступническая адвокатура в Древнем Риме | Статья в журнале...

В статье рассматривается вопрос происхождения института адвокатуры Древнего Рима и судебного патроната из заступнической адвокатуры. Также исследуется возможность оказания заступниками юридической помощи гражданам и их судебной защиты.

Похожие статьи

Участие адвоката в гражданском процессе | Статья в журнале...

Адвокат — лицо, получившее в установленном законодательстве РФ порядке статус адвоката и право осуществлять адвокатскую деятельность. Участие адвоката в гражданском процессе осуществляется на основании соглашения с доверителем.

Собирание доказательств адвокатом в гражданском процессе

В данной статье рассматривается актуальная на сегодняшний день проблема собирания доказательств адвокатом в гражданском процессе. Обозначаются способы, формы собирания доказательств.

Представительство в суде по гражданским делам | Молодой ученый

Гражданский процессуальный кодекс Российской Федерации с момента введения в действие и до настоящего времени сохраняет возможность представительства участников гражданского процесса как адвокатами, так и другими лицами.

Институт адвокатуры в Древнем Риме: историко-правовой аспект

Определяются генезис древнеримской адвокатуры, ее организационная структура и функционирование.

Нам представляется, что адвокатура Древнего Рима возникла в рамках института патроната в III в. до н. э., то есть в так называемый период Средней республики.

Правовые основы статуса и деятельности...

Актуальность темы данной публикации обусловлена необходимостью исследования деятельности адвоката в гражданском процессе как участника, обладающего специальным статусом и познаниями, позволяющими защитить частные интересы личности.

Адвокатура как современный правовой институт гражданского...

В настоящее время адвокатура является институтом гражданского общества, обладает независимостью от государства, равноправием, защитой интересов, прав и свобод граждан. Авторы проанализировали современное состояние института адвокатуры в системе...

Приёмы короля адвокатуры Владимира Даниловича Спасовича

Владимир Данилович сравнивал следственный процесс с историческим исследованием.

Он был адвокатом, который часто руководствовался своими нравственными соображениями.

В данной статье дано определение адвокатуры РФ , адвокатура рассмотрена как институт...

Оплата услуг адвоката в гражданском процессе | Статья...

Адвокат — лицо, получившее в установленном законодательстве РФ порядке статус адвоката и право осуществлять адвокатскую деятельность. У адвоката есть право получить вознаграждение и компенсацию расходов, связанных с исполнением поручения.

Заступническая адвокатура в Древнем Риме | Статья в журнале...

В статье рассматривается вопрос происхождения института адвокатуры Древнего Рима и судебного патроната из заступнической адвокатуры. Также исследуется возможность оказания заступниками юридической помощи гражданам и их судебной защиты.

Задать вопрос