Егістік дақылдардың қысқа төзімділік селекциясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жанзаков, М. М. Егістік дақылдардың қысқа төзімділік селекциясы / М. М. Жанзаков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 11-12. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67879/ (дата обращения: 23.04.2024).

Күздік дақылдар селекциясында қысқа төзімділіктің көрсеткіші бірінші дәрежеде. Бірақ та бұл бағыттағы жұмыстың күрделілігі қысқа төзімділік өсімдіктердің аязға төзімділігінен, олардың борсуға, тұншығуға, дүмпулерге, мұз қатқақтарына төзімділіктерінен құралады [1].

Ұзақ уақыттар бойына селекционерлер бидай, қарабидай және басқа да күздік дақылдар сорттарының жоғары өнімділігі мен қысқа төзімділіктерін үйлестіре алмаған болатын. Ал бұндай байланысты бұзуға белгілі бір қадам қысқа төзімділік бойынша әлемдік стандарт саналатын күздік бидайдың Альбидум 114 сортын жасаумен іске асса, қыстың қолайсыз жағдайына төзімділік селекциясы бағытындағы жақсы жетістіктердің бірі – Безостая 4 сортының шығарылуы да болды. Ол ерте пісетін қысқасабақты, татқа төзімді, бірақ қысқа төзімділігі нашар Скороспелка сортын қысқа төзімді Лютесценс 17 сортымен шағылыстырудан алынған болса, жер шарындағы күздік бидай өсірілетін аймақтардағы қысқа төзімді сорттардың барлығына жуығының ата тегі ‒ шежіресіне, осы Безостая 4 сортынан жеке сұрыптаумен алынған әйгілі Безостая 1 сорты кіретінін атап өткен жөн [2-3].

Дәнді бұршақ дақылдарынан қысқа төзімділігі өте жоғары келетін ноқаттың (ол қойбұршақ немесе сары үрмебұршақ деп те аталады) «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-ның Халықаралық ИКАРДА мекемесімен бірлесіп ноқаттың сортүлгілерін шағылыстыру (FLIP 90 х 3 91347) будандық популяциясынан жекелей сұрыптаумен алған және 2007 жылы Мемтізбеге енгізген, елімізде – Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген орташа ерте пісетін Икарда 1 сортын атауға болады. Мақсары дақылының Красноводопад селекциялық стансасы Түркістан облысы жергілікті популяциясынан көпқайтара жеке сұрыптаумен шығарған (2009 жылы Мемтізбеге енген), осы кездері Алматы облысында пайдалануға рұқсат етілген орташа пісетін Ииркас сорты суыққа және қыс жағдайына төзімді, тұқымы қыс мезгілінде де себілетіндіктен, ерте көктемде топырақ ылғалын жақсы пайдаланады [4].

Елімізде көпжылдық шөптердің бұрыннан, 30-шы жылдар ортасы мен 50-ші жылдардың басынан бастап өндіріске енгізілген, қазір де пайдалануға рұқсат етілген халықтық селекция сорттары: жоңышқаның Семиреченская местная, беде – Зыряновский местный, эспарцет – Песчаный улучшенный, бидайықтың Актюбинский ширококолосый местный мен Карабалыкский 202, қылтанақсыз мықынның СИБНИИСХОЗ 189 сияқты қыс жағдайларына төзімді сорттары өлкеміздің түрлі топырақ-климатында, әсіресе қысы қатаң келетін өңірлерде маңызды малазықтық дақыл ретінде өсірілуде. Сонымен қатар, бұл сорттар қыс жағдайларына төзімділік селекциясында малазықтық шөптердің жаңа заманауи сорттарын шығаруда құнды бастапқы материал қызметін де атқаруда [4].

Көпжылдық шөптердің қыс жағдайына төзімділік селекциясы соңғы кездері қомақты жетістіктерге жетуде, дәлел қазіргі таңда жоғары өнімділікті қыстың қолайсыз жағдайына төзімділікпен жақсы үйлестірген, жоңышқаның ҚР АШМ А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО 1968 жылы өндіріске енгізген, қазірде де Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген Кокше, Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибелік стансасының Қарағанды, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарындағы Карабалыкская жемчужина, Красноводопадтық селекция тәжірибе стансасының Түркістан облысындағы Красноводопадская скороспелая сорттары; беденің шетелдік селекцияның Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Тайфун, сондай-ақ отандық селекция – Шығыс Қазақстан АШҒЗИ-дың Шығыс Қазақстан облысындағы Атамекен сорттары; эспарцеттің «ҚазЕжӨШ ҒЗИ»ЖШС-ның Алматы және Павлодар облыстарындағы – Шабындық, ҚР АШМ А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның Павлодар облысындағы Шортандинский 83 сорттары; еркекшөптің ҚР АШМ А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарына пайдалануға рұқсат етілген Батыр сорты Қазақстанның көпжылдық шөптермен айналысатын барлық өңірлерінде өсірілуде. Бұл көпжылдық малазық шөптер сорттарын шығаруда БӨШИ колекциясындағы үлгілер, халықтық селекциялық, жергілікті және селекциялық алыс-жақын шетелдік сорттар мен үлгілер бастапқы материал ретінде шағылыстыруларға қатыстырылды.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Агробиотехнологиялық ғылыми-зерттеу лабораториясының «Қазақстандық Арал өңірінің тұзданған топырақтарына бейімделген егістік дақылдардың жоғары сапалы және интенсивті типті сорттарын шығару, біріншілік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және бәсекеге қабілетті отандық сорттарды көбейту» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Таранухо Г.И. Селекция на зимостойкость и холодостойкость / Селекция и семеноводство. - Москва, 2012. №5.
  2. Гуляев Г.В., Гужов Ю.Л. Селекция и семеноводство полевых культур. - М.: Агропромиздат, 1987. - 447 с.
  3. Жанзақов М.М. Егістік дақылдар селекциясы. - Астана: Фолиант, 2015. - 416 б.
  4. Сборник сортов и гибридов сельскохозяйственных культур, используемых в Республике Казахстан. - Астана, 2017. - 125 с.
Основные термины (генерируются автоматически): Павлодар, FLIP, Алматы, мена, Селекция.

Похожие статьи

Өнім сапасы селекциясындағы отандық сорттардың орны

Арна мен Әсем ғана отандық селекция – «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС сорттары [3]. Еліміздегі селекциялық жетістіктер Мемтізбесінде сапасы жағынан ең құнды сорттар қатарына сұлының отандық селекцияның Бітік, Ертіс 15, Аламан сорттары және ресейлік...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Алматы қаласында көше, Павлодар мен Жамбыл облысында екі мектеп Е. Бекмаханов атымен аталады. Қорыта айтқанда, Е. Бекмахановтың ғылым жолындағы тұлғалық қасиеті, шығармашылығы, ұлт тарихын зерттеудегі шыншылдығы мен тарихтың ақиқатын батылдықпен...

Ғылыми селекцияның қысқаша даму тарихы | Статья в журнале...

Ғылыми селекцияның дамуында Ч. Дарвиннің ілімі шешуші маңызға ие болды. Ол өсімдік сорттары мен жануар тұқымдарын шығару жөніндегі еңбегінде диханшылар мен малшылардың алғы тәжірибелерін жинақтап қорытындылады...

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Өндіріске жергілікті және селекциялық жақсы сорттарды енгізуден өнімнің мөлшері мен шығымдылығы көбейеді, өсімдіктердің ортаға төзімділігі артады, өнім

Түрлі дақылдардың жақсы жергілікті сорттарының көпшілігі халықтық селекция процесінде шығарылған.

Аймақтардың инновациялық даму механизмдерін жетілдіру

Бірінше топқа – инновациялық аймақтар жатады. Бұл топқа бірінші Алматы қаласы кіреді, ғылыми потенциалының және қаржы ресурстарының көп бөлігі шоғырланған және басқа аймақтармен салыстырғанда кәсіпкерлік жағдайы жақсы дамыған.

Түрксіб темір жолының Қазақстан дамуындағы рөлі

1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Павлодар, Селекция. Похожие статьи. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Егістік дақылдардың бейімделгіштік селекциясы | Статья в журнале...

Павлодар АШҒЗИ-ы селекционерлері шығарған, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары өндірісінде пайдалану үшін 2011 жылы

Күнбағыс дақылы бойынша жақын шетелдік селекция – Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ (Ресей) күнбағыстың Степной 81сорты мен Скороспелый...

Қазақстанда индустриялды-инновациялық саясаттың қалыптасуы

мена , Павлодар, Селекция. Лингводидактические основы обучения студентов... Вместо « Мен университетке барамын».

Сындарлы тарих сабағындағы интерактивті оқыту әдістері

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Павлодар, Селекция. Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы.

Оқулық. - Астана: Фолиант, 2015. Основные термины (генерируются автоматически): мена, Павлодар, Селекция.

Задать вопрос