Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы құндылықтық-ынталандырушы астарлар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ахметова, Ж. А. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы құндылықтық-ынталандырушы астарлар / Ж. А. Ахметова, Г. Ж. Абдыкалыкова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 6-7. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67928/ (дата обращения: 20.04.2024).

Міне, төртінші оқу жылы Қазақстан мектептерінің барлық мектептерінде кіші мектеп жасындағы балалар бастауыш білім берудің жаңа стандартымен оқытылуда. Білім берудің жаңартылған мазмұнының Стандарты үштілділікке даярлық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тіл мен әдебиетті, музыканы, көркем еңбек пәндерін кіріктіріп оқыту және ғылым әлеміне кіріспе ретінде жаңа жаратылыстану пәнін оқытуды қарастырады. Бастауыш білімнің жаңа Стандартындағы ең құндысы – бірінші сынып оқушысы бастауыш мектепті бітіргенде, біліктіліктердің еуропалық шектерінің төртінші деңгейіне сай келетін білім алып шығады, сондықтан еліміздің ғана емес, әлем университеттеріне теңдей түсе алады.

Білім беру мазмұнын жаңарту – бұл, ең алдымен, орта білім моделінің өзін, оның құрылымын, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдері мен әдістерін қайта қарау, оқушылар жетістігін бағалаудың түбегейлі жаңа жүйесін ендіруді көздейді. Білім мазмұны тұлғаның үйллесімді қалыптасуы мен дамуына жайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған.

Білім мазмұнының нәтижесі – оқу жетістіктері өнімді сипатқа ие болады, ал шынайы оқу үдерісі болса, оқушылардың әр сабақтағы білімді «игерудегі» белсенді әрекетімен сипатталатын болады.

Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерінің бірі –оқу мақсаттарына теңестірілген құндылықтар. Оқыту мен оқу тұтастай құндылықтар идеясымен астасқан. Мысалы, «Сауат ашу» оқулығында оқушыларды өзі, елі үшін намысын, Отарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыратын тапсырмалар кеңінен берілген. Олар: еліміздің сұлу да айшықты орындарының иллюстрациялары, әйгілі тұлғалардың портреттері және т.б. «Жаратылыстану» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінде тапсырмалар табиғат байлықтарын, адам мен адамзат өмірінің іргетасы ретінде тану, сақтау және көбейтуге бағытталған. Үйлесімді тұлғааралық және мәдениетаралық өзара әрекеттің көрінісі ретіндегі келесім және төзімділік, басқа мәдениеттерге және көзқарастарға құрметпен қарау, айналадағылармен достасу және көмек көрсету, гуманистік мәдениетті дамыту «Әлемтану» пәнінде айқын көрінеді. Оқулықтардағы барлық иллюстрациялар айшықты, қанық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді, балалар оларды қуана қарайды, сұрақтар қояды. Бірінші сынып оқушыларына, әсіресе денсаулық, мәдениет, отбасы, Отан сияқты құндылықтар өте жақын. Оқушылар еліміз туралы әңгімелерді қызығушылықпен қабылдайды, әр қалаға саяхат жасауды, жаңа достармен танысуды армандайды.

Білім білім мен біліктердің жүйесін анықтаумен қатар, өз әрекетінің мазмұнында өмірлік құндылықтар мен идеалдардан да тұрады. Олар тұлғаның мінез-құлқын, өмір салтын, қызметін, жалпы толымды тұлғаны қалыптастырады. Білім беру оқушыларды орнықты өмірлік бағдар болып қалатын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға баулуды көздейді.

Бүгінгі таңда мұғалім белсендендіргішке айналуы тиіс, ол оқушылардың әрбір позициясын және оқудағы әрбір жеңісін бағыттап және қолдаумен қатар, оқуда нәтижелерге өзбетінше қол жеткізуін ынталандыруы да керек. Өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге дайын ғана емес, оны барлық жағынан жақсартатын өмірлік ақиқатқа ықпал ете алатын тұлғаны қалыптастыру қажет.

Бастауыш мектеп түлегі қоғамда сұранысқа сай келетін мынадай сапаларға ие болуы тиіс, олар: креативтілік, ұтқырлық, әлеуметтік жкауаптылық, жетілген зият, функционалды сауаттылық, коммуникатив-тілік, ана және басқа да тілдерді меңгеру, төзімділік, заманауи техника және коммуникация құралдарын қолдана білу. Өйткені, бастауыш мектепте моральдық құндылықтардың, өмірлік ұстанымдардың бастапқы негіздері қалыптасады, адамгершілік-мәнді категорияларды (жақсы мен жаман, жауаптылық, сыйластық, келісім және т.б.) айыра білуі жүреді, сондықтан мұғалім жаңартылған оқу бағдарламасының идеялары мен құндылықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби тұрғыда даму, жетілу аса қажет.

Әдебиет:

  1. 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019.
  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. - Астана: «НЗМ» ДББҰПШО, 2017. - 39 б.
  3. Merser N. The guided construction of knowledge: talk amongst teachers. Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер. Clevedon: Multilingual matters, 1995.
  4. http://www.rusnauka.com/12_KPSN_2012/Philologia/3_108650.doc.ht
  5. http://u-s.kz/blog/bastauysh_synypta_ltty_ndyly_negizinde_bilim_men_t_rbie_beru
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Конфуций – Кун – Фу – цзы (« Кун Ұстаз ») – біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі...

АЛЖИР лагері мен тұтқындарының өмірі | Статья в журнале...

Тарих тағлымында тарланып, тотаритарлық жүйеге қорланып, ақиқаттың шынайы шыңынан орын ала-алмаған тарихымыздың ақтаңдық беттері мен ұлтымыздың азаттығын сақтау үшін...

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін...

Берілген мақалада азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін міндеттемелердің азаматтық заң бойынша құқықтық реттелуі қарастырылады.

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена , Секта, бар , немес , христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте...

Болашақ мамандарды даярлаудағы сындарлы сабақты...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Лингводидактические основы обучения студентов...

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер

Өткен ғасырдың аяғындағы өндіріс, ғылым мен техникадағы өзгерістер қоғамның жаңа түріне көшуге ықпал етті. Нәтижесінде ғылым мен білім қоғамның дамуына ықпал жасайтын күшке...

Жасөспірім балалардың дамуының сипаттамасы

Жасөспірімдік кезеңде адамның жетілуі мен дамуының белгілі кезеңдері болады және ол балалық кезең мен ересектік кезең арасында жатыр.

Домбыра аспабын орындауда оқушының шеберлігін арттыру

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың киелі домбырасының атқаратын орны ерекше.

Задать вопрос