Серәлі Лапинның шығармашылық қызметі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №52 (290) декабрь 2019 г.

Дата публикации: 30.12.2019

Статья просмотрена: 125 раз

Библиографическое описание:

Аргынбекова, Г. И. Серәлі Лапинның шығармашылық қызметі / Г. И. Аргынбекова, А. М. Абдукерова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 52 (290). — С. 451-453. — URL: https://moluch.ru/archive/290/65946/ (дата обращения: 25.04.2024).

Берілген мақалада С. М. Лапиннің шығармашылық қызметі қарастырылады.

Кілт сөздер: шығармашылық, ғалым, заңгер.

В данной статье рассматривается творческая деятельность С. М. Лапина.

Ключевые слова: творчество, ученый, юрист.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы туған өңіресінде қалған ұлт жолындағы еңбегін аямаған перзентердің аз емес екендігін еске түсіріп және осы тұлғалардыңұлт жолындағы елеулі еңбегің айқындап ашуға, танып білуге, болашаққа мұра ретіңде із қалдыруға мүмкіндік береді.

Сыр елі, қасиетті де киелі өңір екені тарихка белгілі. Осы қастерлі топырақта Ұлы Қорқыттың кіндік қаны тамып, өткен ғасырдың басында қазақ халқы жолында жеке басын тәуекелге бел буып көптеген ұлы қазақ зиялылары, қайраткерлер дүниеге келген. Саяси шығармашылық қайраткерлік бағасы өз денгейінде бүгінгі күнде ашылып анықталмаған тұлға Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің шығармашылық қызметін зерттеп зерделеуді қажет ететін уақыт келді деп ойлаймыз.

Қазақ халқының тарихында халқының қамы үшін күрескен азаматтардың ішінде Серәлі Лапиннің орнын ерекше айқындап бүгінгі ұрпаққа тұлғаның қоғамдық-саяси, заң саласындағы шығармашылық бейнесін ашып айқындаумыз кажет. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі тұста, әділетсіз, орынсыз «халық жауы» деп жала жабылып, саяси қуғын-сүргін көрген алаш азаматтары ақталып, баспа беттерінде тың, бағалы еңбектер жазылып, жариялануда.

Серәлі Лапин 1868 жылы Перовск уезі, Кеңтүп болысының 4-ші, қазіргі Қоғалыкөл ауылында өз заманында елге белгілі, бойына береке дарыған атақты болыс Мұңайтпастың отбасында дүниеге келген. 20 жылға жуық болыс болған Мұңайтпас Ресей шенеуніктерімен дипломатиялық қарым-қатынас жасап араласа білген. Мұңайтпас балаларын оқуға шетелге атап айтсақ Алмания, Ресейдің Петроград императорлық университетінде білім алуға оқуға жіберіп жағдай жасаған. Болыстың ұлдары мен қыздары Ресейдің беделді жоғарғы оқу орындарында білім алған, сонын ішінде бір баласы Серәлі Мұңайтпасұлы Лапинның орны мен шығармашылық қызметі ерекше екендігін айтканымыз жөн деп санаймыз. Серәлі Лапин ауыл молдасынан алғаш араб тілінде сауат ашып білім алған. Одан кейін зерделі бала Перовскідегі 3 сыныптылық училишеде оқи жүріп ерекше көзге ілініп орыс тілін өте сауатты еркін менгереді. Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын 1889 жылы бітіріп, сол Ташкент каласында орыс тілінен жергілікті қазақ турғындарының балдарына сабақ бере бастайды.

Серәлі Лапин 1891 жылы Санкт-Петербургте оқып, императорлық университеттің заң факультетін үздік бітіреді. Ол білікті заңгер ретінде жер, салықтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық қатынастарды және азаматтарды құқықтық қорғау мәселелерін терең менгеріп қолдана білді. Сонымен қатар, Серәлі Лапиннің көп тілдерді менгеріп, аудармашылық қызметпенде айналысқаны белгілі. 1892 жылдары ол Самарқанд облыстық сотында аудармашылық қызметпен айналысып, 1893 жылы Самарканд облыстық губернаторының әскери губернатор аудармашысы болып бұйрықпен қызметке тағайындалады. Осы қызметтерді жоғарғы денгейде атқара білу арқасында ол үлкен сый-кұрметке, іскерлік беделмен абыройға ие болып, Самарканд Сырдария облыстарындағы қызметімен қатар Ресейдің басты қалалары Мәскеу мен Петербургте білімін шыңдап, іс сапарларда болып өзін жоғары деңгейде танытқан. Аса жоғары қызметінің бағаланғаны үшін Лапинге колледждік регистратор атағы беріледі.

1900 жылдардан бастап Түркістан өлкесінің жастарына жетекшілік жасап, оларды Ресейдің жоғарғы оқу орындарында білім алуға жол көрсетіп, оқуға апарып, білім алуға септігін тигізген. Серәлі Лапин 1917 жылға дейін адвокаттық қызмет атқарды. Осыншама жұмыстарды жүзеге асыра жүріп Серәлі Мұңайтпасұлы Лапин еліміздің халық мүддесін қорғауды өзінің заңгер ретінде басты міндеті деп санайды. Жан-жақты құқық, заң жүйесі саласынтерең меңгерген иесі бола білуі мен қатар, ол сәулет өнерінін тарихы мен қыр-сырын зерттеумен шығыс жәдігерлерінің көне архитектуралық ескерткіштердегі арабтың ежелгі оюлап жазылған жазуларды анықтап оқып, орысшаға аударып, ғылымға өз зор үлесін қосты.

Ол шығыстану ғылымында ең бірінші болып Самарканд қаласындағы Гүр-Эмир, Шаһи-Зинда, Регистан сәулет жәдігерлерінің қаланып салынған мерзімімен оларды салдырған тұлғалардың, құрылыстың жүргізген ұсталарынын есімдерін аңыктаған. Серәлі Лапин, 13 мазардан тұратын бұл ескерткіш жәдігердегі жазбаларды түгел аударып авторлық еңбек түрінде жариялады. Аталмыш кесенеге кірген кездегі жоғары тұсындағы жазуды Серәлі Лапин былай деп аударды: «Бұл әйгілі ғажап құрылысты 838 Хижра жылы бойынша Әмір Темір Көрегеннің, Шахрух ұрпағы, Ұлықбек Көрегеннің ұлы Абдулазиз хан салдырған». Осы жерде айта кететін жайт, Регистан сәулет кешеніндегі Шер-Дор, Тіллә Қари медреселерін әйгілі қазақтың батыры әскери қолбасшы қоғам қайраткері, Самарканд әмірі Жалаңтөс баһадүрдің салдырғанын анықтады. Самарһандағы мұнаралармен шектескен мешіттің қабырғаларындағы көне араб жазуларын басыннан аяғына дейін аударма жүргізіп ол хижраның 801 жылы құрылыстың біткені туралы анықтаған. Серәлі Лапинның жеке құрастыруымен дайындалған Самарһандағы көне жәдігердегі араб жазулары аудармасы орыс тіліне өте сауатты шебер аударылғандығы назар аудартады. Сонымен қатар, Серәлі Мұңайтпасұлы «Шаһнама», «Туһрат әл-Хани» дастандарының қолы мен жазылған шығыс тіліндегі нұсқаларына қол жеткізіп, зерттеп шығыстану ғылымына маңызды, ерекше үлесін қосқаны белгілі. Осыншама қалдырған енбектерінің бүгінгі күнге мұра болып жеткендігі нәтижесінде Лапиннің мықты ғалым екендігін аңғарамыз.

Серәлі Лапинге дейін бұл ескерткіштегі көне жәдігер жазуларды анықтап аудару жағдайы бірқатар ғалымдарды ойландырғаны анық, себебі бұл ежелгі араб жазулары үлкен тарихи бастауы, қайнар көз ретінде шексіз маңызды екенін ұғынғандары белгілі.

Серәлі Лапиннің шығармашылық саладағы тағы бір еңбегі, ол — лингвистикалық туындылары. Ол орыс-түзем (қазақ), орысша-өзбекше сөздіктерінің авторы болып табылады. Бұл сөздіктер сол кездегі жергілікті атқарушы биліктегі қызмет жасап жүрген тұлғалар мен аралас мектептердің оқытушылары мен оқушыларына көмекші құрал ретінде үлкен септігін тигізді. Сол тұста ғалымның бұл сөздігі түрлі талқылауға түсіп пікірлер айтылып, белгілі ғалымдар тарапынан өз бағасы берілген.

Серәлі Лапин Түркістан өңірінің тарихына қатысты көне еңбектерімен жәдігерлерді іздестіріп қолға түсіріп зерттеумен айналысады. Оның қолында жеке жинастыруының нәтижесінде көптеген көне материалдар Ресей ғалымдарында қызықтырған болатын. Ғалымның алдында әлемге әйгілі шығыс жұлдыздары Бируни, Науаи, Омар Хаям, Сағдидің шығармашылық еңбектерін аударуда алдында тұрған мақсаттарының бірі еді.

Зиялы қауым Серәлі Лапинді халықтың мұң-мұқтажын түсінетін, олардың жағдайынан толық хабардар және оларды қолдайтын қорғаушысы деп қабылдап, оны Ресейдегі алғашқы Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлау үшін кандидаттықта ұсынады. 1908–1910 жылдар аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұрып, 3-Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясының ұйымдастыру бюросында қажырлы қызмет жасағанын білеміз.

Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің мықты заңгер-адвокат, шығыстанушы-ғалым, тілмаш, ірі саяси қайраткер екендігіне көз жеткізе отырып, алдағы мақсатымыз — зиялы тұлғаның өмірімен шығармашылығына, түрлі салалы қызметіне ғылыми еңбектеріне жүйелі талдау жүргізіп барлық деректерге сүйене отырып, жас ұрпаққа жеткізу үшін жүйелеу қажет, ғылыми ізденістер мен жан-жақты зертеуді қажет етеді.

Қорытыңдылай келе, алдағы мақсатымыз — ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектеріне талдау жасап, зерделеу жүргізіп кейінгі ұрпаққа жеткізуді жүзеге асыру болып табылады.

Әдебиет:

  1. Әзіретбергенова Э. Ж. Надписи на исторических памятниках г. Самарканда в переводах С. Лапина // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. — 2000. — № 1. — 56–77 бб.
  2. Смагулова С. Лапин Сералы Мұңайтпасұлы / Түркістан. Халықаралық энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000. — 656 б.
  3. Дайрабай Т. Халықтың мақтаны болған — Лапы әулеті // Ақмешіт апталығы. — 2002. — 6 маусым.
Основные термины (генерируются автоматически): самарканд, Лапина, мена.

Ключевые слова

шығармашылық, ғалым, заңгер

Похожие статьи

Решение архитектурных проблем комплекса «SOS Детские...»

Статья включает в себя анализ опыта проектно-строительной практики «SOS — Детские деревни» в условиях Узбекистана на примере комплекса Детской деревни на территории...

История детских домов в Узбекистане: формирование...

Учитывая размещение на территории завода контингента трех детских домов из Самарканда, комиссия посчитала возможным размещение контингента 10-ти детских домов, в которых...

Ретроспектива формирования и опыта реконструкции садов...

Как известно, вокруг Самарканда Тимур приказал развести 15 садов, посвященных поэзии

В период завоевания Туркестана Россией в Ташкенте, Самарканде, Бухаре, Коканде и др...

Самобытное творчество народных мастеров Узбекистана

В данной статье рассказывается о возрождении традиций ремесленного производства, о стремлении к сохранению национальной культуры Узбекистана. Также в статье широко...

Сотрудничество Центральной Азии и ЮНЕСКО | Статья в журнале...

В статье на основе научных источников и фактов анализируются вопросы динамика развития сотрудничества Центральная Азия и ЮНЕСКО и исторического и культурного наследия...

Минареты древних городов Узбекистана и световая архитектура

Древние города Узбекистана — Бухара, Самарканд и Хива среди городов Центральной Азии поистине являются городами-реликвиями. Древняя архитектура, культура и искусство...

Индустрия туризма в Узбекистане: проблемы и тенденции развития

Современное состояние индустрии туризма рассмотрено с точки зрения статистических данных о состоянии отрасли, наличии туристских ресурсов и предприятий индустрии туризма и...

Минарет Калян — жемчужина Востока | Статья в журнале...

В эпоху узбекских ханств (XVI-XVII вв.) архитектурный декор звучит часто в прежнюю силу, особенно в Бухаре и Самарканде, а также в провинциальных...

Возникновение и взаимосвязь монументальной живописи...

В статье изучены вопросы значимости возникновения монументальных настенных росписей, как одного из основных художественных средств в архитектуре и истории Средне Азии.

Задать вопрос