«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 24-26. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67877/ (дата обращения: 16.12.2024).



Бүгінгі таңда отандық саяси ғылымдар өкілдері үшін рейтингтік журналдарда жариялану мәселесі өзекті саналады. Мойындауымыз қажет, мұндай жарияланымдар саны өте аз. Жарық көрген ғылыми зерттеулердің басым бөлігі PhD бағдарламасы бойынша оқушыларға тиесілі. Бұл да түсінікті, ғылыми дәреже алу үшін кемі бір мақала Scopus базасында тіркелген журналдарға жариялануы керек. Аталмыш мақалаларда докторанттардың ғылыми жетекшілерімен бірлесе отырып жариялануы еңбектің деңгейін арттырып отыр ма деген сауал мазалайтындығы да белгілі.

Мәселенің өзектілігі ең алдымен ғылыми атақтарды алу бойынша ереженің, жақында ғана ғылыми дәрежелерді алу бойынша ережеге өзгерістердің енуімен байланысты. Бүгінде бұл өзгерістер Скопус базасындағы жаңартуларды тұрақты түрде қарауды талап етіп отыр. Осы өзгерістер шеңберінде Скопус базасындағы ай сайынғы жаңартулары қызықтыратындығы белгілі. Осы уақытқа дейін ағымдағы жылдың SiteScore көрсеткіштерін келесі жылы көретін авторларға психологиялық жағынан қиындау болып тұр. 2019 жылғы көрсеткіштерін көре отырып, процентилі өсетініне сеніп мақала да беруге болмайтын сияқты. Отандық ғылым өкілдері үшін аталмыш базада тіркелген журналдарға мақала жариялау мәселесі әлі де өзекті болса, батыс ғалымдары үшін еңбектеріне көп сілтеме берілуі маңызды саналады. Сондықтан отандық саяси ғылымның даму перспективалары шарттарындағы Скопус базасындағы көрсеткіштерді талдау өзекті деп ойлаймыз [1, 95-100 бб.].

Бұл талдауда әлемдік саяси ғылымның даму перспективалары шарттарындағы Скопус базасындағы «саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштеріне ерекше назар аударылады. Жалпы ғылымда «political advertising» пен «political advertisement» түсініктері қатар қолданылады. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы барлығы 584, «political advertisement» кілт сөзі бойынша 145 материал табылды. Осы көрсеткіштерге байланысты «political advertising» түсінігіне мән беруді жөн көрдік. Жарияланған материалдар базаның 16 саласына қатысы бар және 1 жарияланымның салалары белгісіз. Көрсеткіштер нәтижесін төмендегі кестеден байқауымызға болады.

Кесте 1

«Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы табылған материалдар саны (08.02.2020 көрсеткіш)

Зерттеу саласы

Саны

Зерттеу саласы

Саны

1

Social Sciences

503

10

Chemical Engineering

3

2

Business, Management and Accounting

118

11

Agricultural and Biological Sciences

2

3

Arts and Humanities

78

12

Earth and Planetary Sciences

2

4

Economics, Econometrics and Finance

44

13

Health Professions

2

5

Psychology

42

14

Mathematics

2

6

Computer Science

19

15

Multidisciplinary

2

7

Environmental Science

7

16

Energy

1

8

Engineering

6

17

Undefined

1

9

Medicine

6

«Скопус» базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы ең алғаш жарияланған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі көрсеткіштерді жылдар бойынша анықтауға болады. Базада көрсетілгендей, 1972 жылы «political advertising» түсінігі ең алғаш рет тіркелген [2]. Скопуста табылған материалдардың соңғы он жылдық жалпы көрсеткіштеріне мән берсек. Осы он жыл ішінде барлығы 314 материал базаға тіркелген, 2020 жылы бір мақала базаға тіркеліп үлгеріпті:

Кесте 2

«Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы табылған материалдардың соңғы он жылдық жалпы көрсеткіштері (08.02.2020 көрсеткіш)

Жыл

Саны

1

2010

18

2

2011

28

3

2012

27

4

2013

35

5

2014

34

6

2015

26

7

2016

23

8

2017

56

9

2018

36

10

2019

31

ЖАЛПЫ:

314

Сонымен қатар, «political advertising» кілт сөзін көп пайдаланған авторлардың да ондығын анықтауға болады:

Кесте 3

«Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі көп пайдаланған авторлардың ондығы (08.02.2020 көрсеткіш)

Автор

Жарияланым саны

Автор

Жарияланым саны

1

Ridout T.N.

31

6

Matthes J.

9

2

Kaid L.L.

24

7

Goldstein K.

8

3

Fowler E.F.

14

8

Cho J.

6

4

Franz M.M.

12

9

Garramone G.M.

6

5

Holtz-Bacha C.

11

10

Tedesco J.C.

6

Қорыта айтқанда, берілген жұмыста әлемдік саяси ғылымның даму перспективалары шарттарындағы Скопус базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштеріне байланысты сандық көрсеткіштерге қысқаша тоқталдық. База үнемі жаңартылып отыратындықтан, зерттеу мәселесінің өзектілігін алдағы уақыттағы көрсеткіштерден біле аламыз.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Саяси жарнаманың Қазақстан Республикасында дамуы (2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Насимов М.Ө. Отандық саяси ғылымның даму перспективалары шарттарындағы Скопус базасы // Қазақстан саясаттанушылар конгресінің материалдар жинағы – Алматы, 2019. – 313 с.
  2. Surlin S.H., Gordon T.F. How Values Affect Attitudes Toward Direct Reference Political Advertising // Journalism and Mass Communication Quarterly. 1972. - Volume 54. - Issue 1. – P. 89-98. DOI: 10.1177/107769907705400113
Основные термины (генерируются автоматически): DOI, сан.


Похожие статьи

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар)

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

Прагматизм — өткеннің шежіресін болашақтың көкжиегімен байланыстыратын жол

Тіл — мәтіндік дүниенің базисі және мазмұны

Қазақ паремиологиясындағы «Қазақ әйелі» концептісінің ұлттық-мәдени ерекшелігі

Мемлекеттік - жеке серіктестіктің экономикалық мәні және қажеттілігі

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2021 жыл)

Берілген мақалада 2021 жылғы «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері талданады.

Похожие статьи

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар)

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

Прагматизм — өткеннің шежіресін болашақтың көкжиегімен байланыстыратын жол

Тіл — мәтіндік дүниенің базисі және мазмұны

Қазақ паремиологиясындағы «Қазақ әйелі» концептісінің ұлттық-мәдени ерекшелігі

Мемлекеттік - жеке серіктестіктің экономикалық мәні және қажеттілігі

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2021 жыл)

Берілген мақалада 2021 жылғы «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері талданады.

Задать вопрос