Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау мәселесі және оны БҰҰ заңнамалар регламентіне сәйкестендіру перспективасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №9 (299) февраль 2020 г.

Дата публикации: 27.02.2020

Статья просмотрена: 428 раз

Библиографическое описание:

Баймухан, Акжол Каскырбайулы. Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау мәселесі және оны БҰҰ заңнамалар регламентіне сәйкестендіру перспективасы / Акжол Каскырбайулы Баймухан, Г. М. Жуматова, У. С. Жумаканова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9 (299). — С. 204-205. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67769/ (дата обращения: 26.04.2024).

Бұл ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғау аспектілері, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының регламенттеріне сәйкес оларды реттеу қарастырылады. Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғау саласындағы өткір проблемалардың мысалдары ретінде этникалық қазақтардың қиын жағдайы, мөлдір демократия мен сөз бостандығы мәселелері келтірілген.

Кілт сөздер: адам құқығы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, БҰҰ, этникалық қазақтар, мөлдір демократия, сөз бостандығы.

В данной научной статье рассматриваются аспекты защиты гражданских прав в соответствии с законодательством Республики Казахстан, а также их урегулирование согласно регламентам Всеобщей декларации по защите прав человека ООН. В качестве примеров острых проблем в сфере защите прав человека в Республике Казахстан приведены затруднительные положения этнических казахов за территорией РК, прозрачной демократии и свободы слова.

Ключевые слова: права человека, Всеобщая декларация прав человека, ООН, этнические казахи, прозрачная демократия, свобода слова.

Адам құқығы — әрбір жеке тұлғаның қадір-қасиеті мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ететін ережелер. Өз жиынтығында негізгі құқықтар жеке адамның құқықтық мәртебесінің негізін құрайды.

ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде адам құқықтары, негізгі бостандықтар, демократия және заңның үстемдігі мәселелері халықаралық сипатқа ие және тиісті мемлекеттің тек ішкі істер қатарына жатпайтыны мәлім.

Әлем мемлекеттері бойынша адам құқығын қорғау жөніндегі бас құжат — Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (ағылш. Universal Declaration of Human Rights, UDHR). Бұл декларация 1948 жылдың 10 желтоқсанында Парижде БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық халықтар мен елдердің ұстануға міндетті құжат ретінде қабылданып, тарихта алғаш рет адамның негізгі құқықтарын қорғау қажеттілігін жариялаған бірде бір заңнамалар жинағы атанды. Сонымен қатар, декларация 500 тілге аударылған.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары негізінен «Адам және азамат” атты Конституцияның II бөлімінде бекітілген. Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЕҚЫҰ және ТМД мүшесі болып табылады. 1995 жылы жаңартылған Конституция қабылдаумен бірге Конституциялық сотты Конституциялық Кеңеске алмастыру шешілді. Атап айтқанда, Констиутциялық кеңеске қоса Президент жанында адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылды.

Қазақстан Үкіметінің құқық қорғау саласында қабылданған бірталай құжаттарға қарамастан, дәл осы заңнамалар жиынтығы халықаралық сарапшылардың сын астына түсті, мысалы, БҰҰ арнайы хабарландырушысы Майна Киаи сөздері бойынша, «Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау саласы нашар дамыған. Қазақстанда сөз бостандығы соншалықты шектелген, бейбіт жиналыстар мен шерулерге шығу үшін биліктен рұқсат сұрау қажет».

ҚР әлеуметтік-саяси өмірінде адам құқығын қорғау проблемаларын бірнеше категорияларға топтауға болады, соның ішінде келесі 2 категориялар қарастырылады: этникалық қазақтар мәселесі және мөлдір демократия мен сөз бостандығы аясында адам құқығы проблемасы.

  1. Этникалық қазақтар мәселесі

Г. М. Мендикулованың «Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие» [2] атты кітабында «1980–1990 жылдары Қазақстан аумағынан тыс жерлерде 4 млн. 500 мыңға жуық қазақ бұрынғы КСРО-ның 14 мемлекетінде және әлемнің 25 елінде тұрады, олардың тек 800 мыңға жуығы диаспора болып табылады, қалған 3 млн. 700 мыңы қазақ ирреденті..”. деген статистиклық мәліметтер келтірілген.

Мәселен Қытайда, ресми деректер бойынша, қазақ халқы жуық шамамен 1,3 млн. Алайда, 2017 жылдан бастап этникалық қазақтардың қысылуы және олардың Қытайда арнайы лагерьлер мен қамауға алынуы туралы хабарламалар келіп түсуде. 2018 жылы олар тұрақты сипатқа ие болды. Қытай билігі Шыңжаңдағы «лагерьлердің» болуын мойындайды, бірақ бұл мекемелерді «кәсіби оқыту орталықтары» деп атайды және «аймаққа діни экстремизмнің енуін болдырмау» туралы айтады.

Астана 6 қарашада Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі Қытайдың баяндамасын талқылауда «түсіністікпен» соңғы жылдары «Қытай билігінің терроризммен күрес бойынша жүргізген науқаны «саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету» мақсатын көздегенін атап өтті.

Қазақстанның этникалық қазақтар мен «қандастарға» деген саясаты Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 13 және 14-баптарына «әрбір адам өз елін қоса алғанда, кез келген елден кетуге және өз еліне оралуға құқылы», сондай-ақ «басқа елдерде қудалаудан баспана іздеуге және осы пана пайдалануға құқылы» [3] қарама-қайшы.

  1. Мөлдір демократия мен сөз бостандығы аясында адам құқығы проблемасы

The Economist Intelligence Unit британдық зерттеу орталығының әлемнің 166 мемлекетін қосатын The Democracy Index рейтингінде Қазақстан Республикасының демократиялық индексі 2,94-ке тең болып 138 орынды иеленді. Салыстыра кетсек, көршілес Қырғызстан мен Ресей Федерациясы сәйкесінше 101 мен 135 орындарда орналасты [4].

Алайда, БҰҰ «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің» ІІ-бөлімінің 5-бабы «қандай да бір мемлекеттің, топтың немесе адамның Пактінің қандай да бір ережесін оған (оларға) пакт деп танылған кез келген құқықтарды немесе бостандықтарды жоюға немесе оларды Пактіде көзделгеннен артық шектеуге құқығы жоқ» және «Демократиялық сайлау, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы Конвенция» шаралары Қазақстанның кей аумақтарында толық сақталмаушылық проблемасына ие [5].

Ал Freedom House халықаралық үкіметтік емес ұйымның сөз бостандығы саласындағы 2019 жылғы Freedom of the Press статистикалық мәліметтері бойынша Қазақстан 196 мемлекеттің ішінде 175 орынға орналасып, 85 ұпаймен «сөз бостандығы жоқ» мәртебесін иеленді [6].

БҰҰ-ның жарғысының 30-бабында көрсетілгендей: «Осы (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы) декларациядағы қағидалардың ешқайсысы қандай да бір мемлекетке, адамдар тобына немесе жекелеген адамдарға қандай да бір қызметпен айналысу құқына ұсыныс ретінде түсіндірілуге тиіс емес». Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасы адам құқығын қорғау саласында БҰҰ қабылдаған халықаралық 19 конвенция мен пактілерді ратификациядан өткізді. Дегенмен, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының құқық қорғау бойынша іс-шаралары жеткіліксіз не нәтижесіз. Конституция, дәлірек айтқанда, «Адам және азамат» бөлімі жаңартуларды қажет етеді. Қазақстан Республикасының болашақта БҰҰ құқық қорғау заңнамаларын сақтап, осы заңдарды Конституциямен интеграцияға енгізген жағдайда адам құқығын қорғау мен сөз бостандығы еркіндігін сақтау әлемдік стандарттарына жету мүмкіндігі пайда болады.

Әдебиеттер:

  1. БҰҰ Адам құқытарының жалпыға бірдей декларациясы 30-бабы
  2. Мендикулова Г. М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы: Ғылым, 1997
  3. БҰҰ Адам құқытарының жалпыға бірдей декларациясы 13, 14 баптар
  4. The Economist Intelligence Unit — The Democracy Index рейтингі, 2019
  5. БҰҰ «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің» ІІ-бөлімінің 5-бабы
  6. Freedom House — Freedom of the Press cтатистикасы, 2019
  7. Саяси түсіндірме сөздік. — Алматы, 2007.
  8. https://www.ohchr.org/EN/UDHR электрондық ресурсы
  9. https://kk.wikipedia.org/Адам_құқықтарының_жалпыға_бірдей_декларациясы электрондық ресурсы
Основные термины (генерируются автоматически): UDHR, демократия мен, мена, Всеобщая декларация, казахская диаспора, Казахстан, прозрачная демократия, свобода слова.

Ключевые слова

адам құқығы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, БҰҰ, этникалық қазақтар, мөлдір демократия, сөз бостандығы

Похожие статьи

Особенности демократического развития Узбекистана на...

Словодемократия” в переводе с греческого означает «народная власть» или «власть народа». Народная власть является основным признаком демократии, и народ в этих странах является источником высшей власти. Форма и содержание демократии издавна и до сегодняшнего дня...

Идеальна ли демократия? Аргументы за и против

Ключевые слова: демократия, власть народа, аргументы, разработанность, государство, проблема.

Ключевые слова: третья волна демократизации, политический режим Аргентины, Грузия, Конституция Румынии, политические институты развивающихся стран.

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

Қазақстанда діни бірлестіктердің санының күрт өсуіне егемендіктің алғашқы жылдарындағы демократия, гуманизация, діни сенім бостандығы ұранымен қабылданып кеткен ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы Заңының (1992) тым либеральдығы өз ықпалын...

Всеобщая декларация прав человека как источник...

Ключевые слова: права и свободы человека, Всеобщая декларация прав человека, правовая культура, Международный билль о правах человека, российская структура реализации прав человека. Соблюдение основ международного права в контексте... Зарождение ООН в 1945...

Прецедентная практика органов межамериканской системы...

Наиболее четко позиция Комиссии относительно взаимосвязи региональных избирательных стандартов и демократии нашла отражение в связи с жалобой Вальтера Умберто Васкеса Вейарано против Перу (Walter Humberto Vásques Vejarano v. Peru).

Кризис либеральной демократии — вызов времени или выработка...

В слова «Свобода слова» и «Демократия» верится с трудом, в. Кризис либеральной демократии — вызов времени или выработка

Действительно, демократия ставит своей целью обеспечить не только свободу, но и равенство. В этом стремлении к всеобщему...

Конституционная демократия — основа процветающего...

Ключевые слова: Конституция, демократия, власть, права и свободы человека. Ключевые слагаемые демократии.

По словам известного ученого-философа Османа Раджабова, отодвигая на задний план решения проблем межнациональных отношений, некоторые из...

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік және гендерлік...

Аннотация. Əйелдер мен ерлердің теңсіздігі мемлекет пен қоғамға экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өйткені, ол адам капиталының дамуына кедергі келтіреді, экономиканы дамыту, кедейлікті жою, жұмыссыздықты қысқарту жобаларының тиімділігін төмендетеді.

Российский путь к демократии | Статья в журнале...

В слова «Свобода слова» и «Демократия» верится с трудом, в обществе существуют реальные опасения даже не за то, насколько их слово свободно, а за то, насколько свободны и защищены сами они. Люди не могут поверить в силу демократии, когда большинство людей за...

Задать вопрос