Кәсіпорын қызмет ету негізінде оның экономикалық потенциалынық қалыптасуы мен оңтайлы пайдаланылуы жатады. Сондықтан, мақалада алдымен «экономикалық потенциал» термині түрлі тәсілдемелермен қарастырылған. Экономикалық потенциал құрауыштары анықталып, олардың өзара байланысы анықталды. Кәсіпорын экономикалық потенциалының құрылымы сызба арқылы көрсетілді. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі анықталған экономикалық потенциалды орнату әрі оны алдағы уақытта падалану үрдістердің сапасына байланысты. Алайда, экономикалық потенциалды бағалаудың қалыптасқан әдістері кәсіпорынды тұтас бір жүйе ретінде емес оның құрауыштарын бөлек қарастырады. Бұл жағдай жаңа әдістерді анықтап, ары қарай жетілдіруді қажет етеді.
Түйін сөздер: кәсіпорынның экономикалық потенциалын қалыптастыру және пайдалану, экономикалық потенциал, кәсіпорынның экономикалық потенциалын бағалау, кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі, кәсіпорын ресурстары.
Формирование и эффективное использование экономического потенциала предприятия является основой его функционирования. Поэтому, в статье для начала термин «экономический потенциал» был рассмотрен в самых разнообразных подходах. Были определены его состовляющие и их взаимосвязь. Структура экономического потенциала предприятия представлена в схематичном виде. Были выявлены тесная связь эффективности предпринимательской деятельности с качественным формированием и использованием его экономиечского потенциала. Однако, сформировавшиеся в экономике методы оценки экономического потенциала рассматривает составляющие предприятия врознь, а не как целостную систему. Этот исход требует сформирования и развития новых методов оценки потенциала предприятия.
Ключевые слова: формирование и использование экономического потенциала предприятия, экономический потенциал, оценка экономического потенциала предприятия, экономическая эффективность предпринимательской деятельности, ресурсы предприятия.
Нарықтық экономиканың қазіргі даму кезеңі әрбір коммерциялық кәсіпорындардан өзінің өндірістік қуатының деңгейін көтеруді, өндіріс көлемі мен аумағын кеңейтуді, кәсіпорынды уақытылы сапалы өндіріс құралдарымен қамтамасыз етуді, еңбек және материалдық ресурстарды айқын басшылық етуді нақты мақсатпен әрі тұрақты негізде жүргізуді талап етеді. Аталған факторлар кәсіпорынға бәсекеге қабілеттіліктің қажетті деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Дұрыс құрылымдалған бағалау және жоғарыдағы факторларды басқару үшін бағалаудың барлық негізгі көрсеткіштерден тұратын күрделі көпдеңгейлі жүйе құру қажет.
Өндіру мен тұтынуды дамытуды, сонымен қатар тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін экономика категориясының бірі — экономикалық потенциал үлкен мәнге ие болуда.
Қазіргі таңда ғылыми зерттеулерде өндірістік мүмкіндіктерді жекелеу белгісі бойынша экономикалық потенциалды кәсіпорын, аймақ, сала және мемлекет потенциалы болып бөлінетіндіктен, экономикалық потенциал ұғымы көпдеңгейлі зерттеу объектісі рөліне ие болады. Бұл фактор экономикалық потенциалға түсінік беруді жеке салалықтан (өнім өндірудің жылдық көлемі) бастап әлеуметтік-экономикалық жүйе секілді категорияларға дейін анықтайды.
Мемлекеттің экономикалық потенциалына табиғат ресурстарын, өндіріс құралдарын, еңбек және ғылыми-техникалық мүмкіндіктер жатқызылады.
Кәсіпорын шеңберінде материалдық, қаржылық, табиғат және еңбек ресурстары экономикалық потенциал элементтері ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар материалдық элементтерге еңбек заттары мен құралдары; қаржылыққа: меншікті және қарыз капиталы; кадрлық ресурстарға: шаруашылық субъектісінің қызметкерлері, еңбек ұжымы мүшелерімен жиналған интеллектуалдық капитал кіреді; табиғат ресурстары кәсіпорын ресурстары құрамына кіргізіледі, егер де табиғат ресурстары өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын жағдайда.
Экономикалық потенциалдың мазмұнын нақтырақ түсіну үшін, аталған ұғымның теориялық негіздеріне сүйенеміз. Сонымен, этимологиялық мағынада «потенциал» сөзі латынның «potential» — күш, жасырын мүмкініктер деген мағынаны береді. Жалпы мағынада потенциал — бұл «... белгілі бір қарым қатынастардағы қуаттылық деңгейі, бір нәрсе үшін қажетті құралдар жиынтығы» [1]. Бұл ұғым «экономикалық потенциал» ұғымын түсіндірумен салыстартын болсақ, шамамен кез келген экономикалық әдебиеттерде айтарлықтай өзгеріссіз түсіндіріледі.
Аталған санат көптеген түрлі позициялардан қарастырылатындықтан, кәсіпорынның экономикалық потенциалын зерттеуде көп түрлі тәсілдемелерге ие. Мысалы, кейбір зерттеулерде экономикалық потенциал шаруашылық субъектілері ресурстарының жиынтығы ретінде қарастырады (ресурстық тәсілдеме). Бұл жағдайда экономикалық потенциалды бағалау қолжетімді ресурстар (активтерді) анықтауға негізделеді, нақтылай кетсек аталған ресурстарға келесілер жатады: материалдық, материалдық емес, еңбек және ақпарат ресурстары.
Басқа жақтан, бұл шаруашылық субъектілерінің қоғамнық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолда бар ресурстарды қайта өңдеу және игеру әдісі (нәтижелік тәсілдеме). Басқаша айтқанда кәсіпорындардың негізгі экономикалық нәтижелері болып қызмет тиімділігі мен нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер: өнім өндіру және қызмет көлемі, сатудан түскен түсім, кәсіпорынның жалпы табысы және пайда болып табылады.
Дегенмен, кез келген шаруашылық субъектілері өз қызмет барысында белгілі бір мақсат ұстанғандықтан, тиімділікті арттыру, бәсекелікке қабілеттілікті және экономикалық өсуді қамтамасыз ету оны жүргізу көздері мен құралдарынсыз мүмкін емес. Сондықтан кей зерттеушілер өз еңбектерінде мақсатты-ресурстық (біріктірілген) етіп ресурстық және нәтижелік тәсілдемелерді біріктіріп қолдануда. Осылайша, авторлар қолда бар ресурстардың да, сонымен қатар кәсіпорынның нақты бір нәтижеге жету мүмкіндігінің де маңыздылығын баса айтуда.
Кей авторлар екі тәсілдемені жалпылай келе, кәсіпорынның қызмет ету мақсатын, оның қолайсыз жағдайларға қарсы тұру мүмкіншілігін алдыңғы қатарға қояды және келесі анықтаманы ұсынады: кәсіпорынның экономикалық потенциалы — бұл сыртқы және ішкі ортаның өзара әрекеттесуімен шартталатын, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану жүйесі негізінде өзінің тұрақты дамуы мен стратегиялық мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін, нақты мүмкіндіктер (жекелеген шарттарды құру және (немесе) басқа да жағдайлардың туындауы нәтижесінде) және бірлескен қабілеттіліктерге иеленудің интегралдық сипаттамасы [2].
Жоғарыда берілген ақпараттарды ескере отырып, экономикалық өсу резервтерін анықтау мүмкіндіктері тұрғысында, кәсіпорынның экономикалық потенциал құрылымын келесі сызба арқылы көрсетуге болады (1-сурет).
1- сурет. Кәсіпорынның экономикалық потенциал құрылымы
Кәсіпорынның экономикалық потенциалының қызмет етуіне (құрылу, пайдалану және жетілдіру) екі негізгі принцип ұсынылады: стратегиялық міндеттер мен алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті, кәсіпорын балансында көрсетілген ресурстар мөлшері мен оңтайлы құраммен субъектінің қамтамасыз етілуін білдіретін — экономикалық потенциалдың жеткіліктілігі принципі, және кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсететін -ұдайы өндіріс принципі. Көрсетілген принциптер кәсіпорынның экономикалық потенциалының орталық сипаттамасы ретінде шығады.
Кәсіпорын экономикалық потенциалының қызмет етуінің аталған екі негізгіден басқа да маңызы жоғары принциптер ұсынылады, яғни:
– экономикалық ресурстардың тартылуы мен толық қамтамасыз етілу принципі;
– тиімді басқара алу (ресурстарды пайдалануға кеткен шығындар пайдаланудан түскен экономикалық қайтарымынан аспауы керек);
– үнемді пайдалану (шығындарды оңтайландыру);
– бюджеттендіру мен жоспарлылық (экономикалық потенциалды жоспарлау және қаржылық ресурстарды үнемдеу тәртібін іске асыру);
– инновациялық даму (ұдайы өндірістің жаңа әдістерін дамытуды бағамдайтын, экономикалық ресурстар мен нәтижелердің өзара әрекеттесуі негізге алынады).
Аталмыш принциптер кәсіпорынның экономикалық потенциалын бағалау үшін түйінді көрсеткіштерді анықтауға негіз болады. Экономикалық потенциал құру және оны пайдалану тиімділігін бағалау кәсіпорын қызметінің маңызды экономикалық параметрі. кәсіпорын жағдайын бағалау және бақылаудың экономикалық механизмінің шаруашылық ету
Нарықтық жағдайда экономикалық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану тиімділігі саласындағы кәсіпорынның хал жағдайын бағалау және басқарудың экономикалық тетіктерінің ғылыми негізделудің болмауы шаруашылық субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық белсенділігін төмендетеді.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету және қолдау үшін экономикалық потенциал құрауыштарының болуымен шектелмей, оны кешенді бағалау қажеттілігін ескеру керек.
Заманауи ғылыми еңбектерде және оқу әдебиеттерінде кәсіпорынның экономикалық потенциалың бағалаудың кең таралған және дәстүрлі әдістеріне келесілер жатады: кәсіпорынның нарықтық құнын бағалау әдісі, экономикалық потенциалды кешенді рейтингтік бағалау әдістемесі, кәсіпорынның қаржы қызметін бағалау әдісі.
Көрсетілген әдістерге жеке тоқталып кетер болсақ:
- Кәсіпорынның нарықтық құнын бағалау 3 тәсіл бойынша жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ:
– Tабыстық — кәсіпорын потенциалын талдау, оны пайдаланудан түсетін таза экономикалық нәтижелер ағымының көлеміне байланысты болатын;
– Шығындық — кәсіпорынның келтірілген шығындарының негізінде;
– Салыстырмалы немесе нарықтық — талдау басқа да ұқсас кәсіпорындармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
- Кешенді рейтингтік бағалау әдістемесі кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдауға сүйеніп жүргізіледі. Аталған әдістеме құрамына рентабельділік көрсеткіштері, қаржылық тұрақтылық, іскерлік белсенділік және өтімділік көрсеткіштері кіреді. Жоғарыда көрсетілген әдіс, алынған нәтижелерді қалыптасқан нормамен салыстыру арқылы белгілі бір рейтингке шығуға мүмкіндік береді [3, 4].
- Кәсіпорынның қаржы қызметін талдау әдісі кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын анықтайтын коэффициенттер жиынтығынан құралады.
Қарастырылып отырған әдістерінің барлығында, экономикалық потенциалды бағалау шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштердің нақты мәнін пайдалану арқылы жүргізіледі.
Бұл ретте нарықтық құнын бағалау әдісіндегі табыстық және салыстырмалы тәсілдер, сонымен қатар кешенді рейтингтік бағалау әдісі кәсіпорын экономикалық потенциалының нәтижелілік құрауышын ғана сипаттаса, шығындық әдісте ресурстық құрамдасы пайдаланылады.
Қаржылық қызметті бағалау әдісінің экономикалық потенциалдың екі құрауыш бөлікті де, яғни ресурстық (мүліктік потенциал) және нәтижелілік (қаржылық жағдайы) бөлікті қамтуы осы әдістің артықшылығы болып табылады. Алайда, бұл әдіс те кемшіліксіз емес:
– мүліктік және қаржылық құрауыштар дара-дара, өзара әрекеттестік факторы есепке алынбай бағаланады;
– болашақты ескермей, тек нақты потенциал бағаланады.
Сонымен, көрсетілген ақпараттарға негізделе отырып, «экономикалық потенциал» категориясы — бұл ең алдымен қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы, қай деңгейде (кәсіпорын, сала, аумақ, мемлекет) қарастырылатынына байланыссыз, келешекте қол жеткізуге болатын материалдық игіліктер мен қызметтердің максималды көлемін анықтайтын көпқырлы жүйе деген қорытынды жасай аламыз.
Біздің ойымызша, кәсіпорының экономикалық потенциалын бағалаудың нысаналы мақсаты, ол тек қолда бар ресурстар, ағымдағы қаржылық және мүліктік мүмкіндіктермен шектелмей, болашақ потенциалды мүмкіндіктерді де қамтитын, біртұтас кешен ретінде зерттеу болып табылады. Кәсіпорын экономикалық потенциалына тек оның жекеленген бөлігі негізінде толыққанды талдауды жасауға болмайды.
Белгіленген мақсатқа жету үшін кәсіпорынның экономикалық потенциалын біртұтас жүйе ретінде қарайтын модель болуы шарт. Және осы модель келесідей мәселелерді шешуге қауқарлы болуы тиіс: пайдаланылмайтын сақтық қорларды анықтау; экономикалық потенциалын қалыптастыру және оны алдағы уақытта қолдануды тиімді басқару. Ал біз білетін бағалаудың дәстүрлі әдістері мұнай мүмкіншіліктерді бере алмайды.
Әдебиеттер:
- Большая советская энциклопедия, т. 34 изд-е 2/ под ред. Введенского Б. А. — М.: Большая советская энциклопедия, 1995. — 656 с.
- Жигунова О. А. Теория и методология анализа и прогнозирования экономического потенциала предприятия: монография. — М.: ИД «Финансы и Кредит», 2010. — 140 с.
- Дюсембаев К. Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник — Алматы: Экономика, 2009г. — 366 с.
- Шеремет, А. Д. Методика финансового анализа предприятия / А. Д. Шеремет, Р. С. Сайфуллин, Е. В. Негашев. — М.: ИНФРА-М, 2006. — 208 с.