Болашақ мұғалімдерінің зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әдістемелік аспектілері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №6 (296) февраль 2020 г.

Дата публикации: 08.02.2020

Статья просмотрена: 738 раз

Библиографическое описание:

Сыдыков, Б. Д. Болашақ мұғалімдерінің зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әдістемелік аспектілері / Б. Д. Сыдыков, Д. А. Оралова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 6 (296). — С. 327-331. — URL: https://moluch.ru/archive/296/67172/ (дата обращения: 23.04.2024).



Еңбекте студенттердің зерттеушілік іс-әрекеттерінің ерекшеленген кезеңдеріне сәйкес, олардың әрқайсысына тән болатын зерттеушілік іс-әрекеттерді ұйымдастыратын студенттердің әрекеттері және оқытушылардың әрекеттерінің әдістемелік аспектілері қарастырылады. Зерттеушілік іс-әрекет ұғымының негізгі түрлері мен ерекшеліктері ашып көрсетіледі.

Зерттеушілік іс-әрекеті тәсілдерінің кезеңдері негізінде, осы әрекет түрі тәсілдерінің классификациясы құрылды, тәсілдердің алты тобына жинақталды, әр топқа сәйкес тәсілдер көрсетілді және олардың әрқайсының құрамы беріледі. Көрсетілген тәсілдердің ішінде студенттердің зерттеушілік іс-әрекетінің жетекші тәсілдері айқындалады: проблеманың қойылу тәсілі, болжамды ұсыну тәсілі және болжамды дәлелдеу тәсілі.

Зерттеушілік іс-әрекеттің әрекеттерін тәсілдермен салыстырып іс-әрекеттің жеке кезеңдерге өтуін, әрекеттің негізгі бағдарын көрсетеміз. Кезеңмен іске асырылатын зерттеушілік іс-әрекет үдерісінде, іс-әрекеттің бір тәсілі ғана емес, бірнеше тәсілдері де байқалады.

Түйін сөздер: зерттеушілік, оқу іс-әрекеттері, іс-әрекет тәсілі, проблеманың қойылу тәсілі, болжамды ұсыну тәсілі, болжамды дәлелдеу тәсілі.

В статье рассмотрены, методические аспекты в соответствии с выделенными этапами поисково-исследовательской деятельности студентов, характерные для каждого из них действия студентов и действия преподавателей, организующих исследовательскую деятельность студентов. Раскрыто основные виды и особенности понятие «исследовательской деятельности».

На основе этапов исследовательской деятельности составлена классификация приемов данного вида деятельности, представленная шестью группами приемов, указаны приемы, характерные для каждой группы и состав некоторых из них. Среди указанных приемов выделены ведущие приемы исследовательской деятельности студентов: прием постановки проблемы, прием выдвижения гипотез и прием доказательства гипотезы.

Сопоставляя действия исследовательской деятельности, и приемы этой деятельности, отмечаем, что приемы выступают как ориентировочная основа действий прохождения отдельных этапов деятельности. В процессе исследовательской деятельности, осуществляемой поэтапно, наблюдается не один какой-либо прием деятельности, а несколько приемов.

Ключевые слова: исследовательские, учебные деятельности, прием деятельности, прием постановки проблемы, прием выдвижения гипотез, прием доказательства гипотезы.

Еліміздің бүгінгі даму кезеңінде ғылым мен білімнің өзара байланысы, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, экономикалық өсуінің басты қозғаушы күші болып отырғаны анық. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айтқанындай еліміздің дамуының жаңа мүмкіндіктерін адами капитал береді. Ол үшін білім берудцң жаңа сапасы қажет. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.....Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Білім берудің барлық деңгейінде болашақ мұғалімдерді оқыту сапасын күшейту керек. Бұл — жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты. Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттыру қажет. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Бұлар қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. [1] Яғни, қазіргі заман талабы студенттерді де бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбилеу мақсатын қойып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін білім алушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білуге үйрету қажет.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген.Яғни студенттердің шығармашылық іс-әрекетінің төмен екендігіне назар аударылған.

Бірқатар авторлардың пікірі бойынша, зерттеушілік пен ізденушілік іскерліктерін дамытуға, білім беру үдерісінде белсенді оқытуды қолданып, қол жеткізуге болады. Жоғары оқу орнының түлектері — креативті ойлайтын, мобильді, заманауи технологиялармен жұмыс жасауға дайын, оларды тек қана қолданбай, ендіру жұмыстарын жүргізуге, жаңашылдық жасауға яғни алдыңғы ұрпақтың жетістіктерін пайдаланып қана қоймай, мол тәжірибені жинақтай алуы тиіс. Жоғары оқу орындарын бітіретін студенттер, аталған талаптармен қатар, әдістемелік ізденіске, жаңа қоғам талаптарына сай педагогикалық технологияларды ендіруге, жаңа ұрпақтың заманауи бейнесін қалыптастыруға дайын болуы қажет.

Студент жоғары оқу орындарында қалыптасқан іскерліктерін оқыту жүйесінде қолдануы қажет. Оқу үдерісінде әртүрлі оқу іс-әрекетінің түрлеріне үйретудің бір жолы оның жаңа тәсілдерін қалыптастыру болып табылады.

Оқу-танымдық іс-әрекет — білім алушының саналы (білім түрінде немесе іс-әрекет тәжірибесі негізінде) немесе материалдық түде жаңа нәтиже алуға бағытталған, білім беруші және білім алушының өзара әрекеттестігі. Оқу — танымдық іс-әрекеттің негізгі ерекшелігі, оның нәтижеге бағытталуымен, студенттердің алдыңғы ұрпақ тәжірибесін, жұмыстың жаңа тәсілдерін, өз бетінше жаңалық ашуда қолдануымен, сонымен қатар мүлде жаңаны «ашуда» байқалады. Демек, мұғалімнің педагогикалық шығармашылық ізденісінің ең басты мақсаты- студенттің танымдық ойлау қабілетін дамыту, сонымен қатар өзінің бойындағы шығармашылық ізденісіне шәкірттердің бойына сіндіре білу.

Қоғамның ғылыми-техникалық потенциалының өсуі, жоғары оқу орындарында зерттеу іс — әрекеттерінің нәтижелілігі мен дамыту деңгейін көтеруді қажет етіп отыр. Бүгінгі Қазақстанның даму кезеңінде ғылым мен білімнің өзара байланысы, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, экономикалық өсуінің басты қозғаушы күші болып отырғандығы айқын. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында, экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту қажеттілігі атап көрсетіледі [2].

Ғылымның жедел түрде қарқынды дамуы, қазіргі заман талабына сай студенттерді де бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мақсатын қойып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін білім алушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білу іс-әрекеттеріне үйрету қажет.

Іс-әрекет — бір жүйеге біріктірілген іс-әрекеттің жалпы мақсатына жетуге бағытталған жеке әрекеттерден құралады. Іс-әрекетті меңгеру және көрсету дайындығының көрсеткіші тек қана білімдер жиынтығы ғана емес, сондай-ақ іс-әрекет субъектісі меңгерген танымдық әрекеттер жүйесі де болады.

Жалпы әдебиеттерде оқу іс-әрекеттерінің пайда болуы бір қатар кезеңдерден өтеді:

1) Жеке оқу іс-әрекеттерін және оның құрамдас операцияларын орындау.

2) Іске асырылатын міндеттерді, бірнеше оқу әрекеттерін орындау және үлкен топтарға біріктіру (оқу жұмысының тәсілдері мен әдістері).

3) Әрекеттерді, тәсілдерді, әдістерді іске асыру жолдары жылдам, дұрыс, автоматтандырылған (іскерлік пен дағдылар) түрде орындалуы керек.

4) Оқу жұмыстарын жеке, тұрақты байланыстыру және оларды қайталау, жеке оқу стилінің пайда болуына әкеледі.

Сонымен, іс-әрекетті қалыптастыру үдерісі жеке операциялардан және әрекеттерден басталып, тәсіл мен әрекеттерге ауысып іске асырылады, онан соң ғана іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру қажет болады.

Жеке әрекеттер емес, олардың реттілігі мен жиынтығы іс-әрекет бағытын бейнелейді. Оқу үдерісіндегі оқу іс-әрекеті тәсілдерінің бірі ретінде оқыту жолдарын қалыптастыруды қарастыруға болады. Біздің зерттеуіміз, көптеген педагог және психологтар зерттегендей, ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерінің қалыптасуы, дамыта оқыту жағдайының кері құбылысы емес, оқытудың негізгі бір мәселесі деп қарастырылады. Мұны болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісі кезінде, ерекше ескеру қажет деп санаймыз. Себебі, белгілі жағдайда қажетті іс-әрекет түрін меңгермеген мұғалім, оны өз оқушыларының бойында қалыптастыра алмайды. Сондықтан, педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің іс-әрекет тәсілдерін қарастыра отырып, олардың оқу және әдістемелік тәсілдерді меңгеруін анықтаймыз.

Біздің мақалада, ойлау, ақыл ой, танымдық, оқыту іс-әрекеттері бір-бірімен өзара байланыста қарастырылады. Оқыту мазмұны оқыту мақсаттарында көрініс табуы мүмкін болғандықтан, «оқыту процесі» жүйесінде «оқыту іс-әрекеті — оқу мақсаттары — шәкірт іс-әрекеті» онда тұжырымдалған қасиеттерімен (оқыту заңдылықтарымен) негізгі қатынасы іс жүзінде іске асырылады [3]. Яғни, бұл іс-әрекет түрлерінің тәсілдері өзара қатынаста болады. Сондықтан, қарастырылатын іс-әрекет түрі неғұрлым нақты болған сайын, ол іс-әрекет тәжірибеге соғұрлым жақын болады. Оқу іс-әрекеттің тиімді түрі ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттің тәсілдері, көрсетілген іс-әрекеттің әрқайсысына тән тәсілдердің бөлігі ретінде қарастырылады. Бірақ, ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетті арнайы бөліп, оның ерекше бағытын және көрінісін, сондай-ақ оқу іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін қарастырған кезде, «байқалмайтын» және «есепке алынбайтын», ерекше бағыты бар тәсілдерді де негізгі тәсілдермен қатар ендіруді мақсат еттік.

«Тәсіл» түсінігін сипаттайтын негізгі белгілерді анықтайық:

– Әрекеттердің, амалдардың белгіленген реті, сонымен қатар олардың өзгеруі туралы пікірлер;

– Қойылған талаптардың ұқсастықтарына негізделіп біріктірілген, әртүрлі типтегі көптеген тапсырмаларды орындау кезінде, әрекетті жалпылаудың үлкен немесе кіші дәрежесін қолдануға мүмкіндік береді;

– Белгілі мақсатқа қол жеткізу жоспарында, ол әрекеттердің қажеттілігі мен әлеуетінің пайдасын өз кезегінде тәсілді таңдауға (тапсырманы шешу әдісін таңдау, оның мазмұны мен оқушының дайындық деңгейімен анықталады), мақсатқа жетуге сәйкес шарттар болуы тиіс;

– Анықталған тәсіл негізінде түрлендіру және жаңа тәсіл жасауға қабілеті;

– Ол әрекеттерді объективтендіру мүмкіндігі, «субъектіден» бөлініп, басқа субъекттерге «берілуі», яғни объективті түрде тәсіл, нұсқау, ереже, нұсқаулық және т. с.с. түрде болуы.

Белгілі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін тәсілдер — шешу іскерлігі және әдістеріне қарағанда, сыртқы факторларға төмен деңгейде бағынатын себепті, оларды «көрінбейтіндер» деп атауға болады. Тәсілдер — мақсатпен, әдістер — тапсырмалармен, іскерлік — субъектінің жеке басын сипаттаумен анықталады. Аталған сипаттамалық белгілер, тапсырмаларды шешу әдістері үшін де қайталануы мүмкін, бірақ олардың әрекетінің қосымша құрамдас аймағы, онда анықтайтын әрекеттердің нақты болуымен байланысты.

Сонымен, іс-әрекет тәсілдері деп әрекет ретін көрсететін, бірлескен идеялардың жалпы мақсаттарына, нәтижесіне, берілген тапсырмалардың шешілу үдерісін бейнелейтін, жүйесіне тәуелді әрекетті айтамыз. Мысалы, нақты тапсырманы шешу кезіндегі алдын-ала нұсқаудың, бағыттаушы ережесінің болуы және т. б.

Оқу іс-әрекет тәсілдері (ойлау, ақыл ой) құрамы негізінде анализ, синтез, салыстыру, негіздеу, жалпылау, жіктеу және т. с.с. тәсілдерді атайды. Математикалық іс-әрекеттің жетекші тәсілдерін анализ және синтез тәсілдері анықтайды [4]. Ол тәсілдерді сипаттайтын әрекеттер нұсқау немесе анықтама түрінде көрсетіледі.

«Ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет» түсінігін сипаттайтын белгілерді ескере отырып, берілген іс-әрекет түріндегі тәсілдер, көптеген оқу әрекетіндегі тәсілдерде ойлау және ақыл ой тәсілдері болады. Ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет тәсілдері деп белгілі ретпен орындалатын, күрделі тапсырмаларды шешуге бағытталған және нұсқау, нұсқаулықтарды белгілі ойлау операцияларында пайдаланатын әрекет жүйесін түсінеміз.

Зерттеушілік іс-әрекет тәсілдері проблемалық жағдайдан шығу амалын іздеу, ойлау процесін (шешілетін тапсырма туралы ақпараттың толық болмауы, алдын-ала белгісіз алгоритмдік әрекеті бар тапсырмалар, сонымен қатар іріктеу әрекеті), зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыруды көрсетеді. Олардың негізгі мақсаты — студенттердің әрекетін белгісіз нәрсені іздеуге бағдарлау, зерттеушілік сипаттағы әрекетке бағыттау.

Зерттеушілік іс-әрекеттің кезеңдері және оларға сәйкес әрекеттері, іс-әрекетті жүзеге асыру кезендері бойынша тәсілдерін жіктеуге мүмкіндік берді. Тәсілдің 6 нақты түрі анықталды, олар:

  1. Жаңа білімдерді қабылдауға дайындық тәсілдері.
  2. Проблемалық тапсырмаларды ұсыну.
  3. Бастапқы (тәжірибелік) зерттеу мәселелері және оны шешу жолдарын жоспарлау тәсілдері.
  4. Жоспарды іске асыру тәсілі
  5. Орындалған жұмыстың нәтижесін бағалау тәсілдері.
  6. Нәтижені қолдануға дайындау тәсілдері.

Студенттердің әр түрлі топтарға жататын ізденіс-зерттеушілік тәсілдердің құрылымын ұсынайық.

Бірінші топқа, студенттердің ғылыми еңбегін ұйымдастырудың жолдарын талдау тәсілдері негіз болды. Студентке дайындық жұмысы барысында өзін-өзі басқарумен айналысуға мүмкіндік беретін төмендегідей тәсілдер белгіленді. Олар:

– Үй жұмысын ұйымдастыру тәсілдері: есте сақтау, тексеру, нақтылау және кеңейту, құрылымын жасау (негізгі және қосымшаны ажырату) және алған білімдерін жүйеге келтіру, берілген материал мен тәжірибелік жұмыс бойынша іс-әрекет тәсілдерін, есте сақтау үшін қимыл-әрекет ережелерді құру;

– Өзін-өзі бағалау тәсілдері: өзін-өзі тексеру, өзін өзі бағалау (теориялық білімдермен тәжірибелік іскерлікті, жақсы нәтижеге жету үшін жасалған жұмыстың жалпы көлемін бағалау);

– Білімнің жеткіліксіздігін жеңу тәсілдері: кеңестерге дайындық тәсілдері, қиыншылық пайда болған кезде сұрақ қою тәсілдері, оқу ақпарат көздерімен жұмыс жасау тәсілдері, дәрістермен, қосымша оқу әдебиеттерімен, ақпараттық ресурстармен және т. б. жұмыстар.

Біздің жіктеудегі екінші топтағы тәсілдер, студенттерге проблемалық тапсырманы шешуде көмек көрсетуді, сондай-ақ күрделі тапсырмаларды өз бетінше құрастыруға бағыттайды. Проблеманы құрастыру тәсілдерін қалыптастыру және проблемалық жағдайды жасау, болашақ мұғалімдер үшін өте маңызды, себебі ол тиісті әдістемелік тәсілдерді қалыптастырудың негізі. Берілген тәсілдерді қарастыру кезінде проблемалық оқытудың негізгі ережесі есепке алынады.

Проблемалық оқыту процесі екі кезеңнен тұрады:

1) проблемалық жағдайды туғызатын, тәжірибелік немесе теориялық тапсырманы жасау кезеңі;

2) бұл проблемалық жағдайда белгісізді іздеу кезеңі, ол оқушының өз бетінше іздену (жоғары сыныпта және ЖОО) немесе қойылған мәселені шешуге қажетті ақпаратты оқытушының тапсыруымен іске асыруы.

Проблемалық жағдай белгілі жағдаймен қол жеткізілетін белгісіз жағдай арасындағы қайшылық. Проблемалық оқыту жағдайын тудыру оқытушыға оқу тапсырмасын ұсыну түрінің алғашқы шарты болып табылады [5].

Проблемалық жағдайлар екі түрге бөлінеді: танымдық және зерттеушілік.

Танымдық проблемалық жағдай жаңа оқу материалымен алғашқы танысуда әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізіледі: түсініктің тәжірибелік және теориялық рөлі туралы хабарлама, шешуге тура келетін мәселенің тарихы туралы әңгіме, білім алушыларға әлі шешімі табылмаған тапсырмаларды ұсыну және т. б.

Зерттеушілік проблемалық жағдайлар танымдық тәсілдер арқылы жүзеге асады, бірақ оларда проблема басқаша қойылады. Егер, танымдық проблемалық жағдай бір нәрсені тану, көру, анықтаудан тұрса, зерттеушілік — проблемалық жағдайда белгілі бір құбылыстың пайда болу себептерін анықтаудан және қайшылықты шешу тәсілдерінен тұрады.

Үшінші топ тәсілдеріне жататын әрекеттер, проблемалық тапсырманы таңдаумен байланысты, жетіспейтін деректерді жинау, алған нәтижелерді жалпылау, шешу жолын жобалау әрекеттеріне жауап береді. Олардың арасынан келесі тәсілдер бөлінеді: нақты материалдарды жинау, бақылау, алынған нәтижелерді жіктеу, шешім жобасын жасау, шешімнің ойлау процесінің моделін құру, ақпаратты сызба түрінде ұсыну, оқу материалдарының негізгісін анықтау, жеке тәжірибелік және теориялық деректерді жалпылау, сол нәтижелер негізінде тұжырымдарды қалыптастыру және т. б. Бұл топтағы тәсілдердің негізі болжам жасау тәсілі болып саналады.

Болжам дегеніміз құбылыстардың себеп-салдардық заңдылықтары туралы болжамды пікір, ғылымның даму формасы. Практикада болжам оқу сабақтары кезінде білім алушылардың шығармашылық, өз бетінше жұмыс істеуі немесе оқу зерттеулерін ұйымдастыру тәсілі ретінде пайдаланылады.

Болжам жасау дегеніміз белгілі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін алдын ала білу іскерлігі деп айтсақ болады. Осы сұрақ бойынша әдебиеттерді талдау студенттердің белгілі бір іс-әрекетінің басым болуын анықтайтын болжамдарды жасауға, жолдарын анықтауға мүмкіндік берді:

– болжам күтпеген кезде, түйсік арқылы пайда болады;

– болжам тәжірибе, эксперимент негізінде жасалынады;

– айқындалған тәжірибенің нәтижесін пайдалану арқылы, болжам ұқсастықтан пайда болады;

– болжам индуктивті жолмен, яғни жекеден жалпыға ой-қорыту арқылы пайда болады;

– болжам дедуктивті жолмен, яғни жалпыдан жекеге қарай жасалған ой қорытудан пайда болады.

Төртінші топқа жататын тәсілдер, оларды болжау, тексеру, дәлелдеу әрекетімен көрсетіледі. Сондықтан, бұл топтағы тәсілдер, жобалауды іске асыруға ауыстыру, логикалық бір-бірінен ой қорытулар жасау, себеп салдарлық байланыстарды ашу, тексеруші тапсырмалар жасау, болжамды нақтылау тәсілдері деп бөлінеді.

Бұл топтағы жетекші тәсіл — болжамды дәлелдеу тәсілі, өйткені оның құрамына сол топтағы басқа тәсілдердің кейбір әрекеттері енеді және оған зерттеушілік іс-әрекеттің берілген кезеңіндегі негізгі ауысуларды (болашақ математика мұғалімдерін үйрету үдерісінде өте маңызды) өзі орындайды. Зерттеушілік іс-әрекеттегі тексеру кезеңі — міндетті түрде, болжамды ұсыну кезеңінен кейін басталады.

Жұмыс нәтижесін қолдануға дайындық тәсілдері ретінде (алтыншы топ тәсілдері) келесі тәсілдер айқындайды: табылған шешімнің қолдану шекарасын анықтау, рефлексияны іске асыру — жұмыс нәтижесін бағалау; алынған нәтижелерді нақтылау; тезистерді жазу; тақырып бойынша хабарлама дайындау және т. б.

Болашақ мұғалімдердің зерттеушілік тәсілдерінің ішінде, келесі тәсілдер ерекше қарастырылады [6]: Проблеманың қойылу тәсілі, Болжамды ұсыну тәсілі және Болжамды дәлелдеу тәсілі.

Сонымен тәсілдер бойынша орындалатын келесі әрекеттерді атап көрсетеміз: анықтау, тану, қолдану, көшіру, жалпылау, нақтылау, құру және блок-сызба немесе кесте түрінде құрамын ұсыну. Негізгі әрекеттерге тәсілдерді ауыстыру, яғни білім алушылар ол тәсілдерді жаңа жағдайда пайдаланады, тәсілдерді табуға, ауыстыруға қарағанда белсенді оқу іс-әрекетін талап етеді. Тәсілдерді меңгеру және пайдалану туралы айту үшін, студенттерде тәсілдерді қалыптастыру үдерісін түсіндіру қажет деп санаймыз. Бұл тәсілдерді болашақ мұғалімдерге «Компьютерлік модельдеу және дизайн» курсын оқыту үдерісінде жүзеге асыру біздің мақсатымызға сай келеді.

Әдебиеттер:

  1. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар).
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Жарлық № 205 01.03.2016. — Астана, 2016. — 70 б. //http:akorda.kz.
  3. Әбілқасымова А. Е., Омарова Р. С. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. — Алматы: Ғылым, 2003. -143б.
  4. Ильицкая И. А. Проблемные ситуации и пути их создания на уроках. — М.: Знание, 1985. — 4б.
  5. Далингер В. А. Поисково-исследовательская деятельность учащихся. Омск: ОмПГУ баспасы, 2005. — 71б.
  6. Сыдықов Б. Д., Муратбекова М. А. Болашақ математика мұғалімдерінің ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілдері. Хабаршы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. -№ 2(58), Абай атындағы ҚазҰПУ. Алматы, 2017. –Б.95–100.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, исследовательская деятельность, немес, исследовательская деятельность студентов, пена, прием, прием выдвижения гипотез, прием доказательства гипотезы, прием постановки проблемы.


Ключевые слова

зерттеушілік, оқу іс-әрекеттері, іс-әрекет тәсілі, проблеманың қойылу тәсілі, болжамды ұсыну тәсілі, болжамды дәлелдеу тәсілі

Похожие статьи

Исследовательская деятельность учащихся на уроках математики

Для современного общества характерна сложность социальных, культурных, экономических условий, поэтому оно остро нуждается в людях, которые умеют самостоятельно думать и решать разнообразные проблемы, обладают критическим и творческим мышлением...

Формирование исследовательской компетентности студентов...

1. Исследовательская деятельность, в которую включается студент в процессе профессиональной подготовки, должна быть органически связана как с потребностями практики воспитания конкретного образовательного учреждения, так и с его собственными...

Исследовательская деятельность студентов как фактор...

В условиях социально-экономического реформирования, непрерывного обновления и развития системы образования под воздействием научно-технического и гуманитарного прогресса, конкуренции на рынке труда и образовательных услуг главной задачей образовательных...

Научно-исследовательская деятельность студентов как фактор...

В условиях социально-экономического реформирования, непрерывного обновления и развития системы образования под воздействием научно-технического и гуманитарного прогресса, конкуренции на рынке труда и образовательных услуг главной задачей образовательных...

Развитие познавательной активности студентов через...

Необходимость поиска таких приемов в обучении, которые способствовали бы развитию

Проблема — это интеллектуальное затруднение человека, возникающее в случае, когда он не

Выдвижение проблемы в данном случае осуществляется с целью повышения интереса...

К проблеме мотивации исследовательской деятельности...

Ключевые слова:научно-исследовательская деятельность студентов, уровень готовности, диагностика, готовность студентов к научно-исследовательской деятельности. В условиях социально-экономического реформирования, непрерывного обновления и развития системы...

Организация экспериментальной деятельности в ДОУ

Актуальность проблемы. Говоря об исследовательской деятельности детей дошкольного возраста, мы всегда имеем в. Исследовательская деятельность старшего дошкольника в естественной форме проявляется в виде так называемого детского экспериментирования с...

Исследовательская деятельность учащихся через интеграцию...

Библиографическое описание: Жабагина Р. М. Исследовательская деятельность учащихся через интеграцию принципа цикличности и концепта

Данная задача предполагает наличие основных этапов, характерных для исследования: постановка проблемы, изучение теории...

Урок-мастерская как средство формирования самостоятельной...

Социализация – это соотнесение учениками или микрогруппами своей деятельности с деятельностью других учеников или микрогрупп и представление всем промежуточных и окончательных результатов труда, чтобы оценить и откорректировать свою деятельность.

Основные этапы научного исследования | Статья в журнале...

С проблемой выбора темы научного исследования и работы над ним сталкивается каждый студент. Но зачастую он не знает, с чего начать, как грамотно выстроить весь процесс так, чтобы не упустить главное и рассказать обо всем по порядку.

Похожие статьи

Исследовательская деятельность учащихся на уроках математики

Для современного общества характерна сложность социальных, культурных, экономических условий, поэтому оно остро нуждается в людях, которые умеют самостоятельно думать и решать разнообразные проблемы, обладают критическим и творческим мышлением...

Формирование исследовательской компетентности студентов...

1. Исследовательская деятельность, в которую включается студент в процессе профессиональной подготовки, должна быть органически связана как с потребностями практики воспитания конкретного образовательного учреждения, так и с его собственными...

Исследовательская деятельность студентов как фактор...

В условиях социально-экономического реформирования, непрерывного обновления и развития системы образования под воздействием научно-технического и гуманитарного прогресса, конкуренции на рынке труда и образовательных услуг главной задачей образовательных...

Научно-исследовательская деятельность студентов как фактор...

В условиях социально-экономического реформирования, непрерывного обновления и развития системы образования под воздействием научно-технического и гуманитарного прогресса, конкуренции на рынке труда и образовательных услуг главной задачей образовательных...

Развитие познавательной активности студентов через...

Необходимость поиска таких приемов в обучении, которые способствовали бы развитию

Проблема — это интеллектуальное затруднение человека, возникающее в случае, когда он не

Выдвижение проблемы в данном случае осуществляется с целью повышения интереса...

К проблеме мотивации исследовательской деятельности...

Ключевые слова:научно-исследовательская деятельность студентов, уровень готовности, диагностика, готовность студентов к научно-исследовательской деятельности. В условиях социально-экономического реформирования, непрерывного обновления и развития системы...

Организация экспериментальной деятельности в ДОУ

Актуальность проблемы. Говоря об исследовательской деятельности детей дошкольного возраста, мы всегда имеем в. Исследовательская деятельность старшего дошкольника в естественной форме проявляется в виде так называемого детского экспериментирования с...

Исследовательская деятельность учащихся через интеграцию...

Библиографическое описание: Жабагина Р. М. Исследовательская деятельность учащихся через интеграцию принципа цикличности и концепта

Данная задача предполагает наличие основных этапов, характерных для исследования: постановка проблемы, изучение теории...

Урок-мастерская как средство формирования самостоятельной...

Социализация – это соотнесение учениками или микрогруппами своей деятельности с деятельностью других учеников или микрогрупп и представление всем промежуточных и окончательных результатов труда, чтобы оценить и откорректировать свою деятельность.

Основные этапы научного исследования | Статья в журнале...

С проблемой выбора темы научного исследования и работы над ним сталкивается каждый студент. Но зачастую он не знает, с чего начать, как грамотно выстроить весь процесс так, чтобы не упустить главное и рассказать обо всем по порядку.

Задать вопрос