Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы өзіндік жұмыстың рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №5 (295) январь 2020 г.

Дата публикации: 31.01.2020

Статья просмотрена: 1953 раза

Библиографическое описание:

Сакабай, Д. А. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы өзіндік жұмыстың рөлі / Д. А. Сакабай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 5 (295). — С. 366-370. — URL: https://moluch.ru/archive/295/66979/ (дата обращения: 19.11.2024).

Бұл мақалада студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және оларды дамыту мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ, студенттердің шығармашылық қызғушылықтың функциялары, теориялық және практикалық проблемаларды шешу үшін студенттерге қажетті шығармашылық қабілеттер іріктелген. Сонымен қатар, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы «өзіндік жұмыстың» маңызы жайлы және шығармашылық қабілетті дамытудағы студенттерге қажетті біліктер мен дағдылардың түрлері қарастырылған.

Түйінді сөздер: шығармашылық, шеберлік, дағды, өзіндік жұмыс, шығармашылық қабілет, шығармашылық қызығушылық.

В данной статье рассматриваются вопросы формирования и развития творческих способностей студентов. А также были отобраны функции творческой активности студентов, творческие способности, и необходимые студентам для решения теоретических и практических проблем. Кроме того, предусмотрены виды умений и навыков, необходимых для студентов и о значении «самостоятельной работы» в развитии творческих способностей.

Ключевые слова: творчество, мастерство, навыки, самостоятельная работа, творческие способности, творческий интерес.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады [1].

Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Кейбір адамдар білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Ал басқа адамдар жаңа туынды жасауға жақын тұрады. Бірақ репродуктивті әрекеттің қандай түрінің де шығармашылық элементі болады, ал шығармашылық әрекетке репродуктивтік қызметтің қатысы болады. Тіпті өте дарынды адамдардың өздері де өмір жолын біреуге еліктеуден, үйренгеннен, тек тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана шығармашылық қабілетін дамытқаны белгілі [2].

Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту жолдарының бірі — білім беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де шығармашылық қабілетті дамытуда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың дербес жұмыс істеу дағдыларын арттыруға, оның нәтижесінде өз ой-пікірін құрастырып, әр іске шығармашылықпен қарауға жағдай туады.

Өзіндік жұмыс үнемі оқытушының жол сілтеуімен, басшылық жасауымен ғана орындалып қана қоймай, соңғы кездегі тиімді жаңа технологиялар тұрғысынан алғанда бүгінгі студенттің, ертеңгі маманның жеке тұлғалық және шығармашылық қабілетін қалыптастыратындай деңгейге көтерілуі оның түрлерін, ұйымдастырылу жолдарын, қолданылатын әдістерді, олардың беретін нәтижесін педагогикалық тұрғыда теориялық және практикалық тұстарын жан-жақты зерттеуді және зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануды керек етеді.

Оқытудың кредиттік жүйесінде ең тиімді және жоғарғы тиімді сабақ берудің бір түрі студенттің өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру болып табылады. Ол қазіргі заманғы білім беруде үлкен орын алады, себебі әр студент өз бетінше оқу әрекетінде білім алады, өз бетінше жүмыс істейді.

Жеке өз бетінше жүмыс жүргізуді — оқытушының студенттің белсенді әрекетін ұйымдастыру, ол алға қойылған мақсатты арнайы берілген уақыт ішінде орындау, білімді іздеу, оларды түсіну, бекіту, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру деп түсінеді.

Дидактикалық құбылыс ретінде өз бетімен жұмыс, бір жағынан, оқу жұмысы, яғни студенттің вариативтілік — шығармашылық қабілетті жетілдіруге бағытталған демократиялық сапалы білім алудың әрбір студент үшін қол жетерлік болуы;

– жекедаралық — әрбір студенттің дамуында оның дара ерекшелігін ескеру;

– үздіксіздік — білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастық, үздіксіздік пен нақтылықтың ескерілуі,

– студент тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау;

– сәйкестік немесе үйлесімділік — оқыту үдерісінде қолданылатын технологиялар мен мазмұнның сәйкестігі [3].

Жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, оларға кәсіптік білім беруде болашақ мамандықтарына байланысты қабілеттерін де дамыту аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы — сыртқы шығармашылық өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады. Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы — бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы [5, 56 б].

Шығармашылық қызығушылықтың жетекші функцияларына:

– талаптанушылық;

– танымдық;

– реттеушілік;

– рефлексиялық;

– белсенді өзара қарым-қатынас т. б. жатқызылады.

Олар өзін-өзі дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру — субъект-субъектілік бағдардың шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол бір жағынан “өзіндік” процестердің “өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару, өзін-өзі таныту” қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, педагог олардың шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады [6].

Жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, оларға кәсіптік білім беруде болашақ мамандықтарына байланысты қабілеттерін де дамыту аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы — сыртқы шығармашылық өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады. Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы — бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы. Шығармашылық қызығушылықтың жетекші функцияларына:

– талаптанушылық;

– танымдық;

– реттеушілік; рефлексиялық;

– белсенді өзара қарым-қатынас т. б. жатқызылады.

Олар өзін-өзі дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру — субъект-субъектілік бағдардың шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол бір жағынан “өзіндік” процестердің “өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару, өзін-өзі таныту” қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, педагог олардың шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады [4].

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ең алдымен біз олардың бойындағы жеке қасиеттерінің деңгейлеріне аса көңіл бөлуіміз керек. Шығармашыл тұлғаның бойында қасиеттері, біліктері мен дағдылары, шығармашылық ойлауы, шығармашылық қызығушылығы, шығармашылық қабылдауы болу қажет және біз оларды әрдайым дамытып отыруымыз қажет. Теориялық және практикалық проблемаларды шешу үшін студенттерге арнайы шығармашылық қабілеттер қажет. Бұл қабілеттер белгілі бір проблема туындағаннан бастап шешілгенге дейін кешенді түрде шешуге көмектеседі.

– проблеманы өздігінен тауып, шешім жасау қабілеті;

– проблеманы топпен бірге шешуде өзінің қатысу рөлін анықтау;

– проблемаға жүйелік талдау жасай алу;

– зерттеудің мақсатын және міндеттерін қоя білу;

– гипотеза шығарып, оны шешу жолдарын табу;

– хаотикалық ситуацияда негізгі мақсат пен міндеттерді таба білу;

– қажетті ақпаратты тауып, оған талдау жасап, жүйелеу және қорытынды шығару;

– стандарттық емес шешім қабылдап, соңғы нәтижеге жету;

– проблема бойынша алған білімдерінен қорытынды жасап, түйін шығару;

– жүргізілген зерттеулерге презентация ұйымдастыра алу; [6].

Шығармашылық қабілетті дамыту студенттердің қажетті теориялық білімі, біліктіліктер мен дағдылардың болғанында ғана мүмкін болады және әрі қарай дамиды. Олар:

– қолдану (теориялық білімдерін практикада қолдана алса, бір пәннен алған білімдерін басқа пәннен алған білімдерімен өзара байланыстырып кешенді түрде қолдана алса)

– ойлау (шығармашыл ойлап, өзінің ойларына еркіндік бере алса, анық және логикалық тұрғыда ойлай алса; сыни ойлау)

– шешім (проблемаларды тауып, шеше алса; шешімнің жаңа жолдарын тапса; жаңа ситуацияда жөн таба алса;)

– түсіну (оқу материалының мағынасын шығармашылық бағытта түсіне алса; оқу материалынан ең бастысын атап көрсетсе;)проблеманы көріп, оны шешудің барлық аспектілерін және кезеңдерін таба білу;

– болжау (нәтижелерді болжай алса; ғылыми проблемаға өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізе алса;)

– сөйлеу (ауызша және жазбаша тілді жақсы меңгерген болса;)

– бағалау (бағалай және өзін өзі бағалай алса;)

– талдау (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификация жасай алса;)

– зерттеу (өзіндік, шығармашыл, ғылыми ізденіс жасай алса) [5, 53б].

Қорытынды

Шығармашылық қабілеттерді дамыту барысында жоғарыда айтылғандарды дамыта алсақ, студенттердің өз ойларын білдіріп, өздіктерінен тұжырымдама жасауына, оның шығармашылыққа бағытталуына, өздігінен білім алып, полимәдениетті дамыған тұлға болуларын жүзеге асыра аламыз. Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, біз студенттің кәсіби қалыптасуына ықпал жасап, шығармашыл ойлай алатын жан жақты тұлғаны қалыптастырамыз.

Әдебиеттер:

  1. Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2007 ж
  2. Н. Д. Хмель «Теоретические основы профессиональной подготовки учителя», Алматы, “Ғылым”. 1988г
  3. Әділханова М. «Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы» Қазақстан мектебі 8.2001ж
  4. Б. А. Тұрғынбаева «Ұстаздық шығармашылық», Алматы 2007 ж.
  5. Р. С. Омарова, А. Е.Әбілқасымова «Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері», Монография.-Алматы: Ғылым, 2003ж.
  6. А. Е. Абилкасымова «Дидактические основы обучения в высшей школе», Алматы: РНК КАО им. И.Алтынсарина, 2000г.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, студент.

Ключевые слова

шеберлік, дағды, шығармашылық, өзіндік жұмыс, шығармашылық қабілет, шығармашылық қызығушылық

Похожие статьи

Шет тілін оқытудағы тұлғаға бағытталған әдіс

Бұл жұмыстың өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің өзгеру жағдайларына байланысты. Сондай-ақ, жоғары білікті мамандардың қажеттілігі, өсіп келе жатқан қоғамның қажеттіліктерімен байланысты. Шет тілі сабақтарында тұлғаға бағытталған әдісті қолдану за...

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Тілдік мектеп орталықтарда ағылшын тілі сабағында студенттердің және тыңдаушылардың оқыту процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Бұл мақалада, көптеген дамыту үшін тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарында. Сонымен қатар, тыңдаушыларды шет тілін үйренуге бей-жай қалдырмауға мүмкіндік бермейтін сабақтан тыс қызметте сабақ қызықты, жандырақ және әр түрлі е...

Университеттің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлеу

Ақпараттық жүйелер көбінесе әртүрлі қауіп-қатерлерге ұшырайды, бұл әр түрлі шығындарға және де айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздікке келтірілген залал аз шығындардан бастап, ақпараттық жүйенің толық жойылуына дей...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

Мақалада мүмкінді шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселесі қарастырылған. Жалпы білім беретін ортада мұндай оқушыны табысты бейімдеу және оқытудың маңызды шарттарының бірі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу болып анықтал...

Университеттің қашықтықтан оқыту порталының қауіпсіздігі

Бұл мақалада қашықтықтан оқытудың негізгі тұжырымдамалары, сондай-ақ қашықтықтан оқыту жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Қашықтықтан оқытудың негізгі осалдықтары сипатталған. Талдау негізінде құпиялылықты, тұтастықты және қ...

Үлкен көлемді сақтау және өңдеу әдістері растрлық форматтардағы кеңістіктік деректер

Мақала есептеу желісі ортасында таратылған географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Мұндай шешім кеңістіктегі деректердің үлкен көлемін (big data) сақтау және талдау мәселесін шешуді талап етеді. Таратылған ГАЖ қасие...

Құқықтық мәдениет — Қазақстанның құқықтық саясатының маңызды факторы

Мақалада құқықтық мәдениет мәселесі — қазақстандықтардың дүниетанымына құндылық мән беретін және халықтың құқықтық санасын қалыптастыру үшін негіз жасайтын «мінсіз құбылыс» ретінде қарастырылады. Мақалада құқықтық, азаматтық қоғамның жалпыұлттық мәні...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Задать вопрос