Тұқым шаруашылығында сорт жаңарту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жанзаков, М. М. Тұқым шаруашылығында сорт жаңарту / М. М. Жанзаков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 12-13. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67880/ (дата обращения: 17.12.2024).



Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнімдер алуды қамтамасыз ететін шаралар кешенінде маңызды рөлді тұқым шаруашылығы ойнайды. Тұқым шаруашылығы сорттық тұқымдардың таза сорттылығын, биологиялық және де өнімділік сапасын сақтай, жаппай көбейтетін ауыл шаруашылығы өндірісінің арнайы саласы. Ол өзара тығыз байланысты екі міндетті шешеді. Бірінші ‒ өндіріске енгізілетін жаңа сорттардың жоғары сапалы сорттық тұқымдарын пайдалану аймағын құрайтын облыс немесе бірнеше облыстар шаруашылықтарының қажеттілігін анықтайтын көлемге дейін көбейтеді. Бірақ сорттар жаппай көбейту мен өндіріс жағдайында ұзақ өсу процесінде нашарлайды, яғни олардың өнімдері мен өнімдерінің сапасы төмендейді. Сондықтан тұқым шаруашылығының екінші міндеті ‒ өндірісте өсірілетін, яғни пайдаланылатын барлық сорттар тұқымдарының сорттық және өнімділік сапасын сақтау болып табылады.

Әдетте, тұқым шарушылығында міндеттеріне сәйкес екі процесс іске асырылады: сорт ауыстыру және сорт жаңарту. Біріншіде ‒ мемлекеттік сортсынақ нәтижелері негізінде ескі сорттарды жаңа, өнімдірек немесе өнімінің сапасы жақсы сорттармен өндірісте ауыстыру болса, екіншіде, яғни сорт жаңартуда сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған сорттардың тұқымдарын, сол сорттардың жақсы тұқымдарымен ауыстыру.

Ғылыми-зерттеу мекемелерінің көптеген тәжірибелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтар тәжірибелері ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі агротехника деңгейімен, сорттарды дұрыс таңдаумен, сондай-ақ себілетін тұқым сапасымен де байланысты екендігін дәлелдеген [1-4].

Егіске сорттық тұқым пайдалану ‒ өнімді арттырудың міндетті шарты және егіншілік мәдениетінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Өнгіштігі 1-класты егістік стандартқа сәйкес ‒ жоғары репродукциялы, аурулармен ззалалданбаған және зиянкестермен зақымданбаған тазасортты тұқыммен егу экономикалық тиімді. Жақсы ұйымдастырылған тұқым шаруашылығында дақылдар өнімділігі кем дегенде 20%-ға арттады.

Сорт өндіру мен көбейту процестерін және тұқымның жаңғыртудан сорттық тазалығы өзгеретіндігін білмей тұқым шаруашылығын дұрыс жүргізу мүмкін емес. Сондықтан сорт жаңартуды екі принципті басшылыққа ала жүргізу қажет:

1) тұқымдық егістер апробациясының деректерін негіздей, қажеттілікті шама бойынша;

2) кезеңмен, тұқымдық немесе тауарлық егістерде өсірілген тұқым сапасына қарамай, алдын ала белгіленген мерзімдерде.

Қазіргі кезде әр облыста сорт жаңартуды әртүрлі мерзімде жүргізеді. Олар жиі қайта қаралады және өзгертіледі. Өте жиі элита мен I-репродукция тұқымдары 4-5 жылда бір рет жаңартылады, кейде жеке дақылдар бойынша 2-3 жылда. Бірқатар облыстарда тұқымдық егістің 1/4-1/5 көлеміне жыл сайын немесе белгілі бір жыл шамасында сорт жаңарту жүргізіледі [1].

Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері сорт жаңартудың сан алуан түрлі кезеңділігін ұсынады, көп жағдайда элиталық тұқымның шаруашылықтарда көбейтуде әр келесі репродукциядан кейін өнімділік қасиеттерінің көптеп жоғалуынан тез азғындайтынына негізделеді, сондай-ақ оларды қандай да бір мөлшерде өндіру мүмкіндігін ескереді. Бұл мәселені шешудің басқа да жолдары болады, мысалы, сорт жаңартуды егістердің тек басқа сорттармен және дақылдармен ластануында, немесе аурулармен залалдануында және апробациялаудағы егістің жарамсыздануында жүргізу қажет. Онда да тұқымның ластануы және аурулармен залалдануы түрлі шаруашылықтарда бірдей болмайтынын ескеру керек.

Тұқымды репродукциялау жылдары мөлшері өзінше оның өнімділік

сапасын анықтамайды және белгіленген кезеңнен ерте сортжаңарту жүргізуге негіз бола алмайды.

Апробация деректері бойынша сортжаңарту жүргізгенде элиталық тұқымдар шаруашылықтарға кезеңмен емес, оларға қажеттілік шамасы бойынша сатылады. Сатылмай қалған элиталық тұқымдар мен I-репродукция тұқымдары сақтық және өтпелі қорлар, мемлекеттік ресурстар жасауға пайдаланылуы тиіс. Бұл тым көпсорттылық пен бірқатар облыстардағы құрғақшылықта немесе күздіктер өліп қалуы жағдайында көп жерлерге пайдалануға рұқсат етілмеген сорттар егуден құтқарады.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Агробиотехнологиялық ғылыми-зерттеу лабораториясының «Қазақстандық Арал өңірінің тұзданған топырақтарына бейімделген егістік дақылдардың жоғары сапалы және интенсивті типті сорттарын шығару, біріншілік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және бәсекеге қабілетті отандық сорттарды көбейту» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Гуляев Г.В., Гужов Ю.Л. Селекция и семеноводство полевых культур. - М.: Агропромиздат, 1987. - 447 с.
  2. Величко Е.Б., Шумаков Б.Б. Технология получения высоких урожаев риса. - М.: Колос, 1984. - 85 с.
  3. Шевелуха В.С. Интенсивные технологии возделывания сельскохозяйственных культур. - М.: Знание, 1986. – 64 с.
  4. Жанзақов М. Егістік дақылдар селекциясы. Астана:Фолиант, 2015. - 416 б.
Основные термины (генерируются автоматически): сорт, мена, немес.


Задать вопрос