Шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың шарттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Несмотря на коронавирус, электронный вариант журнала выйдет 11 апреля.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Алтынбекова У. Ж. Шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың шарттары // Молодой ученый. — 2020. — №9.1. — С. 3-4. — URL https://moluch.ru/archive/299/67884/ (дата обращения: 01.04.2020).

Шығармашылықты дамыту үшін балаларға белгілі бір білім, дағды және іскерліктер анықтап алған жөн. Олар өз еркімен ересектердің көмегінсіз іс-әрекет пен еңбекті игере алмайды. Балалардың шығармашылық дамуының маңызды факторларының бірі олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін жағдайларды жасау болып табылады. Б.П. Никитин [1, 8-9 бб.] және Л. Кэрролл [2] балалардың шығармашылық қабілеттерін табысты дамытудың алты негізгі шарттарын бөліп көрсеткен. Шығармашылық қабілеттердің табысты дамуына алғашқы қадам - баланың ерте дене бітімінің дамуы: ерте жүзу, гимнастика, ерте жүгіру және жүру. Содан кейін ерте оқу, есеп, әр түрлі құралдар мен материалдармен ерте танысу.

Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың екінші маңызды шарты - балалардың озыңқы дамуын қамтамасыз ететін жағдай жасау болып табылады. Баланы осындай ортамен және осындай қарым-қатынас жүйесімен алдын ала қоршаған ортаға бейімдеп, осы арқылы өзінің әр түрлі шығармашылық қызметін ынталандырады және тиімді түрде дамыта алады. Мысалы, мектепке жаңа қабылданған баланың үйінде оқуға дейінгі әріптері бар текшелер сатып алуға, қабырғаға әліппені іліп қоюға және ойын кезінде балаға әріптер айтып, үйретуге болады. Бұл оқуды ерте меңгеруге көмектеседі. Үшінші, ең маңызды, шығармашылық қабілеттердің тиімді дамуының шарты шығармашылық процестің сипатынан туындайды, Бұл барынша көп күш жұмсауды талап етеді. Өйткені, қабілеттер табысты дамып, адам өз қызметінде өз мүмкіндіктерінің «шыңына» жеткен сайын және біртіндеп осы тәріздес түрлі шыңдарды бағындыра беретін болады. Шығармашылық қабілеттердің табысты дамуының төртінші шарты - балаға қызмет таңдауда, белгілі бір істерді кезектестіруде, қандай да бір іспен айналысу ұзақтығында үлкен еркіндік беру.

Бірақ балаға мұндай еркіндікті бере отырып, үлкендердің ақылына, көмегіне жүгіне отырып жұмыс істеуді көздейді. Бұл шығармашылық қабілеттердің табысты дамуының бесінші шарты. Мұнда ең бастысы-еркіндікке айналдырмау, тек жай ғана көмек көрсету. Өкінішке орай ата-аналар арасында балаларға «көмек көрсету» тәсілі басқаша сипатталады. Бұл балаларға зиянын тигізеді. Егер баланың өзі жасай алатынына ата-ана сенімді болса, бала үшін оның орнына бір нәрсе істеп беруге болмайды. Бала өзі ойлана алатын жағдайда ғана, шешім қабылдай білуге мүмкіндік беру керек.

Шығармашылық үшін ыңғайлы психологиялық жағдай және бос уақыттың болуы қажет, сондықтан шығармашылық қабілеттердің табысты дамуының алтыншы шарты – отбасы мен айналасындағы адамдардың жылы достық атмосферасы болып табылады. Ересектер баланы шығармашылық ізденістер мен жеке жаңалықтар ашу үшін қауіпсіз психологиялық ахуал тудыруы тиіс. Баланы шығармашылыққа үнемі ынталандыру, оның сәтсіздігіне мұңаймау, тіпті шынайы өмірде өзіне тән емес оғаш қылықтарына да шыдамдылықпен қарау маңызды рөл атқарады.

Бірақ шығармашылық әлеуеті жоғары баланы тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау жеткіліксіз, дегенмен кейбір батыс психологтары қазір шығармашылық бастапқыда балаға тән деп санайды және оған еркін сөйлеуге кедергі келтірмеу керек деп тұжырымдайды. Егер оқытудың тиімді әдістерін таңдасаңыз, онда тіпті мектепке дейінгі балалар шығармашылықтың өзіндік ерекшелігін жоғалтпай, өзінің құрдастарына қарағанда жоғары деңгейдегі шығармалар жасай алады.

Қазір балаларға арналған үйірмелер мен студиялар, музыкалық мектептер мен өнер мектептері өте көп. Олар жайлы ата-аналардың да хабары баршылық. Алайда, тек сол үйірмелерге беріп қана қоймай, баламен жақын әрі ашық сөйлесе отырып дамыту қажет. Балалардың шығармашылығын дамыту үшін негізгі қызмет түрі болып табылатын ойын өте маңызды. Ересектер балалар ойынын бақылап қана қоймай, оның дамуын басқаруы керек, ойынға шығармашылық элементтерді қоса отырып, оны байытуы керек. Ересектер балалардың қалай ойнайтынын, не ойнайтынын, олар ойнайтын ойындардың сюжеттері қаншалықты әртүрлі екенін білуі қажет.

Балалардың шығармашылық қабілеттерінің мәселесі туралы айта келе, олардың тиімді дамуы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері тарапынан да, мектептегі мұғалімдер тарапынан да, қоршаған ортасы мен достары тарапынан да, отбасы тарапынан да бірлескен күш-жігермен ғана мүмкін екендігін атап өткім келеді. Өкінішке орай, педагогтар ата-аналар тарапынан тиісті қолдаудың жоқтығына көңіліміз көншімейді. Сондықтан, отбасында олардың табысты дамуы үшін қандай жағдай жасау қажет екендігі, отбасында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қандай тәсілдер мен ойындарды пайдалануға болатынына, ата-аналарға осы мәселе бойынша арнайы әдебиеттер ұсынылса, ата-аналар үшін арнайы әңгімелер мен дәрістер, тренингтер мен жиналыстар өткізілсе орынды болар еді.

Алғыс білдіру

Зерттеу жұмысы «Болашақ» ҒЗИ жанындағы «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығының «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сабақ барысында және сабақтан тыс іс-әрекет арқылы дамыту» жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржысымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Никитин Б.П. Ступеньки творчества или развивающие игры. – М. Просвещение, 1990. – 160 с.
  2. Кэрролл Л. История с узелками, или все не так как кажется. – М., Лекстор, 2017. – 208 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Конфуций – Кун – Фу – цзы (« Кун Ұстаз ») – біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі...

АЛЖИР лагері мен тұтқындарының өмірі | Статья в журнале...

Тарих тағлымында тарланып, тотаритарлық жүйеге қорланып, ақиқаттың шынайы шыңынан орын ала-алмаған тарихымыздың ақтаңдық беттері мен ұлтымыздың азаттығын сақтау үшін...

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін...

Берілген мақалада азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін міндеттемелердің азаматтық заң бойынша құқықтық реттелуі қарастырылады.

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена , Секта, бар , немес , христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте...

Болашақ мамандарды даярлаудағы сындарлы сабақты...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Лингводидактические основы обучения студентов...

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер

Өткен ғасырдың аяғындағы өндіріс, ғылым мен техникадағы өзгерістер қоғамның жаңа түріне көшуге ықпал етті. Нәтижесінде ғылым мен білім қоғамның дамуына ықпал жасайтын күшке...

Жасөспірім балалардың дамуының сипаттамасы

Жасөспірімдік кезеңде адамның жетілуі мен дамуының белгілі кезеңдері болады және ол балалық кезең мен ересектік кезең арасында жатыр.

Домбыра аспабын орындауда оқушының шеберлігін арттыру

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың киелі домбырасының атқаратын орны ерекше.

Задать вопрос