Тұрмыс-салт жырлары — ұлттық тәрбиенің қайнар көзі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №7 (297) февраль 2020 г.

Дата публикации: 11.02.2020

Статья просмотрена: 449 раз

Библиографическое описание:

Ногайбаева, А. А. Тұрмыс-салт жырлары — ұлттық тәрбиенің қайнар көзі / А. А. Ногайбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 7 (297). — С. 347-349. — URL: https://moluch.ru/archive/297/67344/ (дата обращения: 25.04.2024).



Берілген мақалада тұрмыс салт жырлары ұлттық тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Кілт сөздер: халықтық тәрбие, Қамбар ата, ер қанаты, қымыз, ат жарысы, ұлттық мінез.

В данной статье обрядовые песни рассматриваются как источник национального воспитания.

Ключевые слова: народное воспитание, Камбар ата, крылья молодца, кумыс, конное соревнование, национальный характер.

Фольклор — халықтың сан ғасырлық рухани байлығы. Оның барлық түрі өмірлік тәжірибеге негізделіп, бүкіл халықтық санаға негізделген. Сондай-ақ ол халықтық тәрбиенің эмприкалық білім, білігі мен сана-сезімінің жиынтығы. Онда адамзаттың озық ой-пікірі, тәлім-тәрбиесі тұтас көрініс табады. Сондықтан да болу керек Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалаларында тәрбие мен білім беруде халқымыздың салт-дәстүрлерін жаңғыртуға ерекше мән берілді. «Ұлы даланың жеті қыры» [1] мақаласы екі бөлімнен тұрады. 1. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. 2. Тарихи сананы жаңғырту. Бірінші бөлімде Ұлы даланың жеті қырын анық ашып береді. Елбасының мақаладағы ой-толғамдары біздерге, жастарға бағыт беріп, жарқын болашаққа жол сілтейді. Соның бірі «Атқа міну мәдениеті» деп аталған. Атқа міну мәдениетінің негізі жылқыны қолға үйретуден басталғанын айта келіп, бес қаруын асынған сарбаздың, ту ұстаған жауынгердің бейнесі мен оның киім үлгісінің тарихына зер салады. Сөйтіп ат өнерінің ұлттық сипатын ашып көрсетіндігін аңғартады. Мысалы, құлынның терісінен астарсыз тон тігіледі, оны «жарғақ» дейді. Адамзат бұрынғы сана мен мәдениеттің деңгейінде қалып қоймайтыны белгілі. Оның жан сарайы дамып, әлемдік деңгейде күннен күнге өсіп, өзгеріп барады. Ұлттық тәрбие этнографиямен шектеліп қалмай, халықтық салт-дәстүрді жаңғыртумен бірге өркендеп бара жатқан әлемдік мәдениет биігінен иық теңестіре алатын ел болуымыз керек. Десек те, адамның рухани күштерін оятып, жан дүниесін ұлағаттауда, дамытуда халықтық тәрбиенің маңызы зор. Қазақтың ұлттық дүниетанымындағы бұл ерекшелік оның көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланысты екендігінен болса керек.

Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған. Амандық сұрасқанда «мал-жан аман ба» деген. Төрт түліктің терісі мен жүні кисе киімі, сүті ішсе — сусыны, жесе — тамағы, азығы, мінсе — көлігі болды. Адамның жаратушы, иесі бар деп түсінген халық төрт түлік малдың да жаратушысы, иесі, пірі бар деп түсінді. Сондықтан оларды қадірлеп, қастерлеу қазақ баласы үшін өмір заңы болған. Өйткені малдан айырылу шыбын жаннан айырылумен бірдей. Бұған 1932 жылы ұжымдастыру кезінде қазақтардың малдан айырылып, ашық-қырғынға ұшырауы мысал бола алады. «Мал ашуы — жан ашуы», «Малдың беті жарық, малсыздың күні кәріп», «Мал баққанға бітеді», «Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас», «Ерінбей еңбек етсең ғана мал табасың, малсыз өмір жоқ, күн көрісің қараң» деген ой түйген. Ол заңды да, себебі тіршілік етудің басқа түрі жоқ көшпелі қазақ елі үшін мал бағып күн көру — өмір сүрудің негізгі тірегі болып саналды. Осыған байланысты — төрт-түлік малға арналған мақал-мәтел, ертегі-әңгіме, жаңылтпаш, жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетінде көп болуы, мал атауларының молдығы, бір жағынан ұлттық психологияның тілдегі көрінісі болса, екіншіден фольклорлық шығармалардың этнопедагогикада тәрбие құралы ретінде қызмет еткенін байқатады.

Бір кездері жабайы аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған халық оларды төрт түлік малдың «пірі» деп ұғынып, солар жайында түрліше аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек. Бұрын жабайы аңдарға сыйынған халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Қамбар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған. Ел ұғымында Шопан ата — қойдың, Қамбар ата — жылқының, Ойсыл қара — түйенің, Зеңгі баба — сиырдың, Шекшек ата — ешкінің пірі. Олар малды құт деп біліп, аязды қыстап, жұтаған жұттан, аш бөрілерден аман алып шығудың жолдарын айтқан.

«Жылқы — малдың патшасы» деп ұғынған халық жылқыны өз қолымен өсіріп, бағып-қағып отырса да, оны жылқы пірі Қамбар атаның мейірімімен бітіп отыр деп есептейді. Оған былай деп жалбарынады:

Тағы бір тілек тілейін,

Шын бергенін білейін,

Өңкей ала шұбардан

Жал-құйрығы шұбалған,

Айғырды бер байсалды,

Үйірі толған байталды,

Өңкей мама биемен

Сауған сайын иіген,

Желіні сүтін тыймасын.

Көнекке саусақ сыймасын.

Ұзара берсін желісі,

Кеңи берсін өрісі... [2, 52 б.].

Бұл ислам дініне дейінгі нанымдардың бірі. Қамбар ата — бабаларымыздың сыйынған пірі. Бұл нанымның өзінше поэзиясы, философиясы бар. Кезінде олар халқымыздың ұлттық мінезін қалыптастыруға зор үлес қосты.

Қазақтың көне заманнан бергі ең көп өсірген малы және төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтаны жылқы, ең алдымен, жаугершілік көне заманның талабына сай өте құнды мал ретінде саналды. Себебі ол кезде жауды қуып жетуге немесе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Атты әскер жаяудан басым болған. Ата-бабамыз малдың қай жерде өсетінін баяндап берген. Мысалы, «Жылқымды айдап салдым қалың нуға» дейді. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.

Жылқының еті маңызды азық-түлік саналған. Сүтінен халық арасында кең тараған — қымыз даярланады.Жылқының еті — өте жоғары сапалы тамақ, қазысыныңтағамдық та, емдік те қасиеттері мол. Жылқының терісінен: құлын жарғақ, етік, жүген, айыл-тартпа, құйысқан, саба, өмілдірік, үзеңгі бау, қанжыға бау, ноқта, шідер, қамшы т. б. қасиетті бұйымдар жасалады.

Ат жарысы — халыққа кең тараған ұлттық спорт түрі. Сақтардың бәйге, көкпар тарту, ат ойындарын меңгерген, қазақтың жауынгер ұлдары аламан бәйгеге өнер көрсетуді жақсы көрген шабандоздар. «Ат шаппайды, бап шабады», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп сәйгүлік аттарды зор қастерлеген. «Қанатты тұлпар», «Сәйгүлік» аттар жылқының ең асыл тұқымын дәріптеуге арналған. Жылқының ең асылы мен сұлуын «таза тұқымды арғымақ» деп атаған. Көшпелі тұрмыста қазақ халқы шетсіз-шексіз далада жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты болса, қашқанда құтылып, қуса жетіп тіршілік ете алады. Сол себепті қазақтың «жылқы — ердің қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын дұрыс көрсетеді. Ертедегі батырлардың ажырамас серігі жүйрік аттарды «тұлпар», «дүлдүл» деп те атаған. Жаугершілік заманда жауды қуып жетуге немесе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Атты әскер жаяудан басым болған. Жылқы малын ерте замандарда әскердің санын көбейту ретінде де жиі пайдаланып келген. Мысалы, шабуылшылар жауға қарасын көбейтіп көрсету үшін алдарына жылқы малын салып айдағанда шаң көтерген, қорғанушыларда бұл шаңды қалың қолға жорып, одан қашқан. Осы тәсілді сақтар, қыпшақтар сияқты көшпелілер де, Шыңғыс хан да, Ақсақ Темір де қолданған. Тіпті 1916 жылы Амангелді Иманов та осындай әскери тәсілді қолданған.

Қазақтың халық жырларындағы батырдың қай-қайсысын алсақ та олардың жан серігі, қиын кезде тіпті тілдесетін, «ақыл айтатын» кеңесшісі де қасиетті пырақтары болған. Х. Досмұхамедұлы: «Төрт түлік мал мен Қазақстанның және онымен шектелетін ел-жұрттың барлық жануарлар дүниесі халық әдебиетінде ерекше орын алады. Қазақтың, әсіресе, жылқы малына деген сүйіспеншілігі ерекше, сондықтан да қазақ халық әдебиетінде Тайбурыл (Қобыланды), Көкбұйра (Қарасай-Қази), Тарлан (Ер Тарғын) т.б. ерекше аттар — тұлпарлардың бейнелері сомдалған», — дейді [3, 28 б.].

Жылқы туралы қазақтың мақал-мәтелі де көп. «Жылқының сүті шекер, еті бал», «Жүзден — жүйрік, мыңнан — тұлпар», «Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ», «Ат тұяғын тай басар», «Алып анадан, тұлпар биеден туады», «Атың барда жер таны, асың барда ел таны» тағы басқа.

Жазда болатын ас-тойлардың бір қызығы — бәйге. Жүйрік аттары барлар жорғаларын, сәйгүліктерін баптап дайындайтын болған. Аты бәйгеден келген қазақтың қуанғанынан төбесі көкке жеткендей болады. Бәйгеге тігілген жүлдеден ат иесі өзіне ырымға деп бірдеңе алып қалғаны болмаса, негізі оны ауылдастары, туған-туысқандары, жолдас-жораларына бөліп беретін болған. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген мақалдың шығуына осы дәстүр себеп болған.

Адамның азамат қатарына қосылуының өзін «ат жалын тартып мінді» деп бейнелейді. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі — тоқым қағар тойынан бастап ер адамның өмірден өткенінің белгісін ат тұлдауға дейінгі пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған. Халқымыздың ұлттық мерекесінің бірі де «қымызмұрындық» деп аталады.

Жылқы ең алдымен ел қорғаған ердің жан серігі болған. «Ат — ер қанаты» дейді дана халқымыз. Ат жарысы — қазіргі ұлттық спорт түрлерінің бірі ретінде орта және жоғары оқу орындарында оқытылып келеді. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен шымыр болып өсуіне және рухани тәрбиеленуіне оң ықпалын тигізетін ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Сондықтан да Елбасы халқымыздың атқа міну мәдениетін дамыту арқылы жастардың рухани санасын жаңғыртып, елдің мәдениеті мен тарихын сүюге, ұлттық тәрбие мен мәдениетті қалыптастыруға болатынын айқын бағдарлап беріп отыр.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Ұлы даланың жеті қыры // Егемен Қазақстан. — 2018. — 21 қараша.
  2. Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 8–9 кластарға арналған оқу құралы. — Алматы: Рауан, 1994. — 222 б.
  3. Досмұхамедұлы Х. Аламан. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 176 б.
Основные термины (генерируются автоматически): ат, мена.


Ключевые слова

халықтық тәрбие, Қамбар ата, ер қанаты, қымыз, ат жарысы, ұлттық мінез

Похожие статьи

Маңғыстаудың мешіттері мен медреселері | Статья в журнале...

Тәрбиеге ата -ана өз күшімен ат салыса отырып, тәрбие мен білім егіз десек, тәрбиесіз білім алу

Сырт қарағанда қарапайым ғана өсімдік, бірақ ежелгі гректер мен германдықтар үшін аса...

Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жағдайында дapынды...

Ата - ана арасындағы, ата - ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады.

«Диван лугат ат-турк» Махмуда Кашгари как источник по...

Одним из ранних источников по этнографии туркмен является «Диван лугат ат-турк» («Свод тюркских слов») Махмуда Кашгари (XI век). Несмотря на то, что этот выдающийся труд...

Основные термины (генерируются автоматически): Ат, мена.

АТ команды для работы с SMS. +++ — escape последовательность.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты...

Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналардың әлеуметтік және...

Баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы, оның жеке қасиеттері мен әлеуметтік құзыреттілігі болып есептеледі және отбасы маңызды рөл атқарады.

Махмұд Қашқари дүниетанымы | Статья в журнале...

оса , мена . Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі | Молодой ученый

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

Комил инсон талқини: ўтмиш ва ҳозирги замон | Статья в журнале...

Хусусан, ат-Термизий ҳадисларида ул зотнинг доимо халқ ғамида юриши, умматларнинг манфаати ва уларнинг фаровонлиги тўғрисида кеча-ю кундуз ўйлаб юриши таъкидланади.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Мәңгілік Ел- ата -бабаларымыздың. Сан мың жылдан бергі асыл арманы. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Н.Ә.Назарбаев.

Балалардың рухани үйлесімді дамуындағы мектеп пен ата-ана...

Основные термины (генерируются автоматически) : бал, мена. ВКонтакте.

Похожие статьи

Маңғыстаудың мешіттері мен медреселері | Статья в журнале...

Тәрбиеге ата -ана өз күшімен ат салыса отырып, тәрбие мен білім егіз десек, тәрбиесіз білім алу

Сырт қарағанда қарапайым ғана өсімдік, бірақ ежелгі гректер мен германдықтар үшін аса...

Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жағдайында дapынды...

Ата - ана арасындағы, ата - ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады.

«Диван лугат ат-турк» Махмуда Кашгари как источник по...

Одним из ранних источников по этнографии туркмен является «Диван лугат ат-турк» («Свод тюркских слов») Махмуда Кашгари (XI век). Несмотря на то, что этот выдающийся труд...

Основные термины (генерируются автоматически): Ат, мена.

АТ команды для работы с SMS. +++ — escape последовательность.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты...

Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналардың әлеуметтік және...

Баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы, оның жеке қасиеттері мен әлеуметтік құзыреттілігі болып есептеледі және отбасы маңызды рөл атқарады.

Махмұд Қашқари дүниетанымы | Статья в журнале...

оса , мена . Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі | Молодой ученый

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

Комил инсон талқини: ўтмиш ва ҳозирги замон | Статья в журнале...

Хусусан, ат-Термизий ҳадисларида ул зотнинг доимо халқ ғамида юриши, умматларнинг манфаати ва уларнинг фаровонлиги тўғрисида кеча-ю кундуз ўйлаб юриши таъкидланади.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Мәңгілік Ел- ата -бабаларымыздың. Сан мың жылдан бергі асыл арманы. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Н.Ә.Назарбаев.

Балалардың рухани үйлесімді дамуындағы мектеп пен ата-ана...

Основные термины (генерируются автоматически) : бал, мена. ВКонтакте.

Задать вопрос