Студенттердің оқу орнына бейімделуінің өзекті проблемалары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жаримбет, А. О. Студенттердің оқу орнына бейімделуінің өзекті проблемалары / А. О. Жаримбет. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 13-14. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67886/ (дата обращения: 20.04.2024).



Бейімделу - жеке тұлғаның әлеуметтік ортаның талаптарына және шарттарына икемделуі. Ал, студент - қоғамның мықты интеллектуалдық әлеуеті. Қазіргі заман талабы білімді, білікті, бәсекеге қабілетті және өз мүмкіндіктерін қолдана алатын тұлға болу. Тұлға болуға бағыт бағдар беру және қалыптастыру білім ошақтарындағы педагогтар мен психологтардың негізгі міндеті.

Бейімделуді зерттеу Ж. Пиаженің, И.П. Павловтың, И.М. Сеченовтың, Ч. Дарвиннің еңбектерінде кездеседі. Мәселені тек психологтарды ғана емес педагогтар мен әлеуметтанушыларды да бейжай қалдырмады. Педагогика саласында В.Л. Бозджиевтің, В.М. Дугинцтің, Л.А. Носовтың, В.В. Лагеревтің еңбектерінен, әлеуметтік тұрғыдан Ф.Б. Березин, О.С. Гребенюк, В.В. Синявский еңбектерінен көруге болады.

Оқу орнындағы оқудың басталуының өзінде ақ, көптеген студенттердің тез шаршайтындығы, үрейліліктің жоғары деңгейі байқалады. Бұған себептер жоқ емес.

Біріншіден, студенттердің мамандық таңдауда қателесуі. Бұл мәселені шешу үшін мектептегі психологиялық қызмет деңгейін және сапасын көтеру тиіс. Яғни, тек қағаз жүзінде емес практикалық тұрғыдан балаға өз мүмкіндіктерін қолдануға және шешім қабылдауға бағдар беру керек.

Менталитеттің әсері ме, әлде әлеуметтік статустардың маңыздылығы ма жас ұрпағымызды болашағы үшін емес жеке әлеуметтік репутациясы үшін өмір сүретіндей. Бір сөзбен айтқанда, студенттер өзіне не керек екендігін түсіне алмай жатады. Студенттерге бұл мәселені шешу үшін амирикан психологы А.Х. Маслоудың «Қажеттілік пирамидасын» ұсынсақ болады.

C:\Users\USER\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG_0859.gif

Сурет 1. А.Х. Маслоудың «Қажеттілік пирамидасы»

Бұл теория адамның психологиялық дамуы мен өсу сатыларын айқындайды. Маслоудың түсіндіруі бойынша, әрбір саты келесі сатыға көтерілу үшін, алдыңғы саты толық орындалуы және толық қанағаттануы қажет.

Бірініші курс студенттеріне оқу-тәрбие процесі барысында «Мамандығың өзіңе ұнайма?», «Мамандықты таңдауға кім ықпал етті?» деген секілді сұрақтар қойылады. Көптеген студенттер «Грант болғасын түстім» немесе «Ата-анамның ықпалымен» деп жауап беріп жатады. Осы тұрғыда студенттер өзі қаламаған мамандықта оқуы әлеуметтік статусына сай ортасына бейімделу кезінде кедергі келтіретіні анық. Ал бейімделе алмау эмоционалдық дағдарысқа әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

Екіншіден, студенттің оқу процесіне икемделе алмауы. Маман даярлайтын оқу орындарының оқу бағдарламасы мектеп бағдарламасынан өзгеше және күрделірек. Ақпараттың күрлелігі, көптігі студенттің танымдық үрдісіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. Сол себепті, бірінші курс студенттері болашақ мамандығына ғана байланысты пәндерді оқығысы келеді.

Оқу формаларының тиімділігін арттыру мақсатында интербелсенді әдістерді оқу процессінде қолдануға болады.

Үшіншіден, студенттердің оқытушылар мен оқу орынының әкімшілігімен қарым-қатынасы бейімделу процессіне өз ықпалын тигізеді.

Адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара қарым-қатынастың бірлігі-трансакция деп аталады. Америкалық психиатр Э. Берн адамның өмірлік позицияларға қатысты трансактілі анализ теориясын жасаған. Трансактілі анализ - тұлғалық және топтық өсудің психотерапиялық әдісі. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдап, тұлғалық өзерістерге бағытталған. Бірақ жеке адамды түсіну мәселесін қарастырмайды.

Қорыта айтқанда, студенттерді әлеуметтік топ ретінде қарастырып, танымдық үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие үдерісіне бейімдеу білім сапасын арттыруда үлкен маңызға ие.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының «ЖОО-дағы білім беру және тәрбие жұмыстарының психологиялық мәселелері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Сейталиев Қ. Жалпы психология. - Алматы: Білім, 2012. – 360 б.
  2. Психологические науки: теория и практика: материалы IV Mеждународной научной конференции, Москва, ноябрь, 2015 г. – М.: Буки-Веди, 2015. – 50 с.


Задать вопрос