Қазақстанның экономикасына жаhандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Райымбекова, А. Т. Қазақстанның экономикасына жаhандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы / А. Т. Райымбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 29-30. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67882/ (дата обращения: 23.04.2024).

Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі жағдайында экономикалық дағдарыстан шығу ұлттық экономиканың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оның тұрақты дамуына жағдай жасау өзекті болып табылады.

Әлемдегі қаржылық-экономикалық дағдарыс қазіргі әлем елдерінде қалыптасқан қаржылық қарым-қатынас моделінің жалпы әлемдік және ұлттық деңгейдегі кемшіліктерінің салдарынан пайда болады [1, 2 б.].

Бүгінде дағдарыс барлық елдерді ғана емес, өмірдің барлық салаларын: экономиканы, қаржыны, нақты секторды, әлеуметтік саланы, саяси және геосаяси құрылымды қатар қамтуға ауысты.

Қаржылық қамтамасыз ету және қаржылық реттеу әрбір сала ретінде өзара байланысты және өзара тәуелді. Олардың жұмыс істеуі дербес жүзеге асырылады және қаржылық механизмнің барлық құрамдас бөліктерінің байланысын және келісімділігін талап етеді. Осыған орай біз қаржылық қамтамасыз ету келесі құрамдас элементтерді қамтитын белгіленген жүйе арқылы жүзеге асады деп ойлаймыз: қаржы ресурстарының қалыптасуы, қаржы ресурстарынцың бөлінуі, қаржы ресустарын пайдалану.

Қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану бағыттарын жасау кезінде негізгі критерий ретінде шешуші нәтижеге қол жеткізу - экономиканың субьектілерін әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Өз кезегінде қаржы ресурстарын пайдалану және олардың қалыптасу процестерінің арасында кері байланыс болады: қаржы ресурстарын тиімді пайдалану олардың айналымы мен қосымша табыс алуға мүмкіндік береді.

«Дағдарыстан кім, қашан,қалай шығады» - деген сарапшылардың пікіріне тоқталайық. Сауалнамаға Ресейден 2000 респондент, Украинадан 2000 респондент, Қазақстаннан 1500 респондент қатысқан [2, 3 б.].

Сіз үкіметтердің экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс-қимылын құптайсыз ба немесе құптамайсыз ба?

Ресей

Украина

Қазақстан

Құптаймын

40,7

13,5

66,3

Құптамаймын

21,5

74,3

9,2

Үкіметтің іс-қимылы туралы ешнәрсе білмеймін

3,6

14,2

Барлығы

100

100

100

Ескерту - [2] әдебиет негізінде жасалған

Кесте 1. Үкіметтердің іс-қимылын тұрғындардың құптауы/құптамауы

1 кестеден көріп отырғанымыздай сұрау салғандардың 66,3 пайызы Үкіметтің экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекетін қолдаймын деп жауап қайтарған. Қолдаймын деушілер аз - 9,2 пайыз. «Үкіметтің не істеп жатқанын білмеймін дейтіндер» де баршылық екен - 14,2 пайыз.

Сарапшылардың жартысына жуығы Қазақстан Үкіметінің дағдарыс кезіндегі де, дағдарысқа дейінгі де жұмысына оң баға береді.

Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының байлығын арттыра алады, сондай-ақ өз экономикасын әртараптандыруға қол жеткізді. Егер тарихтың айнымалы дамитын заңдылығын ескерсек, кез-келген мемлекет өз дамуында белгілі бір тоқырау мен дағдарыс кезеңдерін бастан өткеріп отырады.

Рухани даму деңгейі жоғары ел дағдарыстан аз шығынмен шығады. Сондықтан осы қиындық тұсында біздің негізгі күшіміз - халқымыздың бірлігі, ынтымағы, ұлтымыздың рухының асқақтығы. Расында да мемлекеттер тарихын тараласақ, азаматтардың рухы биік болған елдер тоқыраудың қай түрінен болмасын бірлігін бұзбай, басқаның талауына түспей, аз уақыт ішінде өткен.

Дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен жұмыспен қамту жөніндегі аймақтық бағдарламаларда жұмыссыздықты төмендету, оның ішінде жұмыссыздар мен жұмыстан босаған азаматтарды жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстар мен кəсіби даярлау, қайта даярлау, əлеуметтік жұмыс орындарын ашу жөнінде нақты шаралар қарастырылған.

Сіздіңше таяудағы бірнеше айдың ішінде елдегі экономикалық ахуал жақсара ма, нашарлай ма, әлде ештеңе өзгермей ма?

Ресей

Украина

Қазақстан

Жақсарады

12,6

6,5

35,4

Мүлде өзгермейді

23,7

23,7

38

Нашарлайды

43,3

61,1

16,6

Жауап беруге қиналамын

20,5

8,9

9,9

Барлығы

100

100

100

Ескерту - [2] негізінде жасалған

Кесте 2.Таяу болашақта елдегі жағдай қалай өзгереді?

2 кестеден көріп отырғанымыздай «Сіздіңше таяудағы бірнеше айдың ішінде елдегі экономикалық ахуал жақсара ма, нашарлай ма, әлде ештеңе өзгермей ме?» деген сұраққа жауаптар біздің отандастарымыздың ертенгі күнге үмітпен қарап отырғанын айқын аңғартады. Сауал жүргізілген үш елдің ішінде Қазақстан келер жақсылыққа сеніп отырғандардың саны басым түскен жалғыз ел болып шыққан. Жауап қайтарған адамдардың төртен үш бөлігіне жуығы (73,4 пайызы) ахуал кем қойғанда нашарламайды деп санайды. Ал 35,4 пайызы жағдай жақсарады дейді, 38 пайызы жағдай өзгермейді дейді, жағдай нашарламайды дейтіндердің үлес салмағы - 16,6 пайыз. Жағдай нашарлайды дейтіндердің үлес салмағы Украинада 61,1 пайыз, Ресейде 43,3 пайыз екенін айтамыз. Дегенмен де дағдарыс кезінде әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақсыздыққа әсер ететін факторлар жетіп жатыр.

Шаруашылықтың қазіргі әлемдік жүйесі ресурстардың алғашқы түрлерінің шектеулігіне байланысты оларды тиімді қолдануға деген қажеттіліктердің тереңдеуімен сипатталып отыр. Ресурстарды тиімді қолдану ұлттық экономиканың әртүрлі секторлары мен құрылымдық деңгейлеріне инновациялық процестермен іске аспақ. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне енуі мен жаһандануы бәсекенің қысымына төтеп бере алу мүмкіншіліктері инновациялық шараларды дұрыс ұйымдастырып, оны іске асыруына байланысты.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Қазақстанның экономикасына жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Асқар А. Қазақстан және қаржы дағдарысы // Дала мен қала. - 2009. – 27 сәуір.
  2. Абдрахманов С. Дағдарыстан кім, қашан, қалай шығады?: Қазақстанның қаржы дағдарысына қарсы күрес тәжірибесі // Егемен Қазақстан. - 2009. - 25 наурыз.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, украина.

Похожие статьи

Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші...

Основные термины (генерируются автоматически): сан, мена, немес, сан мен.

Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер...

Соғыс жылдары Қазақстан майдан арсеналына айналды

Украина, Дон және Кубанадағы қажетті ауылшаруашылық аудандарынан уақытша қол үзу соғыс жылдары

Соғыс тарихынан алынған қорытынды мен сабақтар ешқашанда ұмытылмауға тиіс.

АЛЖИР лагері мен тұтқындарының өмірі | Статья в журнале...

Тарих тағлымында тарланып, тотаритарлық жүйеге қорланып, ақиқаттың шынайы шыңынан орын ала-алмаған тарихымыздың ақтаңдық беттері мен ұлтымыздың азаттығын сақтау үшін...

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

...(6-тізбекті) мен В.Я.Юрьев атындағы ӨШСГ ҒЗИ-да (Украина) жасалынып, Қостанай облысының ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылған жаздық қатты бидайдың орташа...

Болашақ мамандарды даярлаудағы сындарлы сабақты...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена , Секта, бар , немес , христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте...

Ашаршылық қасіреті | Статья в журнале «Молодой ученый»

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген көмектес септік...

Септік жалғауларының синтаксистік қызметі мен семантикалық қызметіне қарай ғалымдар екі топқа бөліп қарастырғаны белгілі: грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс...

Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және...

Кесте 1. Қызылорда облысы жағдайындағы арпаның морфо-биологиялық белгілерінің өзгергіштігі мен орташа көрсеткіштері.

Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасуы...

Алайда, бұл бағыттағы Ресей, Өзбекстан, Украина сияқты көршілес одақтас республикалардың жан-жақты қолдауы мен көмегіне қарамастан Қазақстанда жоғарғы білікті мамандар дайындау...

Задать вопрос