Психо-педагогикалық диагностикалық әдістерді топтастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №8 (298) февраль 2020 г.

Дата публикации: 19.02.2020

Статья просмотрена: 5899 раз

Библиографическое описание:

Боранбаев, А. С. Психо-педагогикалық диагностикалық әдістерді топтастыру / А. С. Боранбаев, А. А. Жетильгенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 8 (298). — С. 326-328. — URL: https://moluch.ru/archive/298/67586/ (дата обращения: 19.11.2024).



Мақалада психо-педагогикалық диагностикалық әдістерді топтастыру мәселесі қарастырылады.

Кілт сөздер: диагностика, интеллект, тест, индивид, психокоррекция, интерпретация.

В данной статье рассматриваются проблемы группировки психо-педагогических диагностическихметодов.

Ключевые слова: диагностика, интеллект, тест, индивид, психокоррекция, интерпретация.

1977 жылы әйгілі психолог Б. Г. Ананьевтің «О проблемах современного человекознания» атты монографиясы басылып шықты, онда психологиялық-педагогикалық диагностикалық процедуралар мен оның жіктелуі туралы мәселе қозғалды. Ол өзінің жіктеуін ұсына отырып, оны төрт топқа бөліп енгізді:

Ұйымдастыру әдістері — салыстыру / әрқандай топты, жасы, қызметі т.б. бойынша салыстыра зерттеу/, кешендік зерттеу /әр түрлі ғылымдар өкілдері қатысып бір объектіні жан-жақты әр құралдармен зерттеу/, лангитюд — бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап зерттеу.

Эмпирикалық әдістер — бақылаумен өзіндік бақылау, эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы), психологиялық диагностикалық әдістер: психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия (әлеуметтік өлшем әдісі), интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері, моделдеу (математикалық, кибернетикалық т.с.с.) өмірбаян.

Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу) талдау әдістері.

Қазіргі психодиагностикада қолданатын құралдар өздерінің сапасы жағынан екі типологиялық топқа бөлініп қарастырылады: жоғары деңгейдегі қалыптастырушы әдістемелер және аз қалыптастырушы әдістемелер.

Жоғары деңгейдегі қалыптастырушы әдістемелерге тест, сұрақ-жауап, жобалау техникасы және психофизиологиялық әдістемелер жатады. Бұларға тән сипаттар: зерттеу процедураларының қатаң реглементациясы, стандарттылық, жарамдылық, сенімділігі. Бұл әдістемелер индивидті басқа адамдармен сандық, сапалық жағынан салыстыруға мүмкіндік беретін диагностикалық мәліметтерді қысқа уақыт ішінде жинақтауға мүмкіндік береді.

Аз қалыптастырушы әдістемелерге бақылау, сұрақтар, іс-әрекет нәтижесіне анализ тәсілдері жатады. Бұл тәсілдер зерттелушінің психикалық құбылыстарды зерттеуде құнды мәліметтерді жинақтауда қолайлы болып табылады. Сонымен бірге аз қалыптастырушы әдістемелер еңбек етуді қажет етеді, көбінесе кәсіптік тәжірибеге сүйенеді.

Алайда, шетел психодиагностикасында әдістемелерге сипаттамалар беріліп отырады. Вербальды емес тесттер жазу мен оқып білуді талап етпейтін тесттер. Оларды орындау үшін ауызша нұсқаулар мен диагностпен қарым-қатынас жасау керек. Тапсырмаларда заттар, көрнекті суреттер вербальды мазмұнды қолданылуы мүмкін. Олар, мәселен, суреттеме құралдардың көмегімен берілетін сөздердің, сөйлемдердің мәнін түсіну үшін диагностикалауға бағытталуы мүмкін. Сондықтан бұл тесттер басқа тілде сөйлейтін және естімейтін адамдар үшін жарамсыз болып келеді.

Шетелдік оқу құралдарындағы барлық жеке айырмашылықтарды анықтауға арналған әдістемелер тест деп аталынып, ал диагностика туралы кітаптар тестология туралы кітаптар деп аталынды.

Тесттің шығу тарихы.Психологиялық тест сипатының өзгеруінің келесі сатысы оны өткізу формасының өзгеруімен байланысты. ХХ ғ. бірінші жартысында пайда болған тестер жеке, яғни тек жеке адамды зерттеуге арналды мұндай тесті жоғарғы дәрежедегі білім деңгейіне сәйкес, арнаулы қабілеттері бар адамдар пайдалананып, қолданды.

Бұл ерекшелік бірінші тестердің таралуына кедергі келтірді. Тәжірбие, әрекеттің қандай да бір түріне дайын адамдарды таңдау, олардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес іс-әрекетін әр түріне сай бөлуіне қажет көп адамдар тобына диагностика жүргізуді талап етті.

Жарамдылық интелект тесттің мүмкіншілігі шектеулі екендігін анықталды: тест негізінде нақты іс-әрекеттің тар көлемінде болжам жасау жетістікпен орындалмады. Бірақ, интеллектің жалпы деңгейі туралы білімнен басқа адамның психикасының ерекшеліктері туралы қосымша мәліметтер керек болды. Осының негізінде тестологияда жаңа, арнаулы қабілет тестері тек алғашқыда интеллект тестерін бағалауда қосымша ретінде жарыққа көрінсе, енді ол жеке дербес облыс ретінде бөлініп шықты.

Демек, тест (ағылшын — test — сынау, сынама) — жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі [1, 214 б.]. Ол тестік модельдік жағдайлар болып табылады және олар арқылы жеке тұлғаға тән сипатты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі.

Психологиялық тестің қорытындысын дұрыс интерпретациялау және бағалау, оны қандай мақсатта қолданылғанға негізделеді.

Психологиялық тестер жүргізу өзіндік таным, өзіндік даму, мінез — құлықты коррекциялау (түзету) құралы ретінде қолданылады.

Педагогикалық тестілеу білім мен білікті, машықты бағалауда қолданылады.

Сонымен қатар, тестке байланысты бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:

– адамның қабілетін, бейімін, ерік-жігерін анықтайтын арнаулы тапсырма;

– социологиялық зерттеу сауалнамасы [2, 1007 б.].

Басқа да түсіндірмелерде тест — жеке дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға арналған, орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі тапсырмалар жиынтығы.

– қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар;

– тест арқылы зерттеушілік материалдарды тез жинауға болатын тапсырмалар;

– формасына қарай тапсырмалар жүйесі.

Тест әдісінің артықшылығы:

– тексерудің, бақылаудың объективтілігі тест арқылы бағалау нақты әрі (дифференциалды) сараланған, даралық сипаты;

– дәстүрлік тексеру әдістерінен тиімдірек болуы;

– оның мәні адам қабілеттерін айқындау үшін,өлшеу құралының болуы.

Өлшеу, айқындау пәніне қарай тест түрлері:

– психологиялық;

– педагогикалық.

Тестердің типтері:

– қалыптылық-бағдарлы (нормативно-ориентированные);

– өлшемдік-бағдарлы (критериально-ориентированные).

Сонымен, тестілеу белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер (тестілер) пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі, даралық айырмашылықтарды стандартты өлшеу үшін қолданылады.

ХІХ ғ. оқыту мен тәрбие теориясының тереңдеуіне ықпал еткен экспериментталдық зерттеулер еді. Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әр түрлі әдістердің бүтін жүйесін құрайды. Мәселен оған: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірбиені үйрену және қорытындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ, анкета жүргізу, тесттен өткізу, рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды талдаудан өткізу және т. б. әдістер кіреді.

Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл әдіс педагогикалық зертеудің қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебі, педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Сонмен бірге, бақылау әдісі нақты теориялық ой-пікірлерге нәр береді.

Әңгімелесу әдісі. Бұл әдіс те ғалым-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен ептері жөнінде терең пайымдау жасайды.

Колледж құжаттары мен оқушылардың шығармашылық өнімдерін зерттеу әдісі. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зертеу барысында колледж құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс-құжаттарын көздеп отыру үлкен маңызға ие. Белгілі бір тақырыпта еркін шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, зерттеуші оқушының дүниеге, қоғамға көзқарасын болжауы мүмкін және т. б.

Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын ала зерттеу мақсаты белгіленген оқытушы мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттер әртүрлі; меңгерген білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименті.

Меңгерген білім деңгейін анықтау экспермиенті — зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол мәселенің жалпы жағдайымен танысуға негіз болады.

Зерттеуші бұл мәселенің колледж ісінде кері сипатқа ие болғанын анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту — қайта жасау экспериментіне кіріседі, яғни алдын-ала түзілген жоспар бойынша оқушылардың білім игеру тәжірбиесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін ендіреді. Егер де нәтижесінде жетістік көрсеткіштері мен қорытындыларын жалпы көпшілік колледж тәжірбиесінде тексеру керек болатын болса, онда бақылау эксперименттерін пайдалануды қажет етеді.

Проективті әдіс ұғымы. Проективті (жобалық) әдістемелер клиникалық бағдардың психодиагностикалық тәсілдерінің ерекше тобын білдіреді. Соңғысы әдістемелердің шиеленіс (конфликтілік) жағдайдағы өзін ұстау тәртібін, аффектілі түрде әрекет етуді, болжауды білдіреді.

Педагогика саласында жобалау әдісі — оқушыны бірте-бірте күрделене түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі ретінде қолданылады.

Жобалық әдістемелер тарихы-жобалық техниканың қажетті даму кезеңдерін белгілейтін хронология мен табиғи жеке бас ерекшеліктерін түсінуімен яғни, оны эксперименталды талдау әдістемелеріне, жалпылай әрекет ету ретінде көрінеді. К. Юнг адамның қайғысы мен мінезіндегі маңызды облыстарына жанама түрде әсер ету арқылы шұғыл өзгерісті (пертубациялық) ашу мен дәлелдеумен береді. К. Юнг жеке бастың санасыз талғамдары объективті диагностикаға тән екенін көрсетті.

Жобалық әдістердің даму тарихын талдауды жалғастыра отырып, біз әрине 1935 жылдағы журналдық нұсқауларда алғаш рет екі авторлықпен, қиялды тәжірибелік талдау әдістемесі ретінде әдістемелік апперцепциялық әдіс туралы ақпараттың пайда болуын айтпай кетуге болмайды. Ол уақытта тест жалпы теориялық концепциямен қамтамасыз етілмеді, жеке басты зерттеу әдіс ретінде ол Г. Мюрейдің неғұрлым кеш шыққан басылымдарынан да көреміз. Әдістемелік апперцепциялық тестілердің пайда болуы бүгінгі күнге дейін шешілмеген бірқатар мәселелерді алға қойды. Алайда осы тәжірибеде мыналар байқалады: қажеттілік «күші» және оның әдістемелік апперцепциялық тестілерде бейнелеуі сызықтық емес U тәсілді тәуелділікке байланысты болады. Одан да күрделісі әңгімелермен нақты әрекет ету туралы қатынастар болып табылады. Хронологияға қайтып келе отырып 1939–1948 жылдардағы Лоуренс Фрэнктің еңбегіне тоқталу қажет [3]. Онда жобалық психологияның негізгі принципі қалыптасқан болатын. Жеке басты зерттеу әдістерінің ерекше тобын белгілеу үшін проекция» терминін пайдаланудағы артықшылыққа Л. Фрэнк ие болды. Фрэнктің концепциясы біздің ойымызша жобалық әдістемелердің тағайындалуымен диагностикалық шекараларын түсіну үшін аса маңызды жағдайға ерекше назар аударады.

Әдебиет:

  1. Абрамова Г. С. Практическая психология. — М., 2001. — С. 43.
  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. — Алматы, 1996. — 13–16 бб.
  3. Римский С., Римская Р. Практическая психология. — М., 1999. — С. 139–141.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, тест, Практическая психология.


Похожие статьи

Логопедиялық массаждың физиологиялық әсері

Мақалада сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуде логопедиялық массаждың физиологиялық әсері туралы айтылған.

Арт-педагогика және оның балалардың эмоционалдық сферасына әсері

Мақалада авторлар артпедагогика және оның балалардың эмоционалдық сферасына әсерін қарастырған.

Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды диагностикалау

Берілген мақалада қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды диагностикалау мәселесі қарастырылады.

Молекулалық физиканы оқытуда компьютерлік модельдеуді қолдану

Мақалада молекулалық физиканы оқытуда компьютерлік модельдеуді қолдану қарастырылады.

Ресей мен Қазақстан орта мектептеріндегі модельдеу негіздерін оқытуды талдау

Мақалада орта мектептегі информатиканың қалыптасу тарихы қарастырылады. Информатиканы оқытуда Қазақстанның және Ресейдің орта мектептеріндегі модельдеу негіздерін оқыту жүйесі талданады.

Баланың логикалық ойлауын дамытудың әдістері

Мақалада бастауыш ыныптарда логикалық тапсырмаларды оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері баяндалған. Логикалық тапсырмаларды тиімді оқытудың әдістемесі ұсынылған.

Логопедия сабақтарында дидиктикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту жұмыстары

Бұл мақалада логопедия сабақтарында дидиктикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту жұмыстары мәселесі қарастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте логопед жұмысын ұйымдастыру

Берілген мақалада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте логопед жұмысын ұйымдастыру қарастырылған.

Медицина қызметкерлері ұжымын басқарудағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлі

Мақалада медицина қызметкерлері ұжымын басқарудың тиімділігін арттыру барысындағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлін анықтауға байланысты зерттеу нәтижелері берілген.

Қазіргі жарнаманың постмодерндік және психологиялық концепциялары

Мақалада қазіргі заманғы жарнама философиясын зерттеудегі постмодернисттік және психологиялық концепциялар сараланады.

Похожие статьи

Логопедиялық массаждың физиологиялық әсері

Мақалада сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуде логопедиялық массаждың физиологиялық әсері туралы айтылған.

Арт-педагогика және оның балалардың эмоционалдық сферасына әсері

Мақалада авторлар артпедагогика және оның балалардың эмоционалдық сферасына әсерін қарастырған.

Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды диагностикалау

Берілген мақалада қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды диагностикалау мәселесі қарастырылады.

Молекулалық физиканы оқытуда компьютерлік модельдеуді қолдану

Мақалада молекулалық физиканы оқытуда компьютерлік модельдеуді қолдану қарастырылады.

Ресей мен Қазақстан орта мектептеріндегі модельдеу негіздерін оқытуды талдау

Мақалада орта мектептегі информатиканың қалыптасу тарихы қарастырылады. Информатиканы оқытуда Қазақстанның және Ресейдің орта мектептеріндегі модельдеу негіздерін оқыту жүйесі талданады.

Баланың логикалық ойлауын дамытудың әдістері

Мақалада бастауыш ыныптарда логикалық тапсырмаларды оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері баяндалған. Логикалық тапсырмаларды тиімді оқытудың әдістемесі ұсынылған.

Логопедия сабақтарында дидиктикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту жұмыстары

Бұл мақалада логопедия сабақтарында дидиктикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту жұмыстары мәселесі қарастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте логопед жұмысын ұйымдастыру

Берілген мақалада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте логопед жұмысын ұйымдастыру қарастырылған.

Медицина қызметкерлері ұжымын басқарудағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлі

Мақалада медицина қызметкерлері ұжымын басқарудың тиімділігін арттыру барысындағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлін анықтауға байланысты зерттеу нәтижелері берілген.

Қазіргі жарнаманың постмодерндік және психологиялық концепциялары

Мақалада қазіргі заманғы жарнама философиясын зерттеудегі постмодернисттік және психологиялық концепциялар сараланады.

Задать вопрос