Дәстүрлі өнердегі сиқырлы сазға бай аспап құпиясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №2 (292) январь 2020 г.

Дата публикации: 09.01.2020

Статья просмотрена: 137 раз

Библиографическое описание:

Пазыл, Т. А. Дәстүрлі өнердегі сиқырлы сазға бай аспап құпиясы / Т. А. Пазыл. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 2 (292). — С. 443-445. — URL: https://moluch.ru/archive/292/66133/ (дата обращения: 25.04.2024).

Мақалада жетіген аспабының тарихына, сонымен қатар өзге халықтардың жетіген тектес аспаптарына көз жүгірту арқылы аспабымызды салыстырып, зерттеу. Кәсіби тұрғыда дамыту, жетілдіру туралы сөз болмақ.

Кілттік сөздер: жетіген, дәстүрлі музыка, қазақтың музыкалық аспаптары.

В статье изучается история музыкального инструмента жетуген в культуре казахского и других народов.

Ключевые слова: жетыген, традиционная музыка, казахские музыкальные инструменты.

Жазу — сызу пайда болмас бұрын халық өмірін, тұрмыс — тіршілігін, қуанышы мен күйінішін ауыз әдебиеті мен ән-күйі арқылы бейнелеген. Дала жұртының тал бесігінен жер бесігіне дейінгі жан серігі ән болды. Қазақ даласы қай кезде де өнерге бай болған. Ән, жыр, терме, күйшілік дәстүр бір — бірімен астасып жатқан дүние. Алуан түрлі аспаптардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жанға ләззат сыйлайтын үні бар. Сондай аспаптардың бірі — жетіген аспабы. «Жетіген» деген атау тегінде екі сөзден құралған болу керек: жеті және ән. Яғни мұны әндетуші немесе күй шертуші жеті ішек десе де болғандай. Өйткені түркі тілдерінде аган- өлең, әуен; ганни- жырға қосу; ганани- ән, шумақ; таган- ән салу сынды музыкалық терминдері бар. Татар және ұйғыр тілінде — ахан, өзбекше — аханг. Бұл сөздердің мәні де сол — ән, әуен. Қазақ тілінде бұл сөздерді дыбыстағанда, бәлкім аһан, аган дегенді — ән деп кеткен болу керек. Жетіген — қазақтың көне көп ішекті, шертпелі музыкалық аспабы. Бұл аспаптың пайда болған уақыты мен таралу жолдарын айқындайтын нақты деректер сақталмаған. Сондықтан ата — бабаларымыз мекен еткен жерлердің көп ішекті аспаптарының қолданылған уақытымен, жетігеннің арғы тегі сол кезде пайда болғанын шамалаймыз. Атап айтсақ, б.з.д. 3000 жыл бұрын өмір сүрген ежелгі Шумер елінде және көне Хорезмде кифара қатарлы аспаптардың, Пазырық қорғанында б. з.д V-IV ғ. Екі ішекті арфа [2,21–22,35.3,5–15] тектес музыка аспабының бүгінгі Орта Азия аумағындағы Қойқырылған — ескі қала қорында б. з.д. IV-III ғасырларда көп ішекті аспаптың қолданылғандығы халқымыздың ежелгі замандағы музыка өнерімен әуестенген мәдени құндылығынан дерек беріп, жетіген аспабы көнеден келе жатқан аспап екендігін аңғартады. Түркі дәуірінен келе жатқан тамырлас халықтардың аспаптарының атауымен сәйкес келетіндігі, осы көп ішектілердің шығу жолы бір деген ұғымның тағы да бір дәлелі бола алады. Бұл аспап кейбір халықтарда үнемі қолданыста болғандықтан едәуір дамып, кей халықтарда мүлдем ұмыт болып кеткен. Осы сияқты көп ішекті аспаптар бірте — бірте дамып, өзгеріске ұшырап, жіктеле бастайды. Атап айтсақ, тік ұстап ойналатын көп ішекті аспаптар түрін — арфа тектес, таяқшамен ұрғылап ойналатын аспаптарды — цимбала тектес, ал алдына жатқызып, саусақтармен іліп ойналатын аспаптарды — цитра тектес деп атайды. Яғни жетіген де цитра тектес аспаптар қатарына жатады.

Халқымыздың әр үйінен табылатын қасиетті домбыра аспабының қолданыста мыңдаған жылдар болып, халық арасына кең тарағанымен, біз бұл аспапты толық зерттеп, таныдық — деп айту қиын. Ал онда құрдымға кетіп, жоғалып барып тірілген қасиетті– жетіген аспабы жәйлі не айта аламыз?! Өнер тарихына көз жүгіртсек, қазақ халқы небір дүлдүлдер мен өнер алыптарына бай екенін байқаймыз. Оған дәлел қазіргі заманға жетіп, бізге рухани азық болып жүрген ән-күйлеріміз, жыр — эпостарымыз, аңыз — ертегілеріміз, шешендік сөздер мен қара өлеңдер және т. б. Дегенмен, жазу-сызудың кенже қалуынан ба, қазақ халқының басынан кешірген қиын-қыстау заманының кесірінен бе, көптеген дара туынды- еңбектердің оты сөніп, мәңгіге ұмыт болған. Жетіген аспабының тағдыры да сондай болмақ па еді?! Жетіген аспабының қазақ халқының өміріне қайта келуіне себепші болған, үні түгілі аты жоғалған аспапты қайта тірілткен белгілі ғалым, этнограф, зерттеуші, музыкант — Болат Сарыбаев болатын. Ол Қазақстанның түкпір — түкпіріне экспедиция жасап, ұмыт бола бастаған аспаптарды жинап, бүгінгі күнде бізге таптырмас мағлұмат беріп отырған «Қазақтың музыкалық аспаптары» — атты еңбегін жазып қалдырған. Аталмыш еңбегінде ол қазақтың барлық ұмыт болған аспаптарын жинап, зерттеп, шеберлермен бірлесіп жетілдірілген жаңа үлгілерін жасатып, қолданысқа енгізген. Егер Болат Сарыбаев тек жетіген аспабын зерттеумен ғана шектелсе, әлбетте бұл аспап жәйлі одан да көбірек мағлұмат алар ма едік?! Осыншама аспапқа үн бітіріп, өмірге қайта әкеліп, жаңғыртқан Болат Сарыбаевтың еңбегі орасан зор. Бар еңбегін жинақтап, кітап қылып шығарып, аманат етіп, осы ісін жалғастырушылар, үлгермей кеткенін аяқтаушы ұрпақтары табылатынына сенген тәрізді. Бұл жинақтан біз жетіген аспабы жәйлі біраз мағлұмат ала аламыз, сонымен қатар шығу тарихымен де таныс бола аламыз. Автордың жазуы бойынша:

Сонау бағзы заманынан бері келе жатқан көне аңыздарының бірінде жеті ішекті жетігеннің шығу тарихы баяндалған. Бұл аңызды біз 1966 жылы Өзбек СССР- іне қарасты Бұхар облысындағы Тамды ауданына экспедицияға барғанымызда жазып алдық. Оны бізге жергілікті домбырашы Жақсылық Елеусінов айтып берді. Мұны ол бала кезінде өзінің атасынан естіген екен.

«Жұрт әр түрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырайтын өткен заманда, қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі. Сол заманда өмір сүрген бір қарияның жеті ұлы болыпты. Көп қайғысының бір шеті қарияның шаңырағына да тап болады. Балалары бірінен соң бірі дүние салады, қайғы басқан қария кепкен қу ағашты ойып, аспап жасайды. Әр баласы қайтыс болған сайын аспаптың бетіне жылқы қылынан бір ішек жасап тағып, сазды мұңға толы жоқтау әнін салады. Осы жеті ішектен жеті түрлі әуен шығарып, әр баласының мінез- құлқын, жүріс-тұрысын суреттегендей болады. Үлкен ұлы Қания қайтыс болғанда, шал «Қарағым» деген күйін шертеді. Екінші баласы Төреалымға- «Қанат сынар», үшінші баласы Жайкелдіге «Құмарым», төртіншісі Бекенге «От сөнер», бесінші «Хауасқа», «Бақыт көшті», алтыншысы Жұлзарға — «Күн тұтылды» деген күйлерін арнайды. Қарт ең кіші баласы Қияс қайтыс болғанда ақырғы, жетінші күйін шертеді. Шалдың балаларына арнап шығарған жеті күйі одан әрі дамытылып, ел арасына «Жетігеннің жетеуі» деген атпен тарап кетеді. Бірақ өкінішке орай бұл күйлер біздің заманымызға дейін сақталмады.

Этнографтардың мәлімдемелеріне қарағанда, жетіген кейбір аймақтағы қазақтардың арасында XIX-ғасырдың ортасына дейін кездескен. XIX — ғасырдың 60- жылдары Москвада этнографиялық көрме ұйымдастырылған, оған Орынбор губерниясының қазақтары музыка аспаптарының бірнеше түрін әкеліп қойған. Кейін бұл аспаптар Дашковский этнографиялық музейіне беріліпті. Бұлардың арасында жетіген де болған екен. Бұл жегігеннің жоғалуы алдындағы соңғы деректер. [1, 113]

Бір ғасырға ұмыт болған қасиетті аспабымыздың қайта жаңғырып, заман талабына сай жан-жақты дамып келе жатқаны қуантарлық жағдай. Қазіргі таңда жетіген аспабының техникалық мүмкіншілігі өсіп, дыбыс сапасы едәуір жақсаруда, аспапқа деген сұраныс көбеюде. Аспаптың мүмкіншілігіне тоқталар болсақ, жеке орындаушылардан, кішігірім дуэт, триолардан бастап, ансамбль, оркестрлерде кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар аспаптың репертуары да едәуір кеңейе түскен. Мәселен әндер мен күйлер, түрлі аспаптардың репертуарынан шығармалар алынып жетігенге лайықталып орындалып жүр. Күйсандықтың сүйемелімен күрделі классикалық шығармалар да орындалады. Белгілі композитор Ақтоты Райымқұлованың «Дала сыры» атты симфониялық поэмасы әлемнің әйгілі сахналарында симфониялық оркестрмен этнографиялық «Тұран» ансамбльінің орындауында белгілі болса, сонымен қатар жетігенші Мүсірепова Жадыра да жетіген тарихында алғаш рет симфониялық оркестрмен жеке орындауда Абулхаир Жарасханның «Путь лидера» шығармасын орындап тыңдарман жүрегінен орын алды. Бұл қазақ музыкасы, халық аспаптары, соның ішінде жетіген аспабы үшін айтарлықтай маңызды қадам, үлкен жетістік.

Ендеше біз жастар, келер ұрпақ аспабымыздың әлемдік музыка жолында жоғалып кетпеуі үшін еңбек етіп, аспапты биікке шарықтату жолында әлі де аянбай еңбек етуіміз керек.

Әдебиеттер:

  1. Сарыбаев Б. Қазақтың музыкалық аспаптары. — А.: Өнер, 1981.
  2. Вызго Т. Музыкальные инструменты Средней Азии. Исторические очерки. –М., 1980.
  3. Мешкерис В. А. Эволюция, типология и миграция струнных инструментов Средней Азии VI-IV вв, до н.э — IV вв.н. э. (Алтай, Хорезм, Восточная Порфия) Материалы к энцеклопедии музыкальных инструментов народов мира. Вып. 1, СПб: РИИИ, 1998.
Основные термины (генерируются автоматически): Азия, IV-III, V-IV, VI-IV, бола, мена, музыка.

Ключевые слова

жетіген, дәстүрлі музыка, қазақтың музыкалық аспаптары

Похожие статьи

Возникновение и взаимосвязь монументальной живописи...

В пору завоеваний Средней Азии Александром Македонским (IV в. до н. э.) здесь уже существовали в храмах, дворцах и частных домах изображения (правда, неясно, идет ли речь о настенной живописи или о пластике) на мотивы местного эпического романа о Зориадре и...

Бошланғич синфларда эртаклардаги мажозий образларни ўргатиш

Агарда бола уларга ушбу ҳашаротларнинг расми кўрсатилса ва имконият доирасида уларнинг жонли қиёфаси намойиш этилса, иш осон кўчади.

Для дорог I-II категорий применяют щебеночные смеси, а для дорог III-IV категорий допускается применение песчаных.

Эпоха мусульманского ренессанса IX-XII веков в Центральной Азии

В Центральной Азии первый период возрождения приходится на IX-XII века.

Культура Центральной Азии занимает важное место в истории всемирной цивилизации и мировой культуры.

26 ноября 1917 г. был созван IV Чрезвычайный Краевой мусульманский съезд, где...

The Peculiarities of Ethno-Cultural Process in Northern Branch of the...

IV-V. Похожие статьи. Приложения теории погрешностей в геодезических работах. Для удобства (чтобы не было значений углов с секундами) по было добавлено в первый и четвёртый значения углов. IV-V.

Oсобенности внешнего очертания хорезмских оссуарий

IV-III, VI-V, дом, тысячелетие, эра, V-IV, III-II... Древние корни ранней государственности Хорезма. Климатические условия и географическое расположение хорезмского оазиса отличается от других исторических культурных областей...

Источники по политической истории и руководству государств...

III-IV части «Силсилат ус-салотин» имеют чрезвычайное значение, т. к. в нём выявляется социально-политическая история Средней Азии, а именно Узбекистана. В произведении даны сведения о связях Бухарского ханства с Ираном, Индией и Кашгаром, точные сведения о...

Из истории городов-крепостей Хорезма (на примере развития...)

В IV в. до н. э. Хорезм отделился от Ахеминидского государства. В IV-III веках до н. э. существовали пограничные крепости Девкесган

В энеолитический период (с IV середины III тыс. до н.э.) в обществе и в материальном производстве Хорезма и сопредельных территорий...

Особенности развития социально-этической мысли в Средней...

Формирование социально-этической мысли Средней Азии и Хорасана в XIV — XV вв. имеет свои специфические особенности. Прежде всего, оно связано с относительной стабилизацией экономики, ростом производства, интенсификацией городской жизни и другими факторами.

Основные термины (генерируются автоматически): IV-III, VI-V, дом...

В середине IV-III тысячелетия до нашей эры жители северо-восточных, восточных и северо-западных регионов в Капарсском оазисе Туямуюнской гряды в бассейнах Султансанжара, Кушбулака, Каррикизила продолжились традиции строительства жилья Янбашкалинцев.

Задать вопрос