Студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №6 (296) февраль 2020 г.

Дата публикации: 07.02.2020

Статья просмотрена: 398 раз

Библиографическое описание:

Кызайбай, А. Б. Студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың жолдары / А. Б. Кызайбай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 6 (296). — С. 322-324. — URL: https://moluch.ru/archive/296/67193/ (дата обращения: 19.04.2024).

Бұл мақалада құзыреттіліктің маңызы және оның аспектілері жайлы мәселелер қарастырылған. Сонымен қатар, құзыреттіліктің білім алушылардың шығармашылығын дамытудағы жолдары, ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті қолданудың тиімділігі қарастрылған.

Түйінді сөздер: құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, интерактивті тақта.

В данной статье обсуждается роль компетенции и ее аспекты. Кроме того, рассматриваются пути компетентности в развитии творчества студентов, эффективности использования информационных и коммуникативных навыков.

Ключевые слова: компетентность, информационная компетентность, коммуникативная компетентность, интерактивная доска.

Қазір ғылыми-техниканың, өркениеттің даму заманы. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізеді. Ал білім сапасын жоғарылату, құзыретті маман тәрбиелеу– барлық оқытушыларды толғандыратын маңызды мәселе. Мына заманда білім алушылардың да алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде.

Қоғамда әлеуметтік, мәдени үдеріспен қамтамасыз ететін құндылық-білім. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты- педагогтардың, білім алушылардың құзыреттілігін дамыту болып табылады [1].

Құзыреттлік тәсіл идеясы- «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұрақтарға жауап береді. Білім алушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру- бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселесі болып отыр. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады.

Осыған орай, дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзырет», «құзыреттлік», «кәсіби құзыреттілік» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне енгізілген.

«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н.Хомский енгізген, алғашында о лана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіліктер ұғымын берген.

Г. Ж. Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттлік» ұғымына «студенттің мағыналық бағдары, білімдері, біліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы»- деп қарастырған [2].

Қазіргі студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру заман талабы болып табылады. Құзыреттілік — оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін және білім берудің нәтижесі.

Сонымен, құзыреттілік — тек білім ғана емес, студенттің оқу үдерісінде меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін іс жүзінде дұрыс, орынды, тиімді пайдалануы.

Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың аспектілерін көрсетеді:

– Түйінді құзыреттер;

– Жалпыланған пәндік біліктіліктер;

– Қолданбалы пәндік біліктіліктер;

– Өмірлік дағдылар.

Бұлардың әрқайсысын орындау студенттердің құзыреттіліктерін, олардың университет бітіргеннен кейін жұмысқа дайындығын арттыруға себепкер болады.

Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білім алушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.

Студент қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Студенттің шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.

Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап, таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.

Білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру — бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлестіру және жаңа қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен бйланысын кеңейту мүмкіндіктері мол кезде. өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

Ақпараттық құзіреттілік:

– сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар аясында дұрыс шешім қабылдауға;

– өз бетімен мақсат қоюға және оны қорғауға, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

– ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, мүмкіндігінше қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

– логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тура және жанама дәлелдеу, аналог негізінде дәлелдеу, модельдеу, қиялмен эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;

– өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

– білім алушының жеке дара жұмысы;

– аз уақытта мол білімге қол жеткізіп, уақытты үнемдеу;

– білім-білік дағдыларын тест орындау арқылы бақылау;

– шығармашылық тапсырмалар орындау;

– қашықтықтан оқу мүмкіндігінің туындауы;

– қажетті ақпаратты аз уақыттың ішінде табу мүмкіндігі;

– экономикалық тиімділігі;

– іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

– қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістерін әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

– оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы мол [3].

Білім беруді ақпараттандырудың жаңа бағыты — дәріс сабақтарында интерактивті тақталарды қолдану болып табылады.– ActivBoard интерактивті тақтасы мен ActivStudio программалық қамтуын оқу үрдісінде пайдалануда. Бұл бағдарламалық-техникалық кешеннің өзіне тән ерекшелігі, әмбебаптығы, интерактивтілігі, қызметінің көп жақтылығы және қолданушыға пайдалануға түсініктілігі мен интерфейсінің қарапайымдылығы. Заман талабына сай, оқушыларға сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану — оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастырылады. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.

Коммуникативтік құзыреттілік — қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Студент анкета толтырып, хат, арыз жазуды, сұрақ қойып, пікір таластыруды т. б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны, олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс [4].

Сонымен қорытындылай келгенде заман талабы жастардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, білім алушылардың шығармашылық әрекетін дамытудағы маңызды мәселе деп есептеймін.

Әдебиеттер:

  1. Иманбаева, «Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі». Қазақстан мектебі, № 2, 2000.
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
  3. Мұхамбетжанова С. Т., Мелдебекова М. Т. Педагогтардың ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
  4. Нұрғалиева Г. Таутаева Г. Тілеуова С. Ақпараттандыру –білім беруді реформаландырудың негізгі механизмі, 2000.- / 262–263 бет /
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Ключевые слова

құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, интерактивті тақта

Похожие статьи

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, мена . Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер

Өткен ғасырдың аяғындағы өндіріс, ғылым мен техникадағы өзгерістер қоғамның жаңа түріне көшуге ықпал етті. Нәтижесінде ғылым мен білім қоғамның дамуына ықпал жасайтын күшке...

Мемлекет болашағы Жастардың қолында | Статья в журнале...

Мақалада Ел болашағы жастардың қолында екендігі, қазіргі замандағы жастардың рөлі туралы жазылған. Жастар үшін өз болашақтары өте маңызды. Жас ұрпақ өз мүмкіндіктеріне сенеді...

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі.

Жасөспірім балалардың дамуының сипаттамасы

Жасөспірімдік кезеңде адамның жетілуі мен дамуының белгілі кезеңдері болады және ол балалық кезең мен ересектік кезең арасында жатыр.

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Ұлтымыздың сүйікті перзенті, қазақ тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмахановтың қоғамдағы орны, оның өмірлік жолы ерекше.

Күріш ауыспалы егістігінде жүгері өсіруде су үнемдеу технологиясы

оса, мена . Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Нарық, ұлттың немесе әлемдік ауқымда қарасты бәсекелестіктің бар болуын қарастырады. Нарықтағы бәсекелестік тауар мен қызмет өндірушіні жетілдіруге және өзінің перспективалық...

Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру...

Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманғы сипаты педагогтар мен білім беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды.

Задать вопрос