Май өндірісі өнеркәсібіндегі шикізаттың және өнімнің өзіндік құнын айқындау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №5 (295) январь 2020 г.

Дата публикации: 03.02.2020

Статья просмотрена: 1410 раз

Библиографическое описание:

Мунасипова, М. Е. Май өндірісі өнеркәсібіндегі шикізаттың және өнімнің өзіндік құнын айқындау / М. Е. Мунасипова, А. П. Есентаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 5 (295). — С. 360-363. — URL: https://moluch.ru/archive/295/67097/ (дата обращения: 22.12.2024).

Мақалада авторлар май өндірісі өнеркәсібінде негізгі шикізат болып табылатын майлы тұқымдардың жеткізушілерден келіп түскен сәтінен өндіріске босатылуына дейінгі жүзеге асырылатын процесстер мен олардың барысында орын алатын өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер ететін жоғалтуларды айқындап сипаттама берді.

Кілт сөздер: май өндіру, өнімнің өзіндік құны, өсімдік майының өзіндік құны.

В статье рассматриваются факторы, влияющие на себестоимость продукции в маслопроизводящей промышленности.

Ключевые слова: производство масла, себестоимость продукции, себестоимость растительного масла.

Май өндіру өнеркәсібінің негізгі қызметінің бірі өсімдік майларын (тазартылмаған, гидратталған, тазартылған дезинфекцияланбаған және тазартылған дезодорирленген) өндіру болып табылады.

Май өндірісіндегі негізгі калькуляциялық объектілер — өсімдік майларының тиісті түрлері болып табылады. Өсімдік майын өндірудің технологиялық процесі ұйым майлы шикізатты есепке алған сәттен басталады.

Май өндіретін зауыттар сатып алу-сату шарттарына, жеткізу шарттарына, қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да ұқсас шарттарға сәйкес келіп түсетін тұқымдардың әрбір партиясы үшін белгіленген келісім бағасы бойынша май тұқымы үшін жеткізушілермен есеп айырысуды жүргізеді.

Калькуляциялық объектілер Өсімдік майларының тиісті түрлері болып табылады. Өсімдік майын өндірудің технологиялық процесі ұйым майлы шикізатты есепке алған сәттен басталады.

Май тұқымдарының бухгалтерлік есебі дақылды нақты өлшеу деректері негізінде және нақты өзіндік құны бойынша жеке дақыл түрлері бойынша табиғи (физикалық) массада жүргізеді.

Әрбір материалдық жауапты тұлға жүзеге асыратын бухгалтерлік есептен басқа, зауыттың бухгалтериясы май тұқымдарының әрбір түрінің есебін табиғи салмағы бойынша және сапасы бойынша (ылғалдылығы және арамшөп қоспасы) арнайы журналдарда жүргізеді, бұл құжаттардың формасы ұйымның есеп саясатында бекітіледі.

Майлы тұқымдар бухгалтерлік есепке нақты өзіндік құны бойынша немесе ұйымның есеп саясатында қабылданған әдіске сәйкес шартты бағалар бойынша қабылданады.

Ақыға сатып алынған майлы тұқымның нақты өзіндік құны ретінде, қосылған құн салығын және өзге де өтелетін салықтарды қоспағанда (ҚР-ның заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа) сатып алуға жұмсалған май зауытының нақты шығындарының сомасы танылады.

Сақтау орнына қарамастан, сатып алынған майлы тұқымның нақты өзіндік құны:

– келісім бағасы бойынша майлы тұқымның құны;

– дайындау-тасымалдау шығындары;

– майлы тұқымның сапасын тұқым сақтауға салынатын және майды тікелей алу үшін берілетін көрсеткіштерге дейін жеткізу жөніндегі шығындар (нормативтік құжаттамаға сәйкес).

Шарттық бағалар бойынша майлы тұқымның құны ретінде майлы дақылдар үшін тараптар арасындағы келісімшартта белгіленген төлем сомасы қарастырылады.

Дайындау-тасымалдау шығындары — бұл ұйымның майлы тұқымдарды дайындау және ұйымға жеткізу процесімен тікелей байланысты шығындары. Дайындау-тасымалдау шығындарының құрамына:

– шартқа сәйкес сатып алушы осы тұқымдардың бағасынан тыс төлеуге жататын майлы тұқымдарды көлік құралдарына тиеу және оларды тасымалдау бойынша шығындар;

– сатып алынатын майлы тұқымдарды дайындаумен, қабылдаумен, сақтаумен және жіберумен тікелей айналысатын ұйым қызметкерлерінің, материалдарды дайындау (сатып алу) орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерінің, қоймалардың және агенттіктердің қызметкерлерінің, майлы тұқымдарды дайындаумен (сатып алумен) және оларды ұйымға жеткізумен (сүйемелдеумен) тікелей айналысатын қызметкерлерінің еңбек ақысы бойынша шығындарды қоса алғандағы, ұйымның дайындау-қойма аппаратын ұстау жөніндегі шығындар, аталған қызметкерлердің әлеуметтік қажеттіліктеріне аударымдар.

Егер жоғарыда аталған ұйым қызметкерлері майлы тұқымдарды ғана емес, сондай-ақ айналымнан тыс активтерге, дайын өнімге, өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттарға және т. б. жататын құндылықтарды да дайындаумен, қабылдап алумен, сақтаумен айналысса, онда дайындау-қоймалау аппаратын ұстау жөніндегі шығындарды мазмұнына қарай үстеме шығындардың тиісті калькуляциялық баптары бойынша тікелей өндірістік шығындар құрамына жатқызуға жол беріледі.

– дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау пункттерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстау жөніндегі шығындар (әлеуметтік аударымдарды қоса алғандағы еңбек ақы төлеу бойынша шығындар);

– жабдықтаушыларға, сыртқы экономикалық және өзге де делдалдық ұйымдарға қызметтер үшін төленетін үстеме ақылар, комиссиялық сыйақылар (қызмет құны);

– майлы тұқымдарды сатып алу орындарында, темір жол станцияларында, порттарда, кемежайларда сақтағаны үшін төлем;

– майлы тұқымдарды сатып алуға байланысты берілген кредиттер мен қарыздар үшін пайыздар бойынша майлы түқымдарды бухгалтерлік есепке алғанға дейінгі шығындар;

– майлы тұқымдарды дайындаумен тікелей байланысты іс-сапар шығындары;

– табиғи кему нормалары шегінде жеткізілген майлы тұқымдар бойынша жолда орын алған жоғалтулар (бұзылу, жетіспеушілік) құны;

– басқа да шығыстар.

Майлы шикізатты қоймаларда және элеваторларда сақтау өсімдік майын алудың технологиялық процесінің бастапқы сатысы болып табылады.

Сақтау нәтижесінде олардың ылғалдылығы мен арамшөп қоспасының төмендеуі есебінен тұқым массасының өзгеруі (кемуі) сақтау орнына қарамастан май өндіру өндірісінің технологиялық шығыны болып табылады және майлы шикізаттың өзіндік құнына жатады. Технологиялық жоғалтулар тізімін ұйым бекітеді.

Ылғалдылықтың және арамшөпті қоспаның орташа өлшенген көрсеткіштері сандық-сапалық есеп кітаптарындағы жазбалар негізінде анықталады, олардың нысандары ұйымның есеп саясатында бекітіледі.

Майлы тұқымдардың салмағының өзгеруінің негізділігін анықтау үшін олардың сапасының өзгеруіне байланысты мыналарды басшылыққа алу қажет:

а) ылғалдылықтың төмендеуінен майлы тұқымдардың массасы жоғалтуларының мөлшері кіріс және шығыс бойынша ылғалдылық көрсеткіштерін салыстыру кезінде алынатын айырмадан аспауы тиіс:

100 x (a — б)

X = -------------,

100 — б

Мұндағы:

X — ылғалдылықтың төмендеуінен болатын масса жоғалтуы, %;

а — қабылдау сәтіндегі (кіріс) ылғалдылығы, %;

б — босату кезіндегі (шығыс) сәтіндегі ылғалдылығы, %.

Мысалы, а = 20; б = 15 болса,

100 x (20–15) 500

X = --------------------- = ------ = 5,88 %;

100–15 85

б) өңдеу актілері бойынша есептен шығарылған арамшөпті қоспаның салмағының төмендеуінен майлы тұқымдар массасының шығын мөлшері арамшөпті қоспаның көрсеткіштерін салыстыру кезінде мынадай формула бойынша қайта есептеумен май тұқымдарының кірісі мен шығысы бойынша алынатын айырмадан аспауы тиіс:

(в — г) х (100 — Х)

У = -----------------------,

100 — г

Мұндағы:

У — арамшөп қоспасының төмендеуінен болған масса жоғалтулары, %;

в — қабылдау сәтіндегі (кіріс) арамшөп қоспасының көлемі, %;

г — босату кезіндегі (шығыс) сәтіндегі арамшөп қоспасының көлемі, %;

X — ылғалдылықтың төмендеуінен болған масса жоғалтулары, %.

Мысалы: в = 6 %; г = 2 %, X = 5,8 %

(6–2) х (100–5,8)

У = ------------------------ = 3,84 %.

100–2

Майлы тұқымның өзіндік құнына енгізуге жататын ылғалдылық және арамшөп қоспалары бойынша салмақтық мөлшерді есептеу осы формулалар бойынша алынған проценттерді кіріс бойынша тұқым санына көбейту жолымен жүргізіледі. [1, 7 бет]

Сақтау кезінде майлы тұқымдардың табиғи кемуі белгіленген нормалар шегінде майлы шикізаттың өзіндік құнына енгізіледі. Егер өндіріске берер алдында майлы тұқымдарды өңдеу жүргізілсе, онда міндетті түрде ылғалдың, арамшөпті және майлы қоспалардың өзгеруі есебінен шығындар көрсетілуі тиіс тұқымды өңдеу бойынша актілер мен есептер жасау қажет. Қажетті құжаттардың формаларыы ұйымның есеп есеп саясатында айқындалып бекітілуі тиіс.

Түгендеу түгендеу жөніндегі қолданыстағы ережелерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Май өнімдерін өндіретін ұйымдарда түгендеу майлы шикізатты қайта өңдеу маусымы аяқталғаннан кейін міндетті түрде жүргізіледі. Түгендеу комиссиясы белгілеген қоймада сақтау кезінде май тұқымдарының салмақ жоғалтуларының құны түгендеу жөніндегі қолданыстағы ережелерде көзделген тәртіппен 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотынан есептен шығарады.

Майлы тұқымдарды өндірістік қажеттіліктерге немесе басқа мақсаттарға қоймадан нақты (физикалық) массада нақты өлшеу деректері негізінде береді. Майлы тұқымдарды 1310 «Шикізаттар мен материалдар” шотынан 8110 «Негізгі өндіріс» шотына немесе ұйымның есеп саясатында таңдалған әдісіне сәйкес тиістілігі бойынша басқа шоттарға есептен шығарады:

– әрбір бірліктің өзіндік құны бойынша;

– орташа өзіндік құны бойынша;

– материалдық-өндірістік қорларды сатып алу уақыты бойынша алғашқы өзіндік құны бойынша (ФИФО тәсілі);

– материалдық-өндірістік қорларды сатып алу уақыты бойынша соңғылардың өзіндік құны бойынша (ЛИФО тәсілі). [2, с. 159]

Өндіріске немесе басқа мақсаттарға берілген май тұқымдарының сапасын зауыттың зертханасы анықтайды,ол бастапқы құжаттарда тиісті жазбалар жасайды.

Өсімдік майлары престеу немесе экстракциялық тәсілдермен өндіріледі. Май өндіру тәсіліне қарамастан өндіріс шығындарын есепке алуды Өсімдік майларының әрбір түрі бойынша жүзеге асырады. Өсімдік майын өндіруге арналған шикізат ретінде құрамында май бар дақылдардың тұқымдары (күнбағыс, соя, зығыр, рапс, қыша және т. б.) пайдаланылады. Өсімдік майын өндірудің технологиялық процесі ұйым майлы шикізатты есепке алған сәттен басталады.

Күнбағыс, соя, зығыр, рапс, қыша және басқа да майлы дақылдардың тұқымдарын қоймадан, элеватордан өсімдік майын өндіруге беру шикізат массасын нақты өлшеу және ұйым зертханасына беру кезінде белгіленген сапа деректері негізінде жүргізіледі. Дақылдарды өндіріске босату ұйымның есеп саясатында белгіленген форма бойынша актімен ресімделеді.

Тазалау машиналарында және кептіргіштерде майлы тұқымдарды өңдеу нәтижелері ұйымның есеп саясатында бекітілген нысан бойынша есептерде көрсетіледі. Бухгалтериямен тексерілген және зауыт басшылығымен бекітілген осы есептердің негізінде шығындар майлы дақылдар тұқымдарындағы ылғалдылықтың және арамшөп қоспасының төмендеуі есебінен есептен шығарылады. Бұл шығындар өңдеуге келіп түсетін және өндіріске өңдеуден кейін тапсырылған майлы тұқымдардың ылғалдылығы мен ластануын салыстыру кезінде алынатын айырмадан аспауы тиіс.

«Шикізат және негізгі материалдар» бабына өндіріс шығындарын есепке алу майлы тұқымның тиісті түрінің нақты өзіндік құнын жатқызады. Тұқымның құнынан жанама өнімдер мен қалдықтардың (күнжара, шрот, лузга және т. б.) құнын ықтимал болар сату/пайдалану құны бойынша алып тастайды.

"Қосалқы материалдар” бабына өсімдік майларын өндіру кезінде шығындалатын сүзбенің, еріткіштің (нефрас) және басқа материалдардың нақты өзіндік құны жатады.

«Технологиялық мақсаттарға арналған отын мен энергия» бабына өсімдік майларын өндіру кезінде технологиялық мақсаттарға жұмсалған отынның және энергияның барлық түрлерінің нақты өзіндік құны жатады. Майлардың әртүрлі түрлерін бір мезгілде өндіру кезінде отын мен энергия құнын түрлері бойынша өндірілген майлардың санына тепе-тең бөледі.

Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеумен байланысты шығындар және тиісті әлеуметтік аударымдар өсімдік майының әрбір түрін өндіру кезінде ескеріледі.

Жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығыстар кәсіпорынның есеп саясатында қабылданған бөлу әдісіне сәйкес өсімдік майларының жекелеген түрлерінің құны арасында бөлінеді (өндірістік жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу шығыстарына, өндіріс көлеміне немесе басқа көрсеткіштерге барабар).

Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) талаптарына сәйкес келетін өндірілген өсімдік майы, шрот, күнжара және т. б. қосалқы өнімдерді өндірістен шыққан шыққанынша өлшеніп қоймаға жіберіледі. Жіберілген өнімді кәсіпорынның есеп саясатында бекітілген нысандар бойынша тіктегіштермен және актілермен ресімдейді.

Өсімдік майларының сандық есебі түрлері, сорттары және салмағы бойынша заттай және майларда (ылғалсыз және тұндырусыз) жүргізіледі. Күнжара шротты ылғалдылықты ескере отырып, табиғи салмағы бойынша әрбір түрі бойынша ескереді. Майдың әрбір түрі бойынша калькуляциялық бірлік тазартылмаған майдың бір тоннасы болып табылады.

Тазартылмаған майдың әрбір түрі бойынша өндірілген өнім бірлігінің нақты өзіндік құны шығындарды (калькуляциялық баптар бойынша) өндірістен шығарылған осы түрдегі майдың барлық мөлшеріне (массасына) бөлу жолымен анықталады.

Әдебиеттер:

1. С. А. Нагорнов, Д. С. Дворецкий, С. В. Романцова, В. П. Таров.Техника и технология производства и переработки растительных масел. — М.: ГОУ ВПО ТГТУ, 2010.

2. К. Т. Тайгашинова. Калькуляция себестоимости продукции, выполненных услуг и работ. — М.: LEM (Лем), 2015 г.

Основные термины (генерируются автоматически): майл, май, мена, LEM, немес, себестоимость продукции.

Ключевые слова

май өндіру, өнімнің өзіндік құны, өсімдік майының өзіндік құны

Похожие статьи

Қызанақ жемістерінің өнімділігі мен сапасына өсу реттегішін қолдану әдісі мен түрінің әсері

Қызанақ өсімдігінің өсуі мен қалыптасуын қадағалау — көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи технологиясының негізгі көзі болып табылады. А. Борисов және О. Ганичкинның мәліметтері бойынша өсімдіктің қалыптасуы қызанақтың жеміс беруімен қатар, өсуін қад...

Дизартриясы бар мектеп жасына дейінгі балаларда етістік лексикасын кеңейту негізінде белсенді сөздікті қалыптастыру

Берілген мақалада мектепке дейінгі баланың сөйлеу тілінің кезеңдерінің дамуы туралы қарастырылады.

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Еуропа елдерінің қазіргі сәулет өнеріндегі негізгі көркемдік бағыттары

XIX ғасырда шарықтау шегіне жеткен өнеркәсіптік революция қала өмірінің көптеген аспектілеріне әсер етті. Адамдар өздерінің жетістіктері туралы көркемдік және визуалды аспектілер арқылы есеп бере бастады. Мұның бәрі жаңа сәулеттік стильдердің пайда б...

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері («Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы мысалында»)

Мақалада Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының қазіргі жағдайы қарастырылды. Өңірлік деңгейде экономикалық өсуге ықпал ететін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үрдістер мен мүмкіндіктер талданған. Дамыған шет елдер...

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрландыру жүйесінің маңызы

Мақалада кәсіпорындардың қызметтері мен мәселелері, бәсекелестікті дамыту тенденциялары,кәсіпорынға тән негізгі артықшылықтар, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрландыру жүйесінің қажеттігі көрсетілген. Сонымен бірге, кәсіпорынд...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Жылыту үшін есеп айырысу тәртібін жетілдіру

Бұл мақаланың мақсаты тұтынушы қалай тек өзі тұтынған жылу энергиясының мөлшері үшін ғана төлемақыны төлеуіне болады деген мәселені қарастыру.

Задать вопрос